Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқаруда кездесетін мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:00, реферат

Краткое описание

Мақсатпен байланысты осы жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін көрсетуге болады:
мемлекеттік бюджетке түсінік беру;
мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау;
соңғы екі жылдағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасау;
салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерге анықтама беру;
мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастырудың қазіргі кездегі процесіне баға беріп, оны жетілдіру жолдарын көрсету.

Содержание

Кіріспе

I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1.2 Бюджет жүйесі және құрылымы
1.3 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау
2.2 Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет жүйесінің алатын орны
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқаруда кездесетін мәселелер
3.2 Бюджет жүйесін басқаруды жетiлдiру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

бюджет реферат.doc

— 98.50 Кб (Скачать файл)

Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.

Қаржылық активтермен  операциялар:

қаржылық активтерді сатып алуды;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.

 

Қаржылық активтер мен  операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің  қаржылық активтерді сатудан түсетін  түсімдер арасындағы айырма ретінде  айқындалады.

 Қаржылық активтерді  сатып алу және мемлекеттің  қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және кажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттар калдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соіуасынан асып түсуі ретінде айқындалады.

 Фюджет тапшылығын  қаржыландыру мәні оң белгімен  белгіленеді және бюджет тапшылығының  шамасына сәйкес келеді.

Бюджет профицитін пайдалану  қарыздар бойынша негізгі борышты  өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос қалдықтарын жұмсау жолымен  жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.

 Мемлекеттік бюжеттің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге  бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді.

 Үкімет пен жергілікті  атқарушы орғандардың резевтері  республикалық және жергілікті  бюджеттерді әзірлеу кезінде  жоспарланбаған шығындарды, олардың  тосындығына және ағымдағы қаржы  жылында щұғыл қаржыландыруды  талап ететіндігіне байланысты  қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді.

 Үкімет резервінің  жалпы көлемі республикалық бюджет  туралы заңмен белгіленеді.

 Жергілікті атқарушы  орған резервінің жалпы көлемі  тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған резерві, сондай-ак оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері бойынша міндеттемелерді орындауга арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік орғандардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орғандардың міндеттемелерін орындауга пайдаланылады.

 Резерв құрамында  көзделген ақша толық көлемінде  пайдаланылған жағдайда Үкімет  немесе жергілікті атқарушы орған  қажет болған кезде Парламентке  немесе тиісті мәслихатқа тиісті  республикалық бюджет туралы  заңға немесе жергілікті бюджет  туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған резервтерінің мөлшерін үлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.

 Үкіметтің немесе  жергілікті атқарушы орғанның  резервінен бөлінген ақша қаржы  жылы ішінде пайдаланылмаған  немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

 Үкіметтің және  жергілікті атқарушы орғандардың  резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқаруда кездесетін мәселелер