Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 18:25, курсовая работа
Республикасының Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субьектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемлер болды.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ........... .. 3
I. ҰЛТТЫҚ БАНК
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат. 4
1.2. Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері . . . . 6
1.3. Банктің қызмет бағыттары . . . . . . .. . . . . . . . . 7
1.4. Меншік қаражаттары мен пайдасы . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ДАМУ ДӘРЕЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау 12
2.2. Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны .. . . . . . . . .14
2.3. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................... 23
МАЗМҰНЫ_______________________
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ........... .. 3
I. ҰЛТТЫҚ БАНК
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат. 4
1.2. Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері . . . . 6
1.3. Банктің қызмет бағыттары . . . . . . .. . . . . . . . . 7
1.4. Меншік қаражаттары мен пайдасы . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ДАМУ ДӘРЕЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау 12
2.2. Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны .. . . . . . . . .14
2.3. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОСЫМШАЛАР....................
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасың экономикасы жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықтық жүйені жетілдіруге, одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Сонымен қатар өз ұлттық валютамыз өзгеріп, экономикамыз күннен-күнге дамуда. Президентіміздің арнайы бұйрығы бойынша, 2006жылы, Ұлттық банк төрағасы Ануар Сайденовтің қол қойуымен енгізілді. Бұл экономикаиыздың дамуына да өз ықпалын тигізуде. Бүгінгі менің курстык жұмысымның негізгі бағытының өзектілігін еліміздегі – Ұлттық банктің экономикадамызға әсері, жасалып жатқан жұмыстар мен сараптамалар, өзге елдермен салыстыра отырып, толық зерттеумен көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарды, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсатына толық тоқтала кетсек, тақырыптың өзектілігі жөнінде айтқанда көрсеткендей Ұлттық банк жүйесін неғұрлым толық зерттеп осы кезге дейінгі жасалған жұмыстарды сараптап және алдағы жоспарларын талдап экономикамыздағы ролін толық ашықтап көрсету.
Курстық жұмысымның негізгі міндеттері: Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері. Банктің қызмет бағыттары. Меншік қаражаттары мен пайдасы. ҚР Ұлттық банктің операциялары мен функциялары. Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары. Ұлттық Банк – Үкіметтің бас банкирі, Қаржы Кеңесшісі және Агенті. Қазақстан Республикадағы Ұлттық банкісінің даму дәрежесін талдау. Еліміздегі Ұлттық банкінің қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау. ҚР Ұлттық банкісінің дамыту жолдары.
Осы жұмысты орындау барысында негізгі деректерді мына астында көрсетілген әдебиеттер мен газет журналдардан алынды.
Қазақстан Республикасының Конститутциясы. .Егемен Қазақстан. Астана: 16.05.2005.-8 бет. Егемен Қазақстан. Астана: 4.03.2004.-3 бет Банки Казакстана. Астана 2006ж.№7-6 б. Банки Казакстана. Астана 2007ж.№4-7 б. Вестник: Қазақстанның Ұлттық Банкі. Астана 2005ж №5-3 б. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ АЛМАТЫ 2007 жыл www.minfin.kz. http://www.akorda.kz. www.egemen.kz. http://www.nationalbank.kz .
I ҰЛТТЫҚ БАНК
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
– Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi. Инфляция динамикасындағы түбірлі өзгеріс Ұлттық Банк пен Үкіметтің ақша-кредит жəне фискалдық саясат саласындағы 2006 жылдың соңындағы үйлестірілген іс-қимылдарының нəтижесі болды (қосымша 1-сурет).
– Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады. 2006 жыл 2005 жылмен салыстырғанда экономика субъектілерінің қолма-қол ақшаға қажеттіліктерінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталды (қосымша 2-сурет).
–төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
–Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
–Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
– қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады. Ұлттық қордың құрылуынан бастап 2006 жылғы 31 желтоқс анаралығында кірістілігі 34,46% болды, бұл жылдық көрсеткіште 5,44% құрайды. Кірістілік Ұлттық қордың базалық валютасы – АҚШ долларында есептелді (қосымшада 3-сурет) Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі4 есеп беретін ұйым:
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
1.2. Ұлттық банк оның мақсаты мен міндеттері
Орталық банктері бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттің органы болып табылады .Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын,тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша- несиелік реттеудің негізгі обьектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларының басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қзақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.
Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және банктердің банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, бақа да материалдық құндыпықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның
- ақша-несие және банк
жүйесінің тұрақтылығын
- бантік және басқа
несиелік мекемелерінің
1.3. Банктің қызмет бағыттары
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағытттары:
Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды: