Ғылыми техникалық революция түсінігі,оның айқындаушы белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 17:11, реферат

Краткое описание

Сабақтың мақсаты: Ғылыми техникалық революция туралы түсінік.
Сабақтың барысы: а) Ғылыми-техникалық революция түсінігі және оның қалыптасу кезеңдері.
ә) ҒТР-дің айқындаушы сипаттағы белгілері ,өмбебаптылығы, жан-жақтылығы, ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі
б) Ғылым.
в) Техника мен технологмя дамуының эволюциялық және революциялық жолдары.

Вложенные файлы: 1 файл

География.docx

— 43.56 Кб (Скачать файл)

Жаңа  мәліметтерге қарағанда, соңғы жылдары  атмосферадағы көмірқышқыл газы мөлшерінің өсу жылдамдығы біршама төмендейді. Қалдықтың 20%-ы тиесілі АҚШ-тың жаңа технологияны пайдалануы, ал ТМД елдері аймағында өндіріс орындарының азаюы салдарынан   көмірқышқыл газының үлесі кемуде. Атмосферадағы көмірқышқыл газының өсімдіктер мен мұхит жұтуға тиісті. Сондықтан жылу әсері және оның тигізетін зардабы баяулауы мүмкін.

Ғаламдық  проблеманың басқа бір түрі Жер  бетін өте қауіпті күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайтын озон қабатының  жұқарып тесілуі болып табылады. Жер бетінен 25-40 км-дегі озон қабаты  тіршілікті қауіпті күн сәулесінен қорғайды. Сонғы жылдары озон қабатының бұзылуы, яғни озонның жұқаруы Антарктида, Арктика, Еуропа, Солтүстік Азия және Солтүстік Америка, Ресейдің Шығыс Сібір ауданы үстінде байқалуда. Мұнда озон қабатының қалыңдығы 10-15%-ға жұқарған.

Озон  қабатының жойылуы тері және қатерлі  ісік ауруларының көбеюіне алып келеді. Ультракүлгін сәулелер үлесінің артуы  адам организмінің қарсы тұру қабілетін  төмендетсе, егіз шығымдылығын кемітеді.

Егер  озон қабаты жойылса, ультракүлгін сауле  жер бетін күйдіріп, бүкіл тіршілік зардап шегеді.

Адамзаттың дамуы үшін қажетті материалдардың басым бәлігі жер шарындағы кен байлықтарынан тұрады. Бұл кен байлықтарын шикізат деп атайды. Шикізат онан әрі өңдеуді қажет ететін материал. Шикізаттардың кейбір түрлері, мысылы, мұнай жагынан – шикізат, ал екінші жағынан энергетикалық отын ретінде пайдаланады. Көп жағдайда минералдық ресурстар шикізат ретінде қолданылады. Минералдық шикізат ресурстары шектеулі, тұтынудың артуына байланысты сарқылуы мүмкін. Ал олардың таусылуы көптеген мемлекеттердің экономикасының дамуына кедергі болады. Жыл сайын жер қойнауынан 100млрд тоннадан астам әртүрлі шикізат және отын алынады. Осындай іс-әрекеттер барысында жер шарының кейбір елдері мен аймақтарындағы табиғат ресурстарының түрлері азаюда (мысалы, Франциядағы Лотарингия, Ресейдегі Орал кен ооындары, Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер кен орындары, т.б.)

Дүние жүзінің  кейбір елдерінде минералдық ресурстар  түрлерінің қоры жеткіліксіз, сондықтан  ол елдер бұл шикізаттарды басқа  мемлекеттерден тасымалдайды. Мысалы, АҚШ өзінің қажетін тек 22 минералдық шикізат түрімен қамтамасыз етіп, қажетті минералдық шикізаттың 15-20%-ын шеттен әкеледі. Батыс Еуропа 70-80%, Жапония 90-95% шикізатты шет мемлекеттерден алады.

Кезінде Кеңес Одағы дүние жүзіндегі  минералды ресурстарға бай мемлекет еді. Мысалы, марганецтің ірі 3 кен  орны-Украина(Никополь), Грузия(Чиатура) және Қазақстанда(Жезді) болды. Планетамыздағы орманның сиреуі де ғаламдық шикізаттық проблемаға тікелей әсер етуде. Соңғы 200 жылда жер шарындағы орманның аумағы 2 есеге жуық қысқарды. Ылғалды тропикалық орман азайды, бұрынғы аумағының 1/3-і ғана сақталып қалды. Адамзатты орманның ресурстық маңызы қызықтыруда, ал экологиялық зардабын әзірге ескермеуде.

Жер, су және минералды ресурстардың ғаламдық шикізат проблемасындағы мәні- дүниежүзілік шаруашылықты шикізатпен қамтамасыз ету  болып табылады.

Энергетикалық және шикізаттық проблема – мұнай, газ, металл өндіру, т.б. отын және минералдық-шикізаттық ресурстардың шектеулі және сарқылу мүмкіндігі. Бұл мәселені шешу шикізат пен энергияны қатаң үнемдеумен, олардыүнемдеуші технологияны жетілдірумен және сарқылмайтын жаңа энергия көздерін іздестірумен байланысты.

Табиғат Қазақстанды минералдық шикізат  қорының қоймасына айналдырған. Менделеев кестесіндегі 109 элементтің біздің жерімізде 99-ы табылған. Оның 60-тан астамының қоры зерттелініп, өндіріске тартылған. Ғалымдардың  зертеуінше, Қазақстан дүние жүзінде  кейбір кен байлықтары қорынан алдыңғы  орындарының бірін алады. Мысалы, Қазақстан вольфрам қорынан бірінші, хромит, уран және фосфориттен екінші, ал марганецтен АҚШ, Украинадан соң үшінші, қорғасын және молибденнен төртінші, темір кенінен Бразилия, Австралия, Канада,АҚШ, Үндістан, Ресей және Украинадан кейін сегізінші орында.

Қазақстан отын-энергетикалық ресурсқа бай. Ол бүкіл құрлықтың 2%  аумағын алып отыр. Оның аймағында дүниежүзілік көмір қорының 3,3%-ы шоғырланған, ал көмір өндіруден дүние жүзінде сегізінші орында. Мұнай қорынан 13-ші, оны өндіруден 5-ші,газдың қорынан дүние жүзі бойынша 12-ші орында. Әлемдік уран қорының Қазақстанға 30%-дан астамы тиесілі. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде энергетикалық және шикізат ресурстарымен толық қамтамасыз етілген. Олардың кейбір түрлерін экспортқа шығарады.

Осыдан  Қазақстанның көмір мен мұнай, қара және түсті металл, фосфор, т.б. шикізат және энергетикалық ресурстармен жеткілікті қамтамасыз етіліп, әлем елдеріне әйгілі екендігін көруге болады.

Қазақстанда көмірдің Қарағанды және Екібастұз, темірдің Қостанай, хромның Дон мен Хромтау, марганецтің Жезді, мыстың Орталық Қазақстан, полиметалдың Кенді Алтай, мұнайдың Атырау – Ембі, Маңғыстау басейндері мен Каспий қайраңы, газдың Қарашығанақ, фосфориттің Қаратау бассейндері мен кен орындары әлемге әйгілі. Бұл аталған табиғат ресурстары Қазақстан экспорттың жетекші түрлері болып табылады.

Осындай әлемге әйгілі табиғат ресурстарының  барлығы және оның қорының молдығы, кешенді игеруге қолайлы орналасуы  – Қазақстанға шетелдік инвестициясының мол келуінің кепілі. Қазақстан өзінің тәуелсіздік даму жолдарында 40 млрд АҚШ длларындай шетелдік инвестициясын ала отырып, оны республика экономикасының мұнай химиясы, металлургия, т.б. базалық салаларына бағыттап отыр.

Қорытынды.

 

Үйге тапсырма: Дүние жүзінде энергетикалық және шикізаттық ресурстармен толық қамтамасыз етілмеген елдерді атап, ол қиындықтардан шығу жолдарына сипаттама беріңдер. Қазақстан Республикасының энергетикалық және шикізаттық ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңдер.

 


Информация о работе Ғылыми техникалық революция түсінігі,оның айқындаушы белгілері