Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 21:18, лекция
Есеп объектілерді көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен - оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құның нормативті тәсілмен өндіріс процесіндеақ калькуляцияланады, нақты есепті кезең біткен соң жете зерттеуге болады. Анығында, мұндай бөлудің өндірістік процестің ұзақтығы есепті кезеңнің ұзақтығынан аспайтын жағдайында ғана мәні бар. Ұзак циклділігі бар өндіріс үшін нормативті өзіндік құн жайлы айтудың қажеті жоқ, өйткені есептің нормативті тәсілін қолданғанда, уақытты үнемдеу, норманы жасау мен түзеуге кеткен еңбек шығынын ұлғайту арқылы өзін-өзі ақтамайды
1. Шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың нормативтік әдісі
2."Стандарт-кост" жүйесі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
• қалыпты - кезең ішіндегі өндіріс көлемінің жоғары және төменгі шамаларының орташасынан өнімді шығарудың қол жететін деңгейінде есептеледі;
• болжалды - өнім шығарылымының болжалды мөлшеріндегі нақты өндіріс жағдайының негізінде есептеледі.
Қабылданған стандарттардың кез келген тәсілдемесі өндіріс процесінің басталуына дейін бухгалтерияда стандартты өзіндік құндардың картасында қорытындыланады. Карта бұйымды, тапсырысты қабылдап алған өндірістік бөлімшелер бойынша бұйым және тапсырыс бойынша жасалады. "Стандарт-кост" жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестірудегі кәсіпорынның көлеміне қарай стандарттар мен әдістемелерді есептен шығаруды бақылаушы немесе "стандарт-кост" жүйесімен байланысты барлық бөлімшелердің өкілдері кіретін комитет анықтайды. Бұл жүйе шығын есебі жүйесінің тәжірибесінде қолданылатын басқалардан айырмашылығы, оның өзіндік сипаты болады:
• қаражатты шығындау (жұмсау) процесіндегі стандарттардан ауытқудың негізгі анықталуына оның құжатталуы емес, синтетикалық шоттағы бухгалтерлік жазба жатады. Ауытқушылықты құжаттап, тіркегенше, оның алдын алу міндеті қойылды;
• барлық ауытқушылықтар емес, тек олардың пайдаланылған стандарттарда көрініс тапқандары ғана тіркеледі;
• калькуляция баптары бойынша және ауытқушылық факторлары бойынша ауытқу есебі үшін арнайы синтетикалық шот бөлінеді. Бұл ерекшеліктер мыналардың басқару процесінде әрдайым бағаланатынын білдіреді: ауытқушылықтар қаншалықты елеулі, олар ескеруге тұра ма әлде тұрмай ма; қандай мәселені шешу барысында бұл деректер қолданылуы мумкін; өндіріс шығынын талдаудағы анықталған ауытқушылықтың маңызы.
Міндеттердің орындалу тізбектілігі. Шығын есебі өткен шығын есебі, стандартталған шығын есебі және одан ауытқу деп бөлінеді. Стандарттар өндіріс процесінің басталуына дейін стандартты өзіндік құндардың картасына жиналады. Карта жауапты орталықтардың, өндіріс бөлімшелерінің және т.б. тұрғыда бұйым, қайта жасау, тапсырыс бойынша жасалады. Нормалар белгіленген кезең ішінде өзгермейді, ол айрықшалық (исключения) тек объективті себептерден - жабдықтаушылардың бағаны өсіруінен, еңбекақы денгейінің ауытқуынан (не отключения, а колебания), өндіріс жағдайын немесе оның технологиялық процесінің өзгеруінен - туындайтын ауытқуларда ғана болады.
Стандарт-кост - бұл өндіріс процесінің барысын және нормативінен нақты көрсеткіштердің ауытқу мәнін ұдайы бақылауға, бұл ауытқулардың пайда болу себептерін талдауға, оны бір уақыттарда өзгерту тенденциясына, ауытқушылықты азайтуға басқарушылық ықпалды пайдалануға немесе нормаларды түзетуге негізделген өндірістік шығын деңгейін ұтымды басқару.
"Стандарт-кост" жүйесінің артықшылықтары мынада:
• кәсіпорын пайдасын кемітетін шығынды анықтау мүмкіндігі;
• келешекте болуы мүмкін шығындарды болжау мүмкіндігі;
• калькуляциялаумен
• бұйымды өндіруге және өткізуге жұмсалатын болжалды шығындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
• өнім бірлігінің алдын ала есептелген өзіндік құндары негізінде бағаны қалыптастыру;
• нормативтен ауытқу мен оның пайда болу себебін бөлу арқылы кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді жасау;
• өткізу бөлімі арқылы сату көлемін жоспарлауы және оңтайлы бағаны белгілеуі мүмкін өндірістің өзіндік құны туралы нақты деректерді менеджерге ұсыну.
Барлық осы міндеттерді шешуде "Стандарт-кост" жүйесі өткен шығын жүйесіне қарағанда сәттірек болады.