Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбегі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2015 в 14:32, реферат

Краткое описание

Қазақтар Ресейдің қол астына өткен бойда-ақ өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеу үрдісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақфольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектерін жазды.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
Қазақстанды зерттеуде орыс ғалымдарының атқарған рөлі..................4
Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының Қазақстан туралы еңбектері.....................................................................................................5
2.1. Николай Алексеевич Северцов .....................................................6
2.2. Иван Васильевич Мушкетов............................................................10
2.3. Григорий Николаевич Потанин.......................................................12
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................15

Вложенные файлы: 1 файл

Dokument1.docx

— 44.12 Кб (Скачать файл)

Бұған қоса ол өзі ертеректе қадағалап  белглеген құс жолдарын айқындай түсуді мақсат етті.

Н.А.Сверцовтың басты еңбектері Қазақстан мен Орта Азияның  табиғат жағдайларын  танып білуде  зор рөл атқарды. Негізінен  оның  зоологиялық-географиялық еңбектерінің  шешуші маңызға ие болғаны баршамызға мәлім. Ал жалпы алғанда зерттеудің  кешенді әдісін  қолданған ғалым жануарлар дүниесінің  өсіп-өнуіне  және таралуына  ықпал ететін физикалық-географиялық жағдайларды зерттеуге де назар аударды.

Н.А.Северцов  Жем өзенінің бойынан біренеше жерден мұнай көздерін тапты. Ол мұнай шыққан жерлерді мұқият зерттеп, Жем өзенінің  ең жоғарғы сағысына  дейін барды. Ғалым Мұнайлы, Қаращұңғыл және Қондыарал мұнай көздерін ең тәуір кен орындары деп есптеді.

 Мұнайдың пайда болу  мәселесінде Н.А. Северцов жаңсақ  қорытындыға келіп, оны жанартаулық  құбылыстың нәтижесі деп түсінді.

 Н.А. Северцов, сонымен  қатар үстірт қыратының Мұғалжар  арқылы Орал тауларымен геологиялық  байланысына ден қойды. Үстірт  қыратының геологиялық тарихын  сөз ете келіп, Орал және Маңғыстау  таулары жанартаулардың әрекетінен  пайда болған деп санаған Северцов  жанартау әрекетінен үштік дәуірдің  жыныстары ығысып күшті жанартауларға  ұшыраған, сондықтан ол Үстірт  қыратының геологиялық құрылымы  да тік қатпарлардан түзілген  деп түсіндіріледі. Кейінгі зерттеулер  Северцовтың Олар мен Маңғыстау  тауларын жанартаулық әрекеттен  пайда болды деген тұспалын  дәлелдегенімен, ғалым-саяхатшының  Үстірт қыратының пайда болуына  жанартаулық әрекеттің ықпалы  жөніндегі пікірі кей жағдайда  біршама дұрыс болып шықты. Демек, кейінгі зерттеулер Оңтүстік  Орал мен Шығыс Маңғыстау тауларының ерте замандарда Үстіртпен байланысты болғанын растайды.

 Арал - Каспий ойпатына  жүргізген геологиялық бақылаулары  Северцовқа бұл өңірде пермь, юра дәуірлерінде, бор, үштік және  үштік дәуірден кейінгі уақытта  пайда болған жыныстардың бар  екенін анықтауға мүмкіндік берді.

  Қошқар ата маңында  ғалымның назары таскөмір шыққан  жерді ауды да, мұның өзі бұл  жерді онан әрі терең зерттеуге  себепкер болды.

  Сырдария өзенінде  экспедиция метеорологиялық зерттеулер  жүргізді. Ғылым академиясы тарапынан  берілген басты тапсырмалардың  бірі жануарлардың тіршілігіне  климаттың ықпалын айқындау еді. Зерттеу жұмыстары жүргізілген аудандарда ол кезде метеорологиялық станциялар мен пункттер жоқ еді, сол себепті бұл тапсырманы орындау қиындау түсті. Дегенмен Северцов өз қызметкерлеріне ауа-райын қалай бақылау жөнінде тиісті кеңес беріп, ұдайы үйретіп отырды. Соның нәтижесінде қыруар құнды деректер жиналып, ғалым климатқа байланысты бірқатар маңызды тұжырымдар жасады. Мәселен, ол климаттың өзгеріп тұратынын, Орта Азияда құрғақшылық белең ала бастағанын және т.б. анықтады.

Арал теңізін зерттеген кезде теңіз суының  ұдайы немесе мезгіл-мезгіл  тартылуы және климаттың  қуаншылыққа айнала  басталуы туралы  мәселерге  баса назар аударылды.  Арал теңізінде  оның деңгейі  төмендеген тұста болатын Н.А.Северцов Арал шын мәнісінде бірте-бірте  тартылып  барады деген байламға келді. Арал теңізі ұдайы  тартылуда деген теория ғылымда  қолдау таппағаны мәлім. XIX ғасырдың басында Л.С.Берг  теңіз ұдайы  тартылып бара жатқан жоқ,  ал оның деңгейі  тек мезгіл-мезгіл  ауытқып тұрады деп дәлелденді.

Сырдария  экпедициясының  зоологиялық коллекциясында құстардың 96, аңдардың 35, жылан-кесірткілердің 26 түрі, балықтардың 15 түрі және омыртқасыз жәндіктердің 400 данасы жинақталған.

Жалпы бұл ғалымның ғылыми мұрасы өте мол, олардың дені жарияланған, бірсыпыра  қолжазба күйінде сақталған. Н.А.Северцов парасатты теоретик, әрі ойшыл  практик ретінде таразының екі басын тең ұстай білген, ғылым мен еңбекті өте шеберлікпен ұштастыра  білген сегіз қырлы, бір сырлы  ғалым әрі саяхатшы. Физикалық-географиялық  кешенді зерттеу әдістерін жете меңгеріп, оны жаратылыстанумен тығыз ұштастыра жүргізгенде ғана  бұл салада айтарлықтай  ғылыми табысқа  жету мүмкін екенін Н.А.Северцов  өзінің  іс-тәжірибесімен дәлелдеп берді. Ғалымның  Қазақстан табиғатын зерттеудегі  қол жеткен нәтижелері - осының айғағы.[2]

2.2 Иван Васильевич Мушкетов

Иван Васильевич Мушкетов(1850-1902) тамаша геолог болуымен 0атар аса ірі  физик-географ еді. Ресейлік сеймологияның негізін қалаушы, орыс геоморфологиясын жасаушылардың бірі, олар ірі-ірі геологиялық-географиялық экспедициялар қйымдастырды сонымен қатар соған байланысты ұсыныстар, құнды нұсқаулар жазды.

С.И.Никитин  И.В. Мущкетов туралы "оның геология мен географияны тығыз ұштастырып, тең білгендігі  соншалық, осы екі мамандықтың  бірінен бірі кем игерген деп айтуға ауыз бармайтын "-, деп жазды. Соның өзінде И.В. Мушкетов "физикалық географияны  Жерді табиғаттың  тәні ретінде  танитын неғұрлым кең ауқымды ғылым, жертанудың тек бір ғана бөлігі" деп қарады.

Мушкетовтың  Орта АЗия мен Қазақстандағы ғылыми жұмысы  1873 жылдан басталды. 1874 жылы Мушкетов алғашқы жұмысын  Қаратау тауларын  және Тянь-Шаньның  батыс сілімдерін  зерттеуден бастап,  бұл өңірде  тас көмір шығатын  кен орындарын  бақылады және жалпы ғылыми іздестіру ісін жүргізді.

1876 жылдың басында И.В.Мушкетов  өз бақылауларының нәтижесі  жөнінде  Минерологиялық қоғамға  экспедиция  жұмысы туралы  қысқаша есеп  жазып берді.

1877 жылдың жазында ол  Орта Азияға қайтадан сапарға шықты. 1878-1880 жылдары  Түркістанға  сапар шегіп,  мұнда  Ферғананың  алқаптары мен жоталарын, Жетісуды, АЛтай тауының батыс бөлігін зерттеуді аяқтады. Амудария  өзенімен жүзіп отырып Қызылқұм шөлін басып өтті және Зеравшин өзенінің  жоғары ағысындағы мұздықтарды тексерді. Бұл зерттеулердің нәтижелері жеке-жеке мақалалар түрінде жарияланды.

1881 жылы Мушкетовтың негізгі  еңбегі- Түркістан атты үлкен  монографиясының бірінші түрі  жарық көрді. Онда Тұран алабының  геологиялық  тархы егжей-тегжейлі  баяндалған. Бұл еңбегін жазу  үстінде автор сол өлкеде  өзі  болған  кезінде  жинаған өте  мол нақтылы зерттеу  материалдарын  пайдаланған.

Мушкетовтың Орта Азия мен Қазақстанды зерттеулеріне  ғылыми  жұртшылық  өте-мөте ден қойып, қызыға қадағалады. Өйткені  бұл өлкелердің  көп аймақтары физикалық-географиялық және геологиялық құрылымдық жағынан әлі де болса жете зерттелмеген-ді. Ол П.П. Семенов пен Н.А. Северцовтың зерттеу зерттеу нәтижелерін  онан әрі  дамытып, ол Орта Азияның және қазіргі Қазақстанның  оңтүстік  облыстарының   құрылысы мен  тектоникасының  тұңғыш ғылыми  әрі сол кез  үшін озық схемасын жасады. Ол орыс география ғылымында  алғашқылардың  бірі болып  жер бедерін  жаратылыс жағдайына қарай, оның географиялық тарихымен  байланыстыра зерттеу қажет деген тұжырымға келді.

Мушкетов Қазақстанға соңғы рет 1887 жылы Верныйда болған жер сілкінудің іздерін зерттеу үшін келді. "Түркістан" монографиясы  жазу үстінде ғалым кенеттен дүние салды. Бұл еңбектің  екінші томы автор қайтыс болғаннан кейін 1905 жылы жарияланды.

Орта Азия мен Қазақстан табиғатын зерттеуде  классикалық  үлгілерге  көтерілген ұлы ғалымдардың еңбектері олармен  тұтас  және кейін  жүргізілген зерттеулерге айрықша ықпал етті. Мұны  басқа да зерттеуші, саяхатшылардың  шығармаларынан  тануға болады. 1856жылы Каспийге Н.Л. Ивашинцев басқарған  экспедиция жасақталып , ол 16 жыл бойы жүргізген зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде еңбектерде  геологиялық  сипаттамалармен  қатар  аймақтардағы  таулардың  орографиясы да суреттелген.

Қазақстанның түрліше аймақтарында геологиялық  және табиғи  географиялық  зерттеулерді үкімет тапсырмасы бойынша  А.Н.Седельников, В.В.Сапожников, В.А.Дубянский, Л.С.Берг, В.А.Обручев,С.Н.Никитин, Н.И.Андрусов, М.М.Пираговский және т.б. сынды әр  саладғы  айтулы  маман  ғалымдар жүргізді.  Олармен қоса қазақ жерінде шетел саяхатшылары мен зерттеушілері де ие болды.[2]

2.3 Григорий Николаевич Потанин

Г.Н. Потанин (1835-1920) Жәмішев селосында Сібір казактарының отбасында дүниеге келді. Ол - Ресейдің аса ірі қоғам қайраткері, публицист, географ-ғалым әрі этнограф. Омбы кадет корпусында оқыды, сонда жүріп Шоқан Уәлихановпен танысып, дос болды. Қазақтың тілін, тұрмыс-тіршілігін, Қазақстанның тарихы мен географиясын өте жақсы білді. XIX ғасырдың 60—90-жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Моңғолия,Урянхай өлкесі, Қытай және Тибет жерлеріне бірнеше ірі саяхат жасады. Сол сапарлары кезінде қазақ фольклоры үлгілерін жинап, зерттеді. Г.Н. Потанин қазақ халқының Ә. Бөкейханов, М. Шорманов, К. Өскенбаев, И. Сәтбаев, сондай-ақ Шыңғыс Уәлиханов сияқты көрнекті өқілдерімен достық қарым-қатынаста болды. Ғалым қазақ ертегілеріне, наным-сенімдеріне, халық поэзиясының үлгілеріне, тарихы мен этнографиясына талдау жасаған мақалалар жазды. Атап айтқанда, ол қазақтардың өмірінен «Қырғыз жәрмеңкесінде», «Қырғыздардың сауда-саттығы», «Шоң би», «Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында» сияқты басқа да мақалалар жариялады. Замандастары оны қазақ халқының адал әрі шын берілген сүйікті досы деп білді. 1915 жылы қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтар Г. Потанинге деген зор құрметтің белгісі ретінде Орынборда оның 80 жасқа толған мерейтойын салтанатты жағдайда ұйымдастырып, атап өтті. Қазақтар оны «Греке» деп құрметпен атайтын.[1]

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын  физикалық-географиялық тұрғыдан  зерттеу XVI ғасырдан бастап Қазақстан туралы географиялық мәліметтер орыс мемлекетінің ресми орындарында жинактала бастады. Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық, экономикалық байланыстардың орнауына байланысты патша үкіметі қазақ жері туралы деректерді арнайы жіберілген елшіліктер арқылы да, саудагерлер мен саяхатшылар арқылы да жинады. Осылардың нәтижесінде Қазақстан табиғаты, халқы, мемлекеттік шекаралары жайында деректер толыға түсті. Сол мәліметтерге сүйеніп, Борис Годунов патшаның өтініші бойынша Қадырғали Қосынцлы Жалаири (XVI ғ. аяғы - XVII ғ. басы) («Жами ат-тауарих») «Жылнамалар жинағы» атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте қызықты кітап дүниеге келді. Онда қазақ хандығы құрылуы жайлы тарихымен қоса, Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары жөнінде кең мәлімет беріледі. XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кіреді.

XVIII ғасырда орыс патшасы I Петр Қазақстанмен қарым-қатынасты күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Қазақстан жерін Шығыс елдеріне шығатын «қақпа әрі кілт» санады. Оны Ресейге бағындырудың жоспарларын жасады.  Осыған орай ол Қазақстанға әскери экспедициялар жасақтап, Каспий теңізі мен Сібірмен шекаралас өлкелерді зерттеуге тапсырма берді. 1734 жылы Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. 1768 жылы екінші академиялық экспедиция жасакталды. Бұлардың жұмысына П.С.Паллас, И. П. Фальк, И. П. Рычков сияқты ғалымдар қатысты. И. Муравин мен А. И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойында, Г. С. Карелин Каспийжағалауларында зерттеулер жүргізді. Қазақ жерін жалпы географиялық тұрғыда зерттеген бұл ғалымдардың еңбектерінде, жаңа деректермен қоса табиғаттың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіруге де алғашқы талаптар жасалды. Осы және басқа материалдарды жинақтау негізінде А. И. Левшин 1832 жылы «Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты еңбегін жазды. Мүнда Қазақстан жеріне тұңғыш рет салыстырмалы түрде толығырақ географиялық сипаттама берілді.

Қазақстан табиғатын шын мағынасында ғылыми-географиялық тұрғыда зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл тұрғыда П.П.Семенов-Тян-Шанскийдің, Н.А.Северцовтің, Ш.Ш.Уәлихановтың, И.В.Мушкетовтың, А.Н.Красновтың, Л.С.Бергтің сіңірген еңбектері айрықша.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр-1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. 

2.   Қазақстанның физикалық географиясы Ә.С.Бейсенова. Алматы:2014

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбегі