Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 12:56, реферат

Краткое описание

Тұран ойпатының климатының жалпы ерекшіліктері факторлары. Тұран жазығынын климатының қалыптасуына төмендегі факторлар әсер етеді.
- біршама төменгі және орта еңдіктерде отналасуына байланысты раациялық баланстың мөлшерінің жоғары болуы;
- атмосфералық циркуляциясының үрдістеріне әсер ететін жер бедерінің тегіс болуы.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат география.docx

— 44.27 Кб (Скачать файл)

 

Арал теңізі.    

Арал теңізі-жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған.Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Амударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.

Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда ,тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші,ал дүние жүзінде төртінші (Каспий,Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл, Африкадағы Виктория көлінен кейін)орын алатын көл. Қазақстан мен (Қызылорда, Ақтөбе обылыстары) Өзбекстан елдері арасында, Үстірттің солтүстік-шығыс  шетінде орналасқан. 1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит денгейінен  53 м биіктікте жатқан. Ауданы 66 мың км², суының көлемі 1064 км³ болатын. Ұзындығы 428 км,ені 235 км еді.Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына  үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер –Сырдария 1974 жылдан және Амудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды.Арал теңізінде ірілі –ұсақты 1100 аралдар тобы болатың, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті. Кезіндегі ең  ірілері: Көкарал, Барсакелмес аралдары келмеске кетті. Ұзақ уақыт аралында КСРО-ның бактериологиялық қаруын сынау алаңы болған.

   Арал теңізінің Қазақстанға қарайтын бөлігінің жағалауы әр түрлі.Батысы Үстіртке тірелетің жағалауы жарқабақты, биік (190 м)  және аз тілімденген. Теңіздің Қазақстандық солтүстік жағалауы өзен-жылғалардың құрғақ аңғарлармен, ішке кіріп жатқан шығанақтармен тілімделген, Арал маңы Қарақұмы мен Үлкен, Кіші  Борсық құмдарына жалғасады.Қалған бөлігінің жағасы ойпатты, құмды, жазық, ұсақ аралдар мен шығанақтардан тұрады.

  Арал теңізі орналасқан өңірдің климаты шұғыл континентті, құрғақ, шілде айының орташа температурасы +24°+26°С, ең жоғарғы температура +45°С. Қаңтар айының орташа температурасы оңтүстік батыста -6°-8°С, солтүстік және солтүстік-шығыста -11°-12°С, төменгі температура -38°С. Қыста теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі  қатып жатады. Жылдық жауын-шашын оңтүстік-батыста 100 мм, солтүстік шығыста 125-130 мм.

    Арал теңізінің тұздылығы табиғи жағдайда 9-11% болатын. Соңғы 40 жылда суармалы жер ұлғайды, Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендері пайда болды. Соған байланысты теңіздің тұздылығы 35%-ге жетті.

   Теңіз суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25м. Теңіз суы тұнық. Арал теңізінде органикалық дүние Каспий теңізіне қарағанда әлқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі бар. Кәсіпшілігі жөнінен неғұрлым құндылары: бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық салақасын атауға болады.

  Қазақстан мен Өзбекстанның мақта және күріш егістігіне өзендердің суын қарқынды пайдалану себебінен Арал теңізінің денгейі едәуір төмендеді. Алып жатқан ауданы 40 мың км²-ге кеміді. Теңіз Үлкен Арал және Кіші Арал болып екіге бөлінеді. Теңіз жағалауы 100-150 км – дей шегінді.Теңіз түбі сор,сортанға айналуда. Тартылған теңіз жағалауын тұз бен құм жауып жатыр.

Арал теңізінің тартылуына байланысты экологиалық жағдай асқына түсуде, егістік жерлер мен мал жайылымдарын құм мен тұз басып пайдаланудан қалды. Бұл жерлерде 1950-1990 жылдар арасында шаңды дауылдардың жиілігі 60 есе көбейді. Кеуіп кеткен теңіз түбінен жылына 200 млн  тонна көтерілген улы-тұзды шаң-тзаң ауаға таралады. Егістік жер мен жайылымдарды уландырды, біраз жерді сортанға айналдырды.Табиғи ортаны азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына біраз зардабын тигізіп отыр.  1994 жылы Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экологиялық аймағының басшылығымен бірінші рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992).1998 жылы Амстердамда  22 мемлекет қатысқан «Қоршаған орта және балалар» проблемасына арналған Халықаралық конгресте Арал балаларының денсаулығы мәселелері қаралды.

     Арал теңізі туралы күн тәртібінде  тұрған мәселенің бірі-егістерді суландыруға жұмсалатын суды үнемдеу. Тұздың ұшуын азайтатын,  топырақты бекітетін өсімдіктер егу, бірыңғай мақтадан басқа да мәдени дақылдарды өсіру,жергілікті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері де өткір қойылып отыр.       

2.2. Ішкі сулары, топырағы

2.2.1. Торғай  үстірті.

Торғай үстірті оңтүстік Орал мен Мұғалжардың шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен шектеседі. Ол палезой іргетасы жер бетіне жақын жатқан эпигерциндік платформаның шеткі бөлігі болып табылады. Тектоникалық тұрғыдан Батыс Сібір мен Тұран плиталарын бір – бірімен жалғастыратын Торғай синиклизасы күрделендіреді. Оның ені 40-50 шақырымнан аспайды. Солтүстіктен оңтүстікке меридианальды бағытта созылып жатыр. Оңтүстігінде кеңейіп біртіндеп Торғай ойысына ұласады. Торғай қолатының абсалюттік биіктігі 100-125 метр аралығында ауытқиды. Қолаттағы обаған, Торғай өзендерінің алабында құсмұрын шошқалы сияқты көптеген көлдер жүйесі бар. Қолаттың табаны ежелгі алювиальды және көлдік алювиальды шөгінділерден тұрады. Торғай қолатының батысы мен шығысында абсалют биіктік біртіндеп 200 кейде 300 метрге дейін көтеріледі. Торғай үстіртінің іргетасының бетін көлденең түзу қабаттасып жатқан палеогеннің теңіздік тұзды – сазды және неогеннің көлдік – албвиальды құмды шөгінділері жауып жатыр.

Торғай үстіртінің солтүстік бөлігі нашар тілімделгендіктен аласа төбелі жонды, саяз көлді ойыстар мен төбесі текшелі дөңдер тән. Үстірттің дөңесті қалдық төбелерінің араларын бөліп жатқан ежелгі ескі өзен арналары болып табылатын сайлар мен жыралар тобымен тілімделген. Тегістелген ойыстарында тұзды көлдер мен сорлар пайда болған.

Торғай үстіртінің Атлант мұхитынан алыс жатуына байланысты климат шұғыл континентті. Қысы суық әрі қатал, жазы ыстық, көктем мен күзі қысқа температураның тәуліктік және жылдық ауытқу амплетудасы жоғары. Жауын – шашынның орташа мөлшері солтүстігінде 300-350мм, оңтүстігінде 200-250мм аралығында ауытқиды. Температураның солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артуына орай жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері кеміп булану артады. 50° с.е. аралығында қыста Азия антициклонының батыс тармағы өтетіндіктен қыста температура күрт төмендеп ашық аязды күндер қалыптасады. Осыған орай қаңтардың орташа температурасы – 17 - 18°С кей күндері температура – 30 - 40°С төмендейді. Жазда температура + 20...+24°С дейін +35°С дейін көтеріледі. Жазда Торғай үстіртіне Орта Азиялық тропиктік ауа массалары енгенде ыстық құрғақ ашық ауа райы қалыптасады. Жазда жауын – шашын қоңыржай және тропиктік ауа массаларының аралығында қалыптасатын полярлық фронтық әсерінен түзіледі. Сәуір мен қазан аралығындағы жылы кезеңде 200-2500мм дейін жауын – шашын түседі. [2;3]     

Жаздың екінші жартысында ашық ыстық антиарттикалық ауа массалары енгенде үсік жүреді. 10°С жоғары жылы кезең 110-120 күнге дейін созылады. 10°С жоғары температураның жиынтығы 2200-3000. Торғай үстіртіндегі температура жағдайы жаздық бидайдың қатты сортын, тарыны, арпаны, зығыр мен күнбағысты өсіруге қолайлы. Торғай үстіртінің тобыл ырғыз өзендерінің алабына жатады. Еріген қар жаңбыр суымен қоректенеді. Ылғалдық жетіспеуіне байланысты өзендер аз сулы болып келеді. Ағынының 80-90% көктемде ағып өтетіндіктен жазда көпшілігі кеуіп қалады. Тасыған кезде өзен сулары минералдық құрамы жағынан гидро корбанатты – кальцитінде жатса, ағыны азайған сайын құрамындағы минералдары артып хлоридті – натрилі ащы – тұздыға айналады. Өзендері кеме қатынасына қолайсыз болғанымен ауыз суымен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Өзендері мен көлдері негізінен көктемгі еріген қар жаңбыр суларының есебінен қоректенеді. Жазда олардың деңгейлері күрт төмен түседі. Көлдердің деңгейлерінің ауытқуы жауын – шашынның мөлшерінің ауытқуларымен тығыз байланысты.

Торғай үстіртінде жарық шақты және қабат аралық жерасты сулары кең тараған. Жарық шақты сулар палеозой эрасының тау жыныстарындағы тектоникалық жарық шақтарда шоғырланған. Судың мол қоры гранитцидтар мен әктастардағы дарықтарда кездеседі. Әсіресе жоғарғы девонның кремниленген әктасты жыныстарында жарық шақты - карстлы жерасты суы кең тараған. Олардың қоректенуі көктемгі еріген қар суының тау жыныстарына сіңуінің есебінен жүреді. Негізінен пайдалануға жарайтын тұщы сулар басым. Қиыршық тасты жыныстардан өткенде олар тұздануы да мүмкін.

Қабат аралық сулар палеоген, неоген және төрттік дәуірлерінің ысырынды шөгінділері басып жатқан ежелгі аңғарларда тараған. Олардың қоректенуі мен шығыны жарық шақты сулардыкімен бердей.

 

2.3.2. Маңғыстау таулы үстірті  және Тауқыр.

Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр Тұран эпигерциндік платформасының шеткі аймағының қатпарлы негіздерінің көтерілуі нәтижесінде түзілген Мезокайназойдың жабын қабаты болып табылады. Қатпарлы негіздің тау жыныстары Маңғыстау таулы үстіртінің орталық бөлігі Қаратау мен оның оңтүстік шығысындағы Тауқыр жүйесіне кіретін Қызылқияда жер бетіне шығып жатыр. таулы үстірті ядросы жоғарғы пермь, тряс, юра дәуірлерінің тау жыныстарынан тұратын антиклинальды қатпарлы құрылым болып табылады. [2;3] 

Қатпарлану аймағында көтерілулер мен төмен түсулер қатар жүруіне байланысты герцин көтерілуінің нәтижесінде түзілген Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушық таулары қатар жатыр. Олардың аралықтарын синклинорилер бөліп жатыр. Батыс Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде антиклинальдың қанаттарында түзілген бор дәуірінің жыныстарынан тұратын моноклинальды солтүстік және оңтүстік Ақтау жоталары орналасқан. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі  Бесшоқы. Оның абсалюттік биіктігі 556 мерт.

Қаратау мен Ақтаудың аралықтарын бөліп жатқан тауаралық аңғарлар төменгі бордың саздары мен құм тастары жер бетіне шығып жатыр. Олар диаметрі 2 кей жерлерде 3 метрге дейін жететін шарлы құралымдар түзеді. Құмтастардың үгіліп, құрамындағы құмның бөлінуі нәтижесінде конкрециялар жер бетіне шығып үрленген шар тәрізді құрылымдар түзді.

Маңғыстау тауларының сыртында абсалют биіктігі 150-175 метрден аспайтын терең әрі тұйық сорлы ойыстар түзетін әктасты үстірттер алып жатыр. Онда дүние жүзіндегі терең ойыстардың бірі Қарақия (- 132м) орналасқан. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде Жетібай, Өзен кен орындарында мұнай мен газ табылған. Маңғыстау тауларының солтүстігі біртіндеп бозащы мойпатты түбегіне ұласады. Онда да мұнай мен газдың мол қоры бар.

Маңғыстау таулыүстірті солтүстік шөл зонасына жатады. Оның біршама бөлігін сазды, сортаң, тасты және құмды шөлдер алып жатыр. Түбектің солтүстік бөлігін жусанды сазды шөлдер алып жатыр. Өсімдік жамылғысында жусанның солтүстік Тұран түрлері мен сортаң шөптер, бұйырғын мен бпялыштар басым болып келеді. Оңтүстік бөлігінде сазды шөлдермен үйлесіп отыратын сортаң шөлдер басым. Олардың аралығында өсімдіктер жамылғысы жоқ Қарақия, Қауынды қырлы жарық ойстары бар. Негізгі өсімдіктері сортаң тұзды топырақта өсуге бейімделген сары сазан, сортаң шөп. Маңғыстау тауларының басым бөлігін тасты субстратта қалыптасқан тасты шөлдер алшып жатыр. Онда биіктік белдеуліліктің заңдылықтары да байқалады. Біршама биік бөлігі Бесшоқы маңында шөлдер біртіндеп шөлейтке ұласады. Тауқыр жүйесі өзінің құрылысы жағынан Маңғыстау тауларына ұқсас. Онда антиклинальды ірге тасының негізі ортапалеозойдың, пери мен триастың тау жыныстарынан тұратын қатпарлы құрылым болып табылады. Маңғыстау тауынан айырмашылығы қатпарлы солтүстік шығыс тармағы палеоген мен неогеннің сазды жыныстарынан құралған.

Торғайдың далалы және шөлейтті жазығы.

Торғай жазығы батыста – Мұғалжар мен Оңтүстік Урал және шығыста Қазақтың ұсақ шоқылығы арасында орналасқан. Солтүстікте жазық Батыс Сібір жазығымен, ал оңтүстікте Тұран ойпатымен ұласып жатыр. Торғай жазығы – аса көлемді Тұран және Батыс Сібір ойпаттарына қарағанда көтеріңкі жазық. Жалпы алғанда тегіс алқаптың аясында беткейлері тік, қысқа, жайпақ төбелі қалдық таулар – «сандық таулар» айрықша көзге түседі, сол қалдық таулардың арасында түбі кең, жайпақ құрғақ аңғарлар созылып жатыр, үлкен тегіс учаскелерге барып тірелетін текшелер де жиі кездеседі. Жаз кезінде өсімдік қурап кетеді, жазық ашық, құқыл сарғыш, қоңырқай реңге енеді. Рельефінің текшелілігі жақсы байқалады.

Торғай жазығының бүгінгі бейнесі, оның көптеген құрғақ аңғарлар мен қолаттары, толып жатқан үзік – үзік сандық таулары бар шайынды жер беті қазіргі климаттың жағдайларына сәйкес келмейді, қайта қалдық түзілім түрінде көрінеді. Торғай жазығы бетінің шайылуы төрттік дәуірде, артық ылғалдылық пен Батыс Сібір жазығы жағынан, солтүстіктен келетін еріген мұздық суларының мүмкін болған ағысы кезеңінде болған. Міне, сол кезде Торғай жазығының бетін тілімдеген аңғарлар жүйесінің тарамдалуы болды. Алайда үзік – үзік сандық таулар ландшафтысының қалыптасуы жызықтықтың эрозиялық тілімделуінің үштік жыныстардың горизонталь жатқан қабаттарының шайылуымен бірге жүргендігімен түсіндіріледі. Торғай жазығы аумағындағы қатпарлы палеозой фундаменті төмен түскен алқапты Арал – Торғай ойысы алып жатыр.

Торғай жазығының оңтүстік бөлігінде бетегелі – жусанды шөлейт, ал солтүстігінде бозды – бетегелі алқап басым. Жазық, әрі тұзды болып келуінің салдарынан бүкіл территорияда галофиттер кең тараған. Оңтүстік бөлігінде жусан – ақ, қара және боз жусан өте көп. Бұл бөліктегі сортаңдар территорияның жартысына жуығын алып жатыр. Бұларда сораң шөптер – көкпек, бұйырғын және басқалар басым. Солтүстігінде Лессингтің бетегесі, сарептский, көптеп ақ жусан, бидайық кездеседі.

Маңғыстаудың аласа таулы шөлі

Маңғыстау түбегі Каспий теңізінің шығыс жағасының аумақты тұмсығы болып табылады. Орталық бөлігі – Маңғыстау – бір ғана антиклинальды қатпарлықтан құралған шағын таулы үстірт; оның шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан оң қанаты қосымша қатпарлықпен күрделене түскен. Таулы қырат жоталардың жай ғана жүйесінен тұрады: орталығында Қаратау жотасы созылып жатыр, ал Қаратауды бойлап солтүстіктен және оңтүстіктен Ақтаудың Солтүстік және Оңтүстік жоталары созылып жатыр.

Қаратау жотасының үсті ені 3-9км, кей жерлерінде қалдық шоқылары сақталған, толқындалып жатқан үстірт тәрізді болып келеді. Үстірт толып жатқан тік, кейде шаншылған тік беткейлі жыра – сайлармен тілімделген. Қаратаудың оңтүстік беткейіне параллель оңтүстік Ақтау – батыс пен солтүстікке қарай шұғыл бұрылыс жасайтын енсіз жота созылып жатыр; оны жыра – сайлар тіке кесіп өтеді.

Информация о работе Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері