Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:13, курсовая работа

Краткое описание

1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға ықпал ететін оқытудың негізгі формасы
2. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын қолдану
3. Мектепалды даярлық топтарда Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу әдістемесі мен ерекшеліктері

Вложенные файлы: 1 файл

срс.docx

— 38.59 Кб (Скачать файл)

     Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру

  1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға ықпал ететін оқытудың негізгі формасы
  2. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын қолдану
  3. Мектепалды даярлық топтарда Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу әдістемесі мен ерекшеліктері

 

1. 1 жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ

балаларына арналған бағдарлама

3. Балалардың жас ерекшелік  мүмкіндіктеріне сипаттама

4. Күн тәртібінің үлгісі

5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны

6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны

7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны

8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны

9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны

10. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы

11. Мерекелер мен ойын-сауықтар

2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі

I сәбилер тобындағы  балаларға арналған бағдарлама

12. Балалардың жас ерекшелік  мүмкіндіктеріне сипаттама

13. Күн тәртібінің үлгісі

14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны

15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны

16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны

17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны

18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны

19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы

20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы

21. Мерекелер мен ойын-сауықтар

22. Ата-аналармен жұмыс

23. 1 жастан бастап 2 жасқа  дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің тақырыптары

24. 2 жастан бастап 3 жасқа  дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің тақырыптары 

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке  дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандарты  ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.

«Алғашқы қадам» бағдарламасы ерте жастағы балаларды дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің жалпы дидактикалық принциптеріне сәйкес құрылады. Бағдарламаның міндеті - әр баланың құзыреттілігін дамытуды ұйымдастыру, баланың нақты жас кезеңіне және жақын аралық даму аймағына тән жетекші біліктерін қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру ерте жастағы баланың жан-жақты  дамуына, олардың денсаулығын сақтауға, келесі жасқа табысты өтуге мүмкіндік туғызады.

Бағдарламада екі-үш жастағы  баланың дене және жүйке жүйесі мен  психикасының дамуына талдау жасалған, топта балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдардың отбасымен ынтымақтастығын құру бойынша нұсқаулар берілген. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасындағы күн тәртібінің үлгісі мен оларды жүзеге асыру нұсқаулары ұсынылады.

Бала тілін дамытуға, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары мен мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға басты назар аударылады. Ерте жастағы балаларда заттармен әрекет жасау дағдыларының дамуымен өздік тәжірибесі молаяды, көру, есту және сипап сезу сияқты қабылдау түрлері жетіле түседі. Сондықтан, осы жастағы балалардың күн тәртібі уақытты есепке алу арқылы емес, жеке тұлғаға және мазмұнды-тәрбиелік бағыттылығымен қамтамасыз ету арқылы құрылады. Күн тәртібінің барлық сәттерінің «физиологиялық сапасын» қамтамасыз ету қарастырылады. Тәрбиеші режимдік сәттің әрбір бөлігін балалардың бағдарламалық материал көлемінде кешенді білім алуына және іскерліктер мен дағдыларға жаттыға алатындай етіп ұйымдастыруы тиіс. Балалар үшін күн режимінде заттармен әрекет жасау саналы түрде таңдауы дамитын қажетті және қызықты іс-әрекет болып табылады. Танымдық іс-әрекет икемділік, маусымдық, отбасы тәрбиесімен сабақтастық ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс. Маңызды орын бағдарламаның құрылымдық компоненттері мен мазмұнын тұтастай қамтитын ойын әрекетіне беріледі. Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалдығын нығайтуға бағытталған.

Осыған байланысты, «Алғашқы қадам» бағдарламасындағы білім беру міндеттері бес білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік ортаның» үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, әрқайсысының жеке кіші салалары мен өзінің мақсатты бағыттары бар.

Білім беру салаларының мазмұны:

- денсаулық сақтау;

- коммуникативті-тілдік;

- танымдық;

- шығармашылық;

- әлеуметтік орта құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды.

«Денсаулық» білім  беру саласында денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері, дене қасиеттері мен өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге әсер ететін мақсаты, міндеттері мен жұмыстардың мазмұны анықталады.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- дене шынықтыру ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеті;

- балалардың өмірін ұйымдастыру мен тәрбиелеу арқылы өздік қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Таным» білім беру саласында баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық эталондар жүйесін, зерттеушілік, заттық әрекетті қалыптастыру, баланың қоршаған ортада бағдарлануын кеңейту және молайту бойынша педагогикалық жұмыстардың мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сенсорика;

- құрастыру;

- қоршаған ортамен таныстыру  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Қатынас» білім  беру саласының мазмұны бала тілін дамытуға, коммуникативті-тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға, пассивті және белсенді сөздік қорын, грамматикалық құрылымды, тіл мәдениетін, баланың байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге бағытталған.

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Шығармашылық»  білім беру саласы бала бойында шығармашылық құзыреттілікті қалыптастырып, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, классикалық және ұлттық өнер құралдары арқылы көркемдік даму, балалардың көркем шығармашылығының түрлерін кіріктіруді қарастырады.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- желімсіз жапсыру

- музыка ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Әлеуметтік орта»  білім беру саласы балалардың әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстардың мазмұны мен міндеттерін біртіндеп күрделендіру тізбесінен тұрады. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады және тұлға аралық қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік туғызатын эмоциялар мен маңызды себеп түрінде қарастырылады.

Білім беру салаларының барлық бөлімдері бағдарламалық материалдарды  меңгеру көрсеткіштері тізімімен аяқталады.

«Алғашқы қадам» бағдарламасында  мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының  нақты жағдайлары, өңірлік компонентті  ескере отыра, педагогикалық процесс  мазмұнына түзету енгізу мүмкіндіктері  қарастырылған. Бағдарлама қосымшасында барлық білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыптарының үлгісі берілген. Педагогке топтағы педагогикалық процесті ұйымдастыруға шығармашылықпен қарау мүмкіндігі ұсынылады.

Базистік оқу жоспарына  сәйкес бағдарламада ұзақтығы 5-15 минут  болатын 15 сабақ (ұйымдастырылған оқу  іс-әрекеті) берілген. Ерте жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу-танымдық әрекеті шағын топтағы ойын түрінде жүргізіледі. Бағдарлама бала әрекетінің барлық түрлерінің психологиялық жайлы болуын қарастырады.

Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу  мен оқытудың сапалы жаңа жолдарын көрсетеді және ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеті процесінде ғана емес күн бойында күнделікті балаларға педагогикалық ықпал жасауды да қамтиды.

«Алғашқы қадам» бағдарламасында  тұлғалық-бағдарлы, балаға жеке қарау, тұлғаның адамгершілік бастамасын, әлеуметтік мінез-құлық және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескере отыра ұйымдастырылатын ерте жастағы балалардың ойын, қимыл белсенділігін дамытуға басты орын берілген.

Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі  балаларды оқыту мен дамытуда жеке тұлғаға бағдарлана отыра, әдістемелік нұсқаулар мен дидактикалық құралдарды тиімді қолдану арқылы ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту «Алғашқы қадам» бағдарламасының мазмұнын ойдағыдай іс жүзіне асыра алады.  

Бағдарлама құрылымы

Бағдарлама түсіндірме жазба, ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, балалардың жас ерекешелік мүмкіндіктерінің сипаттамасы, күн  тәртібінің үлгісі, базалық мазмұны  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:

- дене шынықтыру - «Денсаулық»  білім беру саласында;

- тіл дамыту, көркем әдебиет,  қоршаған ортамен таныстыру - «Қатынас» білім беру саласында;

- сенсорика, құрастыру,  қоршаған ортамен таныстыру - «Таным» білім беру саласында;

- сурет салу, мүсіндеу, желімсіз жапсыру, музыка - «Шығармашылық» білім беру саласында;

- «Әлеуметтік орта» - білім беру саласы балалардың барлық әрекеттерінің түрлерінде жүзеге асырылатын бес білім беру саласының бағдарламалық мазмұнынан құрылады. 

«ТАНЫМ» БІЛІМ  БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Мақсаты: қоршаған ортадағы заттардың қызметі мен қасиеттерін іс-жүзінде тануға қызығушылықтарын дамыту, баланың танымдық қызығушылығы мен сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қоршаған ортамен таныстыру;

- сенсорика;

- құрастыру ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.  

Қоршаған ортамен  таныстыру

Мақсаты: Балаларды қоршаған заттардың көп түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.

Міндеттері:

1. Балаларға жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.

2. Балаларды қолжетімді  табиғат құбылыстарымен таныстыру,  өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықтарын  қалыптастыру, тіршілік иелеріне  оң қарым-қатынасын тәрбиелеу, қарапайым эстетикалық сезімдерін ояту.

Мазмұны:

Өзі және айналасындағы  адамдар туралы түсініктері

Балаларда өзі, өзінің аты-жөні, сыртқы түрі («Қолың қайда?, «Көзің қайда?», «Мұрның қайда?»), өзінің іс-әрекеті (қолын жуды, жеді, ойнады, шомылды, т.б.) ниеттері (қыдыру, ойнау, тамақ жеу, т.б.) туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Жақын адамдары мен отбасы мүшелері (ата-әже, әке, ана) туралы түсініктерін бекіту.

Балаларда қоғамдық өмірдің  нақты жағдайлары жайлы қарапайым  түсініктерін қалыптастыру («Сатушы  тәте», «Дәрігер аға», «Жүргізуші аға», т.б.).

Балаға жақын ортадағы заттармен таныстыру

Балаға жақын заттық ортадағы ойыншықтар, тұрмыстық заттар, тағам, тамақ түрлері, жеке заттары туралы түсініктер беру.

Балаларды заттармен, олардың  белгілерімен, қарапайым іс-әрекет түрлерімен (суарады, жейді, киеді) таныстыру. Заттардың негізгі белгілерін (түсі, өлшемі, пішіні) ажырата білуге үйрету. Түсіне қарай заттарды топтастыруға үйрету (қызыл шарды қызыл қорапқа, ал көк шарды көк қорапқа салу).

Балаға жақын ортадағы және суреттегі заттарды тани білуге үйрету.

Табиғат туралы қарапайым  түсініктерін қалыптастыру

Баланы айналасына жақын  жануарлармен таныстыру.

Әнші құстарға, аквариумдағы балықтарға, құстарға және жануарларға (ит, мысық, көжек, тотықұс) бақылаулар жүргізу. 2 жасына қарай бірнеше жануарлардың болмысын суреттерден, ойыншықтардан (құс, тауық, мысық, ит) танып, көрсетуге, оларды атауға, дауысына еліктеуге үйрету. Осы белгілерімен қатар нақты атауларын беру. Балалармен бірге жануарлардың кейбір ерекше белгілеріне, дене мүшелеріне (басы, құйрығы), қимылына (жүгіреді, ұшады) назарларын аудару.

Бір жарым жастан асқан балалармен бірге табиғат құбылыстарын бақылау, оларды атай білуге ынталандыру, белсенді сөздік қорларын толықтыру.

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру