Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 13:32, курсовая работа
Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…3
1. КАССАДАҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ
1. 1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі…………………………4-6
1.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі………………………………………………………………….….7
1.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі………………………………………………………………….….8
1.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі...……..9-11
2. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті…………….……12-17
2.2 Кассаны тексергенде аудиттің атқаратын міндеттері…….......................................................................................….17-19
2.3 Есепте көрсетілген қателіктер және аудиторлық қорытынды……………………………………………………………..…20-22
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…23-24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………25
Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді.Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы кассалық машина) поспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.
Ақша операциялық кассаға
6010-“Дайын өнімдерді сатудан түскен кіріс”, -“Көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі қызметтерінен түскен табыс” шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;
2110- “Алынуға тиісті қарыздар” шоты – сатып алашылар мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына түскен
1.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға – шот иесін
тарату немесе қайта
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасалуы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде
Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы
1 |
Есеп айырысу шотына субъектінің жарғылық қорын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома |
1031 |
5110 |
2 |
Сатып алушылардан жіберілген өнім, көрсетілген қызмет, істелген жұмыстар үшін келіп түскен сома |
1031 |
1210, 2120-2140 |
3 |
Есеп айырысу шотына вексельден келіп түскен сома: - негізгі берешектердің қарыз сомасы; - есептелінген пайыздар. |
1031 1031 |
1280 2170 |
4 |
Есеп айырысу шотына жалға алушылардан пайдаланғаны үшін түскен қаржы |
1031 |
6130, 2170 |
5 |
Жалға алушылардан жалға алып пайдаланғаны үшін есептелінген пайыз сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті |
1031 |
6130 |
6 |
Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома |
1031 |
1011 |
7 |
Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома |
1031 |
2180 |
8 |
Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банк несиесі |
1031 |
3010 |
9 |
Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шоттан келіп түскен сома |
1031 |
1060 |
10 |
Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банктен тыс мекемелердің несиесі |
1031 |
3020 |
11 |
Есеп айырысу шотына келіп түскен акциялардың дивидендтері |
1031 |
6120 |
12 |
Есеп айырысу шотына облигациялардан пайыз түрінде келіп түскен табыстар |
1031 |
6130 |
13 |
Есеп айырысу шотына келіп түскен ұзақ мерзімді инвестициялар дивидендтер сомасы |
1031 |
6120 |
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті
Шаруашылықтың ішіндегі нақты қолма-қол ақшаны қабылдау, тарату және сақтау операциялары шаруашылықтың кассасы арқылы жүзеге асырылады.
Кассада сақталатын ақша 1011 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1012 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» 15 бөлімшесінің «Кассадағы нақты ақшалар» шоттарында ескерілуі тиісті. Осы шоттардың дебетінде кассаға түсетін ақша, кредитінде – кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалды.
кесте 2
Аудит процедуралары |
Ақпарат көздері |
1. Ақша мен кассадағы басқа құндылықтардың бар-жоғы мен жағдайын түгендеу |
Касса ревизиясы бойынша
комиссияны тағайындау, кассирді тағайындау
туралы кәсіпорын басшысының бұйрықтары;
кассирмен материалдық |
2. Кассалық операцияларды
құжаттық ресімдеудің |
Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), Бас кітап және т.б |
3. Қолма – қол ақшаны кіріске алудың мерзімділігі мен толықтығының дұрыстығын тексеру |
Банк көшірмелері, чек кітапшалары, заңды және жеке тұлғалармен шарттар, банк көшірмелеріне тіркелген бастапқы құжаттар кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), 1 журнал-ордерге, Бас кітап және т.б |
4. Ақшаны шығысқа шығарудың дұрыстығын тексеру |
КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. |
5. Бухгалтерлік есептегі
шоттарда операцияларды |
Бастапқы құжаттар, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. Аналитикалық кестені әзірлеу және тұжырымдар мен ұсыныстарды негіздеу |
6. Кассалық операциялар
аудитінің қорытындылары |
Кассаны тексеру актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі ұсысынтар |
Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:
Касса
мен кассалық операциялардың
аудиті негізінде үш бағыт
бойынша өтеді: қолма-қол ақшан
Жалпы
алғанда касса мен кассалық
операциялады тексергенде
- Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс: кәсіпорында басшының кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұйрық орындала ма? Кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай, тексерілетін кәсіпорынға бір кассир немесе бірнеше кассир (немесе соған уәкілетті тұлға) қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін кәсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет етумен қоса атқара ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және кәсіпорын әкімшілігі кассирмен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты ма?
- Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі, кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және касадан тыс операциялар доғарылады.