Негізгі құр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 19:17, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың басты өзектілігі : бухгалтерлік есепте негізігі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын,яғни материалдық активтерді айтады.

Содержание

Кіріспе……..3
I- бөлім. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі мен бағалануы…..5
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі…….5
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы…..8
1.3. Негізгі құралдардың тозуы…12
1.4.Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдыалудың себі……….15
ІІ- бөлім. Негізгі құралдардың тозуы, оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу және есептеуді ұйымдастыру…….17
2.1. Сапалық және табиғи тозу, оларға амортизацилық аударым есептеу әдісі……..17
III-бөлім. Негізгі құралдарды жөндеудің, істен шығарудың, түгендеудің есебі……26
3.1. Жай және күрделі жөндеу…………26
3.2. Негізгі құралдарды істен шығару….29
3.3. Негізгі құралдарды түгендеу………..32
Қорытынды…………..33
Қолданылған әдебиеттер тізімі……….35

Вложенные файлы: 1 файл

негізгі құр.doc

— 545.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе……..3 
I- бөлім. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі мен бағалануы…..5 
1.1. Негізгі құралдардың жіктелуі…….5 
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы…..8 
1.3. Негізгі құралдардың тозуы…12 
1.4.Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдыалудың себі……….15 
ІІ- бөлім. Негізгі құралдардың тозуы, оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу және есептеуді ұйымдастыру…….17 
2.1. Сапалық және табиғи тозу, оларға амортизацилық аударым есептеу әдісі……..17 
III-бөлім. Негізгі құралдарды жөндеудің, істен шығарудың, түгендеудің есебі……26 
3.1. Жай және күрделі жөндеу…………26 
3.2. Негізгі құралдарды істен шығару….29 
3.3. Негізгі құралдарды түгендеу………..32 
Қорытынды…………..33 
Қолданылған әдебиеттер тізімі……….35

Кіріспе  

  «Жаңа оңжылдық-кәсіпорының жаңа  экономикалық  өрлеуі, жаңа мүмкіндіктері» — Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.

Қандай  ғылымның болмасын пайда болу тарихы,  маңызы  мен  мақсаты  және қоғамда  алатын  өз  орны  бар  екендігі  белгілі. Солардың  ішінде  басқа салалардан  оқшауланатын – бухгалтерлік  есеп  саласы.

Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-эканомикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылды. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б. Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық  ғылымдар  мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін бірі түсінбес еді»- деген болса, оның әріптесі П.Самуэльсон «Біздің ғасырымыз- машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады»,-дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки «Есеп- бұл барлық бизнестің арожданы, ұяты», -деп жазған. Бухалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. 

  Курстық жұмыстың басты  өзектілігі : бухгалтерлік есепте негізігі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын,яғни материалдық активтерді айтады.

Бухалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды  орындардың бірін иеленді.     Жалпы,курстық жұмыстың басты мақсаты: зерттеу жүргізу және зерттеу нәтежесінде негізгі құралдар есебінің әдістерін, жолдарын  қарастыра  отырып, ұсыныстар мен пікірлер енгізу.

Жалпы,бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді  функцияларды орындау үшін қажет.Сонымен  қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызыметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Курстық жұмыстың басты міндетті: ол біріншіден негізгі құралдар,олардың жіктелуі мен бағалануы,ал екіншіден негізгі құралдардың тозуы,оларға амортизациялық аударым беру.

Сондықтан курстық жұмыстың басты мақсаты: ол зерттеу жүргізу және зерттеу  нәтежесінде негігі құралдар есебінің әдістерін, жолдарын қарастыра отырып, ұсыныстар мен пікірлер енгізу.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға  көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік  қызметтердің пайда бола бастауына  сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер еңгізілді. Осыларды ескере отырып, бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдаиын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп дайарлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді. Осыдан да болар ғалым Дж. Мэйдің «Бухгалтерлік есеп эрасы басталды»,- деп айтуы, жоғарыда айтылып өткен әлемге аты белгілі ғалымдар Б.Де Солозано, П. Самуэльсон, Дж. Мэй, мен Р.А. Фаулкидің және Л. Фон Мизесатердің сөздерін ескерсек, бұл оқулықтын жоғарыда аталған мамандықтардан басқа да салаларда қызмет атқаратын қызметкерлер үшін қажет екендігі сөзсіз. Өйткені «Кез келген саладағы шаруашылықты жүргізуде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сенімді кеңес беретін және дұрыс жол сілтейтін жалғыз ғана бухгалтерлік есеп», -деп данышпан ғалым Цирул бекер айтпаған болар.

Кіріспе

Тақырып өзектілігі нарықты қатынастар кеізнде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету  үшін олардың негізгі құрал- жабдықтары болуға тиісті.

Кез келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері  еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарысыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес.

Өндіріс  тиімділігін анықтауда негізгі құралдардың түсуі мен шығуы олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады.

Сондықтан оның есбін дұрыс  ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай қадағалау мүмкін емес.

Тақырыптың  мақсаты болып «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС негізгі құралдардың есебін, аудитін жүргізу тәртіптері мен  әдістеріне  тоқтала кетіп, оның есебі мен аудитін жүргізудегі  артықшылықтар мен кемшіліктерді көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау  болып табылады.

Тақырыптың  міндеті:

-         Негізгі құралдардың түсінігі мен экономикалық мазмұны;

-         Олардың есебін жетілдіруде ғалымдар мен тәжірибиешілердің еңбектеріне;

-         Кәсіпорынның ұйымдық – экономикалық және есеп қаржылық жұмысына;

-         Негізгі құралдардың түсуі мен тозуына;

-         Олардың қозғалысын құжаттауға;

-         Синтетикалық және аналитикалық есебі мен аудитіне сипаттама беру саналады.

Жұмысты орындау кезінде Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп туралы заңы”, “Қазақстан Респуликасының қаржылық есеп стандарттары”, “Дәнқамту” ашық акционерлік қоғамының жылдық есеп мәліметтері қолданылды

Жұмыстың  теоретикалық және әдістмелік негізі болған ғалымдардың және тәжірибиешілердің  еңбектері, инструкивтік және нормативтік құжаттар.

Тақырып бойынша жұмыс жүргенде келесі әдістер қолданылды: салыстыру, талдау әдістері, теоретикалық және нақты  материалды тұжырымдау, статистикалық  топтастыру, баланстық тұжырым, екі  жақты жазу, түгелдеу, бағалау.

Күтілетін нәтижие болып негізгі  құралдардың есебімен мен аудитін  кәсіпорындарда тиімді ұйымдастыру  жолдарын және жетілдіру бағыттарын қарастыру болып табылады.

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Дс Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»- деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки "Есеп — бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы" - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында "Есептей алмаған, басқара алмайды" — деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез  келген бухгалтерияның іс жүзіндегі  қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

1) есепті барынша ақпаратты,  әрі дәл жасау;

2) оның қарапайым және  арзан болуына қол жеткізу;

3) шаруашылық өміріндегі  деректер жөнінде дер кезінде  ақпарат алу.

Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Барлық «негізгі құралдар»  өздерінің өндіріске қатысуына  қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте  қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станокгар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады.

«Негізгі құралдарды»  халық шаруашылығының салаларына қарай  топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен  ұйымдардағы негізгі құралдардың  бәрі тек қана ұйымның негізгі  шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын  қызметіне қарай әртүрлі топтарға бөлінеді.

Негізгі құралдар есебі  Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген № 6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес іске асырылады.

Мақсаттық белгілеуіне  және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан  Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996 ж. 18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құрамдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жургізуші субъект басшылығы  кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға  сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 24 шілдедегі №1174 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің 2002 ж. 3 сәуірдегі № 03-1а-8 «Негізгі құралдардың құнын арттыру индекстері туралы» қатынас хаты) объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша көрсетілді.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Жоғарыда көрсетілген жұмыс мақсаттарына байланысты мынадай міндеттер туындады:

  • негізгі құралдардың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу;

- негізгі құралдардың техникалық жағдайын және қозғалысын талдау;

- негізгі құралдың  тозуының және амортизациясының  есебін қарастыру;

- негізгі құралдар есебін жетілдіру  жолдарын анықтау;

  • негізгі құралдардың түрлерін, атқаратын қызметтерін бағалау.

Зерттеу жұмысының құрылымы. «Негізгі құралдар есебі» дипомдық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен қалған. Кіріспе жұмысының негіздері мақсаттары және оларды шешу көрсетілген. Бірінші тарауда меншікті инегізгі құралдардың теориялық негіздері көрсетілген.Екінші тарауда меншікті негізгі құралдардың есебі сипатталған. Үшінші тарауда меншікті негізгі құралдарды пайдаланудың жағдайы және талдауы көрсетілген.

Консультант "не в сети" 
Но Вы можете написать на эл. почту

kontrosha.kz@mail.ru

Мазмұны 

 

Кіріспе

6

 

1Негізгі құралдардың  тозуы,  жөндеудің есебі және            аудиттің теориялық негіздері

 

 

 

9

1.1 Негізгі құралдар түсінігі  және жіктелуі

9

1.2 Негізгі құралдардың амортизациясын  есепке алу

14

1.3 Негізгі құралдарды жөндеу  шығындарын есепке алу 

23

1.4 Негізгі құралдардың аудитінің  теориялық негіздері

30

   

2   «West құрылыс» ЖШС нің негізгі құралдарының тозуы мен жөндеу есебін ұйымдастыру

33

2.1 «West құрылыс» ЖШС - нің экономикалық  сипаттамасы

35

2.2 «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының  амортизациясының және  жөндеудің есебі

41

2.3  «West құрылыс» ЖШС негізгі құралдарының қозғалысының

есебі

46

   

3 Негізгі құралдардың тозуының аудиті және талдауы

51

3.1 Негізгі құралда аудиторлық  тексерудің маңызы мен ақпарат 

көздері

51

3.2 «West құрылыс» ЖШС - нің негізгі  құралдардың есебін 

талдау

53

3.3 «West құрылыс» ЖШС -нің негізгі  құралдардың аудиті

59

Қорытынды

67

   

Пайдаланылған әдебиет тізімі

69

   
   

Информация о работе Негізгі құр