Негізгі құралдардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 14:04, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.
Өндірістік бяғыты бойынша - жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді.

Вложенные файлы: 1 файл

404_zD4.doc

— 199.00 Кб (Скачать файл)

Дивидендтерді есептеу кезінде төленуге тиісті ақшалар 3580 шотынан есептен шығарылып, 2853 «Акционерлермен есеп айы-рысу»  шотына жіберіледі. Оның қалдығы шегінде 1853 «Акционер-лермен есеп айырысу» шотында есепте тұрған, бұрын есептелген және алдыңғы тоқсан үшін төленген дивидендтер жабылады. Қалған сома акционерлердің есеп айырысу шотына аударылады. Егер қаржылық жылдың соңында банктің шығысы табысынан асып кетсе, 3599 баланстық шотында көрсетілген шығын сомасы 3580 шотында есептелінетін өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс және 3510 «Банктің резервтік капиталы» баланстық шотындағы акша есебінен жабылуы мүмкін.


Информация о работе Негізгі құралдардың есебі