Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 14:09, курсовая работа
Солтүстік Америка платформасының Жоғарғы Көл аймағы мен Гренландияның солтүстік бөлігі аралығындағы солтүстік шығыс бөлігінің көпшілігі көтеріліп, содан Канада қалқаны пайда болды.
Канада қалқанынан оңтүстікке қарай шөгінді жыныстардың төмен түсуі мен оның жинақталуы палеозой дәуірінің бүкіл барысында үздіксіз жүріп жатты, сөйтіп ондағы шөгінді жыныстар қабатының жалпы қалыңдығы 1000-2000 метрге жетті
Кіріспе.......................................................................................................................3
І Солтүстік Американың табиғат аймақтарына сипаттама
1.1. Солтүстік Американың физикалық географиялық жағдайы мен орны жөнінде түсінік........................................................................................................5
1.2. Солтүстік Американың биогеографиясы.......................................................9
1.3. Солтүстік Американың өсімдіктер дүниесі.................................................11
1.4. Солтүстік Американың жануарлар дүниесі.................................................19
Қорытынды............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27
Қосымша
Мазмұны
Кіріспе.......................
І Солтүстік Американың табиғат аймақтарына сипаттама
1.1. Солтүстік Американың
1.2. Солтүстік Американың
1.3. Солтүстік Американың
1.4. Солтүстік Американың
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Қосымша
Кіріспе
Солтүстік Америка көлемі жағынан біздің планетамыздағы үшінші материк, оның көлемі 24,2 млн км. Өзінің пішіні жағынан ол Оңтүстік Америкаға аздап ұқсас, бірақ материктің ең көп бөлігі қоңыржай белдеулерде жатыр, мұның өзі оның табиғатына елеулі әсер етеді.
Солтүстік Американың жағалары қатты тілімденген. Әсіресе материктің шығыс және солтүстік жағалауларында шығанақтар мен түбектер өте көп, ал батысы мен шығысында едәуір аз.
Қалқаннан оңтүстікке қарай
жатқан территория Орталық жазық
деп аталады, ал құрылымы жағынан
ол палеозой дәуіріндегі теңіз
Солтүстікте кристалды қалқанның жиегіндегі аймақта, тығыздығы әртүрлі болып келетін шөгінді тау жыныстары бір жаққа қарай көлбей жатқандықтан ол жерлерде куэсталар платформалаық биік және орташа жақпарлы таулар болып табылады.
Солтүстік Американың оңтүстік шығыс және оңтүстік шеткі аймақтары палезой дәуірінің құрылымдары жауып жатқан және мезозой-кайнозой дәуірлерінің қалың шөгінді қабаттарының жамылғысы тараған аймақ болып табылады.
Америка қазіргі таңда туристік ерекшеліктерімен Еуропадан кейін екінші көзге түсетін аймақ болып табылады. Оның түрлі туристік ресурстары туризмнің көптеген жағдайдағы дамуына себеп болып келеді.
Бізге белгілі болғандай, Америка негізінен қате ашылған материк болатын. Оның «ұлы географиялық ашудағы» қатесін Христофор Колумб жіберген болатын. Ол Үнді еліне жүзіп, Америкаға тап болған болатын. Қазіргі таңда Американың екі ұлы аймағы бар: Солтүстік және Латын Америкасы. Өз кезегінде Латын Америкасы Орталық және Оңтүстік Амрикаға да бөлінеді. Америкада негізінен арал мемлекеттері мен Кариб бассейнінің территориясы енгізілген.
Тақырыптың өзектілігі: Солтүстік Американың оңтүстік шығыс және оңтүстік шеткі аймақтары палезой дәуірінің құрылымдары жауып жатқан және мезозой-кайнозой дәуірлерінің қалың шөгінді қабаттарының жамылғысы тараған аймақ болып табылады.
Солтүстік Американың биогеографиялық
сипаты жылдан жылға айқын көрініс
табуда. Осы материкте көптеген жануарлар
мен өсімдіктердің басым
Курстық жұмыстың басты мақсаты: Солтүстік Америка еліне сипаттама берумен қатар оның табиғат жағдайлары мен биогеографиясын айқындау, яғни өсімдіктері мен жануалар дүниесін қарастыру мен оны қорғаудың ерекшеліктерін ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндетеріне мыналар жатады:
І Солтүстік Американың табиғат аймақтарына сипаттама
1.1. Солтүстік Американың
физикалық географиялық
Солтүстік Америка платформасының
Жоғарғы Көл аймағы мен Гренландияның
солтүстік бөлігі аралығындағы солтүстік
шығыс бөлігінің көпшілігі
Канада қалқанынан оңтүстікке қарай
шөгінді жыныстардың төмен
Палеозойдың аяғы мен мезозойдың басында Солтүстік Америка қазіргі материктен мейлінше өзгеше болған. Ол кембрийге дейінгі және палеозой дәуірлерінде пайда болған қатпарлардың өзара тығыз біріккен құрылымдарының түзілген және ол солтүстікте Евразиямен жалғасып, көне заманғы біртұтас Лавразия континентін құрған. Одан батысқа және оңтүстікке қарай геосинклинальдық тұрғыдағы теңіз бассейндері болған.
Солтүстік Америка платформасы Еуропа платформасына сияқты осы күнгі жазық жер бедері басым болатын тұрақты платформалар түріне жатады.
Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі Канада кристалды қалқаны. Оның етегіндегі жер бедерінде Лаврентий қыраты жатыр. Бұл қыраттың ең биік жерлері 500-700 метрге ал біршама төмен жерлерінің биіктігі 100-200 метрге жетеді. Қыраттың ежелгі тегістелген жер бетінде әртүрлі қатты тау жыныстарының шығып жатуына орай күмбездер мен бұйратты адырлар кезігеді. Онда соны мен қатар тектоникалық процестер мен мұздықтардың нәтижесінде пайда болған көптеген көлдер бар. Сондай-ақ қыратта жер бедерінің экзарациялық және аккумуляциялық түрлері кездеседі.
Гренландия мен Канада архипелагы аралдарында қалқанның етегінде жатқан жазықты материктегі мұз қабаттары басып қалған және оның деңгейі кей жерлерде мұхит деңгейінен төмен.
Гудзон шығанағының бұрыннан қалған орасан зор қазан шұңқырларының шет жақтарында және төменгі Маккени бассейіненде қабатты және аккумуляциялық жазықтар бар. Олар төменгі палеозой дәуірінің қалың шөгінді жыныстарынан құралған. Сонымен қатар мұздық дәуірденг кейінгі теңіздің құрлықты басуы кезінде оның үстіңгі қабатын шөгінді жыныстар жапқан.
Қалқаннан оңтүстікке қарай жатқан
территория Орталық жазық деп
аталады, ал құрылымы жағынан ол палеозой
дәуіріндегі теңіз
Солтүстікте кристалды қалқанның жиегіндегі аймақта, тығыздығы әртүрлі болып келетін шөгінді тау жыныстары бір жаққа қарай көлбей жатқандықтан ол жерлерде куэсталар платформалық биік және орташа жақпарлы таулар болып табылады.
Солтүстік Американың оңтүстік шығыс және оңтүстік шеткі аймақтары палезой дәуірінің құрылымдары жауып жатқан және мезозой-кайнозой дәуірлерінің қалың шөгінді қабаттарының жамылғысы тараған аймақ болып табылады.
Флорида түбегі, Багам аралдары және Юкатан түбегі аймақтарындағы қатпарлы негіз қабаттарының жоғары көтерілуі қалың қабаттар жауып жатқан әлгі аймақты, бір жағынан Атлант мұхиты маңындағы майысуға екінші жағынан Миссисипи синклинзасы жалғастыратын Мексика маңы майысуына бөледі. Жер бедері жағынан бұл майысуларға шөгінді жыныстары қабат қабат болып келетін Жағалық ойпаттар сәйкес келеді. Биіктігі 100 метреге жетпейтін мейлінше тақтайдай тегіс бұл ойпаттарды арнасы тайыз әкелген тасқын шөгінділерінің үстімен ағады, сөйтіп кейде ағып өтетін жерлерінің деңгейінен биіктеп те кетеді. Кей жерлерде ойпаттың беткі жағына әктастар түзеді және олар карстың кеңінен дамығандығын көрсетеді.
Атлант мұхитының жағалауы ойпаң болып келеді, онымен жарыса құмды төбелер, құм қайырлар мен қайраңдар жатыр. Саяз шығанақты жағалаулар Мексика шығанағы мен Атлант мұхитында да жиі кездеседі.
Жер бедерінде жазықтар басым, үштен бірін таулар алып жатыр.
Материктің шығысы негізінен
жазықтардан тұрады. Олар беткі ұзақ
уақыт бойы бұзылып, тегістеліп жататын
платформаға сәйкес мыңдаған жылдар
бұрын жазықтардың басым
Солтүстік бөліктің жер бедерінде ежелгі кристалл жыныстардан түзілген ойпатты және қыратты жазықтар басым болып келеді. Қарағай мен шыршалар өскен аласа төбелерде мұнда енсіз және әрі ұзын көл шұңқырларымен ауысады, олардың көпшілігінің жағалаулары пішіні ғажайып. Барлық жерден мұз басудың ізі көрініп тұр, тегістелген жартастар, төбелердің тегіс шыңдары, қаптаған қойтастар, мұздықтар жыртып өткен шұңқырлар.
Материктің батысына қарай ұлан-байтақ әрі құрылысының ерекшеліктерімен көзге түсетін Ұлы жазықтар жатыр. Олар алып баспалдақтың кең сатысы болып, Кордильерге көтеріле береді. Материктік және теңіздік шөгінді жыныстардан түзілген Ұлы жазықтарды таудан ағатын өзендер аңғарларымен тілімдеген.
Материктің шығысында Аппалач таулары орналасқан. Ол қатты бұзылған, аңғарлармен тілімделген. Тау беткейі жатық, шыңдары жұмырланған сүйір, биіктігі 2000 м ден сәл астам.
Материктің батыс жағалауын бойлай Кордильер орналасқан. Ол екі литосфералық плитаның түйіскен жерінде, жер қыртысының көптеген жазықтар тілімдеген сығылу алабында пайда болған. Бұл жарықтар мұхит түбінен басталып, құрлық бетіне шығады.
Осы Кордильер таулары өте әдемі. Таулары терең өзен аңғарларымен тілімденген. Оларды негізінен каньон деп атайды. Терең ойыстар биік төбелермен және вулкандармен ұласып жатады. Кордильердің солтүстік бөлігінде олардың ең биік шыңы қар мен мұздық жамылған Мак Кинли аспан тіреп тұр.
1.2. Солтүстік Американың биогеографиясы
Солтүстік Американың басым көпшілігі болып табылатын солтүстік бөлігі әлем шеңберінде, ал одан аздау, оңтүстік бөлігі Мексиканы және Америка Құрама Штаттарының қиыр оңтүстігін қоса қамтып, Неотропикалық әлем шеңберіне жатады. Егер материктің солтүстік бөлігінің даму тарихы мен өсімдіктер құрамы Евразиямен сөзсіз байланысты екені байқалса, оңтүстік бөлігі Оңтүстік Америкаға ұқсас келеді.
Бор дәуірінің аяғынан
бастап палеогеннің ақырына дейінгі
бұл материкте Азияның
Ол кезде материктің орталық бөлігін теңіз суы басып жатқандықтан ал оның шығыс және батыс аймақтары солтүстікте ғана байланысатын.
Солтүстік Американың өсімдіктер дүниесінің ішкі өзгешеліктері климаттың өзгеруіне байланысты кайнозой дәуірі бойынша да қалыптаса бастайды. Өйткені, солтүстікте ауа райы салқындап батыста жауын-шашын мөлшері кеми түсті. Міне, мұның бәрі де Солтүстік Американың шығыс және батыс бөліктеріндегі өсімдіктер дүниесінің ерекше дара аймақтарының қалыптасуына әсер етті. Бұл аймақтарда негізінен алғанда орман өсімдіктер басым болады. Ал материктің орталық бөлігі теңіз суы тартылғаннан кейін шөп өсімдіктері өсетін аймаққа айналады.
Солтүстік Американың қиыр оңтүстігінде палеоген дәуірінің бас кезінде Европаның тропикалық өсімдіктеріне ұқсас тропикалық өсімдіктер басым болады. Неоген дәуірінде жазық далалардың құрғауына байланысты бұл өсімдіктердің ксерофитті элементтері солтүстікке қарай ауыса бастады, сөйтіп қазіргі шөлейт және далалық аймақтардағы өсімдіктер пайда болды.
Неогеннің аяқ кезінде ауа райының бірте-бірте суытуы субтропикалық өсімдіктер түрлерінің жойылуына және оңтүстікке қарай шегінуіне, сөйтіп олардың қоңыр салқын ендік бойларымне өсімдіктер ауысуына барып соқты. Ал мұндай өсімдік түрлері бұл жаққа, шамасы Евразиядан ауысқан болуы керек. Өйткені солтүстік жақта бұл екі материк аарсында құрғақ жер арқылы байланыс бар болатын.
Мұз көшкіні материктің едәуір бөлігіндегі өсімдіктер жабынын жойып жіберді. Бірақ оңтүстікте ауа райы өзгерістері онша қатты болмады да, орман өсімдіктер сақталып қалды. Ал олар мұз көшкіні басылғаннан кейін солтүстікке қарай ауыса түсті, бірте-бірте бүкіл материкке тағы да тарап кетті. Екінші жағынан мұз көшкіні алдында және мұз басып жатқан дәуірлер аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай арктикалық және жоғары тау өсімдіктерінің элементтері өткен болатын. Олар мұз дәуірінің жұрнақтары ретінде күні бүгінге дейін сақталып қалған.
1.3. Солтүстік Американың өсімдіктер дүниесі
Мұз көшкінінен кейін қалған климаттың өзгерістері мен қазіргі жағдайлардың қалыптасуы осы заманғы топырақ өсімдік жабынының түзілуіне алып келеді.
Солтүстік Америкадағы
топырақ өсімдік жабынының
Тундра, орманды тундра және тайга орманы материктің солтүстік жартысында ендіктерге таяу алқаптар бойымен созыла орнаалсқан. Одан әрі оңтүстікте таянған сайын аймақтық сипаттар өзгеріп сала береді. Атлант мұхитының жағалауына жауын-шашын мейлінше мол және бір қалыпты түрде түседі. Ал материктің ішкі жағына енген сайын жауын-шашын мөдшері бірте-бірте кеми береді. Сондықтан да Солтүстік Америкадағы қоңыр салқын және субтропиктік аймақтарда жатқан орманды далалардың, далара мен шөлейттердің ешқайсысы да Атлант мұхитына қаарй жақын шықпайды, материктің ішкі жағындағы субмеридиандық аймақтар түрінде созылып қалады.