Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2015 в 17:23, реферат

Краткое описание

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕC-қа сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік
2.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі
2.2. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Реферат.doc

— 95.00 Кб (Скачать файл)

Амортизациялық құн - дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық құны ретінде анықталады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.

Амортизация нормасы – бұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдың ұзаққа  шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1 000 км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аудырымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

Қайтадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.

Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде негізгі құралдар әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъект таңдап алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс.

Амортизациялық аударым мөлшері – дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеп шығарған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға ай бойы есептелген  амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылады. Маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға жыл бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы жыл соңында субъектінің жыл бойы өндірген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнына кіргізіледі.

Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап есептеледі. Ал субъектінің баласынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың бірінен бастап амортизациялық аударым есептелмейді.

Бухгалтерлік есептің №16 ХҚЕС «Негізгі құралдарды (құрал-жабдықтарды) есепке алу» - деп аталатын стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бекітілген:

1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісі.

2. Құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)

3. Жылдамдатып есептен шығару әдістері

а) қалдық құнның кему (қалдық азайту) әдісі

б) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.

Амортизациялық аударым есептеудің қолдануға таңдап алынған әдісі шаруашылық субъектінің есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер негізгі құралдарға қолданылатын амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептермен болғаны қаржылық есептемеде айтылып көрсетілуі керек.

Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін. Осындай жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды сатып алу қолда бар нақты жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай активтері активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді. Мысалы, химия компаниясы қауіпті химиялық заттарды өндіру немесе сақтау кезінде экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялар енгізе алады; технологиялар мен жабдықтарды жетілдіру жөніндегі тиісті шаралар актив ретінде танылады, себебі компания оларсыз химикаттарды өндіріп, сата алмайды. Солай бола тұрса да, ондай активтің және осыған байланысты активтердің баланстық құнының жиынтық мәні 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану мәніне байланысты тексерілуге тиіс.

Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозу олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөліктерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылмағандығына ғана байданысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдалануы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінде болып табылада.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үрдісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдарың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған тура осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктерінің құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдарының орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.

Сонымен қатар амортизациялық аударымда мынадай жағдайларда есептелінбейді: қайта құру, жаңарту және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта.

Негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған мерзімде: негізгі құралдар үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер және т.б. өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.

Кәсіпорындағы жаңадан келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан бастап есептелінеді. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан бастап амортизациялық аударым есептеу тоқталады.

Активте түйінделген болашақ экономикалық пайдалар негізінен оны тұтыну арқылы қолданылады. Актив бос тұрып қалған кезде моральдық немесе коммерциялық тұрғыдан ескірген басқа факторлар осы активтен алу мүмкін болатын экономикалық пайданың азаюына жиі әкеп соқтырады

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты  (түзу сызықты) есептеу әдісі.

Яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың  тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі жүк автокөлігінің бастапқа құны – 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны  10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялық нормасы амортизациялаушы құнның  20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.

Бұл әдіс негізігі құралдар пайдаланудан түсетін табыс оны пайдалану мерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.

Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есеп беретін жылда негізгі құралға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі  қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

Кезең ішіндегі амортизациялық есептеулер әдетте пайдада немесе залалда танылады. Бірақ, кейде активте түйінделген экономикалық пайдалар басқа активтерді өндірген кезде жоғалып кетеді. Бұл жағдайда амортизациялық есептеулер басқа активтің бастапқы құнының бір бөлігін құрайды және оның баланстық құнына қосылады. Мысалы, өндірістік жабдықты амортизациялау тауар-материалдық босалқыларды өңдеу жөніндегі шығындарға қосылады (2 IAS қараңыз). Сол сияқты, әзірлеуде пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың амортизациясы 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын материалдық емес активтің бастапқы өзіндік құнына қосылуы мүмкін.

Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.

       

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 
 Сонымен қорыта айтатын болсақ, субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.

Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.

Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады

Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002ж.

2. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаев, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаев. «Қаржылық есеп» оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001ж.

3. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп» Оқу құралы – Алматы, Қазақ университеті, 2001ж.

4. «Аудит және бухгалтерлік есеп» Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті 2000ж.

5. К.Ш. Дүйсембаев., Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп» Алматы: ИздатМаркет, 2005ж.

 


Информация о работе Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы