Қаржы тәуекелін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 12:30, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
1.Қаржы тәуекелін басқару теориясы
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...........................................................5
1.2. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері.........10
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны...............................................15
1.4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері...................................................19
2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау........................................................23
2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау........................31
3.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру......................37
Қорытынды..........................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................42

Вложенные файлы: 1 файл

56___.doc

— 342.00 Кб (Скачать файл)

Тәуекел менеджментінде ұйымдастыру белгілі бір ережелер мен процедуралардың негізінде тәуекелді капитал салымының бағдарламасын өткізетін адамдардың бірігуімен түсіндіріледі. Бұл ережелер мен процедураларға басқару органдарын құру, басқару аппаратының құрылымын қалыптастыру, басқарушылық бөлімшелердің арасында арабайланысты бекіту, нормалар, нормативтер, әдістемелерді жасау және т.с.с.

Тәуекел менеджментінде реттеу арқылы берілген параметрлерден ауытқу жағдайында басқару объектісінің тұрақтылық жағдайына жету іске асырылады. Реттеу ең алдымен туындаған ауытқуларды жою бойынша жасалып жатқан шараларды қамтиды.

Тәуекел менеджментінде координациялау тәуекелді басқару жүйесінің барлық буындарының, басқару аппараты және мамандардың барлығының жұмысының келусішілігімен түсіндіріледі.

Координациялау басқару объектісінің, басқару субъектісінің, басқару аппаратының және бөлек жұмысшының бірлігін қамтамасыз етеді.

Тәуекел менеджментінде ынталандыру қаржы менеджерлерін, басқа мамандарды өз еңбектерінің нәтижесіне қызығушылықпен түсіндіріледі.

Тәуекел менеджментіндегі бақылау тәуекел деңгейін төмендету бойынша жұмысты ұйымдастыруды тексерумен түсіндіріледі. Бақылау арқылы тәуекелді капитал салымының табыстылығы, пайда мен тәуекелдің арақатынасы туралы, қызмет етудің бағытталған бағдарламасын іске асыру деңгейі туралы ақпарат жиналады. Осы ақпарат негізінде қаржылық бағдарламаларға, қаржылық жұмысты ұйымдастыруда, тәуекел менеджментін ұйымдастыруда өзгерістер енгізіледі.

Тәуекел деңгейін төмендету бойынша шаралар нәтижесін талдауды ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

1.4.Қаржылық  тәуекелді төмендету тәсілдері

 

          Қаржы  тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету.       

Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.

Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:

  • меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;
  • тәуекелдің соңын ойлау керек;
  • аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.

Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан бұрын тиіс:

  • берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды түрде анықтау;
  • оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;
  • олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.

Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен болуы мүмкін.

Портфельді инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен өлшенеді:

Кр = У / С,

        мұндағы  Кр – тәуекел коэффициенті;

                          У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы;

       С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік қаржылық ресурстар көлемі.  
        

         Екінші  принципке сүйену инвестор шығыстың  максималды мүмкін болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді

Үшінші принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін әсіресе беріп жіберуде көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі жіне денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек. Қаржы тәуекел деігейін төмендеті үшін түрлі әдістер қолданылады:

  • диверсификациялау;
  • таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;
  • шектеу;
  • сақтандыру;
  • жабу;
  • хеджирлеу және т.б.

Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын, ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды орналастыру кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен, инвестор бір акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N акцияларын сатып алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді және сәйкесінше тәуекел деігейін N есе төмендетеді.

Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар жағдайында шешім қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салымы кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді.

Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылады және шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар капитал салымы сомасын  анықтау кезінде қолданады /7,181б./.

Сақтандыру мәні – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тәуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.

Сақтандыру үшін құрылып жатырған ақша қорының мақсатты бағыттылық сипаты тән, оның ресурстарын тек алдын ала келісілген жағдайлардағы жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық сипаты, себебі сәйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай және қай сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды өтеу төлеміне бағытталған.

Сақтандыру процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар арасында қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына бөлу жолымен жүргізіледі. Белгілі бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар санынан үлкен болады.

 

2.  «Қазақтелеком» АҚ филиалының  қаржылық тәуекелін талдау

2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау

 

 

     Батыс Қазақстандық облыстық телекоммуникациялық басқарма «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы болып табылады.

     «Қазақтелеком» АҚ  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақтелеком» ұлттық акйционерлік қоғамын құру туралы» 1994 жылғы 17 маусым №666 Қаулысына сәйкес құрылып қызмет етеді.

      Қоғам ҚР барлық  территориясы бойынша өз қызметін таратады, ол қоғамның жарғылық қорына берілетін филиалдардан тұрады. Филиалдар заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады.

     Жалпы төлемқабілетсіздік  жағдайы және барлық кәсіпорындардың  банкроттық іс әрекеттері және  нақты қаржылық жағдайды бағалау  қазіргі кезде маңызды орын  алады. Мұндай бағалаудың басты  критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.

     Кәсіпорын өтімділігін  талдауға көшуден бұрын, актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін  анықтау қажет. Өтімділіктің екі  концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға  сәйкес, өтімділік – бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік.

     Ағымдағы өтімділік  кәсіпорынның қарастырылатын уақыт  ішінде төлемқабілеттілігі және  төлемқабілетсіздігі туралы куәландырады  және келесі формуламен есептелінеді:

ТЛ = (  А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ),     (1.1)

мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.

     Перспективалық өтімділік  – бұл болашақтағы түсімдер  мен төлемдер негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:

ПЛ = А3 – П3,     (1.2)

мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары/10,134б./.

№1 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының өтімділігін талдау

 

 

Активтер

 

 

2004ж.

 

 

2005ж

 

 

Міндеттемелер

 

 

2004ж.

 

 

2005ж.

Төлемдік артықшылық(+). Жеткіліксіздік(-)

2004ж.

2005ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

Ең өтімді активтер, А1

9841

1861

Жедел міндеттемелер,

П1

918120

904030

-908279

-902169

Тез өтімді активтер,

A2

151381

142034

Қысқа мерзімді міндеттемелер,

П2

0

0

+151381

+142034

Баяу өтімді активтер,

A3

119729

82793

Ұзақ мерзімді міндеттемелер,

П3

0

0

+119729

+82793

Қиын өтімді активтер,

A4

2099281

2277002

Тұрақты міндеттемелер,

П4

1462112

1599660

+637169

+677342

БАЛАНС

2380232

2503690

БАЛАНС

2380232

2503690

-

-


 

     Баланс өтімділігін  талдау №1 аналитикалық кестеде көрсетілген. Абсолютті өтімділік көрсеткіштері (1.1) және (1.2) формулалары арқылы есептелінеді.

ТЛ2004  = ( 9841 + 151381 ) – ( 9181120 + 0 ) = - 756898 мың теңге

ТЛ2005 = ( 1861 + 142034 ) – ( 904030 + 0 ) = - 760135 мың теңге

ПЛ2004 = 119729 – 0 = 119729 мың теңге

ПЛ2005 = 82793 – 0 = 82793 мың теңге.

     Есептеу нәтижелері  кәсіпорынның есеп беру кезеңінің  соңына активтер мен міндеттемлер  бойынша топтар нәтижелерін сәйкестендіру  келесі нәтижелерді көрсетті: А1 < П1, А2 > П2, А3 > П3, А4 < П4. Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. Кезеңнің басы мен соңындағы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін  төлеуде қиындыққа шалдығады, бірақ перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын тқаржылық қиындықтарға ұшырамайды. Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0,2 % төлей алады, бұл қаржылық жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.

Информация о работе Қаржы тәуекелін басқару