Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 12:51, отчет по практике
Өндірістік тәжірибенің мақсаты – «THERMOCOM» ЖШС-нің өндірістік үрдісімен, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктерімен және оның экономикалық қызметімен танысып, оқу үрдісі кезінде алынған тоериялық білімді нығайту. Өндірістік практиканың есебін жазу барысында келесі мәселелермен міндеттер алға қойылды:
•Кәсіпорынның қызметін зерттеу;
•Кәсіпорынның техникалық саясаты;
•Басқару құрылымы туралы ақпарат алу;
•Кәсіпорынның негізгі технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау;
•Өндірістік шара қызметінің талдауын жасау үшін ақпарат жинау.
Кіріспе.
1.«THERMOCOM» ЖШС-ң құрылуы мен сипаттамасы.
2.Еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыру мен еңбекті нормалаудың ұстанымдары.
3..«THERMOCOM» ЖШС-ң қаржылық жағдайын талдау.
Қорытынды.
Қосымша.
Жоспар.
Кіріспе.
Қорытынды.
Қосымша.
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты – «THERMOCOM» ЖШС-нің өндірістік үрдісімен, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктерімен және оның экономикалық қызметімен танысып, оқу үрдісі кезінде алынған тоериялық білімді нығайту. Өндірістік практиканың есебін жазу барысында келесі мәселелермен міндеттер алға қойылды:
«THERMOCOM» ЖШС-гінің қызметі мен құрылу мақсаты өнімге немесе көрсетілетін қызметтеріне деген қоғамдық қажеттілікті қанағаттардыру және таза пайда алу арқылы серіктестіктің құрылтайшылары мен жұмысшыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру. Отандық және шетелдік нарықта 2008 жылдың сәуір айынан ойдағыдай жұмыс жасап келеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «THERMOCOM» Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, 22.04.98 жылғы №220-1 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапты серіктестіктер туралы» заңына, 31.06.2006 жылғы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңына сәйкес құрылып, қызмет атқарады.
Серіктестіктің қатысушысы:
Байтараков Марат Динасилович, жеке куәлігі І023346709, ҚР ӘМ 13.01.2009 ж. берілген, туған күні, айы, жылы: 23.10.1969 ж. Тұрғылықты жері: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Фурманов көшесі, 48 үй, 79 пәтер.
Серіктестіктің жарғылық капиталы 116 800,00 (жуз он алты мың сегіз жуз) теңгені құрайды.
Заңды мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алатау ауылы, Мирас көшесі, 89А.
Меншік түрі – жеке меншік.
Серіктестік жылдық орташа қызметкерлерінің саны 50 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерліктің қатарына жатады. Және Серіктестіктің жұмыс істеу уақыты шектелмеген.
Төменде «THERMOCOM» ЖШС-ның ұйымдық құрылымы ұсынылған:
Барлық сұрақтарды алдымен директорға әкеліп көрсетеді.
Бухгалтерия келесі міндеттерді жүзеге асырады:
Сату бөлімі тапсырыс берушілерді іздеумен, олармен келісім-шартқа отырумен, сондай-ақ алынған тапсырыстардың орындалу жылдамдығын қадағалаумен шұғылданады. Сондай-ак, сату бөлімі «THERMOCOM» ЖШС-ның жарнамасымен айналысады және бәсекелестермен салыстырады.
Сату бөлімі келесі функцияларды атқарады:
- қорларды сатып алу
көздерін зерттеу және
- тасымалдауды бақылау (дер кезінде, жинақы, саны мен сапасы) ауытқу болған жағдайда тиісті шара қолдану;
- тасымалдауды жоспарлау;
- жүктерді жеткізу, қабылдау және сақтау;
- тасымалдауды бақылау және есебін жүргізу.
Бөлімдердің қарым қатынасы әр жұма сайын директорда өтетін оперативті жиналыстардың, сондай-ақ бөлімдердің арасындағы қызмет хаттардың көмегімен жүзеге асады.
«THERMOCOM» ЖШС-ның ақша қорын жұмсаудың негізгі бағыттары - шикізатты, детальдарын, қорларын сатып алу, жұмысшы және қызметерлерге берілетін жалақы, коммуналдық қызмет пен салықтың көрсетілген есеп бойынша төлемі, басқа да әқімшілік шығындар мен тауар сату және қызмет көрсетулерге кеткен қосымша шағандар болып табылады.
Құнды заттарды көбейту. Қол да бар ақшалар, қызмет көрсетуден түскен ақшалар, қорлар, жабдықтар,негізгі құралдар – осының барлығы құнды заттар. Құнды заттардың көбеюі қорларды айналымға енгізу арқылы пайдалануды көрсетеді.
Пассивтің азаюы. Кәсіпорын қаржылық көрсеткішіндегі пассиві басқа бір тұлға немесе мекеме алдындағы қарызын анықтайды: банкке берешек қарыздар, жабдықтаушыларға берілетін төлемдер және салықтар, еңбекақы бойынша төлемдер.
Айналым капиталды тиімді пайдалану. Айналмалы капиталдың қажетіне пайдаланбайтын кез-келген қор пассивтердің еңбегің төлеуге бағытталады. Сонымен бірге олар айналмалы капиталды жауып алуға жұмсалады немесе иелік есіне кіріс ретінде төленеді.
Айналмалы капиталды үнемдеудің бірден-бір жолы материалдық техникалық ресурстарды (қорды) басқаруды жетілдіріп отыруға тіреледі:
- керекті материалды сатып алуды жоспарлау
- қатаң өндірістік жүйе еңгізу
- осы заманға сай қоймаларды пайдалану
- сұраныстарды болжауды
Айналмалы капиталдың қажеттілігін қысқартудың екінші жолы кредит саясатын қатаңдату жолымен дебиторлардың есебін кемітуден басқа пайдаланбайтын керексіз қорларға баға беруден, төленуге тиісті есепке баға беруден тұрады. Айналмалы капиталдың шығынын қысқартудың үшінші жолы қолдағы бар ақшаларды өте ұқыпты пайдаланудан тұрады. Банкалық есептер бойынша өзінің өтімді құнды бұйымдарын ұстап отырған фирмаларға пайыз төленбейді. Алайда, кейбір құнды бұйымдар (қысқамерзімді мемлекеттік құнды қағаздар, депозитті сертификаттар, бір жолға займның әртүрлілігі, сатып алынған келісімнің аталуы) пайыз түрінде табыс кіргізеді.
Еңбекті есептеудің және
еңбекақы төлеудің негізгі міндеттері:
қызметкерлердің жеке құрамының
нақты есебі, олардың жұмыс істеген
уақыттары мен орындаған
Жекелеген адамдардын еңбекақысын есептеу кезінде еңбектің кесімді сый ақы төлеу түрі пайдаланылады. Ол белгілі сапалық көрсеткішке жеткен және өзіне жүктелген жұмысты артығымен орындағандарға сыйақы төлеуді қарастырады.
Кәсіпорында қызметкерлердің еңбекақысы штаттық кестемен (Қосымша 7) бекітіледі.
Еңбекақы қызметкерлерге есептеу ведомостімен (Қосымша 1) , есептеу қағазымен (Қосымша 2), және төлеу шығыс касса ордерімен (Қосымша 4) немесе жұмыскерлердің карт шотына ақша қаражаттарын аудару (Қосымша 5) арқылы жүргізіледі.
Еңбекақы есептелгенде
жұмысшылардан Қазақстан
Зейнетақы жарнасы 10% мөлшерде есептеледі. Компания ұсталған зейнетақы жарналарын Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына аударады.
Жеке табыс салығы – жеке тұлғалардың табысына салынатын салық. Бұл салық есептелуімен ерекшеленеді. Салық ставкасы 10% құрағанмен, әрбір жеке тұлғада айына 1 рет қана қолдана алатын шегерімі бар. Бұл шегерімнің мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет заңымен орнатылған және табысты есептеу күнінде қолданылатын еңбекақының минималды көлемі ретінде қарастырылады. 2011 жылдың 01 қантарынан орнатылған еңбекақының минималды көлемі 15 999 теңгеге тең.
Мысалы, жұмысшының айлық еңбекақы мөлшері 100 000 теңге.
100 000,00 – 10 000,00 (ЗЖ 10%) – 15 999,00 (ЕМК) – 7 400,10 (ЖТС 10%)
Жумысшыға төленуі тиіс ақша қаражаты мөлшері 82 599,90 теңгені құрайды.
Жоғалған жұмыс уақытын аңықтау үшін бақылау жүргізіледі, қортындысы арнайы есеп беруде көрсетіледі. Кун сайын кәсіпорын кадр бөлімінде немесе кадр жұмысын атқаруға уәкіл етілген бөліммен табельде (Қосымша 6) белгіленіп отырады.
3.«THERMOCOM» ЖШС-ң қаржылық жағдайын талдау
Экономикалық жағдайына баға беру барысында келесі есеп түрлерін пайдаланады:
Ақпарат бухгалтерияда жиналып, компьютерлік бағдарламаларға еңгізіліп, өнделеді. Бұл мәлімет директорға өндірістің қаржы жағдайына талдау жасауға көмектеседі. Нақты нәтижелерді жоспарланған нәтижелермен тұрақты салыстыру, өндірістін басшысына атқарған шаралардың нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есептерден алынатын ақпарат күнделікті жоспарлау мен шешім қабылдауды бақылауға пайдаланады.
Жабдықтаушылардан түсетін материалдардың қабылдануы мен есепке алынуы қоймада жүргізіледі, кедендік декларация мен есеп айырысу документтерінің негізінде ордер құрайды.
Материалдарды жіберудің есебі материалдық құндылықтардың орын ауыстыруын көрсетеді. Өндіріс қаржысы шаруашылық қызмет барысында пайда болатын экономикалық қатнастың бір бөлігі болғандықтан олардың ұйымдастыру ұстанымдарын былайша тұжырымдауға болады:
Қаржы қызметі саласындағы дербестік, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қортындысына қызығушылық оның нәтижесіне жауапкершілік, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау Өзін-өзі қаржыландыру – нарықтық экономика жағдайында өндірістің қаржы –шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты болып табылады, әрбір өндіріс орны күнделікті және күрделі шығындарын өздерінің табыс көздерімен жауып отырады.
Қаржысы уақытша жеткіліксіз болған жағдайда өндіріс орны коммерциялық кредит пен банктерден қысқа мерзімді сауда алуына болады, егер сөз күнделікті шығындар жайлы және күрделі жөндеуге жұмсалған ұзақ мерзімді банктен алынған кредит туралы болса.
Өндірістің шаруашылық қызметі оның қаржы қызметіне тікелей байланысты. Өндіріс орны шаруашылық жоспарларына сәйкес шығындарын жабу үшін қаржыларын барлық бағытқа жұмсайды. Пайда табу мақсатында қаржы қорын еркін пайдалана отырып өнім шығаруға бар жанын сала еңбек сіңіреді. Өндірісті өркендетуге бағытталған қаржы қоры қалыптасады:
-амортизациялық жарна
- шаруашылық пен қаржы
- серіктестікке
- облигация шығарудан алынған каржы
- ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамның акцияларын шығару және орналастыруға жұмылдырған қаржы
- ұзақ мерзімді банк
кредиттері және басқа
- кейбір заңды көздерден (мысалы, өзеркімен қайшарылмайтын мекеме, ұйым азаматтарының жарнамаларынан)
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы кәсіпорынның белгілі – бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді пайдалану әдісі қазіргі нарықтық экономика жағдайында көбірек таралған әдістердің бірі болып табылады. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып есептелінеді, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстырға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді. Қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс болуын бағалауға мүмкіндік береді.