Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 12:56, реферат

Краткое описание

Тұран ойпатының климатының жалпы ерекшіліктері факторлары. Тұран жазығынын климатының қалыптасуына төмендегі факторлар әсер етеді.
- біршама төменгі және орта еңдіктерде отналасуына байланысты раациялық баланстың мөлшерінің жоғары болуы;
- атмосфералық циркуляциясының үрдістеріне әсер ететін жер бедерінің тегіс болуы.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат география.docx

— 44.27 Кб (Скачать файл)

Солтүстік Ақтау Қаратаудан солтүстікке қарай созылып жатыр; Оңтүстік Ақтау сияқты мүның да кейбір жерлерін жыралар тіке кесіп өтеді. Жотаның үсті жон тәрізді, беткейлері тік; солтүстік беткейі жайпақтау келеді, оңтүстігіне қарағанда көбітек тілімделген. Оңтүстік беткейі тым тік, ұсақ жыралар ғана кесіп өтеді, ал солтүстік беткейі терең жыралар жал – жал етіп бөліп тастаған. Солтүстік Ақтаудың беткейлерінде желдің әсерінен пайда болған неше түрлі қызық пішіндер – бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі.

Маңғыстау түбегінің рельефі жыныстардың геологиялық құрылысы және петрографиялық құрамымен тығыз байланысты.  Маңғыстау антиклиналының ядросында тік қатпарларға жиналған триастын шөгінділері жатыр. Осылардан орталық жота – Қаратау құрылған. Антиклинальдың қанаттары юра және бор жыныстарынан түзілген, онда да юра құмтасты – сазды жыныстар, ал бор қатты, тығыз ізбес тастар түрінде болған. Бор жасындағы ізбес тастар антиклинальдың қанаттарына ойысып, жоталар – Оңтүстік және Солтүстік Ақтауды құрады, ал оңай бұзылғыш құмтасты – сазды юра шөгінділері рельефтің ойыс формаларын – Ақтау мен Қаратау жоталары арасындағы «аңғарларды» құрайды.

Маңғыстауда құрылымы өте нашар, көбінесе түйіршігі ірі, сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысында жусан басым, рельефтің ояңдарында сораңдар кездеседі. Маңғыстаудан солтүстікке қарай каспийлік төрттік шөгінділерінен құралған Бозашы түбегінің кең, аласа және тегіс алқабы орналасқан. Түбектің беті қыраңды, сәл толқындалған, солтүстікке қарай біртіндеп аласаратын жазық болып келеді.

Үстірттің шөлді жотасы

Маңғыстаудың түбегі мен Қарабұғаз шығанағынан шығысқа қарай ауданы 200000 км²-ге жуық кең байтақ Үстірт үстірті созылып жатыр. Үстірт барлық жағы дерлік кемерлермен – шыңқылармен бөлінген, ал шығыс жары көп жерінде Арал теңізінің батыс жар қабағын құрайды. Жонның біркелкі жер беті кей тұста ендік немесе меридиан бағытында созылып жатқан толқынды көтерілулермен бұзылады. Бұл жалпақ көтерілімдер арасында ояңдар орналасқан. Мысалы, үстірттің солтүстігінде ендік бойымен Солтүстік Үстірт қырқасы солтүстік шыңқыны бойлай созылып жатыр. Оның абсолюттік биіктігі 200-210м-ге жетеді. Оңтүстікке қарай бұл қырқа жазаңдалып аласарады. Қырқаның өркештері ояң учаскелермен салыстырғанда 25-40м биік болады. Қырқалардың оңтүстігінде Солтүстік Үстірт иіні орналасқан, ол солтүстік қырқаны орталық Үстірт көтерілімінен бөліп тұрады. Осы қазаншұңқырдың бойында Қосбұлақ, Асмантай, Матай, Сам және басқа да сорлар тізбегі бар.

Биіктігі 240 м-ге жететін әжептәуір қырқа Арал теңізінің батыс жағалауын бойлай созылып жатыр. Арал теңізінің оңтүстік – батысына қарай кең ойыс орналасқан, Барсакелместің соры сонда.

Үстірт үстіртінің солтүстік шыңқысы Қайдақ сорынан басталып, оңтүстікке қарайй терең, көбінесе ұзын жыралармен тілімделген ирелеңді тік кемер жасап созылады. Кей жерлерде Үстірттен оқшау үстірттер бөліп шығады. Шығыста шыңқы Шеген өзенінің сағасына қарай созылып барады да, Үлкен Борсық құмдарына жетпей жоғалып кетеді.

Үстірт құрылымы – тектоникасы жағынан көне теңіздер мен көлдер басып жатқан ойыстармен қоршалған үштік таған тау болып есептеледі. Тік жыраларды – шыңқыларды – кей жерлерде үстірттің ежелгі жағалары деп те қарауға болады. Үстірттің шығыс шетінде террасалар табылды. Үстірттің кеңістігі тым құрғақ, жауын – шашынның жылдық мөлшері 100мм-ден аздап қана артады. Үстірттің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Солтүстік, қыратты бөлігіне шөлейттің белгілері тән және көбінесе карбонатты қоңыр топырақпен жабылған. Оңтүстікке таман созылып жатқан «сор» алабының топырағы кеуек, жетілмеген, оны ішінара әр түрлі сұрғылт топыраққа ауысатын топырақ болып жатыр. Орталық және оңтүстік аудандар – сортаңдау гипсті қиыршық тастылау сұрғылт топырақ басқан шөл. Үстірт үстіртінде сораңқы және жусанды шөл тараған, онда жартылай бұта өсімдіктер көп те, бұта және ағаш өсімдіктері – қара сеуілдер өте аз. Микрорельеф өсімдіктердің таралуына тікелей әсер етеді.

Мойынқұм мен Сарыесік атырау шөл жазықтары

Тянь – Шань мен Жоңғар Алатауынан солтүстікке қарай, тау алдындағы жазықтан төмен үлкен құм алқаптары – Мойынқұм, Тайқұм және Сарыесік атырау орналасқан. Мойынқұм Қаратау мен Шу – Іле тауларының арасына жатыр, олар солтүстікте Шу өзенінің аңғарымен шектеседі. Тайқұм құмдары Шу – Іле таулары мен Іле өзені аңғары арасында, ал Сарыесік атырау шығысқа таман орналасқан және таулар мен Балқаш көлінің арасындағы өңірді алып жатыр. Бұл жазықтар шөл зонасының солтүстік аралық зонасын қамтиды.

Мойынқұм бірқатар текшелер жасай отырып, солтүстік бағытта ылдиланады. Шөл қырқалы – төбелі, ұсақ қырқалы және құм төбелі болып келеді. Мойынқұмның солтүстік шетімен Шу өзенінің аңғарына қарай сазды жазық жалғасады. Жазықтың бетін ендік бағытындағы толып жатқан ескі құрғақ арналар кесіп өтеді.

Мойынқұм Шу – талас ойысының аумағында орналасқан. Солтүстікке қарай платформаның қатпарлы палеозой фундаменті тұмсығының оңтүстік беткейінде үштік дәуірдің жыныстарынан құралған Бетпақдала жазығы орналасқан. Мойынқұмның шегінде қатпарлы палеозой фундаменті тағы да тереңдей түсті. Солтүстьік – батыс бөлігінде қатпарлы фундамент Шу өзенінің аңғарында жер бетіне шығады да, тас көмірлі ізбес тастар өзеннің арнасында сарқырамалар жасайды. Шу – Талас ойысы бордың саздақ қабатты және төрттік құмдарымен жабылған төменгі үштік жыныстарының қалың қабаттарымен толтырылған.

Мойынқұм құмдары  бетін жел үріп, рельефтің эолдық формаларының комплексін жасаған ежелгі аллювийлік және флбвиогляциальдық шөгінді болып табылады. Құмның пайда болуы және жиналуы төрттік дәуіріндегі тауларды мұз басуымен байланысты. Сол кезеңде көптеген өзендер Тянь – Шаньның солтүстік жоталарынан ағып түсіп жатты. Олардың суы қазіргіге қарағанда өлшеусіз мол болды, әрі олар Талас пен Шу өзендеріне келіп құятын. Талас өзені Шу өзеніне құйды, Шу өзені Сарысу өзенімен қосылып, содан кейін Шу Сырдарияға барып құйды. Төрттік дәуірінен кейін өзендердің бұл жүйесі өзгерді де, өзендер торы біртіндеп қазіргі қалпына келді. Шу өзенінің қазіргі аңғары жақсы жасалған және беткейлерінде террасалар сериясы бар. Ағындарының азайып, өзендердің оңашалануына байланысты Шу – Талас ойысының толтырылуы жалғаса берді, оның үстіне өзендер шегіне келе, аңғардың ішінде бірқатар атыраулар қалдырып кетті. Балқаш маңындағы құмтасты шөлдер – Тайқұм, Сарыесік атырау мен Аяққұм – Мойынқұм секілді пайда болды. Балқаш маңындағы шөлдер ойысты – Балқаш – Аалакөл опырынды ойысын алып жатыр. Бұл ойыс Шу – Талас ойысынан Шу – Іле тауларын құрайтын қатпарлы палеозой фундаментінің біршама жіңішке мойнағы арқылы бөлінген. Балқаш – Алакөл опырынды ойысы да Шу – Талас ойысы сияқты және онымен бір кезеңде борпылдақ аллювий және флювиогляцаль жыныстарымен толтырылған.

Тянь – Шань және Жоңғар Алатауы жоталарының мұз басуы кезеңінде Балқаш көлі ерекше үлкен болған, Алакөл көлі соған қосылып жатқан. Мұз дәуірінен кейін көлдің көлемі күрт кішірейді, өйткені оның оңтүстік бөлігіндегі қазаншұңқыры шөгінділерге толып қалды, судың деңгейі төмендеп, көл бөліктерге – осы күнгі Балқаш көлі, Сасықкөл және Алакөлдерге бөлініп кетті.

Топырақ жамылғысында қоңыр топырақ мол. Олар өздерінің құрылысы мен құрамы жағынан сұр топыраққа жақын. Қоңыр топырақтың қара шірік қабаты қоңырқай реңді, әрі қуқыл түсті карбонат қабатымен алмасады. Қоңыр топырақтар жеңіл майда топырақты, минералды тұзға бай аналық жыныстарда түзіледі, бұл олардың құнарлылығын қамтамасыз етеді.

Өсімдік жамылғысы өте сирек, 50%-ке жетпейтін жерді жауып жатыр. Мұның өзі топырақтарды аласа өсімдіктердің – қынаның, балдырдың және мүктің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсімдіктердің құрамы рельеф пен грунтқа байланысты өзгеріп отырады. Интрозоналық өсімдіктер өзен аңғарларына тараған. Өзен жайылымдарын тоғайлар алып жатады.

Мойынқұм мен Балқаш маңы шөлдерінің жануарлар дүниесі құмтасты шөлдерге тән жануарлардан тұрады. Бұларда қарақұйрық, қарсақ, түлкі, қасқыр, көптеген кеміргіштер, бауырмен жорғалаушылар кездеседі.

 

 

 

Қорытынды

 

Тұран жазығының қазіргі ланшафтыларының қалыптасуына физикалық географиялық орынының, геологиялық құрылысымен жер бедерінің,климаты мен ішкі суларының әрекетін анықтап,табиғат байлықтарын пайдалану барысында табиғи қоршаған ортаның тепетендігін сақтау,шөлдену топырақ эрозиясы,мен құм көшкінділерін болдырмау мәселесін жолға қою.

Бүгінгі тақырыптың ең өзекті мәселелерінің бірі екеніне көз жеткіздім.

Тұран жазығының 35-53°с.е. аралығында орналасуына байланысты шөлейттермен,шөлдер кең тараған.Жылу менылғалдың таралуына сай шөлдердің өзі солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді.Тұран жазығының 45-48°с.е. аралығындағы солтүстік бөлігінің қоңыржай белдеудегі шөлдері салыстырмалы түрде біршама ылғалды жағдайда қалыптасатындықтан жусанды-әртүрлі шөптесін өсімдіктерге біршама бай жусанды-біртүрлі шөптесін өсімдікті сазды,  астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдікті құмды және баялысита,   көктекті әртүрлі шөптесін өсімдікті тасты шөлдерқалыптасқан.    Тұран жазығының оңтүстік бөлігіндегі субтропиктік шөлдері қысы жылы,жазы ыстық өте құрғақ болуы мен ерекшеленетіндіктен    көк    нәрлі, сарғалдақты, әртүрлі шөптесін өсімдікті эфенерлі шөлдер басым болып келуімен ерекшеленеді: Қатаң әрі шұғыл кантинентті   климат жағдайында ылғалдың сақталуында Тұран жазығының   шөлдерінің субстраты ерекше орын алады.Тұран жазығының беткі   қабатының литологиялық құрамына сай.

Жусанды сортан шөпті сазды,астық тұқымдас әртүрлі шөптесін   өсімдікті құмды псаммофитті баялыситы-көкпекті тастти гифсофитті   жәнесортан шөпті сорлы-галофитті шөлдер қалыптасқан,солардың   ішіндетау жыныстарыныңер екшеліктеріне,ылғалдану жағдайына   сай құмды псаммофитті шөлдер тіршілікке өте бай болып келеді:    Ылғалдану мүмкіндігішектеулі болуына байланысты типсофитті тастышөлдер өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне өте жұтаң болып келеді.

Қазіргі кезенде ғаламдық жылыну үрдісіне табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты Арал маңының шөлденіп құрғап қалған  көл табанынан ұшқан шаңды тұздардың бұлтпен араласып орта Азиямен Қазақстанның топырағын,жер асты суларымен ауаны ластап,қоршаған ортаның тепе тепетеңдігін бұзып адам өміріне қауіп  төндіруде.

Суармалы егіншіліктің жедел дамуы Сырдария мен Амударияның суында тыңайтқыштармен еріген концентрация сының мөлшері шектен тыс артып кетуі Арал маңы халқын ауыз су мен қамтамасыз  ету мәселесін шешіп,көлдің биологиялық байланыстарын орасан зор   нұқсан келтіруде.

Осыған орай орталық Азия республикалары Сырдариямен Амударияның суын үнемдеп пайдаланып суды көп қажет ететіндақылдардың егіс көлемін азайтып өзен суының  Аралға  жеткілікті мөлшерде құйылуын қамтамасыз етіп қазіргі денгейін сақтап қалу мәселесін шешу қажет.

Құм көлдің мұнайын, Бұхараның табиғи газын, басқа да табиғат байлықтарын игеру барысында табиғи тепе-теңдікті сақтау мәселесіне зор мен беру қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Чурахин. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 стр.
  2. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.11 -18.
  3. Бейсенова А.С.  Қазақстанның физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуі.  2002 ж. 25 б.
  4. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969. - С. 100-115.
  5. Бейсенова А.С. исторической основы географического  иследование Казахстана. Алматы; Казтос   ИНТИ, 2001г.
  6. Бейсенова Ә.С. Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. –Алматы: Мектеп, 1990.79-100 б.
  7. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 16-25 б.

 


Информация о работе Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері