Мәмлелерді куәландыру. Жалпы ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 18:19, реферат

Краткое описание

Нотариус заңдармен мiндеттi түрде нотариаттық рәсiмделуге жататын барлық мәмiлелердi куәландырады. Бiрақ, тараптардың қалауы бойынша заңмен мiндеттi емес мәмiлелердiң түрлерi де куәландыруға жатады. Заңға сәйкес мiндеттi түрде нотариаттық куәландыруға жататын мәмiлелердiң түрлерi:
Рента шарты
Өсиет
Мүлiктi басқаруға және мәмiлелер жасасуға сенiмхат
Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлетiн сенiмхаттар

Вложенные файлы: 1 файл

срс 2 нот doc.doc

— 60.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

Заң факультеті

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

Тақырыбы: Мәмлелерді куәландыру. Жалпы ережелері

 

 

 

                                     Орындаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2012

 

 

Нотариус заңдармен мiндеттi түрде  нотариаттық рәсiмделуге жататын  барлық мәмiлелердi куәландырады. Бiрақ, тараптардың қалауы бойынша заңмен мiндеттi емес мәмiлелердiң түрлерi де куәландыруға жатады. Заңға сәйкес мiндеттi түрде нотариаттық куәландыруға жататын мәмiлелердiң түрлерi:

  1. Рента шарты
  2. Өсиет
  3. Мүлiктi басқаруға және мәмiлелер жасасуға сенiмхат
  4. Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлетiн сенiмхаттар
  5. Шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттары
  6. Неке келiсiм шарты
  7. Мұрагерлердiң келiсiмi (үлестерiнiң мөлшерi)
  8. Алименттi төлеу туралы келiсiм

Нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру  тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес мәмiлелердi куәландыру үшiн келесi тәртiп бекiтiлген:

  1. Нотариус тараптарға жасалған  iс-әрекеттердiң мақсатын түсiндiредi.
  2. Құжаттардың заңға сәйкестiгiн тексередi.
  3. Егер, ниет бiлдiрген жеке тұлға алкогльдiк немесе есiрткелiк мас халда болса, нотариус куәландырудан бас тартуы қажет.
  4. Кәмелетке толмағандар мен әрекет қабiлеттiлiгi жоқтардың ата-анасы немесе қорғаушылары мен қамқоршылары жүзеге асырады.
  5. Кейбiр мәмiлелердi куәландыру үшiн, сол мүлiкке құқықтарын дәлелдейтiн құжаттар болу керек.
  6. Шартты бұзу туралы келiсiм бөлек куәландырылады.
  7. Егер, мәмiлелер жарамсыз деп танылса, онда ол туралы реестрде белгiлейдi және алдын-ала төленген мемлекеттiк баж немесе жекеше нотариустың қызметiне төленген ақысы қайтарылмайды.
  8. Куәландыруға жататын мәмiлелердiң саны екi данадан кем болмауы керек, бiрақ тиiстi тараптардың санынан көп болмауы керек.

 Жылжымайтын мүлiктi иелiктен  шығару туралы шарттар, сол  мүлiктiң орналасқан жерiнде, ал жылжымалы мүлiктi иелiктен шығару туралы шарттар кез-келген жерде куәландырылады (Нотариат туралы заңның 54б.2т.);

  1. Ортақ немесе үлестiк меншiктегi барлық қатысушылардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады;
  2. Жұбайылардың ортақ меншiгiндегi мүлiктi иелiктен шығару үшiн, олардың келiсiмi қажет;
  3. Үлестiк меншiктегi мүлiк сатылатын болса, оның қатысушысы басқа тұлғалардан артықшылық құқығына иеленедi, яғни өз үлесiн иелiгiнен шығару үшiн ешкiмнiң келiсiмi қажет емес;
  4. Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы мәмiлелердi куәландыру кезiнде, ол мүлiк орналасқан жер учаскiсiнiң құқықтық жағдайы анықталады;
  5. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын иелiктен шығару үшiн жер учаскiсiнiң меншiк құқығы да бiрге шығарылуы керек;
  6. Осы әрекеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық құжаттарды нотариус талап етедi;
  7. Жер заңдарына сәйкес нотариус келесi мәмiлелердi куәландыруға құқығы жоқ:
  8. Тұрақты жер пайдалану құқығы берiлген мемлекеттiк заңды тұлғалардың құқығын, егер, осы жер учаскiсiнде орналасқан жылжымайтын мүлiк иелiктен шығарылмаса;
  9. Қазақстан Республикасының азаматының жеке меншiгiндегi жер учаскiсiн шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына берсе.
  10. Куәландыру кезiнде нотариус бұл мүлiк кiмнiң иелiгiнде екендiгiн тексередi. Мұндай тексеру құжаттарына мыналар жатады:
  • жер учаскiсi тұрғын үй құрылысын жүргiзу үшiн немесе жеке меншiк құқығына берiлгенi үшiн нотариаттық куәландырылған шарт;
  • тұрғын үй құрылысын жүргiзушi заңды тұлғаәландырылған шарт;
  • тұрғын үй құрылысын жүргiзушi заңды тұлғаға берiлген жер учаскiсi туралы шарт;
  • нотариалды куәландырылған сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту және тағы басқа шарттар;
  • жекешелендiру туралы шарт;
  • сауда-саттықта алғандығы туралы акт;
  • ортақ меншiктегi үлеске құқығы туралы куәлiк;
  • меншiк құқығын растайтын заңды күшiне енген сот шешiмi;
  • мүлiктi бөлу туралы шарт;
  • мемлекеттiк тiркелгендiгi туралы куәлiк;
  • жергiлiктi атқарушы органмен берiлген меншiк құқығы туралы куәлiк,
  • мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
  • серiктестiктiң құрылтай құжаты;
  • заңды тұлғалардың бөлу балансы мен өткiзу актiсi туралы шешiмi;
  • сауда саттықтың өткiзiлгендiгi туралы хаттама;
  • әкiмнiң шешiмi, мемлекеттiк акт.
  1. Бұл құжаттардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi тексерiледi;
  1. Осы мүлiктерге түскен ауыртпалықтар:

а) аресте тұрғандығы

б) кепiлге салынғандығы

в) т.б. мән-жайлар тексерiледi.

  1. Мәмiлелердi куәландыру үшiн нотариус мыналарды талап етедi:

а) құқық анықтаушы құжат;

б) құқықтық кадастрде тiркелгендiгi туралы құжаттың үзiндiсi;

в) иелiктен шығарылатын мүлiктiң  бағасы туралы акт.

Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңының 60 бабына сәйкес нотариус белгiлi бiр негiздерге байланысты мұрагерлiк құқықты ашуға байланысты хабарлама алса, онда ол туралы тұрғылықты жерi мен жұмыс орны белгiлi құқық қабылдаушыға хабарлау қажет. Егер, олардың тұрғылықты жерi мен жұмс орны белгiсiз болса, онда ақпарат құралдары арқылы хабарлауға тиiс. Егер, мұрагер кейiн мұрадан бас тартпаса, мұрагерлiк құқығынан айырылмаса және оны мұрагер ретiнде тағайындау туралы өсиеттiк өкiмдi жарамсыз деп танымаса, онда мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап, өзiне тиiстi мұраға немесе оның бiр бөлiгiне құқық алады.

Азаматтық кодекстiң 1038 бабына сәйкес мұрагерлiк құқық дегенiмiз қайтыс болған азамат, яғни мұра қалдырушының мүлкiнiң басқа адамға, яғни мұрагерлерге ауысу құқығын айтамыз.

Нотариат туралы заңның 69 бабына сәйкес мұрагердiң жазбаша өтiнiшi бойынша мұра ашылған жерде, ол туралы куәлiк бередi.

Азаматтық кодекстiң 1073 бабына сәйкес мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiк  құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi. Мұрагерлiк құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап, 6 ай өткеннен кейiн бередi.

Өсиет бойынша да, заң бойынша  да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке немесе бүкiл  мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы ашық деректер болмаса, куәлiк атлған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн.

Нотариат  туралы заңның 70 бабына сәйкес мұрагерлiк құқық туралы куәлiктi беру тәртiбi:

  1. Куәлiк тек, Азаматтық кодекске сәйкес мұрагер ретiнде танылып, оны қабылдаған адамға ғана берiледi.
  2. Мұрагерлiктi қабылдау мерзiмiн өткiзiп алған мұрагерлерге басқа мұрагерлердiң жазбаша келiсiмiмен  ғана куәлiк берiлуi мүмкiн.
  3. Куәлiк мұрагерлердiң қалауы бойынша әр қайсысына бөлек немесе бiр тұтас берiлуi мүмкiн.
  4. Мұндай куәлiк әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адамдардың немесе кәмелетке толмағандардың қамқоршылары мен қорғаушыларының атынан берiлмесе, онда ол туралы нотариус тиiстi органға хабарлауға мiндеттi.
  5. Егер, мұрагер ретiнде мемлекет танылса, онла куәлiк өкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi.
  6. Мемлекетке қалдырылған мұра мүлiктерiнiң есебiн жүргiзудi бағалауды, сақтауды, ұйымдастыру жұмыстарын өкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады, ал олардың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

 Заң және өсиет бойынша мұрагерлiк құқық туралы куәлiк берудiң шарттары:

а) мұндай куәлiктi беру кезiнде нотариус белгiлi бiр заңды айғақтарды тексередi, мұраға қалдырушы қайтыс болғаны  туралы дәлел, мұраның ашылған уақыты мен орны, мұрагер ретiнде танылушы адамның жеке қатынасы, мұраға қалдырылған  мүлiктiң құрамы мен орны;

б) мұрагер ретiнде танылған адамдардың кейбiреуiнiң өз қатынасын  дәлелдейтiн айғақтар келтiрiлмесе, онда олар басқа мұрагерлердiң жазбаша  келiсiмiмен жүргiзiлуi мүмкiн;

в) сонымен қатар, нотариус егер бар болса, мұраға мiндеттi үлесiне құқығы бар тұлғалардың тобын анықтайды.

Мұраның ашылуы мен орны Азаматтық  кодекспен реттеледi.

Мұраның ашылуы:

    1. мұраны қалдырушы адамның қайтыс болуы немесе өлдi деп жариялануы;
    2. мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, қайтыс болған деп жарияланған күнi егер, сот шешiмiнде басқа күн көрсетiлмесе, онда сот шешiмi заңды күшiне енген күн, мұра ашылды деп есептеледi.

Мұраның ашылу орны:

    1. мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi;
    2. егер, белгiсiз болса, онда мүлiктiң немесе негiзгi мүлiгiнiң орналасқан жерi.

Өсиеттердi куәландыру тәртiбi. Нотариус әрекет қабiлеттiлiгi бар азаматтардың өсиеттерiн куәландырады. Барлық құжаттар өсиет қалдырушының өз қолымен берiлуi тиiс және азаматтылығына шек қойылмайды.

Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңының 56б.1т. сәйкес өсиеттердi бiрнеше тұлғалардың немесе өкiлдерi атынан куәландыруға жол берiлмейдi.

Өсиет - өсиет қалдырушының өз қолымен немесе оның айтуы бойынша жазылуы керек. Егер, өсиет айтылуы бойынша жазылса, онда куәландыру кезiнде куә қатысып, дауыстап оқылып, өсиетке қол қойылады. Сонымен қатар, өсиет қалдырушының өтiнiшi бойынша құпия өсиет қалдырылуы да мүмкiн. Мұндай өсиет нотариусқа таныстырылмайды. Бiрақ, оның растығын дәлелдеу үшiн 2 куәнiң және нотариустың қатысуымен өсиет қалдырушының өз қолымен жазылып, қол қойылып, конвертке салынады. Құпия өсиеттi куәландыру кезiнде нотариус азаматтық кодекстiң 1050 бабына сәйкес талаптарды түсiндiредi. Егер, де өсиеттi куәландыру кезiнде куәгер қатыстырылса немес өсиет қалдырушының орнына қол қойған адам болса, онда олардың аты-жөндерi, туған жылы, тұрақты тұрғылықты жерi өсиетте және нотариустың реестрiнде көрсетiлуi тиiс.

Өсиеттi куәландыру кезiнде куә  ретiнде немесе өсиет қалдырушының орнына қол қоюшы ретiнде бола алмайтын тұлғалар бар. Олар азаматтық  кодекстiң 1050б.4т. көрсетiлген.

Сенiмхаттарды куәландыру тәртiбi қандай сенiмхаттарды куәландыру қажет екендiгiне байланысты, яғни оның түрлерiне қарай ерекшелiнедi. Мысалы: 1) Бiр адамның атына берiлетiн сенiмхаттар;

    2) Бiрнеше адамның атына  берiлетiн сенiмхаттар;

    3) Мүлiктi басқаруға берiлетiн  сенiмхаттар;

  1. Уақытша (4 жылдан аспайтын) берiлетiн сенiмхаттар;
  2. Негiзгi сенiмхат; 
  3. Қайта сенiм бiлдiруге берiлетiн сенiмхаттар;
  4. өкiлге берiлетiн сенiмхат.

Сенiмхаттың мәтiнiнде оның жасалған, яғни қол қойылған жерi, күнi, сенiм бiлдiрушiнiң тегi, аты-жөнi, туған жерi, тұратын жерi. Егер, заңды тұлғалар болса, онда толық атауы мен орналасқан жерi көрсетiледi. Сонымен қатар, сәйкесiнше сенiм бiлдiрiлген тұлғалардың да толық мәлiметтерi көрсетiледi, ал қажет болған жағдайда сенiм бiлдiрген тұлғаның атқаратын қызметi де көрсетiлуi тиiс.

Сенiмхаттың қолдану мерзiмi көрсетiледi, ал егер ол көрсетiлмесе сенiмхат жарамсыз болып табылады.

Нотариаттық куәландыруға мiндеттi түрде  жататын сенiмхаттар:

    1. Мүлiктi басқаруға
    2. Мәмiленi жасасуға
    3. Қайта сенiм бiлдiруге берiлетiн сенiмхаттар.

Сенiмхат заңды тұлғалардың талабы бойынша оның атынан нотариаттық  куәландырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда сенiмхатқа қол қойған лауазымды  адамның өкiлеттiлiгi тексерiледi. Белгiлi бiр ұйымдардың, яғни олар мемлекеттiк болсын немесе коммерциялық, коммерциялық емес болсын, олардың атынан ақшаны немесе басқа да құндылықтарды алуға немесе беруге байланысты сенiмхаттарды осы ұйымдардың бас есепшiлерi қол қою арқылы куәландыруға жатады.

Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлген сенiмхатта негiзгi сенiмхатты куәландырудың уақыты мен орны, оны куәландырған нотариустың аты-жөнi, тұратын жерi, өкiлеттiктер берiлген адамдар және олардың қызметi көрсетiлуi тиiс.

Негiзгi сенiмхатта қайта сенiм бiлдiру туралы белгi қойылады. Негiзгi сенiмхаттың көшiрмесi нотариуста қалады. Сенiмхат берушi тұлға кез-келген уақытта сенiмхатты немесе қайта сенiм бiлдiру туралы сенiмхатты бұзуға құқылы.

Құрылтай құжаттарын куәландыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес Шаруашылық серiктестiктердiң құрылтай құжаттары мiндеттi түрде нотариаттық куәландыруға жатады. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары 2 түрге бөлiнедi:

    1. Құрылтай шарты
    2. Жарғы

Бұл құрылиай құжаттарына олардың  атынан сенiмхат бойынша iс-әрекеттер  жасайтын құрылтайшылары мен олардың өкiлдерi қол қояды.

Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес нотариус ұйымдардың нысанына қарамастан, яғни коммерциялық немесе коммерциялық емес болсын олардың құрылтай құжаттарын куәландыруға мiндеттi. Одан бас тартуға құқығы жоқ. Ал құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырудың ерекшелiгi олардың түрлерiне байланысты.

 

  1. Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы шарттар, сол мүлiктiң орналасқан жерiнде, ал жылжымалы мүлiктi иелiктен шығару туралы шарттар кез-келген жерде куәландырылады (Нотариат туралы заңның 54б.2т.);
  2. Ортақ немесе үлестiк меншiктегi барлық қатысушылардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады;
  3. Жұбайылардың ортақ меншiгiндегi мүлiктi иелiктен шығару үшiн, олардың келiсiмi қажет;
  4. Үлестiк меншiктегi мүлiк сатылатын болса, оның қатысушысы басқа тұлғалардан артықшылық құқығына иеленедi, яғни өз үлесiн иелiгiнен шығару үшiн ешкiмнiң келiсiмi қажет емес;
  5. Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы мәмiлелердi куәландыру кезiнде, ол мүлiк орналасқан жер учаскiсiнiң құқықтық жағдайы анықталады;
  6. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын иелiктен шығару үшiн жер учаскiсiнiң меншiк құқығы да бiрге шығарылуы керек;
  7. Осы әрекеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық құжаттарды нотариус талап етедi;
  8. Жер заңдарына сәйкес нотариус келесi мәмiлелердi куәландыруға құқығы жоқ:
  9. Тұрақты жер пайдалану құқығы берiлген мемлекеттiк заңды тұлғалардың құқығын, егер, осы жер учаскiсiнде орналасқан жылжымайтын мүлiк иелiктен шығарылмаса;
  10. Қазақстан Республикасының азаматының жеке меншiгiндегi жер учаскiсiн шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына берсе.
  11. Куәландыру кезiнде нотариус бұл мүлiк кiмнiң иелiгiнде екендiгiн тексередi. Мұндай тексеру құжаттарына мыналар жатады:

Информация о работе Мәмлелерді куәландыру. Жалпы ережелері