Ғылыми техникалық революция түсінігі,оның айқындаушы белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 17:11, реферат

Краткое описание

Сабақтың мақсаты: Ғылыми техникалық революция туралы түсінік.
Сабақтың барысы: а) Ғылыми-техникалық революция түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері.
ә) ҒТР-дің айқындаушы сипаттағы белгілері ,өмбебаптылығы, жан-жақтылығы, ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі
б) Ғылым.
в) Техника мен технологмя дамуының эволюциялық және революциялық жолдары.

Вложенные файлы: 1 файл

География.docx

— 43.56 Кб (Скачать файл)

Білім дәрежесі жоғарылаған сайын жұмысшының да, инженер-техниктің де, қызметкерлердің  де жұмыс сапасы арта түсуде. Олар өндірісте  өнім шығарумен ғана айналысып қоймайды. Оны басқаруға, жаңа технологияны енгізуге жігерлі түрде қатысады. Мысалы, Жапонияға ҒТР-дің өндіріске енгізілуі  білім беру жүйесінің тамаша жетістіктерінің  нәтижесі екендігі белгілі.

Қорыта  айтқанда, ғылым-өндіріс, білім-ғылым-өндіріс жүйелерінің түзілуіне білімнің осы заманға лайық құрылымынсыз жетуге болмайтыны белгілі.

Қорытынды.

Үйге: Аумақтық фактор мен көліктік факторлар арасындағы тәуелді байланысты сипаттаңдар. Қазіргі технологиялық жетістіктер нәтижесінде адамзаттың өмір сүру ортасын сипаттаңдар.Дүние жүзі саяси картасын пайдалана отырып, аумағының пішіні ерекше елдерге мысал келтіріңдер. Халқы мен шаруашылығына мұндай пішіндер қалай әсер ететіндігін өз ойларыңмен баяндаңдар.

 

      

 

Тақырыбы: Дүние жүзілік азық-түлік проблемасы.

Сабақтың мақсаты: Дүние жүзілік азық-түлік проблемасы туралы түсіндіру.

Сабақтың барысы: а) Азық-түлік проблемасы;

  б) Азык-түлік бағдарламасы, үнемі өсіп отырған планета халқын азык-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы.

Жаңа сабақ.

Азық-түлік проблемасы – әлемдік қауымдастықтың мақсаты қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму кезеңінде жер шары халқын тамақ өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. Азық-түлік адам өмірінің ең қажетті және баламасыз бөлігі болып табылады. Азық-түлік бағдарламасы шиеленіскен жағдайда адамның тіршілігі мен оның денсаулығына, сонымен бірге шаруашылық механизмінің бір қалыпты жұмыс істеуіне зор қауіп төндіреді. Жер шарындағы көптеген халықтың, әсіресе дамушы елдердегі аштық пен толыққанды тамақтанбау қазір ғаламдық проблемаға айналуда.

ХХ ғасырдың екінші жартысында азық-түлік бағдарламасы Ғаламдық сипат алып, соңғы жылдарда халық саны тым артып, адамзат  тамақ өнімдерінің жетіспеушілігіне тап болуда. Азық-түлік бағларламасын іске асырудың қивн болу себебі – қазіргі кезеңдегі дамушы елдерді азық-түлікпен камтамасыз етудің ұлттық жүйесіндегі ішкі құрылымның үйлеспеуінен болып отыр.

Тамақ өнімдерінің  жетіспеуі адамзат дамуының бүкіл тарихында болып келеді. Мысалы, XIV-XV ғасырларда Орталық Америка үндістерінде, 1005-1322 жылдары Ұлыбританияда, XXғасырдың 30-жылдары Кеңес Одағының кейбір республикаларында болған аштықтар тарихи деректерден белгілі.

Жасалынған  талдаулар бойынша, біріншіден, азық-түлік бағдарламасы ғалымдық проблема болып саналады. Бүкіл адамзатты және дүние жүзі мемлекеттерін қамтиды; екіншіден, бұл проблема геоерафиялық сипатқа ие бола отырып, аумақтық тұрғыда – аймақтық, елдік, аудандық, жергілікті бағытта көрініс табады.

Ғалаидық  азық-түлік бағдарламасы жүйесіне елдердің физиккалық-географиялық жағдайы және халықтың орналасуы; дүниежүзілік көлік  және байланыс; әлемдегі саяси жағдай; дүниежүзілік экономика, сауда және олардың бірлігі сияқты факторлар әсер етеді.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дамушы елдерде  халық санының артуы адамзатты  тамақ өнімдерімен толық қамтамасыз ету қажеттігін бүгінгі күн тәртібіне  қайтадан қойып отыр.Дүние жүзінде  әлі де болса көптеген  мемлекеттер  шетелдердің азық-түлік көмегіне тәуелді.

Тамақ құрамының  сапасы және энергетикалық қоректілігі  организмге қажетті өнімдердің күрделі қосылыстарына байланысты(нәруыз, май, витамин, минералдық заттар) көрсеткіштермен анықталады. Дүние жүзіндегі халықтың басым бөлігі қажетті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз  етілмейді. Әсіресе дамушы елдерде жүз миллиондаған адам азық-түліктің жетіспеушілігінен зардап шегуде.

АҚШ,Еуропалық  Одақ,Канада және кейбір дамыған елдер  азық-түліктің едәуір артықшылығына  ие болып оны өндіруді шектеуде. Ал Қытай мен Үндістанда аштықтың қауіпін қысқартып және тойынбауды елеулі азайта отырып, азық-түлік өндіру тасқынды артты. Бірақ Африка және Оңтүстік-Азия елдерінің көбінде жан басына шаққанда азық-түлікпен қамтамасыз етілу  жақсармай, одан әрі нашарлай түсуде. 90-жылдардың басына дейін халықтың жаппай ашығуы жөнінен Сахараның  оңтүстігінен бастап,бүкіл Африка (ОАР кірмейді),кейбір Азия,Кариб бассейні,Латын Америкасы елдері көзге түсті.

БҰҰ-ның  ФАО-ның (азық-түлік және ауыл шаруашылығы  ұйымы) деректеріне сүйенсек, біздің планетамызда 500 млн адам үнемі ашығып,1млрд адам тағам толық жетіспейтін  елдерде өмір сүреді екен. Жылына 13-18 млн адам аштықтан қырылады. Оның 75%-ы балалар. ВОС-дың зерттеуіне сүйенсек, Латын Америкасындағы өлімнің жартысы 5 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиеді екен.

Дамушы  елдер халқының азық-түлік  құрамында  әрқашан бір ғана өнім жетекші  орын алады. Сондықтан организмге керекті  витаминдер мен минералдар жетіспеушілігі байқалып, соның салдарынан денсаулық  бұзылады. Мысалы күріш дәнді дақылдардың  ішінде калориялығы жоғары болып саналады. Сондықтан Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде күріш ежелгі тамақ өнімі болып, азық-түлік құрамындағы оның үлесі 75%-ды құрайды. Саванна белдеуі және Африканың Сахел ауданында сорго дақылы өседі. Латын Америкасының  кей елдерінің азық-түлік құрамында (Аргентина, Уругвай) бидай, ал Орталық Америка елдерінде және үндістердің басым қоныстанған аудандарында жүгері негізгі орынды алады.

Дамушы  елдердегі азық-түлік жағдайының қиын болу себебі:

-материалдық  өндірістің басқа салалары сияқты дамушы елдердің басым бөлігінде ауыл шаруашылығы қазіргі дүниежүзілік экономиканың ғылыми-техникалық дәрежесіне сай келмейді;

-осы  заманғы аштықтың кең өріс  алуына дамушы елдер халқының  үнемі өсуі едәуір әсер етуде;

-дамушы  елдердегі қазіргі шиеленіскен  азық-түлік проблемасы бұрынғы  метрополия мен трансұлттық корпорациялар  жауапты;

- дамушы елдердің халықаралық экономикалық байланыстардағы қолайсыз бағыты да елеулі орын алады;

- дамушы елдердің азық-түлік жағдайына тауарлы тамақ өнімдерін тұтынуды арттыруға әкеліп соғатын кенттенудің жоғары қарқыны тікелей әсер етеді;

-Африка  ауыл шаруашылығы өнімдерінің  төмен болуына топырақ эрозиясы, қуаңшылық сияқты экологиялық  дағдарыстардың да әсері бар.

Осы заманғы  азык-түлік өнімін өндірудің қарқыны  өте төмен. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге қолайлы барлық құрлық аймағының  орташа есеппен 40%-ы ғана ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылуда. Бұл көрсеткіш Латын Америкасында 17%-ды құраса, Батыс Еуропада 88%ға жетті.

ФАО-ның  есебінше егер жер шарының барлық елдерінің ауыл шауашылығы бірдей жоғары өнім беретін дәрежеге жеткен жағдайда, қазіргі халықты ғана емес, одан 2 есе артық 10 млрд халықты тамақтандыра алар еді. Егер ауыл шаруашылығына хұмсалатын күрделі қаржының қазіргі бөліну дәрежесі ВОЗ-дың деректеріне сай - азык-түлікпен қамтамасыз етілу көрсеткіші төмен дәрежелі елдерге жататын болады.

Ең алдымен, ауыл шаруашылығына,әсіресе жаңа жерді  игеруге бөлінетін қаржыны арттыруды  жүзеге асыру керек. Алдыңғы қатарлы  жаңашыл әдістерді пайдалану, өнімнің  шығымдылығын көтеру, мал тұқымдарының жаңа сорттарын кеңінен енгізу, мелиорация жұмысын жүргізу, минералдық тыңайтқыштарды орнымен пайдалану міндеттері тұр.

Тағы  бір жолы – мұхит байлығын кеңінен  пайдалану. Балық кәсіпшілігі де тез қарқынмен өсуде. Жыл сайынғы  ауланатын балықтардың өсімі 100 млн  тонна болса, соның қазір 70 млн  тоннасы аулануда.

Азык-түлік бағдарламасы, үнемі өсіп отырған планета халқын азык-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы. Бұл проблеманың мәні – азық-түліктің жетіспеуіненгөрі, оларды өндіретін аймақтардың өнімді өткізетін аймактармен сай келмеуінен көрінеді.Сондықтан да азық-түлік проблемасы ресурстық проблемадан гөрі әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаға жақын. Бұл мәселенің шешімі ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, суармалы егіс  көлемінің өсуі, сонымен бірге түбірлі әлеуметтік қайта құру және аграрлық реформаларды жүргізу болып табылады.

Қазақстанның  тамақ өнеркәсібі, негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарының пайдаланып, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін салалар кешені. Оның өндіргіш күштерді дамытудағы рөлі халықтың тұрмыс дәрежесін арттыруға қажет материалдық жағдайды жасауға қатысуы арқылы анықталды. Өндіретін өнім көлемінің үлес салмағынан ол өнеркәсіп салаларының ішінде бірінші орын алады.

ҚР –  ТМД елдерінің ішіндегі азық-түлік  өнімдерін өндіруге қажетті ауыл шаруашылығы шикізат түрлерімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген  елдің бірі. Соған сәйкес Қазақстанда  мал және өсімдік шикізаттарын өңдеу, балық аулау және оны өңдеу, арқылы алынатын тамақ өнімдерінің маңызы зор.

Ет, сүт, балық өнімдері, өсімдік және мал  майы, ас тұзы, жарыма, астық өнімдерімен  қамтамасыз етілу дәрежесі жағынан  Қазақстанның көрсеткіші жоғары болып, оны ТМД және алыс шетелдерге экспортқа  шығарады. Қазақстан ТМД тағы астық  экспорттаушы жалғыз мемлекетке, жылына 4-5 млн т астықты халықаралық рынокқа шығарады. Ресей мен Украина сияқты егіншілікті елдердің өзі Қазақстаннан елеулі көлемде астық тасымалдайды. Бірақ Қазақстаннан шығарылатын өнім сапасының төмен болуы және олардың халықаралық стандартқа сай жеткілікті түрде безендірілмеуі Қазақстан рыногында шетелдік тамақ өнім түрлерінің басым болуына әкеліп отыр. Еліміздің алдында тұрған міндет – шетелдерден әкелетін өнім түрлерінің бәсекеге түсе алатын, жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін шығару.

Қорытынды.

 

Үйге  тапсырма: Ғаламдық азық-түлік бағдарламасы жүйесіне қандай факторлар әсер етеді? Дамушы елдегі азық-түлік проблемасын таңдау себебі неге байланысты? Дүние жүзі халқын азық-түлікпен қамтамасыз етудің қандай жолдары бар? Қазақстан Республикасында халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қазіргі жайы қандай?

 

Тақырыбы: Энергетика және шикізат проблемалары.

Сабақтың мақсаты: Энергетика және шикізат проблемалары турвлы түсінік.

Сабақтың барысы: а) Дүние жүзінде органикалық және минералдық ресурстар;

    б) Қазақстандағы минералдық  шикізат қоры.

Жаңа сабақ.

Қазіргі заманда дүние жүзінде кең  көлемде отын мен шикізат өндіріліп, шаруашылық салаларының тоқтаусыз  жұмыс істеуін қамтамасыз етуде. Соған қарамастан, дүние жүзінің  кейбір аймақтарында экономикалық дамудың  қиындықтарымен байланысты энергетика және шикізат проблемалары күрделі мәселеге айналуда. Адамзат отынымен және шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз ету осы заманның маңызды проблемасы. Бұл – біріншіден, дамыған елдердегі энершияны көп қажет ететін өндірістердің жоғары даму қарқыны мен қалпына келмейтін энергетикалық ресурстар (мұнай, газ, көмір) арасындағы үдемелі алшақтыққа, екіншіден, дәстүрлі отын-энергетикалық теңгерімін сақтауға байланысты.

Көмірсутекті  шикізат қорын отын ресурстары ретінде  ұтымды пайдалану ғаламдық энергетикалық  проблеманың басты мәселесі болып  табылады. Жаңа кен орындарын іздестіру  жұмыстарының кеңеюі, олардың барлығының қорын арттыра түседі. Бірақ қазір  дүние жүзінде табиғат жағдайы  өте қатаң, баруы қиын аудандарда орналасқан шикізат кен орындарын  өңдеуге көшу өндіруді қымбаттауда.

 Дүние  жүзінде органикалық және минералдық  ресурстар, сонымен біге атом  энергиясы да бағдарлануда. Мұнай,  газ, көмір басты энергия ьеретін  ресурстар болып саналады. Алдағы  мерзімде энергетиканы дамытудың  бағыты сұйық отынның үлесін  төмендету арқылы энергия көздерінің  тиімді жаңа түрлерін іздестіруге  жоспарланған. Адамзат қазір шектеулі  органикалық табиғат ресурстары  энергиясының сақталмайтын негіздегі  энергетикаға бағдарланған өтпелі  кезеңге көшті(ядролық, күн сәулесі,  жердің ішкі жылуының энергиясы). Бұл кезеңге энергияның үнемдеуіш  технология мен энергияның дүние  жүзілік үнемдеуі сәйкес келіп отыр.

Қазіргі энергетикалық теңгерім адамзат  талабын қамтамасыз ететіндей дәрежеде. Ғалымдардың болжауынша, алдағы 2 ғасыр  көлемінде адамзаттың дамуы мен  оның санының өсуі планетада энергетикалық  ресурстардың патшалығы проблемасына ұшыраумауға тиісіті. Біріақ мұнай және газ, көмірдің қоры шексіз емес. Олардың жиынтығы әзірше электр энергиясы өндірісін қамтамасыз етуде. Сонымен бірге энергия алудың радиоактивті шикізаттарының үлкен қоры бар.

Планетаның  температуралық теңгерімі күрделі күштердің өзара әсері арқылы сақталынады. Күн сәулесі жер бетін қыздырып, жылудың бір бөлігі шағылысып, қайтадан аспан кеңістігіне кетеді. Жерден шағылысып шыққан сәулесінің бір бөлігі жылу газдары жұтады. «Жылу газдары» күн сәулесі үшін түссіз бола отырып, төмен қарай күн сәулесін өзінен өткізіп, жер бетінен шағылысқан ұзын толқынды жылуды жоғары қарай жібермейді. Сөйтіп, жер беті біртіндеп жылынады. Оның негізін көмірқышқыл газы мен су буы береді. Көмірқышқыл газы минералдық отындарды жағу есебінен көбейіп, атмосфераның төменгі қабаттарына шоғырлануда. Егер оның шоғырлануының қазіргі қарқыны сақталатын болса, онда 2025 – 2050 жылдары атмосферадағы көмірқышқыл газының үлесі 2 есе артып, бұл климатының жылуына әсер етеді.

Климатының  жылыну себебі түбегейлі анықталған жоқ, бірақ көбінесе зерттеулердің  нәтижесі оның атмосфераға көмірқышқыл және басқа газдардың шығуымен байланысын көрсетеді. Егер жылынудың себебі тек осымен байланысты болып, оған қарсы дер кезінде шаралар қолданылмайтын болса, онда тасқын су, құрғақшылық, дауыл, орман өрті сияқты табиғат апаттары жиілеп, шөл көлемінің артуы, мұхит деңгейінің көтерілуі және жерді су басу қаупі туындауы мүмкін.

Информация о работе Ғылыми техникалық революция түсінігі,оның айқындаушы белгілері