Дәріс сабақтарының мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 19:11, курс лекций

Краткое описание

Бірінші кезең 50 жылдарда компьютерлік технологияның жетістіктерімен 60 жылдары пайда болған графикалық дисплейлер және де ЭЕМ басқа сыртқы құжаттарының дамуына байланысты болды. Бұл кезеңнің тағыда бір ерекшелігі грамматикалық алгоритмдер және де графикалық мәліметтреді дисплейде бейнелеу мүмкіншілігімен кеңістік сараптама әдістері және деректер қорын басқару жүйесіне байланысты программалардың шығуы.
Бұл кезеңде, география пайда болған теориялық жұмыстар және кеңістіктегі қарым қатынас, әсіресе географиядағы сандық әдістерінің дамуы өз ықпалын тигізді.

Вложенные файлы: 1 файл

Курс лекции по картографии.doc

— 1.81 Мб (Скачать файл)

Әрбір   пиксельдің   биттік   көлемі   түсті   құрушылар  бойынша   таралады:  әрбір   түс  8  битпен   кодталады.   Программада   түсті  құраушылар   каналдардың   көріністері,   біріктірілген     каналдар  түрінде   ұйымдастырылады және   көріністің   түсін   анықтайды.

Толық  түсті  көріністер   көп  каналдылар  деп  аталады.   Бұл   кластың   көріністеріне    RGR,  CMYK және  т.б.  жатады.   Олар  түсінің   тереңдігі  бойынша   және   түстердің   математикалық   сипатталу  әдісі   бойынша,  яғни   түстік   моделі   бойынша   ажыратылады.

Адамды  қоршаған  әлем -  бұл  түстің   мұхиты.    Түс  тек  қана   ақпараттық   емес,  сол  сияқты   эмоционалды   құрастырушыны   иеленеді.   Өндірістің   көптеген   салалары   үшін,  соның ішінде     полиграфия   мен  компьютерлік    технология    үшін  түсті    өңдеу  мен    сипаттауды   объективті   тәсілдері   қажет.

Табиғатта  түс   сирек   қарапайым   болып  табылады.  Түстердің   көпшілігі   негізгі   түстердің   араласуынан  пайда   болады.   Егер   сары  мен   көгілдір   красканы   (бояуышты)   араластырса   жасыл  түс   болады.   2  түстен  үшінші   түс   алынды.   Базалы    немесе    негізгі    түстерді   араластыру  жолымен    құрамдық   деп  аталатын   қалған  түстерді     алуға болады.  Сөйтіп,   түсті   математикалық   базалы  компоненттердің   (түстің  моделін  құру)   қатынасы   ретінде   сипаттауға   болады.    Түсті    құраушы     компоненттерге    бөлу   тәсілі    түсті   модель  деп   аталады.

Түсті  иеленетін  объект,  жарықты сәулелендіріп   оны    жоюы  мүмкін.  Бірінші   және  екінші   жағдайда  объектінің  түсі  әртүрлі   сипатталады,   яғни оның   сипатталуы  үшін   түстің   әртүрлі   модельдері   қолданылады.   Түстің   параметрлері   графикалық   түсті    модельдердің   көмегімен көрсетілуі  мүмкін.     Графикалық  пакеттерде   көбінесе   модельдің   үш  түсі   пайдаланылады:   RGR,  CMYK,  HSB6  L*a>b.

RGВ – үш  каналды   түсті модель.   Бұл модель  координаттардың   үш  өлшемді   жүйесі   түрінде   көрсетіледі.  Әрбір    координата   диапазонда   0-ден    максималды  мәнге   дейінгі   нәтижелейтін   түсте    әрбір    құраушының   салымын   көрсетеді. Алынған   кубтың   ішінде,   түсті    кеңістікті  құра   отырып,   барлық   түстер   болады.

Бұл  модельдің  ерекше   нүктелері   мен  сызықтарын   белгілеу   маңызды.   Координаттың  басы:   бұл   нүктеде   барлық   құраушылар    0-ге  тең,    сәулелену   жоқ (қара  түс).

Көрерменге   жақын  нүкте:   бұл  нүктеде   барлық  құраушылар   максималды   мәнді   (ақ түс)   иеленеді.

Алдындағы   2  нүктелі   (диоганальдар  бойынша)   біріктіретін   сызықта   сұр  түстер   орналасады:   қарадан,    аққа  дейін  (сұр шкала,   әдетте – 256   градациялар).  Бұл барлық   үш   құраушы   бірдей   болғаннан   болады   және    диапазонда   0-ден   максималды    мәнге   дейін    орналасады.

Кубтың  барлық    биіктіктері   бастапқы   таза  түсті  береді, қалған  3   бастапқы   түстердің    2  рет   араласуын   көрсетеді.

Қолданылуы:  бұл модельде   сканер   көрінісі    кодталады,  және  экран    монитордың   суретін   көрсетеді.

CMYK  - төртканалды   түсті модель.  С – бұл Суал (көгілдір),  М – бұл модельға (пурпурный) ,   Y  - Yellow (сары),    К – бұл  Blak  (қара),  яғни    сөзден    бастапқы   емес,   соңғы   әріпі  алынған.

CMYK  моделі  RGB   моделіне   ұқсас,  онда   координаттың   басы   көрсетілген.

Модельдің   ерекше   нүктелері  мен  сызықтары

Координаттың  басы:   баяу  мүлде   болмағанда  (құраушылардың мәні 0  болғанда)   ақ  түс   (ақ  қағаз)  алынады.

Көрерменге   жақын  нүкте:  барлық   үш   компоненттердің    максималды   мәндерін   араластыруда   қара  түс   алынуы  мүмкін.

Алғашқы   2  нүктелі   (диагональ  бойынша)   біріктіретін  сызық  мәндері   бірдей   үш  компонетті    араластыруда   сұр  түс   алынады.

Кубтың   үш  биіктігі    бастапқы    таза    түсті  береді,   қалған   үшеуі   бастапқы   түстердің   екі  рет    араласуын  көрсетеді.

Қолданылуы:   Модель  (үлгі)  нақты   полиграфиялық  бояуларды   сипаттайтындықтан  оны   полиграфиялық   түсті  алу  үшін   пайдаланылады.

HSB  - бұл  түстің   үшканалдық  моделі.   Ол  ағылшын   сөздерінің   алғашқы  әріптері  бойынша   аталады:  түсі  (hue), қанығуы   (saturation),  жарықтығы   (brighthess).

Түсті  сипаттаушы   параметрлер.  Түстер   мен  спектральды   түстер   түсті   шеңберде   орналасады.  Түсті   тас  түсті  шеңбердегі   жағдай  мен  сипатталады және 0-ден   360  градусқа  дейінгі   диапазонда   бұрыш   максималымен   анықйталады.  Бұл  түстер   максималды   қанығу   мен   максималды  жарықты   иеленеді.

Қанығу   (түске   ақ  болуды    қосу   проценті) – оның  тазалығын   анықтайтын  түстің   параметрлері.  Егер   түстік   шеңбердің   жиегі  бойынша   түстің   максималды   қанығуы   (100 %)  орналасса,   онда  олардың   қанығуын   миниумға   (0 %)   дейін  азайту    ғана   қалады.   Қанығуды   азайтқанда   түс   ақшылданды.   Қанығу  мәні   0 %   болғанда   кез-келген   түс  ақ   болады.

Жарықтық  (қара  түсті  қосу  проценті) – түтсің  ақшылдануы  мен    қара  болуын   анықтайтын   түстің   параметрлері.

Жоғарыда  қарастырылған  түсті   шеңбердің   барлық    түстері   максималды   жарықты   (100 %)  иеленеді.  Жарықты   миниумға   (0 %)  дейін  азайтуға   болады.   Түстің   жарықтығының    азаюы    оның  қара   болуын   білдіреді.   Жарықтықпен   жұмыс  істеуді   спектральды  түске   қара  түстің   нақты   процентін  қосу  ретінде   сипаттауға   болады.

Түстік  шеңберде   RGB  және  CMYK   модельдерінің  негізгі  түстері   мынадай   байланыста  болады:   әрбір  түс   оны   толықтырушы   түске    қарама-қарсы   орналасқан,   бұдан  басқа    ол,  көмегімен  алынған  түстер   арасында    болады.    Мысалы,    жасыл  және   қызыл    түстердің   араласуы,    сары  түсті    береді.   Қандайда   бір  түсті    күшейту  (қоюлату)   үшін  оны    толықтырушы  түсті  азайту    керек.    Мысалы,    көгілдір    түстер   жағына   жалпы   түстік   шешімді    өзгерту   үшін,   онда  қызыл    түстің    мөлшерін    азайту  керек.    Компьютерлік     суретшілер   пайдаланатын   HSB  моделін   қолдану.

L×a×b – үшканалды   түсті  модель.   Ол   RGB,  CMYK,  HSB     модельдерінің   айтарлықтай     жетіспеушіліктерінің   алдын-алу   мақсатында    жарықтандыру  (СІЕ)  бойынша Халықаралық комиссиямен   құрылды.  Ол  ақпаратты – тәуелсіз    модель  болуға  және  түсті   қондырғының    монитор,  принтер, жазатын   станк    ерекшелігіне    қарамай    анықтауға   арналған.

Қолданылуы:   Adobe Photoshop 5,0   программасы    L×a×b –ны   PostScript  Level 2   принтерлерінен   шығарғанда   модельден   модельге   кез-келген    конверттеуге   модел – посредник ретінде    пайдаланады және  түрлі түсті   көріністі,    көріністің   сұр   шуаласында   конверттеуде     PCD      форматымен    жұмыс   істеуде    Photoshop   қолданылады.

Қазіргі   уақытта   ГИС-та   үшөлшемді   модельдің  2  негізгі   тәсілдері  бар.

Бірінші  тәсіл,   оны    псевдо  үшөлшемді  деп  атаймыз,  ол   әрбір   нүктенің   (X,  Y)    Z     үшінші   координаттарының   мәні   арбитрум    ретінде  жазылған  деректердің     құрылымының   пайда  болуына   негізделген.   Сонымен  бірге   Z   мәні  үш өлшемді     көріністерді  құру  үшін  перспективті    құрылыстарда   пайдаланылуы   мүмкін.   Бұл  нақты    үш  өлшемді   көрініс  болмағандықтан,  оны   жиі   2,5   өлшемді  деп    атын   өзгертеді. 

Мұндай   2,5  өлшемді   модельдер   төмендегі    тапсырмаларды   тиімді   шешу    мүмкіндігін    береді:

  • ЦМР   немесе  TIN   базасында   басқа    үзіліссіз  беттермен   бедердің   көрінуі;
  • Шолудың  кез-келген   эффектілерді   нүктесі  үшін   перспективті  модельді  есептеу;
  • Түс  пен    жарықтық    эффектілерді  пайдалану   арқылы  жер  бетіне   қосымша    қабаттарды   созу;
  • Деректердің   1   класатарының   басқаға   визуалды   қайта  пайда    болуы;
  • Территория   үстінде   динамикалық   модельді  құру.

Екінші  тәсіл  -  үшөлшемдерде   (X,  Y,  Z)  орналасуы   тіркелетін   нақты  үш   өлшемді    көріністердің  - деректердің   құрылымының  құрылуы  бұл  жағдайда   2 – аирибут  емес,   нүктенің    орналасу   элементі.

Мұндай   жағдай   координаттары   Х  және   Y   бірдей  бірнеше     нүктелерде    деректерді   тіркеуге     мүмкіндік    береді,  мысалы    атмосфераны     кодтау    немесе   таулы    өндірулердің     көлемдерін   анықтауда.

Нақты  үшөлшемді    көріністер   төмендегі    жағдайларға    мүмкіндік   береді:

  • Көлемдерді  дұрыс  көрсетуге;
  • Көлемдерді   модельдеумен  байланысты тапсырмаларды   шешеуге;
  • Тапсырмалардың  жаңа  класын – үшөлшемді  ТИС-ті   өңдеуді   шешуге;
  • Үшөлшемді құрылымдардың    синтезін   жүргізуге;

Кеңістіктік ақпараттың  үш  өлшемді  көріністерінің  екі  тәсілі  де  маңызды  қосымшаларды    иеленеді:

  • инженерлік    және  өнеркәсіптік     құрылыстарды   жобалау  (шахталар,  карьерлер,  бөгеттер  мен    суқоймалар);
  • геологиялық   үрдістерді   модельдеу;
  • газ  тәрізді  және  сұйықты   орталарды   үшөлшемді    ағындарды   модельдеу.

Негізгі  әдебиет   (1  нег.  [71-84])

Қосымша  әдебиет  (1 қос.  [124-133])

Бақылау  сұрақтары:

  1. Пиксель деген не?
  2. Түйін деген  не?
  3. Түс пен оның   модельдері
  4. ГИС-та  үшөлшемді    модельдерді   көрсетудің   қанша тәсілі  бар?

 

7-дәріс  ГАЖ-ға мәліметтерді енгізу және ГАЖ-ді техникалық қамтамасыздандыру.

Қарастырылатын  сұрақтар. Картаны дайындау және сандық түрге келтіру үрдісі.Нені және қаншалықты енгізу.

Дәріс мазмұны. Картаны дайындау және сандық түрге көшіру үрдісі

Цифрлау – бұл мәліметтерді аналогты-сандық өзгертулер үрдісі, яғни аналогты мәліметтер сандық формаға ауыстыру, ол машиналық  сандық ортада жүзеге асуы үшін немесе әртүрлі типтегі цифровательдердің көмегімен машинамен оқылатын құралдарында сақтау үшін ыңғайлы. Геоақпаратта, компьтерлік графикада, картографияда: аналогты графикалық және картографиялық құжаттарды сандық жазба формасына өзгерту, олар кеңістіктік объектілерінің векторының көріністеріне сәйкес келеді.

Цифрлау әдісі бойынша ажыратылады:

1. қолмен қоршалатын  дигитайзер көмегімен.

2. түпнұсқаларының растрлік  көшірмелерін кейінен векторлау  арқылы сканирлеу құрылғыларын  пайдалану.

Автоматизациялау дәрежесі бойынша автоматты, жартылай автоматты  және қолмен цифрлеу болып ажыратылады. Сызықты цифрлеуәртүрлі режимдерде жүзеге асуы мүмкін: нүктелей енгізу немесе ағымдық енгізу, онда тең уақыт аралығы немесе кеңістік интервалдар арқылы координациялық жұптар ағымы генерализацияланады. «Цифрлеу» ұғымын әдетте қолмен қоршау дигитайзер арқылы цифрлеутүсіндіріледі, олар түпнұсқаларды сканерлеп енгізу «сканерлік цифрлеу» негіздерінен айрықша болады. Цифрлау үрдісі, ақпараттық құрылғылар арқылы қызмет жасайды, графикалық векторлар редакторы деп атлажды, олардың атқаратын қызметтеріне цифрлау режимін тағайындау, оцифровтелген объектілердің орнын ауыстыруы және өшірілу, цифрлаулық сапасын бақылау( іздеу, индикация және геолитриялық қателіктерді түзету, соның ішінде палтендардың тұстылмағандығы, жалғанторап және т.б) жатады

Цифрлауны программаға  проекция, координаттар жүйесі жөнінде сәйкес ақпараттарды хабарлаудан бастау керек. Бұл картаны дайындау үрдісінің бір бөлігі, оны әдетте иелемей өтеді, бірақ мәліметтер базасын құру үшін өте маңызды. Көп программаларды бастау алдында осы ақпараттарды талап етеді, бірақ кейбіреулері бұл ақпарат кейінірек енгізуге мүмкіндік береді. Кез келген жағдайда оны алдын-ала дайындаған жөн.

Программаға картаның қай  бөлігіне оцифрленгенін хабарлау қажет. Ол үшін кеңістігінде енгізетін түйісу нүктелерін не тіркей коордтнаталарын  пайдаланылады. Түйісу нүктелері картаның сыртқы шекарасын белгілейді, және де олар кез-келген объектінің сыртында болуы тиіс, егер де БД ГАЖ-ді енгізу үшін картаның рамкасын қоса оцифрлейді. Картаның ауданын анықтау үшін тікбұрыштың бұрыштарының 3 нүктесін кажет етеді. Егер нүктелер диагональ бойымен орналасса, онда кейбір программалар екі нүктемен шектеледк. Осындай жағдайда программа сыртқы шекараны тікбұрыш деп санайды да, қалған екі бұрышты есептеп шығарады. Саналы жұмысты қамтамасыз ету үшін қандай да әдісті пайдаланбасақта, түйісу нүктелерінің нақты орналасуын көрсетуіңіз қажет. Оларды қайтадан тексерген жөн, себебі олардың орналасуын дұрыс көрсетпесек, онда кейінгі цифрлау қате болады.

Картаны дайындау түйісуді жүргізу тәртібін нақты анықтап  алу қажет.

Картаның соңғы дайындық кезінде негізінен температура және ылғалдылық өзгерген жағдайда картаның материалына байланысты өз өлшемдерін өзгентулерімен жұмыс жасайды. Пластик типтегі материал қағазға қарағанда төзімді. Алайда температура өзгенрген кезде пластик өз өлшемін өзгертеді, бірақ қағазға қарағанда неғұрлым аз. Және ылғалдылықтың өзгеруіне сезімталдығы төмен.

Информация о работе Дәріс сабақтарының мазмұны