Посткеңістік кеңістіктегі геосаясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:14, статья

Краткое описание

Геосаясат – бұл саяси ғылымдар теориясының іргелі ұғымдарының бірі, ол мемлекеттердің немесе мемлекеттер блоктарының аумақтық – кеңістікте орналасу ерекшелікті жағдайының негізінде локальдық, аймақтық, құрылықтық және жаһандық халықаралық үрдістерге нақты тарихи ықпал етудің формасы мен орнын сипаттайды. Геосаясаттың тарихи қалыптасуы оның пәні мен анықтамасын зерттеулерге байланысты. Осымен байланысты геосаясаттың аса маңызды проблемаларының бірі посткеңестік кеңістіктегі геосаясат екенін атап көрсетуіміз керек.
Соңғы уақытта саясаттанушылардың назары посткеңестік кеңістіктің геосаясатына да ауып отыр, оған деген қызығушылық артуда.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ ГЕОСАЯСАТ.doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

Ресейдің Орта Азия елдерімен қатынасы. Геосаяси Орта Азия аймағы сондай – ақ Ресейдің оңтүстік «құрсақ» деп аталатын аймағына жатады, онда геосаяси жағдайдың асқан  тұрақсыздығымен және орнықсыздығымен  сипатталады. Орта Азия геосаяси аймағына бұрынғы КСРО одақтас республикалары Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстан кіреді. Алайда тек Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан ғана Ресеймен тығыз геосаяси және геостратегиялық ынтымақтастық алаңына енген. Ал қалғаны басқа геосаяси күштер орталықтарына бағыт – бағдар ұстаған.

Орта Азия елдері экономикалық қатынастар жүйесінде  әртүрлі экономикалық одақтар мен  блоктарға, топтарға « бытырап »  кеткен: Өзбекстан ГУӨӘМ-ге, Орталық  Азия экономикалық қауымдастығына (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен бірге); Қазақстан – Орталық Азия экономикалық қауымдастығына (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанмен бірге), Еуразия экономикалық қауымдастығына (Тәжікстан және Қырғызстанмен бірге) және т.б. бөлшектенген.

Геостратегиялық қатынастар жүйесіндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімді (ҰҚК) Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан пролонгациялады. Өзбекстан оған қатысуды ұзартудан бас тартты, ал Түркіменстан бейтараптық мәртебесін жариялап, әуел бастан – ақ оның құрамына кірмеді. Соңғы уақытта ҰҚК қызметінің белсенділігінің артуы тенденциясы байқалады, мұны Өзбекстанның оның құрамына қайта оралуы дәлелдейді.

Аймақтағы геосаяси қатынастарды бірқатар проблема мен  қайшылықтардың болуы сипаттайды, атап айтқанда: біріншіден, дау – дамайлық жағдайлардың болуы (экономикалық, саяси, аумақтық, этникалық); екіншіден, этникалық және діни – мәдени жек көру элементтерінің болуы (әсіресе Өзбекстан мен Тәжікстан арасында, Өзбекстан мен Қырғызстан арасында); үшіншіден, тұрақсыздық пен дау – дамайдың, есірткі, заңсыз қару – жарақ сатудың жері болуы; төртіншіден, радикалды ислам идеяларын тарататын зона болуы; бесіншіден, КСРО ыдырағаннан кейін экономикалық проблемаларға, саяси, аумақтық және діни – этникалық дау – дамайлардың жауапкершілігі жүктелген Ресейдің есебінен көптеген мәселелерді шешуге тырысудың болуы сипаттайды.

Ресейдің Каспий өңіріндегі мемлекеттерінде – Қазақстанмен, Түркіменстанмен (сондай – ақ Әзірбайжанмен, Иранмен) Каспий теңізінің заңдық мәртебесі  мәселесі бойынша, энергоресурстарға  бақлау орнату мәселесі жөнінде келіспеушілігі бар.

Ресейдің Балтық елдерімен қатынасы. КСРО ыдырағаннан  кейін және Балтық жағалауындағы  Кеңестік Одақтас республикаларының  орнына Балтық елдері – Литва, Латвия және Эстония құрылды- бұл аймақ  Рсейдің геосаяси ықпал ету зонасынан  шығып, АҚШ пен Еуроодақтың (әсіресе инвестиция мен сауда айналымы бойынша көшбасшы болған Германияның) геосаяси ықпал ету және мүдделері зонасына өтті.

Осыған орай Ресейдің бұл аймақта геосаяси мүддесінің бар екенінде атап айтуымыз қажет: өзінің анклавасы- Калининград облысымен байланысты қамтамасыз ету; орыс тілді халықтардың мүдделерін қорғау; аймақта геосаяси және геостратегиялық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізу, НАТО- ның Шығысқа қарай кеңейген жағдайында Ресейдің әскери – стратегиялық қорғаныс мүдделеріне нұқсан келтіруге жол бермеу; Балтық теңізіне шығу. КСРО ыдыраған соң жағалау шекарасы 2000 км – ден 600 км. шейін қысқарды. Тек екі ғана ірі теңіз порты – Санкт – Петербург және Калининград, сондай – ақ Ресейдің тауарлары үшін транзиттік жол болып Балтық әскери – теңіз порты қалды.

Алайда бұл  аймақта Ресейдің геосаяси мүддесін жүзеге асыру мейлінше қиындаған.

Егерде Батыс  елдері үшін Балтықтағы геосаяси жағдай бұрын болмаған қолайлылық танытса, мұны Ресейге қатысты айта алмаймыз. Бұл салада ықтимал стратегиялық одақ туралы немесе жай ғана әріптестік орнату жөнінде әңгіме жоқ. Сонымен қатар, әзірге экономика, саяси – дипломатиялық және мәдени салада нормальді әріптестік қатынастарға қол жеткізу мүмкін болмай тұр. Балтық елдерінің экономикасы Ресейдің шикізаттарына, әсіресе энергетикасына тәуелділігіне қарамастан, олардың аумағы арқылы транзит жүктерін өткізген Ресей жылына 1 млрд. доллардан астам ақы төлейді. Ресейге территориялық–аумақтықта шағым, қоятын талаптары бар. Геосаяси жағдай барлық салада қатынастарды жақсартқаннан гөрі, лаң тудыруға жақын.

Ортағасырлық  будда монағы Нитирэн «Өзіне тыныштық тілесең, айналаңның бейбітшілігі үшін дұға қыл» деп жазған екен. Бұл ереже  посткеңестік кеңістігінің елдері үшін ерекше өзекті, өйткені оларға саяси  тұрақты және экономикасы гүлденген аймақтармен араласу әлдеқайда жеңіл әрі пайдалы.

ТМД мұшелері өздерінің  бүкіл шекаралары бойында достас және бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің белдеуін құруға, таяу шетелдердің  аумақтық, ұлтаралық, дін аралық және басқа да қақтығыстар жеріне айналуына жол бермеуге мүдделі. Қазіргі әлемде кез келген аймақтық интеграциялануды- ықпалдасуды белгілі бір географиялық, тарихи – мәдени, саяси идеялар немесе мемлекеттері сәйкес келетін халықтардың басқаша жақындасуы ынтыландырады. Экономикалық мүдделерінің және т.б. сәйкестенуі посткеңестік кеңістіктегі аймақтың табысты интеграциялануының, ықпалдасуының басты алғышарты болып табылады [12].

Қорыта айтқанда, бүгінгі күндері посткеңестік кеңістіктің  тек қана ішкі геосаяси құрылымы және сыртқы шекарасы өзгерумен қатар, бұл аймақтың жалпы әлемдегі ролі де өзгерді. Посткеңестік кеңістіктің қазіргі геосаяси міндеті осы аймақтағы елдердің ұлттық – мемлекеттік мүдделерін негіздеуден тұрады, оның мазмұнына әлеуметтік және мәдени тұтастық ретіндегі қоғамның биологиялық, саяси, экономикалық тіршілік қажеттіліктері қосылған.

Геосаяси проблемалар  посткеңестік кеңістіктегі барлық мемлекеттер  үшін аса маңызды болып саналады және алға қарай табысты қозғалу  үшін оларды дер кезінде шешу керек. Бұл жерде посткеңестік кеңістіктің көптеген елдерінің және әлемнің проблемаларын шешуде Қазақстанның геосаяси жағдайы аса маңызды.

Жоғарыда баяндалғандарды  түйіндей келіп, геосаясаттың маңызды  ғылыми пәннің бірі екенін, онсыз толық  және қайшылықты қазіргі әлемнің  шынайылығын анық түсіну мүмкін еместігін айтуымыз қажет. Геосаясат – саяси, қоғамдық және кәсіби институттар мен ұйымдар үшін және өкілдеріне қажетті таразыға тартылған және негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін практикалық мәні зор геосаяси білімнің теориялық қайнар көзі. Жетекші геосаясаткерлердің доктриналарына жан – жақты талдау жасау әлемнің жетекші державаларының сыртқы саяси қызметін жақсы түсінуге және болжамдауға жеткізеді. Соңғы кезде Қазақстанда өзінің бірегей геосаяси амалдары, тұжырымдамалары пайда болды, олар сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асыруда айтарлықтай көмек көрсетіп отыр.

Р.Б. Әбсаттаров –

Абай атындағы ҚазҰПУ –дың магистратура және Phd докторантура Институтының саясаттану және әлеуметтік – философиялық пәндерінің кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор

admin4 Қазан 2012Бизнес & Саясат№40(265) 4 - 10 қазан


Информация о работе Посткеңістік кеңістіктегі геосаясат