ТМД елдері халқына сипаттама жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 22:03, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі өзекті тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде ТМД елдернің халқының саны жылдан-жылға азайып, табиғи өсім төмендеуде. Мұндағы негізігі мәселе табиғи өсім деңгейін көтеру, ал оны көтеру үшін ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру қажет. Қазіргі кезде ТМД елдерінде 450 млн. жуық халық тұрады, бірақ олар әркелкі орналасып, өздерінің тілдік, этностық, діни құрамы бойынша әркелкі орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................

1
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама........................................................……………………
1.1.
1.2.
ТМД халқының өсу динамикасы...................................................
ТМД халқының жастық-жыныстық құрамы.................................
2.
Қазақстанның халқына жалпы сипаттама..............................
2.1.
Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы.................
2.2
Халықының жастық-жыныстық құрамы.......................................
2.3
Қазақстандағы демографиялық детерменизм...............................
3
Қазақстан Республикасының демографиялық мәселелері


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ТМД-ЕЛДЕРІ-ХАЛҚЫНА-СИПАТТАМА.doc

— 212.00 Кб (Скачать файл)

        Эмиграцияның, халықтың табиғи өсімінің, өлім-жетімінің нәтижесінде тұратын  шығыс халықтарының үлес салмағының өсуі мен қаладағы еуропалық ұлттардың үлесінің  азаюына әкеліп соқты. Мәселен түркі тектес халықтар 1982 ж 23%-дан 2002 жылы 65 жетті. Алдағы кезеңде, яғни 2010  ж қарай олар барлық Қазақстан халқының төрттен үш бөлігінен астамын құрайтын болады.

        Қазақстандағы демографиялық   ақуалдың өзгеріс құрылымының  маңыздылығы соншалық, бұл деректердің  өздері еліміздегі этнодемографиялық  тенденцияны айқындайды. Депопуляция  мен көші-қонның  әсерінен еуропалық  ұлттар соңғы он жыл ішінде 2,1 млн адамға азайып, шығыс халықтары керісінше 1,6 млн адамға ұлғайған. Халықтың ұлттық-этникалық құрамы күрделі өзгерістерге ұшырады. Егер де қазақ халқыынң өсімі 1488,1 мың адам және 22,9% құраса, ал оның Ресупблика халқының арасындағы үлес салмағы 40,1%-дан 53,4%-ға өсті. Өз кедергінде орыстар-1582,4 мың адамға (26,1%), немістер-593,5 мың адамға (62,7%), украйндар-328,6 мың адамға (7,5%), татарлар-71,7 мың адамға (22,4%), белорустар-66 мың (37,1%) арасында табиғи өсім кеңінен байқалуда. Мыс: Күрдтер-29,1%, дүнгендер-23,3%, ұйғырлар-15,9%, өзбектер-12%-ға сондай-ақ түріктер мен әзербайжандардың да өсуі белең алуда.

Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9км2) болғанымен, сирек қоныстанған елге жатады. Оның терроториясының 1 км2-ге 5,5 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер-Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары.

        Мұнда Республика тұрғындарының  37,8%-і орналасқан, тұрғындар тығыздығы  1км2 16,9  6,9 және 7 адамнан келеді.

Салыстырмалы түрде  тұрғын көп келесі аймақ Солтүстік Қазақстан-Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының аумағы, мұнда ел тұрғындарының 24,8%-і орналасқан, тұрғындарының тығыздығы 1км2-ге 5,2, 7,4, 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда Республика тұрғындарының 10,2%-і тұрады, тұрғындар тығыздығы 1км2-5,4 адамнан келеді. Ең аз қоныстанған аудандар Батыс аймақтар-Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстандағы Қызылорда облысы. Мұнда халықтың 17,7% орналасқан, 1км2 келетін орташа тығыздығы, тиісінше 1,9, 3,7, 4,1, 2,3 және 2,6 адамнан келді.

1999 жылғы  санақ  жүргізілген ккезде Қазақстан  Республикасының әкімшілік-терроториялық  бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық  бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ  және 7684 ауылдың елді меккендер  кіреді. Ресми статистикалық мәлімсеттер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і  қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.

Әдетте қазақтар көпшілік жағдайы ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың  қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.

        Консульдық қызмет департаменті басқармасының соңғы жедел мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.

Қазақтардың 2000 жылдың басындағы  барлық саны:

Қазақстанның өзінде 8 млн 590  мың.

Бұрынғы посткеңестік, Қазіргі  дербес республикаларда 3 млн 837 мың.

Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999  жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен  метистері қосқанда исі қазақ  саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталисті анықталмаған ділі шала қазақтар.

Олардың орналасуы бойында  санын көрсетсек: Алыс шетелдерде және жақын шет елдердегі қазақтар.

 

Жақын шет елдерде.

 

Өзбекстанда                        2560 мың

Ресейде                               1000 мың

Түркіменстанда                 140  мың

Қырғыстанда                      95 мың

Украйнада                          15 мың

Белоруссияда                     5 мың

Азербайжанда                    4 мың

Грузияда                             3  мың

Молавада                            3 мың

Прибалтикада                    2,5 мың.

 

Алыс шет елдерде.

 

Қытайда                           2000 мың

Монғолияда                    100 мың

Ауғанстанда                    30 мың

Түркияда                         25 мың

АҚШ-та                          14 мың

Иранда                            10 мың

Алманияда                      9 мың

Канадада                         7  мың 

Францияда                      9 мың

Иракта                             5 мың

 

Алыс және жақын шетелдегі қандастарымыздың саны 6 млн 100 мың (метис пен маргиналдарымызбан бірге).

        Қазақстанға миграциялық ағым  осы Республика мен елдер жағынан  біртіндеп күшейе түсуде.

        Біздің есептеуіміз бойынша соғыстан  бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре отырып 2020-2030 жылдары қазақтың етек жеңі біршама жиналып қалады. Біздің есептеуіміз бойынша алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғоиядан 130 мыңға жетерлік бауырларымыз көшіп келген екен.

Осындай миграцияның 12-17 мыңдық мөлшері жыл сайын алда сақтала бермек.

Дәл бүгінгі күні жыл  сайын бұрынғы Одақтас Республикалардан Қазақстанға 10-15 мыңға жық қазақтар қайтып оралуда. Ол 1992 ж 24 мыңға дейін жетті. Алда осы сияқты өз еліне береке молшылық ала келетін “Майтабандар” көші-қоны бұданда кең етек жояды. Бұл қозғалыс жақын болашақта Республикамыздағы қазақтар саны келесі ғасырдың ортасына дейін 4-5 млн қомақты үлес қоса алады.

Қазіргі таңда Президенгтіміздің  жолдауы бойынша әр жыл сайын  мемлекеттік квотаның көлемін кең  дегенде 15 мыңның үстінде ұстап отырып, экономикамыздың дамуына орай квоталар санын бұдан 2 есеге көбейту жоспарланып отыр.

Шет елдердегі қандастарымызды  елге көшіріп әкелумен демографиялық  мәселені шеше алмаймыз. Демографияның  басты локомативті бұл табиғи өсім болуда. Халықтың динамикасы мен  құрылымы ерекшелігін анықтайтын негізгі  элементі туу болып табылады. Қазіргі кезеңде туу мыналармен анықталынады:

-1988 жылдан бастап туу-дың  жалпы деңгейінің төмендеуге  едәуір қарқыны болды. Тек 1990ж  дейінгі төмендеудің жалпы қарқыны  9,3%-ды құрады. Бұл тікелеу әлеуметтік  жағдайларға байланысты болды.

-Әйелдердің жас айырмашылығы тікелеу әлеуметтік жағдайларға байланысты болды.

-Әйелдердің жас айырмашылығына  сай туу мүмкіндігі  дәрежесінің  төмендеуі 30 жастан бастап күрт  төмендеуі (1996жылғы статистикалық  мәлімет бойынша әйелдердің 30-34 жас  аралығында туу мүмкіндігі 20-24 және 25-29 жастан салыстырғанда төмен болып келеді.)

-Әйелдердің туу мүмкіндігінің  тек орыс әйелдері ғана емес, сонымен бірге қазақ әйелдерінің  арасындала төмендеуі. Мысалы:1996ж  статистикалық мәлімет бойынша  Қазақ әйелдерінің туу қабілеті  негізінде 35 жасқа дейін аяяқталады (бала тууының әйелдерінің туу қабілеті 30 жасқа таман аяқталады. (Барлық туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі амаларға келеді) мұндай тенденция қалаға да, ауылғада тән.

-Жанұядағы бала санының  қысқаруы. Орыстар негізінде қалалық  қоныстарда екі баламен және ауылда 3 баламен шектеледі. Қазақ әйелі негізінде қалалық қоныстарда үш баламен (90,0%) және ауылда төрт баламен (91,4%) шекелуде.

-Әйелдердің арасында  аборттың көбеюі. Мыс: 1992-93 жылдары  Республика бойынша қазақ әйелдері  әр жыл сайын орта есеппен 200мың бала туса, оның есесіне ішке біткен 100мың шақалақ абортқа ұшыраған, ал 30мың әйел тумаудың амалын жасап, жатырына “сақиналатқан”.Егер мұндай шектеулерге үзілді-кесілді тиым салынса, жыл сайынғы туған балалар саны кемінде 25 мыңға дейін көтеріп тастауға әбден мүмкіндік бар.

                             4.Демографиялыќ болжам

        Кез-келген ғылымының құндылығы  болашақты білу қабілетімен бағасы-демография  негізінен халық санына байланысты  болжамға құрылатын ғылым. Болжам  қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Демография азды-көпті нақты болжамды 25-30 жыл алдын-ала беруі мүмкін. Ал бұл уақытта алдыңғы буын аға ұрпақ өкінішке қарай тұтастай болмасада біртіндеп кеми бермек. Демографиялық болжам ары кеткенде 20-15-10-5 жылға яғни қысқа мерзімі қамағат тұтатын саяяси, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық болжамдардан озық тұрады. өтен шақтағы өсіммен салыстырғанда, келешекте халықтың кемуі ұзаққа созылады жәгне мехнизмінен аңғарғандай оның өз заңдылығы бар-қарапайым орын алмастырудан (1-2бала) көп төмен тұрған бала туудың әлсіз жағдайында қатты қартайған халықтың табиғи кемуі-сәйкес емес.

Егер екінші мыңжылдық  жер шарының барлық түкпіріне  халықтар қоныстанғандықтан “Нomo sapiens”  деп аталса, онда соңғы ХХ ғасыр  Адамзат баласының санының тез өсуімен сипатталады. Адамзат баласының санының тез өсуімен сипатталады әлем халықтарының саны 4есе көбейеді. Адамзат санының 6млрд-қа жетуі ең аза мерзім ішінде өсті, небары-11 жылда. (1988-1999).

        Алайда, сөзсіз болатын абсолютті тығыздықтағы баяу депопуляцияны еңсеру қажет және сол арқылы барлық халық міндетті түрде көпбалалыққа (1-2 баладан) біртіндеп көшеді. Бұл яғни, адамдардың демографиялық іс-әрекеттерінің ғаламдық өзгеріске ұшырауы хақында 1999 жылдың қазан айында адам санының 6млрд-қа көбеюіне байланысты “Almaty Times” газітне алғашқы рет жазған болатын.

әлемдік “демографиялық жаратылыс” алдымен словян тілдлес  халықтарды, әсіресе оның ішінде орыстарды  шарпыса, одан кейін демографиялық  жарылыс үлкен қуатпен түркі  тілдес халықтарды, оның ішінде 1 кезекте Османдық түріктерді қамтыды. Одан көп кейін мұндай халықтардың жылдамдатылған өсімін қазақтар, сонан соң да  Орталық Азия халықтары бастан кешті.

Жуық аоада 2010 жыл олардың  саны-теңеседі, осыдан 50жыл бұрын  словяндардың саны 3 есе көп болса, ал 80 жылдан кейін керісінше түркілер 2 есеге дейін өседі, кейінен де православиеліктер мен түркітілдес  этностардың ақырғы және шешуші позициялары  бірдей болып келеді. Бұл кереғарлықта халықтардың даму заңдылығы терең жасырынып жатыр. Орталық Азия немесе Түркістан территориясы 6 млн км2  құрайтын бір тұтас этномәдениетті аймақ болып табылады.

Шығыс және оңтүстік бөліктерін қоса есептеген халықтарының саны 75млн адамға шейін жетеді.

Орталық Азия халықтарының қатарына өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз және қарақалпақ т.б. түркі халықтары  жатады.

Демографиялық болжамның  қазқақ ұлының 2030 жылға дейінгі болжамын берсек:

1979-2030жылдары.

1979ж (санақ)-5289, 1989ж  (санақ)-6497. 1999ж (санақ)-7985, 2005ж (санақ)-8650, 2010ж (қысқа мерзімді) –9300, 2020ж (орта мерзімді)-10700, 2030ж, (ұзақ мерзімді)-12000.

Бұл сандарды көре отырып біз қазақтардың 70%-ды құрайтын болады. Демографиямыздың күміс кезеңін  оралмандар мен ішкі табиғи өсіім беріп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       ТМД елдерінде қазіргі таңда  демографиялық жарылыс мәселесінен  гөрі демографиялық дағдарыс  мәселесі алдыңғы орында тұр.

     Негізі  проблема халық санының бар  ресурстарға қатынасында  болып  тұр. Қазіргі ұдайы өсу деңгейі мемлекеттердің білім бері, денсаулық сақтау және өнімділігіне қауіп төндіреді. Сондықтан дамушы елдердің мақсаты туу деңгейін қадағалайтын саясатты дұрыс жүргізу, ресурстарды үнемді пайдалану, әлеуметтік қауіпсіздікті сақтау болып келеді.

    Ғалымдардың болжамы бойынша 2100 жылы біздің планетамызда хылық саны 40 млрд. адам, ал тығызыдығы 1 км2-ге 120 адамнан келеді. Олар бұл проблемадан шығудың басты амалы адамдарды өз еркімен және күштеп бала туудан бас тартқызу деп санайды.

    Біздің  мемлекетіміз Қазақстанның негізгі демографиялық саясаты- өмір сүру деңгейін жақсарту, соның ішінде демографиялық көрсеткіштердің сапасын көтеру. Сонымен қатар, адамдардың тұрмысының жақсаруы, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтауды қарастыру, айналадағы ортаның сапасының жақсаруы болып келеді.

    Қорытындылай  келгенде, адамзаттың негізгі проблемасы  демографиялық проблема екеніне  көзіміз жетті. Біздің ойымызша, дүние жүзінің көзі бұл проблемаға  жетсе де және біздің ұрпақ  бұл ісіті қолға алып, айналадағы  ортаны ластануын тоқтатып, табиғи ресурстарды үнемді пайдалансақ, келешекте осы проблема жоғалып кетпесе де, бізге төнген осы қауіпті жойып, мүмкіндік үлесінің санын кемітуге болады. Барлық ұрпақатр осы проблеман шешіуді өз мақсаты етіп алдына қойса, дұрыс шараларды қабылдап біріксе, бұл проблема шешілуге тиіс.

Қазақстан - көп ұлтты  мемлекет. Қазақстанда 130-дан астам  ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Солардың отанына айналған біздің кең  байтақ еліміз қашан да өзге ұлт  өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға дайын. Қазақстан халықтарының өсіп-өну процесін бақылап, зерттеу демограф ғалымдардың еншісінде.

Қазақстандағы соңғы  санақтың өткеніне де бес жыл өтті. Бұл жылдардағы экономикалық-әлеуметтік салалардағы өзгерістер ғылымның зерттейтін обьектісіне елеулі өзгерістер енгізетіндей болды. Сондықтан да өз басым Қазақстанның ұлттық құрамындағы жағдайдың өзгерістер барысын ұдайы қадағалап, сараптап, ғылыми ақыл таразысынан өткізіп отырамын дейді белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімов. Биылғы зерттеу жұмысы да сол үйреншікті жұмыстың бір саласы. Егер оның нәтижесі қандай деген сұраққа жауап берер болсақ, ол "көңіл көншітпейді" деген сөз болып шығады. Бір этноста болмашы өсу болса, келесісінде азаю орын алған, нәтижесі бізді қанағаттандырмайтын жағдай. Сондықтан мемлекеттік деңгейде бір шұғыл шара қолданбасақ демографиялық жағдай көңіл қуантардай болады деу бос сөз болып шығады. Әлі күнге дейін табиғи өсімнің азаюы түйінді мәселе қалпында қалып отыр. Балалар тууының азаюы халықтың қалыпты өсімін тежеуішке айналған. Тұрғындардың орта жасының өсіміне орай бала мен ана өлімі азайса да өлім көбейген. Бұл нәтижелер Қазақстанда этнодемографиялық жағдайдың мол өзгерістері жалғасып жатыр дегенімізбен ақырындап болса да нағыз еуроазиялық мемлекетке айналып барамыз. Бізде де еуропалық этностар тууды дәстүрлі түрде шектеуіне байланысты олардың елден кетуі азайғанымен саны кеміп барады. Бұл шамамен 35 мың адам немесе үлкен бір майданда кездесетін шығын. Елімізден негізінен еңбекке жарамды жастар кетіп, кәрілер қалуда. Бұл республика тұрғындарының орта жасын ұлғайтып, өлімді көбейтуде, тууды азайтуда. Тұрғындардың шығыстық саналатын бөлігінде де аймағымыз үшін дәстүрлі болып саналатын көп балалы отбасыларының саны азайып кетті. Олар да еуропалықтар соңынан ергендер. Бұлардың қай-қайсысы да еліміз үшін ойласарлық жағдай.

Информация о работе ТМД елдері халқына сипаттама жасау