Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 13:06, реферат
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы. Бұл тақыоыпты таңдаған себебім – біз, Қазақстан жастары, жоғарғы оқу орнын аяқтағалы отырған түлектер халықаралық деңгейде білімді болуымыз қажет. Ал бұл өз алдына дамыған және дамушы елдердің экономикасы, саясаты, мәдениетімен танысудан басталады. Осы курстық жұмысқа кіріктірілген ізденіс жұмыстарымның, тапқан деректерімнің мақсаты – студенттерге Түркия Республикасының жалпы физикалық және экономикалық географиясы, туризмнің әлемдік даму деңгейі туралы мағлұмат беру.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Жалпы мәліметтер.
1.1. Географиялық орны мен тарихы.
1.2. Табиғат жағдайлары мен пайдалы қазбалары.
1.3. Климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысы.
2. Әлеуметтік-экономикалық географиясы.
2.1. Халқы.
2.2. Өнекәсібі мен ауыл шаруашылығы.
2.3. Транспорты мен ішкі айырмашылықтары.
3. Туризмінің әлемдік экономикадағы орны.
3.1. Әлемдік туризм: түсінігі мен классификациясы.
3.2. Түркияның туристік ресурстары.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Соңғы жылдары
қол жеткізген елдің
Жалпы алғанда қазіргі Түркия сыртқы дамуға бағытталған дамушы елдер қатарында. Соның ішінде (жұмыс күшінің эмиграциясы, шетелдегі жалдамалы құрылыс жұмыстары, көршілес елдермен дәстүрлі шығыс тауарларының-киім, аяқ киім т.б.заттардың ұсақ көтерме саудвсының кеңеюі).
Өнеркәсібі.
Өндіру өнеркәсібі әлі күнге дейін индустриалды секторда екінші деңгейлі рольге ие. Қазіргі кезге дейін пайдалы қазбаларды өндіру мен экспорттауда ешқандай даму байқалған жоқ. Бұрын үлкен сұранысқа ие болған хром қазір экспорттың аз бөлігін қамтиды. Сала жоғарыланған тұтынушылық сұраныстарды қанағаттандыра алмай отыр. Мысалы, жылына тас көмір – 3 млн тонна, қоңыр көмір – 45 млн тонна, темір – 4 млн тонна, мұнай – 4 млн тонна (1995 жыл) қазір түсіп бара жатыр.
Өңдеуші өнеркәсіп 90 жылдардың соңында индустриалды сектор өнімінің 1/3 бөлігін берді. Өндірістің негізгі бөлігі тамақ және жеңіл өнеркәсіпке (35%) тиесілі болды. Текстилдік өндіріс ең жақсы дамыған салалардың бірі. Мұнда өндірістің шоғырлануы мен ірі ұлттық жеке капиталдардың шоғырлануы жоғары. Бұл саланың өнімі үлкен мөлшерде экспортқа АҚШ, Ресейге шығарылады. Түркия 90 жылдары Еуропалық одақтың текстилдегі импорт сұранысын қамтамасыз етті.
Құрылысқа байланысты
өндіріс, қара және түсті металургия,
химия – фармацевтикалық
Жан басына шаққандағы жеке өндіріс өнімі түрлері бойынша (цемент, қара металургия, теледидарлар) Түркия өзінің аудандас көршілерін (Египет, Сирия) басып озады. Кейбір позициялар бойынша Түркия дамыған Еуропалық одақ елдерінен де алда.
Экономиканың маңызды көзі болып мұнай саналады (энорго баланста жартысынан астамы), негізгі көлемді импорттайды; өз өндірісі бойынша сұраныстың тек 12-14%-ын қанағаттандырады. Мұнайды мемлекеттік мұнай өңдеуші зауыттар өңдейді. Мысалы, қосынды қуаттылығы 30 млн тонна мұнайдан асатын Батмак, Қырыққал, Измир, Алиаг, Мерсик қалаларындағы зауыттар. «Петким» (Ярымджа) ірі мұнай химия кешеніне қосымша түрде екінші Алиагтағы мұнай химия кешені іске қосылды. Нәтижесінде мұнай химия өндірісінің өнімі 1/5-ге артты. 80 жылдары елде табиғи газ өндірісі басталды. Газға деген сұраныс Анкара, Стамбул, Измир, Алиаг газ зауыттарының мұнайға ілесе жүретін газдарды өңдеумен қанағаттандырды. 1987 жылы газдың КСРО-дан келуі басталды (1991 жылдан бастап Ресейден), келісім шарт 2012 жылға дейін.
Электрэнергиясы 80 жылдары интенсивті дамыды. Көрсетілген электр станцияларының қуаттылығы 10 жылда 6-16 млн кВт-қа (соның ішінде СЭС-де 34,5%-ға) өсті. Таяу шығыста қолданысқа ірі «Афшин-Элбистан» ЖЭС-і, «Кебан» мен «Каракая» СЭС-і берілді. 1990 жылы Түркияда Евфратта салынған ірі «Ататүрік» бөгенінің құрылысы аяқталды (жылына 8,9 млрд кВт). Бұдан кейін су қоймаларының суға толтырылып, ірі суландыру массивтерінің қалыптасуы басталды. 90 жылдардың соңында жылына 100 млрд кВт – тан астам энергия шығарды. Осыдан кейін Түркия шығыс Еуропаның көршілес елдеріне электроэнергиясын экспорттай бастады (Болгария, Румыния, Албания мен Грузия).
Соңғы 10 жыл жарымда Түркия экологиялық қауіпті қара металургияны жүзеге асыра бастады. Өндіріс 90 жылдар соңында 12 млн тоннаға жетті. Бұл мөлшердің жартысы 3 мемлекеттік кәсіпорынға – Қарабук, Эреглий мен Искендерум толық циклді комбинаттарға тиесілі. Ал екінші жартысы – 15 жеке мини зуыттарға тиесілі. Болат пен прокат Түркия экспортының текстилден кейін екінші тауарына айналды. Басты металургиялық база Зонгулдак – Эреглий таскөмір бассейіндерімен (Қара теңіз жағалауы) және батыс Анатолиядағы қоңыр көмір кен орындарымен байланысты. Сейдишехирде КСРО қолдауымен салынған алюминий өндірісінің кәсәпорны жасақталды. Оның қуаттылығы 1989 жылы – 200 мың тонна глинозем мен 60 мың тонна алюминийге тең болды.
Машина жасауда басты орынды транспорт құралдарын жинау мен өндіру алады. Түркияның авто және трактор жинау өндірісінде «Форд», «Фиат», «Рено», «Мерседес», «Даймлер-бенц», «Бритишмотор», «Крайслер» кешендері жергілікті капитплдарымен қосылып белсенді жұмыс істеуде. Транспорт құралдарын жинау жалпы алғанда үлкен емес және жылдар бойынша үлкен өзгерістерге түседі. 90 жылдардың ортасында шетел лицензиясымен 15 мың жүк және автомобиль тартқыштары, 5-7 мың автобус, 160-200 мың жеңіл автомобиль, 20 мың трактор жасалды. 19 негізгі өнеркәсіп істе болды (Стамбул, Бурс, Адапазар, Измир, Измит, Аксарай, Мерсик). Түркияда қуаттылығы бойынша теміржол транспорты құралдарынөндіретін зауыттар: СИДЕМАШ (Сиваста), АДМАШ (Адапазарда) мен жүк және жолаушы вагондарын жасайтын ЭЛМАШ (Эскишехирде) зауыты жасақталған.
Кеме жасау өндірісін модернизациялау мен қуаттылығын арттыру мақсатымен шаралар қолданылуда. Оған оннан аса мемлекеттік және мемлекеттік сектор кәсіпорындары кіреді. Ең ірі сегіз верф – Пендик, Гельдик (су асты кемелері), Джаниалта, Ташкиз – Истение, Халич, Хазкей мен Алайбей. Бұлардың бәрі мемлекетке тиесілі. Қазіргі кезде Стамбулдан 40 км оңтүстік – шығысқа қарай тағы бір верфь салынып жатыр – Тузлу қаласында, мұнда негізгі кеме жасау базасын әкелу жоспарлануда. Соңғы он жылда Түркия өзінің жеке авияқұрылысын жасақтады (Эскишехир, Кайсери). Мюртеда (Анкара астында) «F-16» жинақталады. Сонымен қатар мұнда тікұшақ жинақтау зауыты да жасақталған.
Ауыл шаруашылығы.
Өңделетін жердің (90% шамасында) көп бөлігі жекеменшікте. Мемлекеттік жер қоры барлық ормандарды, жарамды жерлердің аз бөлігін (10% шамасында) мен барлық бос жерлерді иемденеді. Түркия ауыл шаруашылығының ірі жер меншігі мен ұсақ шаруашылықтар (60% шамасында) тән. Шалғындар мен шабындықтар әдеттегідей ауыл тұрғындарының ортақ пайдалануында болады. Аграрлық қатыныстарында қатты феодалдық белгілер сақталған, соның ішінде шаруа салығы, су мен жер құны үшін жұмыс жасау, батрак болу. Ауыл-аймақтағы саяси құрылымды өзгерістер және аграрлық шиеленістерді әлсіздендіру мақсаттарымен 1984 жылы суармалы жерлердегі жер өңдеу шаруашылығы туралы заң қабылданды (ауыл шаруашылығының шамамен 1/5 бөлігі суландырылды). Бұған қоса жанармайға, тыңайтқыштарға, бидай техникалық дақылдарды сатып алу мемлекеттік көтерме бағаларына мемлекеттік субсидиялар шығарылған.
Өсімдік шаруашылығы бүкіл түсімнің 2/3-ін береді. Алдыңғы орында дәнді дақылдардан (жыртылған жердің 82%) бидай мен арпа. Екінші орында жүгері, рожь, сұлы мен овес. Техникалық дақылдарды (мақта, темекі зәйтүн, қант қызылшасы) аз көлемді аудандарды өсіреді. Бірақ олардың маңызы зор, себебі олар ұлттық өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етіп, экспортқа шығарады. Маңызды экспорттық мағынаға жүзім шаруашылығы, бау-бақша, цитрустар мен жаңғақтар өсіру ие. Бұл салалар бойынша Түркия Жерорта теңізінде алдыңғы орында. Мал шаруашылығы (34%) түгелдей дерлік экстенсивті негізде дамыған. Түркия ұсақ басты мал санымен ерекшеленеді: шошқаның 30 млн мен ешкінің 8 млн басы. Бір айта кететіні – егіншілік пен мал шаруашылығы Түркияда ешқашан бір-бірімен байланысты біртұтас экономикалық ағза құраған жоқ.
Транспорты.
Түркияның ерекше географиялық орналасуы – Еуропа, ТМД елдері мен Таяу шығыс аудандары арасындағы орны мемлекет аралық транзитті тасымалдардың өсуін қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте бұл мұнайдың Каспий теңізі мен Парсы шығанағы елдерінен Жерорта теңізі порттарына тасымалдануы. Мұнайды транзиттау маршруттары туралы сұрақ қазіргі кезде глобальды геосаяси мәселеге айналып бара жатыр. Ішкі тасымалдың негізгі бөлігін автотранспорт қамтамасыз етеді. Темір жол ұзындығы – 8,4 мың км-ден асады; қатты жамылғысы бар автожолдар – 59 мың км. Ірі теңіз порттары: Стамбул, Измир, Самсун, т.б.
Ішкі айырмашылықтары. Қазіргі Түркия өндірістік өнімін шығаратын Батыс және Жерорта теңізі аудандарына қатысты дамуымен сипатталады. Бұл аудандардың ауыл шаруашылығы – жоғары өндірісті, интенсивті жер өңдеу формаларымен, дамыған тауарлы-ақша қатынастарымен ерекшеленеді. Бұл аудандардың ірі қалалары – Стамбул мен Измир – іскери белсенділік орталығы болып табылады. Осы жерде 80-жылдары еркін саудаэкономикалық зоналары пайда болды (Мерсин, Анталия, Адана мен Измир). Батыс аудандар көптеген шетел туристерін Эльин және Византия мәдениетінің тарихи ескерткіштерімен, базарларымен қызықтырды. Анталия ауданындағы кең құмды жағалау зонасы әйгілі халықаралақ курортқа айналған.
Өзге полюсте шығыс және оңтүстік-шығыс Анатолия орналасқан. Олардың негізгі шаруашылық саласы- шабындықты мал шаруашылығы басым болып келетін ауыл шаруашылығы, онда қазіргі кеөге дейін қоғамдық өндіріс пен тармақталу капитализсге дейінгі қатынастар маңызды рольге ие. Бұл аудандардың өнеркәсібі – өндіретін және өңдейтін сәйкесінше өте төмен деңгейде. Өндірістік және қоғамдық инфрақұрылым әлсіз даму кезінде. Бұл өз алдына нарықтың тұйықталуын тудырып дамуды тежейді. Халықтың өсуі мен оның эмиграциясы, жерсіз және жұмыссыздар санының өсуі бұл аудандардың жағдайын күрделендіре түсіп өте төмен өмір сүру деңгейіне алып келеді.
Бұл полюстер арасындағы
аралықта ішкі Анатолия және Қара теңіх
ауданы орналасқан. Олар да жоғары өндірістік
күштерімен ерекшеленсе де, шығыстың
тым артта қалуы бұо аудандарме
Шығыс проблемасы қазіргі күні бүкіл елдің даму жолына үлкен тежеу болып отыр. Бұл экономикалық аймақ (территорияның 30% мен халықтың 20%) елдің шаруашылық кешенінің мүлде интеграцияланбаған болып саналады. Түркияның өндіріс қуаттарының орналасу нақты анклавтылығы мен тұрақсыздығы өсіп келе жатыр 90 жылдардың басында өңдеуші өнеркәсіп өнімінің 60% батыс Анатолияның үш қаласында шоғырланды: Стамбул, Коджаэли, Измир. Мұнымен салыстырғанда 6 шығыс нашар дамыған илдарға бәрін қоса алғанда 1%, ал өзге шығыс аймақтардың 18 илына 13%-дан кем өндіріс келеді.
Негізі шығыстың барынша даму патенциалы бар. Бұл ең алдымен өзендердің гидроэнергетикалық патенциалы (барлық гидроресурстардың 35%), мыс, хром, қорғасын, цинк, темір рудасы, лигнит, марганец рудаларының бай қорлары. Түркияджағы барлық мұнай қоры дерлік Анатолияның оңтүстік-шығысында шоғырланған.
Түркияның ерекшелігі – өндірістік күштердің орналасуындағы аймақтық диспропорциясына шығыс және оңтүстік шығыстағы Анатолия этносаяси конфликтілері (халықтың көп бөлігі курдтар) қосылып отыр.
3.1 Әлемдік туризм : түсінігі мен класификациясы.
Халықаралық қызмет саудасында қазіргі кезде туризм ең бір динамикалық дамып келе жатқан формалардың бірі. Соңғы 20 жылда дүниежүзінде орташа жылдық шетел туристерінің келушілер саны 5,1%, ал бұдан түскен қаржылық қор - 14%. Мысалы, 1950 ж. Жалпы дүниежүзіндегі туристер саны 25 млн болып, туриндустрия айналымы 2,1 млрд АҚШ доллары болса, әлемдік туристік ұйымдардың мәліметтері бойынша 1995 жылы дүниежүзінде 576 млн туристер мен олардан келген қаржы түсімі (кірісі) 372 млрд АҚШ доллары болды. Жалпы алғанда туризмнен түсетін қаржылық кіріс көлемі 1950-1995 жж. 144 есе өсті.
Туризмнің мәні дүниежүзінде тұрақты түрде өсуде, бұл туризмнің жеке елдің экономикасына қатты әсер етуәмен байланысты. Жеке ел экономикасында халықаралық туризм бірнеше маңызды функцияларды атқарады:
Халықаралық туризм мұнай өндіру мен автомобиль жасаудан кейін экспорттық салалар ішінде 3-орынға ие. Мұнай өндірісі мен автомобиль жасаудың дүниежүзілік экспорттағы меншікті салмағы сәйкесінше 11% бен 8,6%. 1991 ж. Дүниежүзі елдерінің халықының туризмнен түскен кірісі жалпы дүниежүзілік экспорт көлемінің 7% иен дүниежүзілік қызмет экспортының 3%-ын алды.
Халықаралық туризм дүниежүзінде өте тұрақсыз, бұл біріншіден елдер мен аймақтардың түрлі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерімен сипатталады. Ең жақсы дамыған халықаралық туризм Батыс Еуропа елдерінде. Бұл аймақ үлесіне дүниежүзілік туристік нарықтың 70%-нан астамы мен қаржылық кірістің 60% шамасы кіреді. Соның ішінде шамамен 20% Америкаға, 10% Азия, Африка,Австралияға тиеді.
Халықаралық туристік байланыстардың былай дамуы көптеген халықаралық ұйымдардың пайда болуына әсер етті. Олар бұл сфераның халықаралық саудасының жақсаруына көмек береді. Көптеген батыстың жоғары дамыған елдері, мысалы, Швейцария, Австрия, Франция өздерінің қазіргі жақсы өмір сүру жағдайын туризмнен келген кірістер арқасында құрды. Соғыстан кейінгі жылдары туризм облысында қуатты зерттеу базасы мен професионалды дайындау жүйесі жасалды.
Сөйтіп халықаралық туризм әлемдік экономикада бұрыннан гөрі қазіргі кезге дейін маңызды рольге ие болып келе жатыр. Бұл ең алдымен минималды түрде шығын шығатын бір орында көрсетілетін қызметтермен байланысты. Туристік сала өте үлкен кіріс беретін экономикалық форвордтар қатарына кіреді.
Туризм халықаралық қатынастарда өте маңызды орындарға ие. Шамамен 500 млн адам жыл сайын шетелдерге туристік мақсатпен сапар шегеді. Халықаралық туризм әйгілі демалыс түрі ғана емес, сонымен қатар белсенді дамып келе жатқан әлемдік экономика сферасы.
Дегенмен халықаралық туризмнің дамуы туралы ақпарат әлі де дәл емес, себебі туристік ағымдарды өлшеу өте қиын. Оларды есептеудің жалпыға бірдей тәсілі жоқ болғандықтан елдер арасындағы статистикалық көрсеткіштерді салыстыру күрделі.
Информация о работе Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы