Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 17:11, реферат
Сабақтың мақсаты: Ғылыми техникалық революция туралы түсінік.
Сабақтың барысы: а) Ғылыми-техникалық революция түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері.
ә) ҒТР-дің айқындаушы сипаттағы белгілері ,өмбебаптылығы, жан-жақтылығы, ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі
б) Ғылым.
в) Техника мен технологмя дамуының эволюциялық және революциялық жолдары.
Тақырыбы : Ғылыми техникалық революция түсінігі,оның айқындаушы белгілері.Техника мен Технология дамуының жолдары.
Сабақтың мақсаты: Ғылыми техникалық революция туралы түсінік.
Сабақтың барысы: а) Ғылыми-техникалық революция түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері.
Жаңа сабақ.
Ғылыми техникалық революция - түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері.Шығыс Азия елдерінің компасты (Қытай, Шэн Хуа, 1088ж.),оқ-дәріні ойлап табуы және қағаз бен кітап шығару тәсілін меңгеруі (Қытай, Цай Лунь, 105ж.), XVI-XVIIIғасырларда Еуропадағы мануфактуралық өндірістің дүниеге келу. Ғылыми-техникалық прогрестің алғышарттарын қалыптастырды. Одан әрі XVIIIғасырдың соңында машина өндірісі (Дж.Уаттың бу машинасы, (1764ж.)) пайда болды.Нәтижесінде осының барлығы адамзат алдында шектеусіз мүмкіндіктерді ашты.Осы уақытта ғылыми-техникалық прогрестің екінші кезеңі басталды.
ҒТР-дің одан әрі дамуына XIX ғасырдың соңы мен ХХғасырдың басындағы жаратылыстану ғылымдарындағы жаңалықтардың (электронның, радийдің, химиялық жаңа элементтердің ашылуы, салыстырмалылық теормясы мен кванттық ілімінің негізделуі) қолданысқа толық енуі әсер етті.
Бұл кезеңдер ғылыми-техникалық прогрестің үшінші кезеңін – ғылыми-техникалық революцияны қалыптастыруга ықпалын тигізді.
1946жылы
адмзат тіршілігінде тұңғыш
Ғылыми-техникалық революция дегеніміз – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса отырып, ғылымды өндірістік күштерді түбегейлі өзгертіп, сапасын күрт жаңарту.
ҒТР-дің айқындаушы сипаттағы белгілері, өмбебаптылығы ,жан-жақтылығы, ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі. ҒТР-дің негізгі айқындаушы сипаттары және өзіне тән ерекшеліктері:
-ғылыми-техникалық революция ауқымы кең әмбебап сипатқа ие болды.Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, тұрмыс жағдайына да, өндіріс сатыларына да ықпал етті.
-ғылым мен өндірістің интеграциялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздері, шаруашылық құрылымын , т.б. жағдайларды күрт өзгертті;
-ҒТР негізінде жаңа принципті техника мен технология жасалынып, өндіріске енгізілуде, сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді;
Микроэлекрондық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді пайдаланатын электронды есептеу машиналары (ЭЕМ), икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды.
Одан әрі ғылым мен өндіріс қосылып, біртұтас процеске айналды.Осының негізінде:
-аз қалдықты немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді.Машина кешенінің құрамдас бөлікері мен элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді;
-ҒТР өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алынған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналды. Материалдарды өңдейтін жаңа әдістер одан әрі жетілдірілді;
-ҒТР жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашты.Демек, бұл білім беру жүйесіне де революцчялық өзгерістер енгізді.
Жоғарыдағы жетістіктерді қорыта келіп, экономистер, философтар мен социологтар қазіргі ҒТР-ді біртұтас күрделі жүйе деп есептейді. Оның бір-бірімен тығыз әрекеттесетін 4 құрамдас бөлігі бар:
1)ғылым;
2)техника мен технология;
3)өндіріс;
4)басқару.
Ғылым.Ғылым ҒТР заманында білімнің өте күрделі кешеніне айналып отырғаны белгілі.Ғылым адамның іс-әрекетінің ауқымды саласын құрайды.Дүние жүзінде 8 млн-ға жуық ғылыми қызметкерлер бар.Ғылымның өндіріспен байланысы еркше артып, ғылымды көп қажет ететін салалар пайда болды.АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдерінде ғылым жалпы ішкі өнімнің 2-3 %-ын құрайды.
Техника мен технологмя дамуының эволюциялық және революциялық жолдары. Жаңа техника мен технологияны пайдаланудағы негізгі мақсат – өндірістің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру.Осыған орай ҒТР жағдайында техника мен технологияның дамуы 2 түрлі жолмен өтеді.
Бұрыннан
белгілі техника мен
Түбегейлі жаңа техника мен технологияға көшу жолын – революциялық жолмен даму дейді.Бұл жол, негізінен, техникалық өндіріске оның ішінше электрондық техника өндірісіне тән.Мысалы, өнеркәсіп символы болып отырған элекроника (әсіресе микроэлекторника) өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылуда. Транзисторлы радиоқабылдағыштар, теледидарлар, бейнемагнитофондар, жеке компьютерлер, т.б. жасалуда.
Қорытынды.
Үйге тапсырма: Ғылыми техникалық революция түсінігі, оның айқындаушы белгілері. Техника мен технология дамуының жолдары.Оқу.
Тақырыбы: Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның рөлі, оның өмір сүру ортасының өзгеруі.
Сабақтың мақсаты: Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның рөлі және адамның өмір сүру орталысының өзгеруі туралы түсінік.
Сабақтың барысы: а) Өндіртіш күштерді
орналастыру факторлары.
Жаңа сабақ.
Өндіртіш күштерді орналастыру факторлары. Дүниежүзілі шаруашылықтағы өндіргіш күштерді орналастырудың негізгі бірнеше факторларын қарастырайық.
Аумақтық фактор әсіресе жер аумағы неғұрлым үлкен болған елдерге тән. Ондай елдер жер беті мен жер қойнауындағы табиғат байлықтарына соғұрлым бай болады. Нәтижесінде халық пен өндірісті орналастырудың да мүмкіншілітері ұлғаяды. Жалпы мұндай елдерге: Ресей, Канада, Қытай, Бразилия, Австралия, АҚШ, Үндістан, Аргентина және Қазақстан жатады. Мемлекеттер іріленген сайын экономикалық зоналарға, аудандарға, орталвқтарға, т.б. табиғи және экономикалық кешендерге бөлінеді.
Экономикалық-географиялық жағдай (ЭГЖ). Қандай да болмасын бір елдің экономикалық-географиялық жағдайын оның орталық, түкпірлік, көршілік, теңіз маңы жағдайлары шешеді. Мысалы, Еуропа мен Таяу Шығыстан Жапонияға баратын теңіз жолында орналасқан Сингапур,Сянган (Гонконг), Корея Республикасы елдері (жаңа индустриялық елдер) өте қолайлы теңіз жолы бойында орнплпсқан. Түкпірлік жағдайда болғанымен, Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын өте ыңғайлы аймақта орналасқан. Жалпы алғанда,ХХ ғасырдың ортасынан бастап дүние жүзі халықтарының теңіз жағалауына ойыса орналасуы байқалады. Мұндай бетбұрыс, негізінен, шикізат пен отынды тиімді пайдаланудың нәтижесінде қалыптасады.
Табиғат ресурстары факторы. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында индустрияландыру кезеңінде өндіргіш күштердің табиғат ресурстарына тәуелді дамуының ықпалы күшті ьолды. Кезінде Англияның көмір алаптары (Мидленд, Ланкашир, т.б.) ХIХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясының ядросы саналып келген. Ресейде Орал, Кузбасс, ХХ ғасырдың ортасына таман (1940 жылдары) Қазақстанда Қарағанды көмір алаптары индустиряландырудың басты базасы болған. ҒТР дәуірінде мұндай бейімделу бәсеңдеді.
Дүние жүзінде адам өмір сүруге қолайсыз деп келген солтүстік аудандар (Канада, Ресей елдерінің солтүстік аймақтары) ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесінде игерілуде, адамдардың өмір сүруіне жағдайлар жасалуда.
90 жылдардың
ортасында дүние жүзінде
Көлік факторы шаруашылық дамуының барлық саласна қатысады. Оның маңызы, әсіресе, ҒТР дәуірінде ерекше байқалады. Көлік өнімін өндіретін және тұтынатын аудандар арасындағы алшақтықты жеңуге мүмкіндік жасайды. Мысалы, Ресейдің БАМ теміржол магистралі елдің шығысындағы кенді аудандарды Орталық аудандармен байланыстырса, Канаданың «Байлыққа апаратын жол» атты теміржол магмстралі де осындай қызметті атқарды. Қытай да өз елінің батыс, солтүсті-батыс аудандарын игеруге кірісті. Аумағы үлкен елдерге жататын Қазақстанда да көлңк саласының маңызы зор.
Еңбек қоры факторы білікті жұмыс күшін қажет етеді.Қазіргі ҒТР дәуірінде, дамыған елдерде өндіргіш күштерді орналастыруда біліктілік пен жұмыс күшінің құны едәуір өсіп отыр.
Аумақтық шоғырлану факторының мәні – шаруашылықтың және халықтың ірі өнеркәсіп орталықтарына, өнеркәсіпті аудандарына, қала агломерациясына аумақтық шоғырлануы. Шоғырлану нәтижесінде аумақ үнемделеді, балрығына ортақ инфрақұрылым пайдаланылады, кәсіпорындар кооперацияланады, ірі қалаларда ғылым мен байланыс үшін қолайлы жағдай туады. Бұл фактордың зардаптары да болады. Өндіріс пен халықтың бір жерге өте көп шоғырлануы нәтижесінде экологиялық орта нашарлайды, көлік қарбаласы туындайды, сумен қамтамасыз ету қиындайды.
Қазір дүние
жүзінде ғылыми-техникалық базаны неғұрлым
дұрыс пайдалануда.Әсіресе
Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның рөлі және адамның өмір сүру орталысының өзгеруі. Адам – өндіргіш күштің басты элементі. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін өтеу үшін қызмет етеді.
Қазіргі ҒТР қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертуде. ҒТР-дің басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетілуіне, оның хал-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сонымен қоса қазіргі ҒТР мен технологияның жетістіктері адам баласы өмір сүрудің жасанды ортасын ойлап тапты және ол табиғи ортадан ондаған, жүздеген есе өнімді болып отыр. Адамдар өздерінің іс-әрекеті арқылы ландшафты өзгертуде, аса зор жасанды су қоймаларын (бөгендерді, тоғандарды, каналдарды, т.б) жасады.Сөйтіп адамның жасанды өмір сүру ортасы біртіндеп табиғи ортаны өзгерте бастады.
Қорыта айтқанда, ҒТР қоғамдық дамудың, оның ішінше әлеуметтік маңызы жойылмайтын, бірақ дүниеде болып жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табиғи объективті процесс.
Ақпараттық мәдениет және ғылыми-техникалық байланыстар. Қазіргі кезеңде халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар мен халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат айырбасы жедел дамып келеді.Сондықтан біз өзімізді «ақпарат жарылысы» дәуірінде өмір сүріп отырмыз деуге болады.Қазіргі кезеңде ақпараттық техникамен жұмыс істеу өмірге көптеген жаңа мамандықтарды алып келді. Ақпарат мәселені жүйелі тұрғыдан қарастыруды жүзеге асыруға, экономикалық-математикалық модельдеуді қолдануға мүмкіндік берді.
Қазіргі дүниежүзілік ақпараттық кеңістік 1969 жылы АҚШ-та қалыптаса бастады.Ақпараттың одан әрідамуында дүниежүзілік компьютерлік телекоммуникация жүйесі – интернеттің рөлі ерекше.
Дүниежүзілік
ақпараттану география
Қазіргі ҒТР-дің жұмыс күшіне әсері және жұмыс күшіне жаңа талаптардың қойылуы. Үстіміздегіғасырдың екінші жартысында ҒТР өндіргіш күшкеүлкен әсерін тигізді, жұмыс күшінің мазмұны өзгерді. Өндіріс процесіндегі еңбек энергетикалық, технологиялық, бақылау-басқару және қисынды ойлау қызметтеріне бөлінеді.
Машина өндіріс жағдайында бастапқы 2 қызмет – энергетика мен технология машинаға жүктелді. Өндіріс процесін механикаландыру мен автоматтандыру адамды ауыр немесе қажытатын еңбектен босатып, жұмысшылардың шығармашылығын, интеллектуалды ойлау қабілетін алдыңғы қатарға шығарды. Сонымен бірге өндірістің құрылымын жетілдіріп, жұмысшының жауапкершілігін арттырды. Жұмысшы қысқа мерзімде өндірістік шешімдер қабылдауға тиіс. Өйткені қымбат тұратын құрал-жабдықтардың қызметі жайбарақаттылықты көтермейді. Сөйтіп, өндірісте адам рөлі күшейді., жұмыс күшіне жаңа талаптар қойыла бастады.
Сонымен қатар өндірістің дамуы кәсіптік мамандықты өзгертуді қажет етеді. Өзгерістің басты талабы – жалпы білім деңгейінің өте жоғары болуын қадағалау.
Бүгінде ғылыми білім көлемі әрбір 8-10 жылда 2 есе көбейіп, ал кейбір салаларда әрбір 2-3 жылда жаңарған кезде, бұрын алған білімнің ескіргендігі байқалады. Сондықтан әрбір адам заман талабына сай өз білімін жетілдіріп отыруға тырысуы қажет.
Информация о работе Ғылыми техникалық революция түсінігі,оның айқындаушы белгілері