Демография ғылымы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 09:21, курсовая работа

Краткое описание

Демография ғылымы нені зерттейді? Демография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді.

Вложенные файлы: 1 файл

25___.doc

— 415.00 Кб (Скачать файл)

Жердегі халық санының өсуі 500 жылдан to 2150, БҰҰ 2004 жылғы жобасы боййынша (қызыл, сары, жасыл) және АҚШ Орталық бюро тарихи есепбі.

Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. XX ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылады, 1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті 24,6% дейін кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8% болса, табиғи өсім коэффиңиенті - 14,8% құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады. Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер — Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған (8-кесте). 8-кесте Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек — XIX ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән. Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады. Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады. Сондықтан, халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтіп кетті. Екінші сатысыида өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды. Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффициенті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын. Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.

  • Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы

  • Қазіргі кездегі демографиялық  және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар  кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20—25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В. Лебоу: «Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды — өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды. Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып, одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет» — деді. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XIX—XX ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, жердегі халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес. 1 млрд. өте бай адам болса, ал 1 млрд. өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШ-тың 1 долларынан кем болатын 1,5 млрд.-тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері (жылына 230 доллар), планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік — экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді. Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. Себебі, күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз. Қоршаған ортаиың бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және өте кедей болғанда да орын алады. Бірақ, жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд. бай адамдардың үлесіне тиеді. Өнеркәсібі дамыған елдер болат өндірудің шамамен — 2/3, қорғасын, мыс, никель, қалайы, цинктің — 2/3 астам бөлігін, энергияны пайдаланудың 3/4 көлемін құрайды. Сонымен қатар, соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен 3/4 бөлігін шығарады. Дамыған елдердің өнеркәсібі зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және галогенді көмірсулардың 90%-ке жуығын береді. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасының дамуының көзі — қоршаган орта есебінен тапшылықты қаржыландыру болып табылады. Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен биосфераның ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл елдердің «экологиялық қарызы» үздіксіз өсуде: өсу жылдамдығы жыл сайын триллион доллармен есептеледі. Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын өнеркәсіптік қызметі нәтижесінде кеміту үшін жылына 625 млрд. доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсау қажет. Көптеген дамыған елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін нормалары белгілеиген. Бұл нормалардың артып кетуіне жол берген өндірушілер табиғат қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айыппұл төлейді. Бірақ, іс жүзінде бұл талаптар тек өзіиің еліне қатысты ғана орындалып келеді. Өз елінің территориясынан жүздеген, мыңдаған км қашықтықта орналасқан елдерге келтірілетін шығын үшін айыппұл төлеу туралы әңгіме де қозғалмайды. АҚШ және басқа да дамыған елдер экологиялық жауапкершілікті негізінен дамушы елдерге ауыстыруда. Олардың ойынша экологиялық лас өндіріс орындары үшінші әлем елдерінде орналасқан, сондықтан табиғатқа жасалған зиянкестіктің орнын солар толтыруға тиіс. Ал бұл өнеркәсіп орындарын дамыған елдердің ұйымдастырғаны, өндірілген шикізат пен өнімдік салығынан өздерінің алып кететіидігі туралы айтылмайды. Дамушы елдердің жерінде өзінің өнеркәсіп орындарын сала отырып, дамыған мемлекеттер, тек оларға жасалып жатқан «көмек» туралы айтады. Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980—1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге — 49 млрд. доллар, дамушы елдерден дамыған елдерге — 242 млрд. доллар. Олай болса, табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жіберді. Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер — кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады. Сөйтіп кім үйленіп, отбасын реттеп – жоспарлау “жалпыхалықтық құндылыққа” айналады. Соңғы кездердегі “Жоспарлы отбасы” атты ұғымның да қалыптасуы соның салдары. Ол түсінікке медициналық терминмен айтқанда, контрацепция (лат. тілінде жүктілікке қарсылық), аборт, тау, стерилизация (лат. тілінде жоғарғы қызу арқылы және басқа амалдармен бойға бала бітірмеу) кіреді. Осының өзінен – ақ мәселенің байыбына баруға болады ғой. Оны айтасыз, статистикалық мәліметке қарағнда, Қазақстандағы үлкен, тіпті, кейбір ауылдардағы аяғы ауыр 10 әйелдің 7-уі жасанды түсін жасатады екен. Сондықтан, кез-келген шетелдің көмегіне жығыла кетпей, түп-төркінін зерттеген жөн. Бізге қазір ұлттық – демографиялық императивті және иммунитетті қалыптастыру керек. Оны саясатпен араластыруға болмайды. Бұл бізде бұрын жақсы жетіліп, қалыпты тіршілікке айналған болатын. Оның ырғағын бұзған өзгеге еліктеу мен бейімдеушілік. Одан да батырып айтсақ сана-сезім бодандығы. Отбасындағы жоғарыдағыдай келеңсіздікке жол бермес үшін демографиялық саясат пен отбасы мәселесі бойынша үкімет аралық комитет құрылуы тиіс. Қазіргідей жағдайда оның ұлттық қауіпсіздігіміздің бірден – бір негізгі болары даусыз.

  • Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл 

  • да қарқынды табиғи өсуі

  • Демографиялық дүмпу  кезеңінде өлімнің азаюы тууыдың  азаюынан асып түсіп жатады да, ал халың  санының қоғамдағы әлеуметтік –  экономикалық жағдайларға тәуелсіз түрде – ақ жедел өсуіне алып келеді. Дүние жүзіндегі халық санының өте тез өсуі 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады. Мыс, жер шары халқының жыл сайынғы абсолют өсуі 20 ғасырдың басында 40-50 млн-ға ғасырдың соңында 90 млн адамға жетті. Дүние жүзінің түрлі аймақтарында халық санының өсуі әр түрлі. Қазіргі кезде Демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отырған елдерде бүкіл планета халқының ¾ бөлігі тұрады. Оның ішінде Азияның хылқы жыл сайын шамамен 55 млн адамға, Африканың халқы 20 млн адамға, Латын Америкасында 10 млн – нан астам адамға өсіп отырады. Демографиялық дүмпудің әсері Қазақстанда да қарқынды сипат алды. Әсіресе 20 ғасырдың 2-жартысында халық саны тез өсті. Нәтижесінде, халық саны 9,3 млн –нан астам (1959) 16,5 млн-ға (1989) дейін ұлғайды. Қазақ халқының саны 13 миллондық деңгейден 1945 – 74 ж жедел өсу яғни нағыз Демографиялық дүмпу қарқыны салғындай түсті. 2002 жылдан Қазақстанда жаңа Демографиялық дүмпу құбылыс басталатына болжануда.

  • Демографиялық дағдарыс

  • Дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, халықтың ашаршылыққа душар болуынан елдегі халықтың 19% - і (яғни 950 мың қазақ) оапт болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың халық біржола қоныс аударды. Екінші Демографиялық дағдарыс 1931-32 ж басталды. 1932 жылғы ашаршылықтың кесірінен 2 млн 300 мың адам өлді. Осы кезде 900 мың қазақ жан сақтау үшін шет аймаққа көшті. Ал 2 – дүниежүзілік соғыста 600 мыңдай қазақ шығын болды. Сөйтіп үш рет соққан Демографиялық дағдарыстың салдарынан Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді қоса есептегенде, қазақ халқы 4,5 млн адамға кеміген. Демографтардың топшылауы бойынша, егер мұндай Демографиялық дағдарыс болмаса, қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн-ға жеткен болар еді.

     

    Қытайдағы демография

    Қытайлықтардың көшiп-қону үрдiсiнiң әлемге кең таралуының басты  бiр себебi, оның демографиялық жағдайына қатысты. Дүние жүзi халқының төрттен бiр бөлiгi осы қытайлықтардың үлесiне тиедi. Кез келген мемлекеттегi демографиялық жарылыс қоғамда әлеуметтiк қысым факторларын тудырып, бұл елдiң сыртқа қарай ығыстырылуына әкелiп соғатыны табиғи заңдылық.

    Қытай авторларына сүйенсек, өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап Қытайда нәрестелердiң дүниеге көптеп келуiнiң екi толқыны өттi. Бiрiншi толқын 1954 жылдан 1957 жылға дейiн созылды. Сол кездерi жыл сайын 20 миллионнан астам нәресте дүниеге келген болатын. Екiншi толқын 1962-1975 жылдары өттi. Бұл уақыт аралығында өмiрге келген нәрестелердiң жыл сайынғы саны кей кездерi 25 миллионға дейiн жететiн. Қытайда өткен үшiншi халық санағының деректерi бойынша 1981 жылдың өзiнде - «жоспарлы бала табу саясаты» он жыл бойы ұстанылғаннан кейiн - жылына туылған нәрестелердiң саны 20,7 миллион адам болды.

    Он төрт жасқа дейiнгi қытайлықтар арасындағы өлiм деңгейiнiң  төмендiгiнен 70-жылдардың аяғынан  бастап 1996 жылға дейiн (1984-1985 жж. аралығын санамағанда) 20 миллионнан астам адам жыл сайын еңбекке жарамды жасқа жететiн. Бұлайша адамның көбейуi жұмыспен қамтылу мәселесi шешiмiнiң тығырыққа тiрелуiне келiп соқты. 1990 жылдың өзiнде ҚХР еңбек ресурстарының көлемi 754,5 миллион адам, яғни бүкiл халықтың 65,6% құрады; оның iшiнде шамамен 614 миллион адам әлеуметтiк салада жұмыс iстедi. Еңбек ресурстарының жылдық өсiмi шамамен 4,8%, ал әлеуметтiк салада 5,16% болды. Осылайша 1996 жылы еңбекке жарамды жастағы қытайлықтардың саны 850 миллионға жеттi. Екiншi тұрғыдан алғанда, халыққа бiлiм беру мәселесi де шешiмi қиын жағдайға айналды. Қытайда халық бiлiмiнiң төмендiгiнен пайда болған мәселелер көп. Мәлiметтер бойынша, халықтың 23,5% бiлмсiз не жартылай бiлiмдi болып келедi. Халық санағының деректерi бойынша Қытайда 1990 жылы 1 шiлдеге қарай 12 жастан ересек халықтың бiлiмi орта шамамен 5,5 жылдық бiлiм деңгейiмен пара-пар болды. 15 жастан әрi кеткендердiң 182 миллионы бiлiмсiз не жартылай бiлiмдiлер қатарын құрды. 350 миллион адам, яғни жалпы халықтың 47% бастауыш деңгейдегi бiлiмге ие болды. Қазiргi бiлiм беру деңгейiнiң төмендiгi болашақта елдiң экономикалық және жалпы қоғамдық дамуына жағымсыз әсер ететiндiгi белгiлi. Батыс зерттеушiлерiнiң мәлiметтерiнде АҚШ-тың бүгiнгi ұлттық табысының жартысы кезiнде жұмыс күшiнiң бiлiмiн жақсарту iсiне көп көңiл бөлiнгендiгiнен деп айтылады. Жапонияда жүргiзiлген зерттеу жұмыстары бойынша, жұмысшылардың бiлiм деңгейi техниканың жандануына тура пропорционалды әсер етедi, яғни жұмысшылардың бiлiмi бiр сыныпқа көтерiлсе, техниканың деңгейi 6% көтерiледi деп дәлелденген. Бұған қатысты үшiншi фактор: қарт адамдардың күтiмiне жұмсалатын шығындардың өсуi. 1996 жылдың соңына қарай ҚХР-да 60 жастан жоғары қарттардың саны 130 миллионға жеттi, бұл көрсеткiш жалпы халық санының 10% тең. БҰҰ есебiне сәйкес, 60 жастан жоғары адамдардың саны халықтың 10% болған елдi «қарт халықты ел» деп атайды. Осылайша Қытай сол елдер қатарына кiредi. 

    Қарттар санының көбеюiмен  олардың күтiмiне шығарылатын қаражат  коэффициентi де өседi, ал осының бәрi экономикаға  ауыр жүк келтiредi. Бұларға кететiн қаржы балалардың күтiмiне кететiн қаражаттан 5 есе артық. Бұдан көрiп тұрғанымыз, халық қартаюының тез қарқынмен қатар ұлттық табыстың таралуы мен қайта таралуы да өзгередi. Сонымен бiрге капиталдың жинақталуы мен шығындалуының пропорциясы да өзгередi. 

    Халық санының өсуi - елдiң  экономикалық дамуы мен халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жақсаруына келтiрiлетiн  бөгет болады. Қытайдың ұлттық табысы 1950 жылы 41 миллиард юань болса, 1979 жылы бұл көрсеткiш 335 миллиард юаньға дейiн  көтерiлдi. Оның жылдық өсiмi орта шамамен 7,3% пайыз болды. Дегенмен бұл аралықта халық санының 540 миллионнан 970 миллионға дейiн өсуiнен ұлттық табыс өсiмiнiң жан басына шаққандағы мөлшерi жылына 9 юань құрды. Сол жылдары елдiң қаржылық табысы 6,5 миллиардтан 110,3 миллиард юаньға дейiн өстi, өсiм қарқыны орташа түрде 10,2% көрсеткiшiне теңедi. Алайда қаржылық табыстың жан басына шаққандағы өсiмi 3,5 юань ғана құрды. Халықтың тым көптiгi мен оның тез екпiнмен көбеюi шығындарды талап ететiн адам топтары санының өсуiне әкеледi.

    Бұл, әсiресе, балалар мен оқушыларға қатысты айтылған нәрсе. Осындай шығындар жан басына шаққандағы ұлттық табыс өсiмi мен жанұя табысының көбеюiн тежейдi. Адам санының көптiгi - территория жетiспеушiлiгiн туындатты. Қытай кең алқапты территорияны иемденгенiмен, оның көбiсi өмiр сүруге қолайсыз шөлдi, шөлейттi жерлер. Олар бүкiл мемлекет территориясының 31% және 22%, яғни екеуiн қосқанда 53% құрайды. ҚХР-да жүргiзiлген үшiншi санақ деректерi бойынша халықтың 20,3% теңiз деңгейiнен 500 м жоғары аудандарда өмiр сүредi. Кейбiр аудандардың кедейшiлiгi негiзiнен өмiр сүруге табиғи жағдайының болмауынан деп түсiндiрiледi. Айналадағы ортаның мүмкiндiктерi шексiз емес. Қытай ғалымдарының пiкiрi бойынша Қытай территориясына ең көп дегенде саны 1,5-1,6 миллиардқа дейiн жететiн халық сыяды. Бүгiнгi күннiң өзiнде онда 1,3 миллиард адам тұрады. 1949 жылы ҚХР орнатылған жылы егiстiк жерлердiң көлемi 97,91 млн. га яғни территорияның 10,09% алатын. Феодолизммен босатылған шаруалардың белсендiлiгiнен және халықтың елдiң солтүстiк-батыс, солтүстiк-шығыс жағына көшiрiлiп, тың, тыңайған жерлердi игеруiне байланысты 1957 жылы егiстiк жерлердiң көлемi 112,85 млн. га дейiн өстi.

    Кейiннен егiстiк жерлер көлемiнiң ұлғаюы кемiдi, оның бiрқатар себептерi бар: Бiрiншiден, жерлердiң  көбiсi құрылысқа пайдаланыла бастады. Себебi халық санының көбеюi көп үйлердiң салынуын талап етедi. Қытай шаруалары үшiн үй - ең басты меншiк пен капитал салымының маңызды көзi болып табылады. 1985 жылы шаруалар үйлерiнiң қамтыған жерi 0,97 млн. га құрады, бұл егiстiк жерлердi 5,6% азайтты. 1978-1980 жж.. бүкiл жердiң 2/5 бөлiгi егiстiктен алынып құрылысқа жiберiлдi. Мысалы, Гуандун провинциясында 10 жыл iшiнде егiстiк жерлердiң көлемi 26800 га азайды, қазiр бұл жерде бiр адамға 0,04 га жер тиедi. Алдын-ала жасалынған есептемелер бойынша келесi онжылдықта 6670 га жер көлемiндей жыл сайын құрылысқа жұмылдырылады. Құрылыстан өзге көптеген жерлер бейiтке пайдаланылады - 66700 га жер. Екiншiден, көптеген егiстiк жерлер орман мен жайылымдарға айналды. 1985 ж. бүкiл елде 933800 га жер, 1987 ж. 366183 га, ал 1989 жылы 233249,9 га жер орман мен жайылымдарға жiберiлдi. 1957 жылдан 1996 жылға дейiн Қытай халық саны 650 млн. адамға өссе, егiстiк жерлер жан басына шаққанда 0,032 га көлемiне дейiн қысқарды. Қытайда өңдеуге келетiн егiстiктi емес жерлер қалмағандықтан егiстiктi жерлердiң қысқартылуы орны толмас үрдiске айналуда.

    Адам санының өсуi өнiмнiң  жетiспеушiлiгiне алып келдi. 1949 жылы құрылғаннан  кейiн ҚХР қысқа мерзiмде негiзгi ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығаратын  жетекшi елдер қатарына келiп қосылды. Дегенмен жан басына шаққандағы ауыл шаруашылық өнiмдерi көлемiнiң өсiмi тым аз көрсеткiштi бiлдiредi, оның себебi қайтадан халық санының көптiгiне келiп тiреледi. Шығарылған астықтың көп бөлiгi адам тамағына кететiндi, мал шаруашылығында мәселелер тудырады. Келешекте халық саны өсiмiнiң қазiргi қарқынына қарағанда (жылына 17 млн. адамға көбейедi), аталған көрсеткiштер одан да бетер төмендейдi, себебi халықтың астыққа сұранысы өседi. Ал астық өндiру үшiн қажеттi егiстiктi жерлердiң аздығы ендi бiр га жерден мүмкiндiгiнше көбiрек өнiм жинау, яғни егiстiк өнiмдiлiгi мәселесiн алға шығарады. Дегенмен бұл мәселе шешiмiнiң де тиiмдiлiгi шектеулi.

    Демографиялық өсiмнiң салдарынан табиғи ресурстардың жетiспеушiлiгi туындады. Қытайдағы ауыз су қоры 2 миллион 640 миллиард м3 құрайды да, су қоры бойынша әлемде Бразилия, бұрынғы КСРО, Канада мен АҚШ-тан кейiн 5-шi орынды алады. Бiрақ жан басына шаққандағы келетiн су қоры бойынша Қытай 110-шы орыннан бiрақ шығады. Қазiргi таңда Қытайда бiр адам жылына шамамен 18,14 м3, (қалада 36,25 м3, ауылда 14,57 м3) су жаратады. Болашақта құрылыстың көбейiп, қала тұрғындары үлесiнiң өсуiнен ауыз суының пайдаланылуы да артады. Ауыл шаруашылығына кететiн шығындар өте көп. 

    Халық санының өсiмiмен бiрге  энергия көзiне деген сұраныс та артуда. Шамамен есептегенде, 900 миллионға жуық шаруалар энергияның табиғи көздерiн (оның iшiнде шамамен 300 миллионы орман ресурстарын) пайдаланады. Екiншi жағынан алып қарағанда, егiстiктi жерлердi ұлғайтудың бiрден-бiр жолы - орман-тоғайларды кесу. Осылайша, ҚХР орнағаннан кейiн орманды жерлердiң азайтылуы жылына 14674 га ауданды құрайды. Орманды жерлер 55,7% үлесiнен 30% үлесiне дейiн төмендедi. Бұл үрдiстер көптеген экологиялық зардаптарға әкелiп соқты. Соңғы 10 жылда орманды жерлер үлесi 23,1%-ға қысқартылды. Сонымен қатар халық саны көбейiп, өндiрiстiң даму қарқыны артты. Және бiр айтарлығы, Эология мен айналадағы ортаның ластануы күшейдi. Халықтың өсiмi үрдiсiнiң үздiксiз жүруi айналадағы ортаға ауырлық келтiредi. Қазiрдiң өзiнде Қытайдың кейбiр аумақтарындағы тұрғындардың саны өз шегiне жеткендiгi көрiнедi. Ал, кейбiр жерлерде тұрғындар саны «экономикалық жүйе шыдамдылығы» шегiнен асып түстi. Экономикалық апаттардың iшiнде жер эрозиясы ең ауыр апаттар қатарына жатады. Бүгiнгi таңда Қытайдың жер эрозиясына ұшыраған территориясы 1,6 млн. км 2, яғни бүкiл территорияның 6/1 бөлiгiн құрайды. Жылына шөл далаларға айналатын жер көлемi 2100 км2 құрайды. Олардың жалпы саны 1,5 миллионға жеттi.

     

     

     

     

     


    Информация о работе Демография ғылымы туралы түсінік