Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 21:18, лекция
Есеп объектілерді көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен - оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құның нормативті тәсілмен өндіріс процесіндеақ калькуляцияланады, нақты есепті кезең біткен соң жете зерттеуге болады. Анығында, мұндай бөлудің өндірістік процестің ұзақтығы есепті кезеңнің ұзақтығынан аспайтын жағдайында ғана мәні бар. Ұзак циклділігі бар өндіріс үшін нормативті өзіндік құн жайлы айтудың қажеті жоқ, өйткені есептің нормативті тәсілін қолданғанда, уақытты үнемдеу, норманы жасау мен түзеуге кеткен еңбек шығынын ұлғайту арқылы өзін-өзі ақтамайды
1. Шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың нормативтік әдісі
2."Стандарт-кост" жүйесі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Тақырып 9. Стандарттық калькуляция
1. Шығындар есебі және өзіндік
құнды калькуляциялаудың
2."Стандарт-кост" жүйесі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
1. Есеп объектілерді көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен - оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құның нормативті тәсілмен өндіріс процесіндеақ калькуляцияланады, нақты есепті кезең біткен соң жете зерттеуге болады. Анығында, мұндай бөлудің өндірістік процестің ұзақтығы есепті кезеңнің ұзақтығынан аспайтын жағдайында ғана мәні бар. Ұзак циклділігі бар өндіріс үшін нормативті өзіндік құн жайлы айтудың қажеті жоқ, өйткені есептің нормативті тәсілін қолданғанда, уақытты үнемдеу, норманы жасау мен түзеуге кеткен еңбек шығынын ұлғайту арқылы өзін-өзі ақтамайды. Тәжірибеде нормативті және нақты тәсілдер арасындағы тандау мәселесі, әдетте, объективті себептер тұрғысында шешіледі. Мәселе мынада, ұзаққа созылатын өндіріс көбіне бірен-саран немесе өте ұзақ сериялы (кеме және самолет жасау, ауыр машина жасау, қымбат жиһаз жасау, кұрылыс және т.б.) болады, ал мұндай өндіріс үшін нормативті тәсіл тіптен қолайсыз. Ол үлкен сериялылықта және көп номенклатуралық өндірісте, өнім бірлігін дайындау үшін қажетті операциялардың көп саны мен сан түрлілігінде тиімді қолданылады.
Шығындар есебінің нормативті тәсілін қолданудың мүмкіндігімен қажеттілігі туралы шешімді қабылдау нормалар мен шығыстар сметасын дайындау мен үнемі түзеу жөніндегі ұйымның мүмкіндіктерін талдауға негізделуі тиіс. Басқаша айтсақ, ұйымдық құрылымда негізгі нормамен нормативті қалыптастыруды нақты шығындардың нормативтілерден ауытқуы талдауды, іс жүзіндегі норманы түзеу мен өнімді емес шығындарды жою туралы ұсыныстар әзірлеуді, өнімнің нақты өзіндік құнын азайтуды жүзеге асыратын арнайы бөлімшенің (жоспарлы бөлім, экономикалық қызмет және т.б.) бар болуы қарастырылған. Мұндай жағдайсыз есептің нормативті тәсілін енгізу ұйымға нақты пайда әкеле алмайды.
Екі тәсіл де түпкілікті шотта өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау мен көрсетуге бағытталған, бірақ біріншісі - шығындарды тікелей есептеу жолымен, ал екіншісі - нормадан ауытқу арқылы көрсетеді.
Нақты шығындарды есептеу - қолданылып жүрген нормалар шамасы туралы мәліметтерді есепте көрсетпей, нақты болған шығындар туралы мағлұматтарды дәйекті жинақтау тәсілі.
Нақты өзіндік кұн есебінің жүйесі өз еліміздегі кәсіпорындарда дәстүрлі және кең тараған болып табылады және белгілі принциптерге сай жүргізіледі: өндіріске шыққан алғашқы бастапқы шығындарды бухгалтерлік есептің шоттары жүйесінде толық көрсету; шығындарды өндіріс процесінде пайда болған сәтінде есептік тіркеу; шығындарды өндіріс түрлері, шығыс сипатына, пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша жинақтау; нақты шығындарды есеп пен калькуляциялау объектілеріне қатысты ету;
• нақты көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыру.
Есепті кезеңнің нақты шығындарының шамасы қолданылған ресурстардың нақты санын нақты бағаларына көбейту жолымен есептеледі. Ең ақырында нақты өзіндік құн анықталады.
Нақты өзіндік құн бойынша есептің құндылығы есептің қарапайымдылығында. Алайда бұл жүйенің бірқатар елеулі кемшіліктері бар:
• толық өзіндік құн есебі шығындарды жою үшін ұсыныстар бермейді;
• басқарушы құрамды бухгалтерлік ақпаратпен жедел қамтамасыз
етпейді; өйткені өнімнің өзіндік құны туралы мәліметтер өнім жасалған
есепті кезеннен кейін ұсынылады, яғни өнімсіз еңбек пен материал шығындарын шұғыл шаралар қабылдау жолымен болдырмау мүмкін емес;
• қолданылған ресурстар санымен олардың бағаларын бақылау үшін нормативтердің болмауы сондықтан, ауытқу себептерін талдау мүмкіндігі жоқ;
• бұл жүйе өндірістің негізгі факторларын оны айқындау үшін алғышарттар жасамайды;
• еңбек сыйымдылығының "тарихи" өзіндік құнының есебі, шаруашылық фактілерін тіркеу бойынша көп артық жұмыс істеуді талап етеді;
• әкімшілікке уақытылы шаралар қабылдау жолымен жоюға болатын, өнімсіз еңбек пен материал шығындары туралы шұғыл дабыл қағудың мүмкін еместігі.
Осылайша, "тарихи" шығындардың есебі ресурстарды пайдалануды шұғыл бақылаудың өндірісті ұйымдастыруда артық жұмсау мен кемшіліктердің себебін ашу мен жоюды, технологиялық процестердің бұзылуын, ішкі резервтерді іздестіру мүмкіндігін болдырмайды. Бұл кемшіліктер басқару шешімдерін қабылдау үшін нақты өзіндік құнының есебін қолдануды шектейді. Сондықтан нормативті шығындардың есебі, әсіресе нарықтық қатынастар мен бәсеке жағдайында ең озық нұсқаға айналды. Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.
Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:
• шаруашылықтагы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақтылы ескерту;
• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.
Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады. Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады. Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:
1. Кәсіпорын қолданысындағы
2. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.
3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.
4. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.
5. Нормадан ауытқуды және
• сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;
• жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет;
• шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;
• тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;
• қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.
Норма - бұл нақты еңбек пәні шығынының және технологиялық процестін, әр түрлі операцияларына кететін жұмыс уақыты шығынының немесе өнім дайындаумен байланысты еңбек құралын функциялау шығынының белгілі бір шекке дейін болатын абсолютті шамасы. Нормативтер, мысалы, металды пайдалану коэффициентін, жабдық жұмысының тәртіптемесін сипаттайтын салыстырмалы шама. Техникалық-экономикалық норманы және нормативті әзірлеу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Нормативтік шығын дегеніміз, әдетте дайын өнім бірлігі есебінде көрініс табатын алдын ала мұқиат анықталған нақты іс жүзіндегі шығынды білдіреді. Оған өндірістік шығынның барлық үш элементі кіреді - тікелей материалдық шығын, тікелей еңбек шығыны және жалпы өндірістік шығын. Өндіріске өнім материалы белгіленген қатаң шектеумен беріледі.
Нормадан ауытқу есебі жабдықтың, шикізаттың, материалдық техникалық ерекшеліктеріне, олардың шығынын және өндірістің технологиялык процесін нормалауға қарай ұйымдастырылады. Нормадан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану сапасы, толық құнды материалдың орнына қалдықтарды қолдану және т.б. факторлар әсер етеді.
Өндірістің жиынтық шығын есебі жиынтық шығын есебінің тізімдемесінде жүргізіледі. Калькуляция объектісі біртекті бұйымдардың жекелеген түрлері немесе тобы болып табылатындықтан тізімдемедегі аналитикалық шоты біртекті өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін дайындау бойынша шығын есебін ашады.
2. Бұл жүйе өткен ғасырдың 20-сыншы жылдардың басында АҚШ-та пайда болды. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу, баға белгілеу, шығындарды оперативті басқару және бақылау үшін материалдың және еңбектің нормативтік шығындарын әзірлеп, пайдалануды қолға алған болатын. "Стандарт-кост" тарихи жүйесі отандық нормативтік есеп жүйесінің үлгісі болып табылады.
Отанымыздың экономистері америкалық ғалым Д.Ч. Гаррисонның 1933 жылы аударылып жарық көрген "Стандарт-кост" кітабы арқылы оның идеясымен танысты. Басқару техника университеті бұл жүйені іс жүзіне асыру және тәжірибеде қолданудың жолдарын бөлшектеп оқып-білуді қолға алады. Мәселені шешуде нормативтік шығын есебінің әдісі түрінде осы жүйені көрсету арқылы профессор М.Х. Жебрак үлкен үлес қосты. "Стандарт-кост" жүйесінің мағынасы есепке не болғаны емес, болуы тиіс нәрсе кіреді, нақты шындық емес, міндеттісі ескеріледі, әсіресе пайда болған ауытқушылық көрініс табады. Оларды тіпті 80%-ке орындау жұмыстың сәтті болғанын білдіреді. Норманың асып түсуі оның қате белгіленгенін көрсетеді.
"Стандарт-кост"жүйесімен нормативтік шығын есебінің әдісін салыстыру мынадай корытынды жасауға мүмкіндік береді:
• екі әдіс те шығынды норма негізінде ескереді;
• толық шығын есебін жорамалдайды (предпологают);
• шығынның "стандарт-кост" әдісі бойынша есепте аса жоғары белгіленген норма кінәлі тұлғаға қатысты шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылады және нормативтік әдістегі сияқты өндіріс шығынына қосылмайды.
"Стаңдарт-кост" шарты ағымдағы есеп нормасының өзгеруін қарастырмайды. Нормативтік әдісте бұл қарастырылуы мүмкін. Өндірістік шығын есебінің екі тәсілдемесі айрықшаланады, атап айтқанда:
• өткен шығын есебі;
• стандартталған шығын есебі және одан ауытқу. Норма-стандартын әзірлеу, өндірістің басталуына дейін стандарттық калькуляцияны жасаужәне жиынтық ретінде жүйеленген стандарттан ауытқуларды бөлумен бірге нақты шығын есебі "стандарт-кост" жүйесі деген атауға ие болды.
Стандарт - материалдық және еңбек шығынының өнім бірлігін өндіруге қажетті сан немесе өнім, жұмыс, қызмет бірлігін өндіруге кететін бұрын есептелген материалдық және еңбек шығыны.
Кост - бұл өнім бірлігін дайындауға кететін өндіріс шығынының ақшалай көрінісі.
Стандарт-кост - бұл өндірістің тікелей шығынын реттеуге бағытталған бақылау құралы.
Норманың және нормативтің стандартын кәсіпорын дербес әзірлейді.
Барлық стандарттарды үш деңгейге бөлуге болады:
1. Баға деңгейін есепке алумен байланысты:
• мінсіз - материалдарға, қызмет тарифіне, еңбекақы мөлшерлемелеріне және үстеме шығындардың сметалық мөлшерлемелеріне әлдеқайда қолайлы бағаны ұйғарады;
• қалыпты - экономикалық кезең ішінде орташа баға бойынша есептеледі;
• ағымдағы - есептік кезеңде болжанған және осы кезенде қолданылатын бағаның негізіндегі есеп қарастырылады; • базистік - жылдың басында белгіленіп, жыл бойы өзгеріссіз қалады. Олар, әдетте, баға иидексін есептеу үшін қолданылады.
2. Қуаттылықты пайдалану
• теориялық – кәсіпорын оны жақсы немесе ойдағыдай орындауымен қол жеткізеді, кәсіпорынның мақсаты болып табылады, демалыс уақытының нормаланған шамасына, куаттылықты толық пайдалануға негізделген әрі ақауға, іркіліске (простои), бүлінуге кететін уақыт шығынын қарастырмайды;
• өткен шақтың орташа орындалуы - статистикалық мәліметтер бойынша есептеледі және әр ақауға, іркіліске бүлінуге кеткен уақыт шығындарын, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктерді қамтиды;
• қалыпты орындау - алдағы кезеңдердегі норма кернеулігінің болжалды орташа деңгейін қарастырады.
3. Өнім шығарылымының мөлшеріне байланысты: Өнім шығарылымының көлемі стандарттарды әзірлеу тәсілдемесіне бірінші деңгейдегі әсері болады:
• теориялық - кәсіпорынның қуаттылығы теориялық тұрғыдан алдын ала анықталады. Оған бір жолғы тәртіппен қол жеткізуге болады немесе қол жетпеуі де мүмкін;
• тәжірибелік - шығарылымның нақты қол жететін деңгейіне негізделген, болмай қоймайтын шығындарды жібереді және теориялық стандарттың деңгейіне жуық жақсы орындаумен кәсіпорын қол жеткізеді;