Қазақстандағы демографиялық құбылыстарының кейбір даму жағдайлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 10:50, реферат

Краткое описание

2000-ыншы жылғы 1-маусымда Қазақстан Республикалық Статистика агенттігінің №3 журналында жарияланған деректеріне қарағанда, еліміздегі жалпы халық саны 14.881,6 мың адам болды. Соның ішінде 8.311,5 мыңы, 55,9% – қала, 6.570,6 мыңы-44,1% –ы ауыл тұрғындары.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 184.92 Кб (Скачать файл)

Алматы көшесінде қайыр сұрап  жүрген қария. Наурыз, 2008 жыл.

Қазақстан дамыған елдерден көп  кейін қалып келеді. Әйелдер мен  балалар арасындағы қанның жетіспеушілігі дертінің деңгейі төмендемей отыр. 
 
Оған қоса ажырасқандар мен ешқашан некеге отырмағандардың қатары ұлғайып барады. Некеге отырмай туған сәбилердің саны да арта түсуде. Қазақстандағы әрбір тоғызыншы отбасы ажырасқан. 500 мыңнан астам ана баласын жалғыз асырап отыр.  
 
БҰҰ-ның есебі бойынша, Қазақстан халқы қартайып бара жатқан елдердің қатарына жатады. Қазақстанда жасы 65-тен асқан егде кісілердің үлесі бүкіл халықтың 7,5 пайызын құрайды.  
 
Бақтылы ханым, осы мәліметке байланысты сіздің пікіріңіз қандай?  
 
Бақтылы Түменова:  
 
– Біздің мемлекетте көзбояушы нәрселер көп. Мен Айткүл Самақова келтірген мәліметтерді өзі шығарып отыр деп айтпаймын. Ол берілген статистикаға сенеді. Ал мен жемқорлық рак ауруы сияқты әбден дендеп кеткен жерден берілген статистикаға көп жағдайда сенбеймін.  
 
Жүргізуші:  
 
– Ал Айткүл Самақованың әріптесі мәжіліс депутаты Шафхат Өтемісов бізге мынадай мәліметтерді келтірді. 
 
Шафхат Өтемісов:  
 
– Денсаулық министрі үкімет сағатына келгенде мынадай мәлімет берді бізге: 5 жасқа дейінгі 5 мың бала өледі екен (жылына болса керек). Олардың тең жартысы өмірге енді ғана келгендер. Біз қазір дүниеге жаңадан келген балалардың өзін сақтай алмай отырмыз. Ана өлімінің көрсеткіші бізде жоғары деңгейде қалып отыр. Нәресте өлімінің көрсеткіші өсіп келеді – 100 мың балаға шаққанда 20,7 болып есептеледі. 
 
Жүргізуші:  
 
– Ал енді үшінші мәселеге көшейік. Жас отбасыларын бала асырауға ынталандыру үшін мемлекет қандай шара қарастырып отыр? Жастардың үйленіп отбасын құруға және бала асырауға асықпауына не бөгет?  
 
Бақтылы Түменова:  
 
– Отбасының жақсы болғаны жұмыс пен баспананың болу-болмауына байланысты. Осы екі мәселе шешілмей жас отбасының ешқандай проблемалары шешілмейді. Қалғаны сол сөз болып қала береді. Және де менің айтайын дегенім, еңбекақыны ұмытпау керек. Бұның бәрі демографияға әсерін тигізеді. 
 
Қаңтардың бірінен бастап дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысын жылдағыдай 25 пайызға көтерген жоқ. Оны жылдың ортасында қараймыз деп отыр. Ал медицина мен білім саласында істеп жүргендердің көбі әйелдер. 
 
Өткенде елбасымыз «Қазақстанда дағдарыс бітті, бәрі түзелді» деп айтқан болатын. Онда неге айлықты көтермейді? Сондықтан, қандай мәселе болмасын, барлығы әлеуметтік проблемаларға келіп тіреледі. 
 
«БАЛА ТУУДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ – АҢЫЗ»  
 
Гаухар Нұрахметова:  
 
– Өздеріңізге бұқаралық ақпарат құралдарынан мәлім болған шығар, наурыздың 5 күні Астанада Қазақстан әйелдерінің 5 форумы өткенде Президент нақты тапсырма берген. Ол тапсырманың біреуі – жас отбасыларды қолдау жұмыстарын қолға алу мәселесі. 
 
Соған байланысты нақты министрліктерге тапсырма берілген. Оның ішінде жас отбасыларды қолдау жөнінде әрбір облыс, қала, аудан,

Жас жұбайлардың некеге отыру салтанаты. Алматы, тамыз, 2008 жыл.

ауылдық – барлық деңгейдегі әкімдерге  тапсырма берілді.  
 
Арнайы бағдарлама жасалды. Онда жастардың ауылға келгені мен үйленгенінен бастап, бірінші бала тауып, одан саты-саты бойынша, ол бала балабақшасына, мектепке баруына, оны бітіріп, ары қарай қолдау мәселесі барлығы қарастырылған. Әрбір министрлікке тапсырма берілген.  
 
Тапсырманың орындалуын Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қай министрлік өз тарапынан осы жұмысты қалай атқарып жатқанын тыңдаймыз. Биылғы жылдың жоспарына кіргізілген.  
 
Тағы да жас студент отбасылар бар ғой. Соларға жатақханадан орын беру мәселесі де қарастырылып, қолға алынып отыр. Осындай шаралардың барлығы да ұлттық комиссияда тыңдалады. Және жұмыс нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледі.  
 
Бұл жұмыстардың бір шеті ғана.  
 
Әзімбай Ғали:  
 
– Қазіргі таңда отбасылар негізінен қалаларда құрылып жатыр. Сондықтан, менің ойымша, арендалық тұрмыс үйлерді, жұмысшы жатақханаларын көбейту керек.  
 
Жалпы, Қазақстанда орта некелесу жасы – 27 жас. Ол тым жай. 28-29 жаста екінші баласын немесе өте сирек жағдайда үшінші баланы дүниеге әкеліп, сонымен тынады. Сондықтан белгілі бір әлеуметтік мәселелердің шешілуі тууды ынталандыруы мүмкін. Бірақ бұл – аңыз, миф. Іс жүзінде тұрмыстың жақсаруы бала тууды ынталандырмайды. 
 
Сондықтан, бір жасқа дейінгі нәрестелердің өлімін азайту керек. Деректер нақтыланып келе жатыр. Мемлекеттік көмек күшейеді. Және медициналық көмек те күшеюі мүмкін. 
 
Бірақ бұл жағдай біздегі туу мәселесін жақсартпайды деп ойлаймын. Өйткені, бұл табиғи үрдіс. Туу төмендей береді. Бір ғана шешім бар. Ол – оралмандарды атамекенге қайтару.  
 
ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚҚАН ЖОҚ  
 
Жүргізуші:  
 
– Құрметті қонақтар, енді соңғы сұрақ. Өткен жылдың басында халық санағы өткізілді. Алайда оның ресми қорытындылары әлі күнге дейін жарияланбай отыр. Оның сыры неде деп ойлайсыздар?  
 
Бақтылы Түменова:  
 
– Менің ойымша, статистикалық деректер мемлекеттің, үкіметтің көңілінен шықпай жатыр. Сондықтан соны жөндеп жатқан сияқты.  
 
 
Гаухар Нұрахметова:  
 
– Мен мұндай пікірмен келіспеймін, әрине. Ол таяу арада белгілі болады.  
 
Әзімбай Ғали:  
 
– Бір ведомствоның басшылары түгел сотталайын деп жатқаны белгілі. Менің ойымша, біраз уақыт тергеу жұмыстары жүрді. Сондықтан статистика ведомствосында біраз ұйымдастырушылық қиындықтар, ақша жетіспеу, сонан кейін бас-аяғын жинау мәселесі туындады.  
 
Жүргізуші:  
 
– Рақмет. Құрметті Азаттық радиосының қонақтары, осымен Қазақстандағы демографиялық ахуалға арналған дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.

 

 

 
CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ! 
 
Құрметті оқырман! 
 
Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.  
 
Тіркелу үшін мына жерді басыңыз 
 
Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.  
 
Құрметпен, 
Азаттығыңыз

 

«Еліміздегі халық саны 2012 жылғы 1 наурызға 16,72 млн. адамды құрады. 2011 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда  ол 1,5% артты», - деп көрсетілген ҚР статагенттігінің ай сайынғы есебінде.Статистикалық  мәліметтерге сай еліміздің халқының саны 2012 жылғы 1 наурызға ағымдағы мәлімет  бойынша, 16 718,1 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтардың саны – 9141,1 мың, ауыл тұрғындарының саны – 7577 мың  адам болды.2012 жылғы қаңтар-ақпанда  халық саны жалпы алғанда 65 884 адамға артып, өлгендер саны 25 633 адамды құраған. Бұл ретте 1 мың адамға есептегенде  бала туу коеффициенті осы жылғы 1 наурызға 23,7, өлім коеффициенті – 9,2 болды.

 


Информация о работе Қазақстандағы демографиялық құбылыстарының кейбір даму жағдайлары