Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 13:06, реферат
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы. Бұл тақыоыпты таңдаған себебім – біз, Қазақстан жастары, жоғарғы оқу орнын аяқтағалы отырған түлектер халықаралық деңгейде білімді болуымыз қажет. Ал бұл өз алдына дамыған және дамушы елдердің экономикасы, саясаты, мәдениетімен танысудан басталады. Осы курстық жұмысқа кіріктірілген ізденіс жұмыстарымның, тапқан деректерімнің мақсаты – студенттерге Түркия Республикасының жалпы физикалық және экономикалық географиясы, туризмнің әлемдік даму деңгейі туралы мағлұмат беру.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Жалпы мәліметтер.
1.1. Географиялық орны мен тарихы.
1.2. Табиғат жағдайлары мен пайдалы қазбалары.
1.3. Климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысы.
2. Әлеуметтік-экономикалық географиясы.
2.1. Халқы.
2.2. Өнекәсібі мен ауыл шаруашылығы.
2.3. Транспорты мен ішкі айырмашылықтары.
3. Туризмінің әлемдік экономикадағы орны.
3.1. Әлемдік туризм: түсінігі мен классификациясы.
3.2. Түркияның туристік ресурстары.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазіргі кезде туризм былай классификацияланады:
Мақсаты бойынша: маршрутты-танымдық, спорттық-сауықтыру, өзіндік,соның ішінде белсенді орын ауыстыру тәсілдерімен, іскери және конгресс-туризм, курортты, емдік, тау шаңғылы, фестивальды, аңшылық, экологиялық, шоп-туризм, діни және т.б.
Мобильділік деңгейі бойынша: жылжымалы, стационарлы, аралас.
Қатысу формасы бойыенша: жеке топтық, отбасылық.
Жасы бойынша: егде, жас, бала, аралас.
Ұзақтығы бойынша: бір күндік, көп күндік, транзитті.
Транспорт құралдары пайдалануы бойынша: автомобильді, теміржолды, авиациялық, су, велосипед, жылқымен, кешенді.
Маусым бойынша белсенді туристік маусым, маусым аралық (жартылай маусым), маусымдық емес.
Географиясы бойынша континент бойынша, халықаралық (ауданаралық), жергілікті, шекаралық.
Орын ауыстыру кәсібі бойынша: жаяу, дәстүрлі транспорт құралдары, экзотикалық транспорт түрлері (канат жолы, фуникулер, дережабль, үрлеме шар, дельтаплан).
Халықаралық туризм жалпылай әлемдік экономика мен жеке елдердің дамуына әсер етеді. Халықаралық сауданың кеңуі мен өзге халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы, білім мен мәдениет деңгейінің жоғарылау нәтижесінде халықаралық туризм де дамып отырады.
3.2. Түркияның туристік ресурстары.
Жалпы Түркия мәдени орындар саны бойынша Греция, Италия, Испаниядан қалыспайды. Бірақ ақпараттың аз болуына байланысты олар әлі аз зерттелген. Қазіргі Түркия территориясы кезекпе-кезек Рим, Византия, Селжұқ және Осман империясы құрамына кіріп отырды. Осының нәтижесінде Түркия аталған мәдениеттердің ескерткіштеріне бай. Кейде ислам мемлекеттік діни тұрса да, мұсылмандар христиан және иудейлермен тату тәтті өмір сүруде. Сондықтан өзіңді Түркияда туған жеріндей сезінесің.
Кемер мен Фетхия орналасқан кемерлік жағалауда осы жерде көп жыл бойы епископ болып қызмет еткен Николай Чудатворис жарық берген орын Демре орналасқан. Мұнда соңынан кнегиня голицина қалпына келтірген шіркеу бар. Осы Түркия территориясында сақталған бұрын православ хрестиандығының, ал қазір мұсылман елдерінің мәдени ескерткіштері зәулім үйлері ұқсайды. Олардың көбіне қабырғалары сары қара мрамордан, бағаналы және портиктарында жазылулары бар. Ең әйгілісі ежелгі гректер салған Амфитеар.
Кеков аралының ең биік шыңында Калекай қамалы бар. Оның массивті қамалдық қабырғалары қарақшылық шабуылы мен қанды соғыстарды еске түсіреді.
Қатты қызыққандарды Мирадан алыс емес орналасқан курортты қала Каш (ежелгі Антифелус) тартады. Бұл қала бұрын балықшылар ауылы болып саналды. Соңғы жылдары Каш ойын-сауық орталықтары, мейрамханалары, базарлары бар әйгілі курортқа айналды. Одан алыс емес жерде Патару қаласы орналасқан. Аңызға сенсек, Патаруда Аппалон дүниеге келген.
Түркияда ежелгі
Фазелис қаласының қалдықтары орналасқан
бұл Александр Македонский
Егер табиғаттың ерекше көрінісін көргіңіз келсе, Түркиядағы Каппадокияға міндетті түрде баруыңыз қажет. Мұнда қатпарлы тау жыныстары мен алғашқы христиандардың жер асты қалалары сақталған. Тауларды христиандар өте әдемі жер асты шіркулерін салған.
Немрут туында,
елдің шығысында Адиаман
Анталия қаласы болса зінің тар көшелері және базарларымен көзге түседі. Қала Анталия деп Бергама патшасы мен оның негізін салушы Атталостың құрметіне арналған. Ежелгі қамалдық қабырға бұзылмаған, ал Невли менареті алғашқы күйде сақталған. Түнде, қала шамдары мен мейрамхана есіктері ашылған кездері толық түрде жоғары сапалы тағам, қызмет көрсету мен ойын-сауыққа қанығуға болады.
Түркияда балалармен су ойын-сауық әлеміне Аквалентке баруға, жерорта теңізіне яхта мен серуендеуге, тау өзені бойымен Каноэ мен плоттарда түсуге болады. Бұған қоса су астында жүзу кезінде жалға видеокамера алып, тамаша су астындағы дүниелерді таспаға түсіруге болады.
Нағыз туризмді ұнататындар үшін көптеген экскурсия маршруттары жасақталған.
Б.з.д. 660 жылы Дорийліктер Везантия патшасының құрметіне Византия елді мекенінің негізін салды. Б.з.д.326 жылы императорды 1 Константин Византияның Рим империясының астанасы етіп, 330 жылы оған Костантинопаль деген атау берді. Шарықтау шегіне қала бірінші Юстиниан император кезінде жетті, бұл кезде Византия империясы жерорта теңізінің Кавказға, Альпі тауының Египетке дейін созылды. 1204 жылы крестшілер Константинопольді тонап, 1453 жылы сұлтан екінші Мехмет қаланы жаулап алып, оны Осман империясының Стамбул атты астанасы деп жариялады.
Стамбул
– 7 млн халқы бар Түркияның
экономикалық және өндірістік
орталығы, басты теңіз порты мен
ірі қалаларының бірі. Егер сіз
саяхаттың ерекше гурманы
Қорытынды.
Түркия нарықтық экономикалық бағдарламаны жүзеге асыру барысында ең көп жетістікке сырқы саудаға да жетті. Экспорт 20 ғасырда он есе өсіп, бірақ импорт Түркияда әлі де экспорт құнын екі есе басып озады. Сыртқы сауда балансы әлі де өткір экономикалық проблема болып қалып отыр. Экспорт 80% - ға өнеркәсіптің өңдеуші саласынан (текстилді-тоқыма заттар - 27%, қара металдар - 12%). Экспорттың 10%-нан астамын ауыл шаруашылығы өнімдері береді. Түркия – ірі жаңғақ, жұмсақ және кептірілген жемістер, цитрустылар, темекі экспортеры болып саналады. Импорттң негізгілері: мұнай, өндірістік шикізат, машиналар мен жабдықтар. Басты іскери серіктестері: Европалық одақ елдері (экспорттың 60% мен импорттың 50%), Таяу шығыс (20%ға дейін), АҚШ (7 және 12%) және ТМД (6 және 9%). Бүгінгі күні жаңа Ресей, Түркия сауда байланыстары дамуда.
Түркия экономикасы үшін ең ауыры – сыртқы қарыздың қарқынды өсуі: 90 жылдары ол ЖІӨ – ң көлемінің 1/3-не тең болды.
Қазіргі кезде Түркия Еуроаплық Одақпен Оның Құрамына кіру туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Негізі Түркия 1963 жылы Еуропалық экономикалық ұйыммен оның құрамына кіру туралы келісімшартқа қол қойды. Бірақ 1978-1979 жж. Түркияны Грециямен бірге Еуропалық экономикалық ұйымға кіруге шақырғанда, ол бұл ұсыныстан бас тартты. 1980 жылы әскери төңкерістен кейін Еуропа Анкарамен келіссөз жүргізуді тоқтатты. Ол келіссөздер тек 1983 жылы қайта жалғасты.
Түркі-еуропалық қатынастар Еуропалық Одаққа 2004 жылы кірген Кипрды мойындамауынан шиеленісіп тұр. 1974 жылы Түркия бұл аралдың солтүстік бөлігін оккупацияға алып, содан бері үкімет оңтүстіктегі грек үкіметінің легитимділігін мойндамай отыр.
Дегенмен Түркия Еуропалық Одақтың ішкі нарығын кеңейтіп, еуропалық компанияларға квалификациялы жас жұмыс күшін бере алады. ВВС деректері бойынша 2014 жылы Түркия халқының ¼ бөлігі 14 жастан кіші болады.
Түркия ең көп сапар шегетін елдер қатарында 3-орында. Жыл сайын бұл ел территориясына жалпы әлемдік туристердің 46% келеді, соның ішінде Ресей Федерациясының түрлі аудандарынан - 12%. Сауда тауарларынан басқа,Түркия туристерді қонақүйлерінің жоғарғы жайлылығымен , сапалы қызмет көрсетуімен және ең бастысы ежелгі тарих пен архитектура ескерткіштерімен қызықтырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
стран» М,2001;
Информация о работе Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы