Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 22:03, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі өзекті тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде ТМД елдернің халқының саны жылдан-жылға азайып, табиғи өсім төмендеуде. Мұндағы негізігі мәселе табиғи өсім деңгейін көтеру, ал оны көтеру үшін ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру қажет. Қазіргі кезде ТМД елдерінде 450 млн. жуық халық тұрады, бірақ олар әркелкі орналасып, өздерінің тілдік, этностық, діни құрамы бойынша әркелкі орналасқан.
Кіріспе................................................................................................
1
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама........................................................……………………
1.1.
1.2.
ТМД халқының өсу динамикасы...................................................
ТМД халқының жастық-жыныстық құрамы.................................
2.
Қазақстанның халқына жалпы сипаттама..............................
2.1.
Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы.................
2.2
Халықының жастық-жыныстық құрамы.......................................
2.3
Қазақстандағы демографиялық детерменизм...............................
3
Қазақстан Республикасының демографиялық мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ТМД ЕЛДЕРІ ХАЛҚЫНА СИПАТТАМА
Орындаған:
Сақыбекова Т.
Жетекшісі :
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі:
ШЫМКЕНТ-2006
Кіріспе......................
1 |
ТМД халқына этнодемографиялық
сипаттама..................... |
|
1.1. 1.2. |
ТМД халқының өсу динамикасы.................... ТМД халқының
жастық-жыныстық құрамы........................ |
|
2. |
Қазақстанның халқына жалпы
сипаттама..................... |
|
2.1. |
Қазақстанға
басқа ұлт өкілдерінің |
|
2.2 |
Халықының
жастық-жыныстық құрамы........................ |
|
2.3 |
Қазақстандағы
демографиялық детерменизм..... |
|
3 |
Қазақстан Республикасының демографиялық мәселелері |
|
|
Қорытынды |
|
Пайдаланылған әдебиеттер |
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі өзекті тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде ТМД елдернің халқының саны жылдан-жылға азайып, табиғи өсім төмендеуде. Мұндағы негізігі мәселе табиғи өсім деңгейін көтеру, ал оны көтеру үшін ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру қажет. Қазіргі кезде ТМД елдерінде 450 млн. жуық халық тұрады, бірақ олар әркелкі орналасып, өздерінің тілдік, этностық, діни құрамы бойынша әркелкі орналасқан.
Бітіруші жұмыстың негізгі мақсаты дүние ТМД елдері халқына этнодемографиялық сипаттама бере отырып, оның өсу қарқыныныана тілдік және этникалық құрамына талдау жасау.
ТМД елдерінің халқының 30 пайыздан астамы Ресейде қоныстанған, сондықтан осы аймақта халықтың қоныстану тарихына ерекше тоқталып өткен. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Республикасы халқына ерекше көңіл бөлінген.
Біріуші жұмыстың негізгі міндеті:
- ТМД елдері халқының өсу динамикасын;
- табиғи және механикалық өсімін;
- жастық-жыныстық құрамын;
- тілдік құрамы
мен этникалық құрамын
Бітіруші жұмысын жазу барысында статистикалық, аналитикалық, сараптау, экологиялық, әлеуметтік-экологиялық тәсілдер қолданылған.
Бітіруші
жұмысында көптеген
1. ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама
1.1. ТМД халқының өсу динамикасы
Әрбір
елде, әсіресе экономикалық дамыған
елдерде халықты есепке алу
ұдайы екі бағытта: кезеңдік жалпыға бірдей халық
санағын жүргізу және халықтың өсіп-өнуін
ағымдағы есепке алу түрінде жүзеге асырылады.
Одан басқа халық санақтары арасында немесе
жалпыға бірдей санақ жүргізу кезінде
іріктеме зерттеу жүргізіліп отырады.Ресейде
және ТМД елдерінде алғашқы жалпыға бірдей
халық санағы 1897 жылы жүргізілді және
одан бері санақ жеті рет (1926,1939,1959,1979,1989,
Мемлекет |
Халық саны, млн. адам, % |
Туу деңгейі, % |
Өлім деңгейі |
Урбанизация деңгейі |
Ресей |
147 |
9 |
16 |
73 |
Белорусь |
10,3 |
11 |
13 |
70 |
Молдова |
4,3 |
15 |
12 |
51 |
Украина |
52 |
11 |
14 |
70 |
Әзірбайжан |
7,3 |
23 |
7 |
56 |
Армения |
3,7 |
16 |
7 |
69 |
Грузия |
5,4 |
12 |
10 |
58 |
Қазақстан |
15,5 |
19 |
9 |
59 |
Қырғызыстан |
4,4 |
26 |
8 |
39 |
Тәжікстан |
5,8 |
33 |
9 |
32 |
Түркменстан |
4,5 |
33 |
8 |
45 |
Өзбекстан |
22,7 |
31 |
7 |
41 |
1.2. ТМД халқының жастық-жыныстық және тілдік құрамы
СССР-де, XIX ғ. Аяғында Ресейде ерлер саны әйелдер санынан аз болды. 1897 жылы халықты тiркеу бойынша - әр 1000 ер адамға орта есеппен 1010 әйел келген, ал европалық бөлiгiнде – ерлер әйелдерге қарағанда аз(1000 ерге1042 әйел), ал орта Азияда – көбiрек (1000 ерге-800 әйел). I дүние жүзiлiк соғыс және ұлт-азаттық соғыс кезiнде – жыныстардың диспропорциясы күшейдi: 1926 жылғы тiркеу бойынша ерлер әйелдерге қарағанда 5 млн-ға аз болды. 1939 ж бұл көрсеткiш өстi. Мұндай диспропорция - негiзiнен II дүние жүзiлiк соғыс кезiнде пайда болды. Ерлердiң басып болуы 30 жасқа дейiн сақталынып, 60жасқа жеткенде әйелдер саны басым болады. 1913 ж әйелдер ерлерден 1 млн.-ға көп болды, ал 1950 ж- бұл айырма- 21,5 млн өстi, 1984 ж -әйелдер мен ерлер арасындағы санының азаюы – 17,2 млн адамды құрады. Қазіргі кезде де ТМД елдерінде ерлерге қарағанда әйелдердің саны басым.
Тілдік құрамы. Дұние тұрғындарының жартысы сөйлейтiн тiл-үндi европалық семьяда және ол ең жақсы зерттелген. Олар саны жағынан ТМД елдерінде кең тараған. Үндi европалық тiлдер-туыстық жағынан жақын диалектi тобынан пайда болған, оларды таратушылар б.э.д. 3 мың жылдықта оңтүстiк Батыс Азия мен Солтүстiк Жерорта теңiзi Каспий маңы ойпатына дейiн жеттi.
Үндi европалық тiлдiң шығыс бұтағына –үндi арийлiк тiл (санскрит, хинди, урду, бенгаль, маратхи, пандтаби, раджастхани, арий, уткали) және иран тобының тiлдерi (батыс парсы немесе фарси, тәджiк, курд, белуджия, таттық, талыш т.б. ; шығысы – дари, пушту, немесе афгандық , осетиндiк, ягнобиндiк; памирлiк тiлдер – вахандық, шугнан, шикашим тағы басқалар); олардың арасында – нуристандық тiлдер (кати, вайгали, ашкуни, паруни), сонымен қатар грек және армяндық тiлдер жатады.
Үндi европалық семьяның батыс бұтағына – романдық, кельттiк және германдық тiлдер жатады.
Шығыс және батыс үндi европалық тiлдер арасындағы кезеңдiк тiлдi – бальто-славяндық топтар алады- олар балтылық (батыс балтылық -өлi прусс тiлi шығыс балтылық –литважәне латыш тiлi) және славяндық болып бөлiнедi. Славяндық топқа –Шығыс славяндық (орыс,украин, беларусь), батыс славяндық (чеш, словакия, польшалық және оған жақын кашут , лужицк), оңтүстiк славяндық (ескi славяндық, болгар, македония, серб-харват, словения тiлдерi) тiлдер жатады.
Семиттiк топ –екi негiзгi бұтақтан тұрады – шығыс және батыс; Батыс-солтүстiк және оңтүстiк топшаларға бөлiнедi.
Солтүстiк Кавказдың семьяға абхаз-ады және наждагестанның топ жатады. Бiрiншiсiне – абхазияның атазимдiк кабардино чериесстiк және убыхтiк тiлдер кiредi. Екiншi топқа кахстiк (чечен, ингуш, баубили тiлдерi) дагестандық (Дагестанның 30 горстiк тiлдерi) топшалар болып бөлiнедi. Дагестандық топшаға – авар андышiлiк тiлдер ( авр тiлi кең тараған), кезстiк (кезс және т.б.), лакс – даргиндiк (лакс және дарган тiлдерi) және лезгиндiк тiлдер (лезгин және табасарган , цахур т.б.) жатады.
Олардық тiл семьясы – географиялық жағынан Ресейдiң европалық бөлiгiнде Европаның орталық бөлiгiнде( Венгрия, Повалжьеде, Прибалтика, Финляндия мен Скандинавияның солтүстiгiне) таралған. Ол екi топтан тұрады- фин-угорлық немесе (угрофиндiк ) және сомалиндiк; фин угорлық топ келесi топшаларды қосады(финдiк, карельдiк, эстондық, саамдық), вольжестiк(эрзия-мордовия, макша-мардавия, марий луговой және марий таулы), пермдiк(кеми немесе коми-зирияндық, коми-пермяцетiк және удмурттiк) және угорлық (венрглiк ханты, маншiлiк), сомадильдiк топқа неция, энеция, наганасан,селькупстiк тiлдер жатады.
Эскимос – алеуеттiк
семьяға – эскимостық тiлдерсмен
жақын туыстық тiл – алеуеттiк
тiл жатады. Олардың келерi – Американың
(Греландияны қосқанда) кең байтақ
арктикалық территориясында және Азияның
қиыр солтүстiк шығысында
Алтай тiлi семьясына батыста Туркия мен шығыста Сiбiрдiң солтүстiк шығысына дейiнгi түрiк, монғол, тунгус, маньчжурлiк тiлдер жатады. Түрiк тiлдерi келесi топшаларды қамтиды: чуваш немесе булгар (чуваш тiлi ) огуз немесе оңтүстiк батыс(түрiк, азербайжан, түркiмен, самар, т.б.), қыпшақ немесе солтүсттiк батыс(татар,башкир, қазақ, қырғыз,қарақалпақ, карачаево-балкар,құмық, ноғай және қаралым), қарлұқ немесе оңтүстiк шығыс(өзбек-ұйғыр)якуттiк(якут және домандық, оңтүстiк сiбiрлiк алтай хакас, тувин т.б.).
Қазiргi кездегi монғол тiлдерiне – орталық Азиялық аудандарда таралған- монғол, бурят, қалмақ және оған жақын ойрат т.б. тiлдер жатады.
Чукот – камчат семьясына – Ресейдiң қиыр солтүстiк шығысындағы – чукот корак ителмен және т.б. тiлдер жатады.
2. Қазақстан халқына жалпы сипаттама
2.1. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы.
Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. Бұл кезде Ресей өкіметінің қудалауынан қашқан орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлттардың өкілдері қазақ еріктілері деп аталатынға бірікті. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсті. Ресейдің әскери және миграциялық экспансиясының барысында салынған бекіністердің негізінде негізін орыстар, украйндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды.
1881-1883 ж.ж Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңдай дүнгендер мен ұйғарлар көшіп келді.
1864 жылы Шымкент пен
Ташкенттің құлауынан кейін
Қазақстанды шаруалардың отарлауы XIX ғ. Соңғы он жылында және ХХғ басында Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты ерекше күшейді. Небір 46 жылдың ішінде (1871 -1917 ж.ж) өлкеге 1,6 млн. Адам келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жылдарға келеді. Осының салдарынан XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлтың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дүнген, тәжік, еврей және т.б . бар еді.
1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 проценті қазақ, 20,6 проценті-орыс, 13,9 процент-украйн ,2,1 процент-өзбек, 1,3 процент -татар, 1,0 процент-ұйғыр, 0,8 процент-неміс және т.б.
1928-1934 ж.ж Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпенді және жартылай көшпелді елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізуі салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украйндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бойынша 1929-1938ж.ж. 2610 мың қазақ қырылды, 1935-1938 ж.ж. әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 2750 мың адам болды.
1928-1930 ж.ж. ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940ж. Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордавия, Чувашия, Татарстан жэне басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды.
30 ж.ж. ақырында бірсыпыра этностық топтардың жер аудару басталды, олардың бір бөлігі Қазақстанға жер аударылды. 1937 ж. қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Қазақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзірбайжан, курд, армиян отбасылары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.
1939 ж. халық санағы
бойынша қазақтардың үлес
Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2%-ке жетті. Немістер 1,5%-ке, корейлер 1,6, белорустар 0,5% болды.
Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 ливан және т.б. тұратын. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944-1945 ж.ж. көшіп келді. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн.адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді.