Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2014 в 17:38, реферат
Дыбыс – сөздің материалы. Дыбысты айтамыз және естиміз Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады.
Дыбыс
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстардың түрлері
Жалаң дауыстылар
Құранды дауыстылар
Дауыссыз дыбыстар және олардың жасалуы,түрлері.
Дыбыс үндестігі.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың талдану үлгісі.
Ф онетикалық талдау.
Жоспары:
Дыбыс – сөздің материалы. Дыбысты айтамыз және естиміз Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек. Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos-естілу) Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады. Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
Айтылған кезде өкпеден ауа ешқандай кедергісіз шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Қазақ тілінде 12 Дауысты дыбыс бар. Оның ішінде 9 біздің тілімізге тән дыбыстар. Олар: а, ә, о, ұ, ү, ы, і, е.
Бұдан басқа екі қосынды дауыстылар (дивтонгоид) бар: и, у, э
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты тіркелкеді.
І. Тілдің қатысына қарай (жасалу жолына) жуан және жіңішке болып бөлінеді
1.Жуан дауыстылар: а,о, ұ, ы.
2.Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і бірде жуан ,бірде жіңішке и, у.
ІІ. Жақтың қатысына қарай:
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е, (э).
Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.
ІІІ. Ерін қатысына:
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и, (э).
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Енді осы
дауысты дыбыстардың жасалу ерекшеліктерін
жеке-
жеке сөз етіп көрелік:
А - иектің төмен түсіп, ауыз қуысының кең
ашьшуьшан пайда
болатын ашық дауысты дыбыс. Тілдің артқы
жүмсақ таңдайдың
артқы гусына қарай көтерілуі арқылы пайда
болып, тіл үшы астыңғы
қызыл иекке жанасып турады да, ауыз қуысында кең дыбыс
резонаторы (жаңғырықты қуыс) пайда болуымен
жасалады.
Сондықтан А - тіл арты, жуан (гуттураль)
езулік дыбыс.
Ә - тіл алды мейлінше ашық езу фонемасы. Ол - тілдің
тандайдың алғы шеніне жуықтаудан жасалатын жіңішке
(палаталь)
дыбыс. Ә-ні айтқанда, тіл ілгері созылып,
жақ (иек) барынша төмен
түсіп, ауыз куысында үлкен жаңғырықты
қуыс жасалады. Ә - а-ның
жіңішке сьщары, жүбы. Қалыпты ашық дыбысталады,
сөздің барлық
буынында кездеседі.
Ы - тіл ортасы езу фонемасы. Ол тіл үшының
астыңғы қызыл
иекке нық тиіп, ауыз қуысының тар ашылуынан
жасалатын жуан
(гуттураль) дауысты, қысаң дыбыс.
I - тіл үшының
астыңғы күрек тістердің үшына нық тиіп,
жақтың
тар ашылуымен жасалатын жіңішке (палаталь)
дауысты қысаң
дыбыс. Езудің жиырылуынан барып езулік
болады.
О - иектің томен түсіп, ауыз қуысының орташа
ашылуымен
жасалатын дауысты дыбыс. Тіл үшының астыңғы қызыл иекке
тиіп,
тіл арты жүмсақ тандайдың артқы түсына қарай көтеріліп,
ал қос
еріннің дөнгеленіп алға жылжуынан жасалатын еріндік
фонема. Буын
тандайды, сөздің бастапқы буынында ғана
кездеседі. Жеке
дыбысталуындағы және ырғақтық топтың
басында келгенде пайда
болатын дифтонгоидгық қасиеті сөз ішінде жэне сөз
басында
байқалмайды.
Ө - иектің томен түсіп, ауыз қуысының орташа
ашылуымен
жасалатын дауысты дыбыс. Тіл үшының астыңғы күрек
тістердің
үшына тиіп, тіл ортасы жүмсақ таңдайдың алдына
қарай көтеріліп,
қос еріннің дөнгеленіп алға жылжуымен
жасалатын еріндік фонема.
Буын талғамай, сөздің барлық буынында
қолданыла береді. Жеке
дыбысталуындағы және ырғақтық топтың
басында келгенде пайда
болатын дифтонгоңцтық қасиеті сөз ішінде
жэне сөздің басқа
буындарында қолданылғанда байқалмайды.
¥ - иектің төмен түсіп, ауыз қуысының
тар ашылуымен
жасалатын қысаң дауысты дыбыс. Тіл үшының
астыңғы қызыл иекке
тиіп, қос еріннің дөңгеленіп алға жылжуынаи
жасалатын жуан еріндік
фонема. Сөздің барлық буынында қолданыла
береді.
Ү - иектің төмен түсіп, ауыз қуысының тар
ашылуынан
жасалатын қысаң дауысты дыбыс. Тіл үшыньщ
астыңғы күрек
тістердің үшына тиіп, қос еріннің дөңгеленіп
алға жылжуымен
жасалатын жіңішке еріндік фонема. Сөздің
барлық шенінде кездесе
береді.
Е - иектің төмен түсіп, ауыз қуысының орташа
ашылуымен
жасалатын дауысты дыбыс. Тіл үшының астыңғы
күрек тістердің
төменгі түсына тиіп, тіл ортасы жүмсақ
тандайдың орта түсына қарай
көтеріліп, езудің жиырылуынан жасалатын
езу фонемасы. Буын
талғамай, сөздің барлық буынында қолданыла
береді. Жеке
дыбысталуындағы жэне ырғақтық топтың
басында келгенде пайда
болатын дифтонгоидтық қасиеті ырғақтық
топтың ішінде және сөз
соңында байқалмайды.
Қосар (дифтонг) дауыстылардың жасалу ерекшеліктері
Қосар (дифтонг) дегеніміз
- ауа тар жолдан сүзіліп, жан-жағын
қоршаған сөйлеу мүшелерінен сығылысып
шығарда оған үстеме,
жанама үн қосылып жасалған дыбыстар.
Егер дауыстылардың айтылуында ауаның
сыртқа шығар жолы
неғүрлым тар болса, ондай дыбыстар осы
тар жолдан қысылып
сыртқа шығарда, негізгі үнге аздаған
қосынды үн үстеп алады.
Осыдан дифтонг дыбыстар
пайда болады. Дифтонг дыбыстардың үн
сапасы біркелкі таза емес, бөліп-жаруға
келмейтін екі үннің
косындысынан бірігіп, жинақталган түтас
бір фонемадан түрады.
Дифтонг дыбыстардағы қосынды екі дыбыстың
негізгі үні анық,
көтеріңкі айтылады да, жанама, косынды
үні оған қарағанда, едэуір
көмескі, солғын айтылады.
Қазақ тіліндегі о, ө, е дауыстыларын
Ә.Жүнісбеков ашыққа да,
қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг (лат. цос дыбыс) дыбыстар
деп беліп қарайды.
1980 жылғы кітабында е=й+і (йі), о=у+ұ (уұ),
ө=у+ү (уү) деп
энгек айтылатын й, у дыбыстарының
күші 40 пайыз болатынын
эксперимент жолымен дэлелдейді [10, 17-21].
Кейінгі (1991) еңбекте де о, о, е дифтонгтар
делініп, олардың
бірінші сыцары үнді й, у, екінші
сыңары жалаң қысандар ү, ү, і екені
аныкталған.
Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а - езулік, ашық, жуан дауысты;
ә - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;
і - езулік, қысаң, жіңішке дауысты;
о - еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө - еріндік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.
Дауыстылардың
ерекшеліктері- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады.
Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. [1] Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.[2]
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады.
Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
1.Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) қарай:
Шұғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.
Ызың дауыссыздар: в, ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.
3.Айтылу (немесе артикулациялық) орнына қарай:
1. Ерін (билабиаль) фонемалары: п, б, м, (у).
2.Тіс пен ерін (лабиальденталь) фонемалары: ф, в.
3. Тіс (денталь) фонемалары: т, с, з, д, ц.
4. Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалары: н, л, ч.
5.Тіл алды (палаталь) фонемалары: р, ш, ж, й.
6. Тіл ортасы (преналаталь) фонемалары: к, г.
7. Тіл арты (веляр) фонемалары: қ, ғ, ц, х.
8.Көмей (фарингаль) фонемалары:һ.
Енді осы дыбыстардың жасалу ерекшеліктеріне кеңірек тоқталайық:
Р - тіл үллы мен күрек тіс-қызыл иектің
шекарасы арқылы
жасалады. Яғни тіл үшы қызыл иекке (альвеолга)
тиіп, ауаның
карқынымен дірілдеуінен пайда болады.
Сондықтан бұл дыбысты
діріл (вибрант) немесе вибрациялық дыбыс
деп те атайды.
Жасалу орнына қарай - тіл үшы;
Жасалу тэсіліне қарай - діріл (вибрант);
Дауыс
қатысына қарай - үнді (тербелімді )Р сөз
ортасы мен соңында жиі кездеседі. Ал сөз
басында тек өзге
тілден енген сөздерде ғана кездеседі.
Қазақ тілінде сез р-дан
басталмаған. Кірме сөздердегі р-дың алдынан
дауысты дыбыстарды
селбестіріп (протеза) жасап айтқан. Мысалы: русский
- орыс, рас -
ырас, рацым - ырақым, ренжі — іренжі, рең
— ірең, рет — ірет,
Рүстем - Үрүстем,'Риза - Ыриза, рүцсат -
үрүксат т.б.
Л дыбысы да тіл үшы мен күрек тіс-қызыл
иектің шекарасында
жасалады. Л-ны айтқанда тіл үшы күрек
тіс пен қызыл иек
шекарасымен тоғысып, тілдің екі жағы
ашық қалады. Сондықтан
кейде оны цос бүйір (латераль) дыбыс деп те
атайды. Дыбыстағанда
дауыс желбезегі мол тербеліп, мол қатысады.
Жасалу орнына қарай - тіл үшы;
Жасалу
тэсіліне қарай - жанама жуысыңқы (латераль,
ызың);
Дауыс қатысына қарай - үнді (тербелімді).
Л - сөздің барлық шенінде (позициясында)
үшырайды. Сөз
басында протезаланып естіледі. Ереже
бойынша сөз мағынасына
нұқсан келмесе, түсіріліп жазылады. Мысалы: лак, лагу,
лаж, лазъш,
лайыц, лац, лас, лек, леп, лүп, лап т.б., ал
мынадай сөздерде түсірілмей
жазылады: ілік,
ілес, ілім, ілгек, ілгіш, ілкі т.б. Кейде бүл, ол,
сол
есімдіктері бү, о,
со болып, альт -
an, келіп - кеп, келіпті - кепті,
цалыпты - цапты болып
түсіріліп те айтыла береді әрі жазыла
береді.
Й - тіл түбі мен тілшіктің жуысуы арқылы
жасалады. Яғни й-ды
айтқанда, тілдің үшы төменгі тіске тиіп,
екі шеті бүйір тістерге тиеді
де, ортасы жүмсақ таңдай мен қатты тандайдың
түйіскен түсына
қарай котеріледі.
Информация о работе Дауысты және дауыссыз дыбыстардың талдану үлгісі