Каспий экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:46, реферат

Краткое описание

Каспий теңізі (море Хвалийское, түрікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Содержание

I.Кіріспе --------------------------------------------------------------3
II.Негізгі бөлім:
1.Каспий экологиясы -----------------------------------------------5
2.Каспийдің химиялық,органикалық заттармен ластануы-9
3.Каспийдің экологиялық мәселелерін шешу
жолдары --------------------------------------------------------------12
III.Қорытынды ---------------------------------------------------14
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі -------------------------15

Вложенные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 33.85 Кб (Скачать файл)

 

 Еділ дельтасы

 

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді.

 

Каспий тсңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.

Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.

Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.

Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі  теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.

Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.[3]

[өңдеу]

Жағалауындағы қалалар мен құрылыстар

 

 Бақанас порты

 

Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты заман талабына сай қайта жөнделіп, жабдықталды, теңіз айдағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен сауда қарым-қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Үзындығы 150 м, биіктігі 10 м болатын ең үлкен «Астана» атты су кемесінің жылына 2 млн тонна құрғақ өнімдер мен 10 млн тонна мұнай және мұнай өнімдерін тасуға мүмкіншілікбар.[4]

 

 Түрікменстан 

Туркменбаши  Қазақстан

Атырау

Ақтау  Иран

Астара

Анзали

Рашт  Ресей

Каракуль

Дербент

Махачкала  Әзірбайжан

Астара

Баку

Хачмаз

Лянкяран

Сумгаите

Худат

 

[өңдеу]

Каспий маңы халқы

 

 Әзербайжан

 

Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Итбалық аулау ертеден жолға қойылған. Каспий теңізі өңірі көптеген Еуразия халықтарының этнография және мәдени бастауының маңызды бір ошағы саналады, яғни тарихи-мәдени өлке болып табылады. Каспий өңірінің тоғыз жолдың торабы болуы ондағы этногенетикалық үрдістерге айтарлықтай әсерін тигізді. Ғылымға сүйенсек, Каспий өңірінде осыдан 1 млн. жылдай бұрын адамдардың арғы тегі – гоминидтер пайда болған. Каспийдің шығыс жағалауындағы үңгірлер мен даланың аңғарлық аумағында, аңшылар мен балықшылардың алғашқы қауымдық құрылыс қоныстарының іздері кездеседі. Үстірттің оңтүстік-шығыс аймағында неолит тұрғындарының ескерткіштері табылды. Қола дәуірінде Андрон мәдениеті және Кима мәдениеті қалыптасты. Біздің заманымыздан бұрын 8-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының бірінші жартысы аралығында Еділ мен Жайық өзендері аралығын отырықшы әрі көшпенді тайпалар қоныс етті. Солтүстік-Шығыс Каспий өңірінде көшпелілердің ежелгі дәуірдегі тарихи ескерткіштері сақталған. Біздің заманымыздан бұрын1-мыңжылдықта Арал-Каспий өңірінде сақ, сармат, каспи тайпалары және оған туыстас тағы басқа тайпалар қоныстанған. Қарабұғазкөл жағалауындағы біздің заманымыздан бұрын5 – 7 ғасырларға жататын кесенелер массагет тайпалары мәдениетінің озық үлгілері болып табылады. Ежелгі грек тарихшысы Страбон: “Каспий теңізі жағалауында тұратын көшпелілерді дайлар деп атайды” деп жазады.

[өңдеу]

Тарихы

 

 Флот

 

6 ғасырдың орта тұсында  Каспий өңірі Батыс түрік қағанатының иелігінде болды. Орта ғасырларда Каспий өңірі халықаралық сауда-дипломатиялық қатынастар торабы болды. Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды.

 

Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі Алтын Орда иелігіне көшті. Алтын Орда ыдырап, оның орнында пайда болған Қырым хандығы, Ноғай Ордасы, Астрахан (Қажы Тархан) хандықтарын жаулап алған Ресей империясы Каспий өңірін де иемдене бастады. Ресей мен Парсы елдері арасындағы алғашқы келісім – Решт келісімі болды. Ондағы келісімде Каспий теңізіне және Кура мен Аракс өзендерінде Ресей еркін сауда және кеме қатынасын қолдануына мүмкіндік алды. Кейін теңіз айдыны демаркацияланып, біраз бөлігі Ресейге қарады. 1813 жылы Гүлстан келісімінде, одан кейін Түрікменшай келісімінде (1828) Ресейге Каспий теңізінде толық әскери флот құруына рұқсат берілді. Парсылар тек сауда және кеме қатынасымен шектелді. Кеңес Одағы Каспий теңізі-ндегі монополиялық құқықтан бас тартып, 1921, 1935 және 1940 жылдардағы Кеңес – Иран келісімінде Каспий теңізінде кеме қатынасын жүзеге асыруға екі ел тең құқықты деп саналды. КСРО ыдыраған соң (1991), Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) Каспий теңізі мәртебесін айқындауға ұмтылды. Осыған орай, 2002 жылы 23 – 24 сәуірде Ашғабатта Каспий жағалауы мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті. Ашғабат кездесуінде бірде-бір құжатқа қол қойылмағанымен, бес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі басқосуы түйінді мәселені байыптылықпен шешу ісіне қосылған елеулі үлес болды. Ең бастысы, проблеманы талқылау барысында оны қалай да шешудің қажеттілігіне деген мүдделі пікірталас өріс алды. Тұңғыш рет проблема барынша ашық қойылып, егжей-тегжейлі талқыланды. Қазақстан ұстанған бағытты Ресей де, Әзербайжан да қолдады.

[өңдеу]

Каспий түбектері

Ағрахан

Абшерон — Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан.

Бозашы

Маңғыстау түбегі — Каспийдің шығысында, Қазақстанда орналасқан.

Төп-Қараған

[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиеттер

↑ Қазақстанның физикалық  географиясы, Алматы: Атам.ра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х

↑ Каспий экологиялық программасы, Информациялық бюллетень, 2001,№2.-61 бет.

↑ Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т.Есполов, Ж. Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді пайдалану, Алматы.-2004,328 бет.

↑ Қазақстанньң физикалық  географиясы, Алматы: Атам.ра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х

 

 

Ортаққорда  бұған қатысты таспалар бар: Caspian Sea

 

 

Осы мақала Теңіздер туралы бітеме болып табылады. Бұны толықтырып, Уикипедияға көмектесуіңізге болады.




Информация о работе Каспий экологиясы