Солтүстік америка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 14:09, курсовая работа

Краткое описание

Солтүстік Америка платформасының Жоғарғы Көл аймағы мен Гренландияның солтүстік бөлігі аралығындағы солтүстік шығыс бөлігінің көпшілігі көтеріліп, содан Канада қалқаны пайда болды.
Канада қалқанынан оңтүстікке қарай шөгінді жыныстардың төмен түсуі мен оның жинақталуы палеозой дәуірінің бүкіл барысында үздіксіз жүріп жатты, сөйтіп ондағы шөгінді жыныстар қабатының жалпы қалыңдығы 1000-2000 метрге жетті

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Солтүстік Американың табиғат аймақтарына сипаттама
1.1. Солтүстік Американың физикалық географиялық жағдайы мен орны жөнінде түсінік........................................................................................................5
1.2. Солтүстік Американың биогеографиясы.......................................................9
1.3. Солтүстік Американың өсімдіктер дүниесі.................................................11
1.4. Солтүстік Американың жануарлар дүниесі.................................................19
Қорытынды............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

динара курсовой.doc

— 125.00 Кб (Скачать файл)

Солтүстік және Оңтүстік Америка арасында плиоцен кезеңінен  бері қарай пайда болған құрлық арлықы жасалатын байланыс екі материктің жалғас жатқан бөліктеріндегі жануарлар дүниесінің орталқ болып қалыпатсуына қпалын тигізеді. Солтүстік Американың солтүстік ендіктің шамамен 20º-ынан бастап оңтүстікке қарай созылып жатқан шеткі бөлігі жануарлар дүниесінің Неотропикалық аймағына енеді. Бұл аймақ бүкіл Оңтүстік Американы да қамтиды. Неотропикалық жануарлар дүниесінің кейбір өкілдері Солтүстік Американың солтүстік ендіктің 20º-нан едәуір солтүстікте жатқан территориясына да еніп кетеді.

Материктің Голарктикалық аймағына енетін бөлігінің алабында жануарлардың қай жерлерді мекендейтінінің алуан түрлі жағдайларынан қарай бірқатар ішкі аймақтар да қалыптасқан.

Тундрадағы жануарлар  әлемінің Еуразиядағы тундраның  жануарлар әлемімен салыстырғанда  да өзіндік ерекшеліктері бар. Құрлықта өмір сүретін ірі сүт қоректілердің ішінде ерекше көзге түсетіні мускус өгізі немесе қойөгіз. Ол күшті және денелі  әрі өте төзімді болып келеді. Бір кезде мускус өгізі Солтүстік Америкадағы солтүстік аралдардан бастап, орман шекарасына дейінгі тундраның барлық жеріне тараған. Ал қазір олар Американың тек қаан арктикалық аралдары мен Гренландияда кездеседі. Солтүстік өсетін американдық карибу бұғысы едәуір мол таралған. Ол Евразиядағы жабайы солтүстік бұғыларымен біртектес. Қазір бұл бұғының тундрада және ормнада өсетін екі түрі бар. Материктің солтүстік жағалауы мен сірескен мұзды аймақтарда ақ аю кездеседі. Тундрада сонымен қатар поляр қасқыры мен поляр сусары да кеңінен тараған.

Кәсіпшілік үшін поляр  түлкісінің зор маңызы бар.  Кемірушілер отрядынан леммингтер, ақ қояндар, сұр тышқандар жиі кезедседі. Тундраны қыстап қалатын құстардың ішінен әсіресе ақ құр мен тундра құрын ерекше атауға болады. Жылы жаққа қайта ұшып кететін құстардың арасында Аляска жол құсы, ақ үкі, көл жағаларында батпақты жерлерде жұмыртқалайтын басқа да толып жатқан су құстары кездеседі. Ішкі су көздерінде балықтың көптеген түрі бар.

Американың солтүстігнідегі  жағалаудың суларындағы жануралар  дүниесі бай болып келеді. Онда сы уақытқа дейін Гренландия киті, белуха мен нарвал кездеседі. Итбалық пен морждар да көп.

Тайнганың жануарлар  дүниесі бұдан да зор алуан  түрлілігімен сипатталады. Бұрын ондағы ең ірі жануар орман бизоны болатын. Қазір ол тек қорықтарда ғана кезедседі. Американ бұланы барлық жерде тараған. Ол ағаштардың, бұталардың жапырағы мен жас бұтағын, сондай-ақ өсімдіктерді қорек етеді. Бір кезде вапити бұғылары табын-табынымен жайылып жүруші еді. Қазір сол аса ірі қалың жалды қасқырлар да бизондар сияқты, тек қорықтарда ғана сақталған.

Жыртқыш аңдардың да түрлері көп. Олардың көпшілігі терісі бағалы кәсіпшілік аңдар болып табылады. Мысалы, солтүстік скунсы, солтүстік американ сусары, американ бұлғыны, американ қара күзені, ақ тышқан. Ірі жыртқыш аңдардың ішінен әсіресе аюды, қасқырды, сілеусінді, құнуды айтуға болады.

Кемірушілер отрядына жататындардың  ішінде канада құндызы мен сабауқұйрық  ондатра көп тараған. Осы бір  бағалы аңдар көптеген аймақта түгелдей дерлік жойылып біткен еді, бірақ  та оларды аулауға тыйым салудың  нәтижесінде қазір қайта көбейіп  келеді. Ине тікенді эндемик немесе поркупин деп аталатын, көбінесе ағаштардың басында жүретін дикобраз тектес ірі кеміргіш аң ерекше назар аударады. Ине тікенді эндемикті оның бағалы терісі мен еті үшін аулайды. Неғұрлым ұсақ кемірушілердің арасынан қызыл тиінді, американ қояны, ақсары тышқан мен көр тышқандарды атауға болады.

Аралас ормандар мен  жалпақ жапырақты ормандардың жануарлар  дүниесі тайганың жануарлар дүниесіне  ұқсас болғанымен оларда тайга ормандарында кездеспейтін кейбір аңдар өседі. Жапырақты ормандарда тайгада да өсетін барибал деп аталатын аю кездеседі. Тайга ормандарындағы сияқты қасқыр, түлкі, күзен мен камшат, жанат, скунс, американ борсығы көптеп кездеседі.  Жапырақты ормнаға тән тұяқты аң виргини бұғысы немесе ақ құйрық бұғы. Осы бір үлкен мүйіздері тарам-тарам болып өскен өте әсем аң көк егіске де өш, сондықтан да олардың елді мекендерге жақын жүруі тиімсіз. Қазір олардың қатары едәуір сиреп кетті. Сондықтан да оларды аулауға таяу жерлерде ғана рұқсат етіледі. Жалпақ жапырақты ормандағы жануарлар дүнесінің құрамында сонымен қатар тышқандардың тағы бір түрі қалталы сабауқұйрық та бар. Опоссум деп аталатын бұл тышқан Неотропиктік аймақтан тараған.

Жапырақты ормнадардағы қанаттылар отряды да бай. Онда құстардың  американдық өзіндік түрі ретінде айырқұйрық ақсары мен жабайы күрке тауықтар ерекше көзге түседі. Ол ормандарға сондай-ақ оңтүстіктен, Неотропикалық аймақтан ұшып келетін колибри торғайыынң бірнеше түрі кездеседі.

Бауырымен жорғалауышлар  отрядының өкілдерінен Миссисипи  аллигаторын және Миссисипи аллигатор тасбақасын айтуға болады. Құрғақта да суда да бірдей өмір сүретін жәндіктердің ішінде ұзындығы 20 см дейін жететін өгіз-құрбақа ерекше көзге түседі.

Солтүстік Американың ашық кеңістіктеріндегі прериялар мен  Кордильердің ішкі жазық дөңестеріндегі жануарлар дүниесі алуан түрлі ірі-ірі жануарларға, әсіресе тұяқты аңдарға өте бай. Европалықтар келгенге дейін жер бетіндегі аса ірі аңдардың бірі бизондар табын-табынымен мол мөлшерде жайылып жүретін. Бизондар өте төзімді келеді, сырттай қарағанда олар ебедейсіз болып көрінгенімен өте жылдам қозғала алады. Мысалы, олар жылқыдан қалай болса солай озып кетеді, үлкен сулардан өтіп кете береді. Үндістер бизонды оның еті мен терісіне бола аулайтын. Европалықтардың келуімен және мылтықтың пайда болуымен байланысты сол бір тамаша жануарларды тағылықпен аяусыз қырып жою басталды. Оларды мыңдап қырып тастап тек терісін сыпырып алумен ғана болды. Бизондарды біржола жойылып кетуден «Американ бизон қоғамы» ұйымдастырған арнаулы қорғау шаралары сақап қалды. Қазір бизондарды тек қорықтардан ғана көруге болады.

Европалықтар Америкаға  европа жылқысын ала келді. Ормансыз жазық далаларда жабайыланып  кеткен жылқы тіпті көбейе түсті. Мустанг деп аталатын жаабйы жылқылар үйір-үйірімен келіп, егін далаларын  таптап кететін болды. Жабайы жылқыларды қолға көптеп үйрету көптеген адамдардың арнаулы кәсібіне айналды. Қазір мустанг жылқыларды түгелдей дерлік ұстап алынды.

Жазық даланың тұяқты аңының бірі айыр мүйіз. Ол аңдар жүйесі бойынша алғанда бөкен мен  бұғының аралығындағы жануар. Айыр мүйіз қорық жағдайына төзе бермейді, сондықтан да ол қазір біржола құрып бітті десе де болады.

Жазық  дала жыртқышы дала қасқыры немесе койот осы  уақытқа дейін өте жиі кездеседі. Ол өлекселер мен ұсақ аңдарды  қорек етеді.

Бұл аймақта түрлі кемірушілер көп тараған. Олар әсіресе жыртылған жерлерде көбейіп кеткен. Саршұнақтар мен суырлар өте көп. Солтүстік Америкада баяғыдан сақталып қалған шалғынды дала иттері, тышқан тәріздес басқа да кеміргіштер кездеседі.

Құстарға келетін болсақ, дала құры, күрке тауық тәріздес күшіген, жол бойы көкегі жиі ұшырасады.

Солтүстік Американың оңтүстік батыстағы таулы аймақтарының жануарлар  дүниесіне бірқатар өзіндік ерекшеліктер тән. Өйткені бұл терртория Неотропикалық  аймақпен шекаралас жатыр, сондықтан да ол жақтан бұл жаққа кейбір тропикалық өңірдің жануарлары өтіп кетеді.

Кордильерде Солтүстік  Америкадағы ең ірі жыртқыш аң гризли деп аталатын алып қоңыр аю кездеседі. Жұрттың жиі айтып  жүрген пікіріне қарама-қарсы, бұл аю адамдарға тез үйренісіп кетеді. Гризли қорықтарда адамдардың тұрған үйлеріне дейін жақын келіп, азық-түліктің қалдықтарын, адамдардың берген тамақтарын жеп кетеді. Материктің оңтүстік-батысындағы тауларда сонымен қатар шұбатылған қара жүні бар барибал деп аталатын аю кездеседі. Солтүстік Американың көптеген жерінде жиі кездесетін бұл аң егінді таптап, малды қырып кетеді. Қасқырлар, сілеусіндер, түлкілер мен борсықтар көп. Бұл маңға Неотропиктік аймақтан пума деп аталатын жабайы мысық келеді. Тұяқты жануарлардан түрлі бұғылар мен таудың ормнады деңгейінен жоғары жерлерде болатын мүйіз қойларды жиі кездестіруге болады. Құстардың ішінде ең жиі кездесетіні Калифорния күшігені мен Калифорния құры. Неотропиктік құстар дүниесінің өкілі колибри торғайы болып табылады.

Америка Құрама Штатының оңтүстік батысы мен Мексиканың солтүстігінде бауырымен жорғалаушылар және буын аяқтылар өте кең тараған. Әсіресе кесірткелердің түрі көп-ақ. Олардың арасында аяқсыз кесіртке мен осы тұқымдастар ішіндегі ең улы өкілі улы кесірткесі. Ысылдағыш жыландар мен өрмекші тәріздес улы жәндіктердің бүйілер мен шаяндардың түр-түрі де көп.

Неотропиктік аймаққа  жататын Орталық Америкаға Оңтүстік Америка жануарлар дүниесінің өкілдері кездеседі. Олар жыртқыш аңдардан –  пума жабайы мысығы, оцелот пен ягуар, ал тұяқты аңдардан бұғы, тапгер мен наубай шошқа. Осы жануарлар дүниесінің өкілдері қатарына американдық жалпақ тұмсық маймылы да, ағаш дикобразы да, түрлі құстар да құрлық пен суда бірдей өмір сүретін қос мекенділер, де бауырымен жорғалаушылар да қосылады.

Антиль аралдары жануарлар дүниесінің мейлінше жұтаңдылығымен көзге түседі. Онда сүт қоректі жануарлар өте аз, соның өзінде де түрлі кемірушілердің өкілдері басым. Насеком жегіш жәндіктердің бұрыннан сақталып қалған, қазір жойылып бара жатқан өкілі кетік тістер ғана бар. Олардың да бар болғаны екі түрі ғана сақталып қалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Америка қазіргі таңда  туристік ерекшеліктерімен Еуропадан  кейін екінші көзге түсетін аймақ  болып табылады. Оның түрлі туристік ресурстары туризмнің көптеген жағдайдағы дамуына себеп болып келеді.

Бізге белгілі болғандай, Америка негізінен қате ашылған  материк болатын. Оның «ұлы географиялық ашудағы» қатесін Христофор Колумб жіберген болатын. Ол Үнді еліне жүзіп, Америкаға тап болған болатын. Қазіргі  таңда Американың екі ұлы аймағы бар: Солтүстік және Латын Америкасы. Өз кезегінде Латын Америкасы Орталық және Оңтүстік Амрикаға да бөлінеді. Америкада негізінен арал мемлекеттері мен Кариб  бассейнінің территориясы енгізілген.

Солтүстік және Орталық  Америка өзінің үш үлкен елдерімен: АҚШ; Канада,Мексикамен ерекшеленеді. Ондағы туризм даму үстінде,  Орталық Америкадағы Коста-Рика және Белизе т.б. дамуда.

Дамыған Солтүстік Америка  Америка Құрама Штатымен ерекшеленеді. АҚШ негізінен өзінің қайталанбас  табиғи және тарихи-экономикалық жағдайларымен ерекше аймақ болып табылады. Бұл жерде үлкен тау жүйесі Кордильер көрінеді, Ұлы Жазықтар мен Аппалач таулары қалыптасқан. Осындағы бай минерлады шикізат ресурстары ( түрлі рудалар мен металлар, мұнай мен газ) болып табылады. АҚШ өзінің  табиғат берген шикізат ресурстарын шет елдерге импорттап отырады.

Колумбтың Американы  ашуы және оны Европалық теңіз  державаларының игеруі жаңа жерге батыс  өркениетінің таралуына жол ашты. ХҮІІ ғасырда басталған британ отарлаушылығы солтүстік Американың тағдырын шешеді. Солтүстік Американың басты байлығы бұл Атлант мұхитының жағалауында орналасқан құнарлы жері еді.

Американдық қоғамның негізгі  ерекшелігі, онда әр адам Европаға қарағанда  үлкен табысқа жетуіне мүмкіндігі зор болды. Америкада құл саудасына, алаяқтыққа қарамастан, американдықтардың негізгі бөлігі өз еңбегімен жеке меншікке ие болып, орта тапты құрды. Еркін отарлаушыларды билікке бағындыру өте қиынға соқты. Олар құқығы мен бостандыққа жасалған кез-келген қысымға қарсы шықты. Американдықтар экономикалық, саяси, діни бостандыққа ұмтылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.В.В Вольский: «Социальная и экономическая география зарубежного      мира»

2. М. Глазовская  Почвенно-растительный  очерк Америки Москва, 1952

3. К. Говоров  Океания  Москва, 1971

4. Г. М. Мухин Америка  Москва, 1967

5. Г. М. Мухин, М.  Потемкин  Америка Москва, 1956

6. Народы Америки Москва, 1956

7. Н. К. Шульман   Природа Новой Зеландии  Москва, 1995

8.  Н. К. Шульман   Физическая география Океании   Благовещенского пед института  1960

9. Т. Власова Материктер  мен мұхиттар географиясы   Алматы, 1985

10. Справочник стран мира

11. В.П. Максаковский: «География оқулығы»  Москва, 1989

12. «География және табиғат» журналы   № 2  1999

13. В.П. Максаковский: « Экономическая и социальная география зарубежных стран »   Ленинград,  1966

14. «География және табиғат» журналы   № 3  1997

15. «Мировая экономика» журналы  №

16. Воляновский Люциан “Материк, переставший быть легендой” , 1991г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Ақтөбе Мемлекеттік  Педагогикалық институты

 

Кафедра: География

Факультет: Тарих

 

 

 

 

 

Солтүстік Американың табиғат аймақтарына сипаттама

(курстық жұмыс)

 

 

Орындаған: Қайырбаева Д.Б.

Тексерген: Кажиакбарова З.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2011 ж.




Информация о работе Солтүстік америка