Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 21:58, реферат

Краткое описание

Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр.
Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар.
Осының барлығы мемлекеттен кесімді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Және маған әлеуметтік мәселелерді әркез бақылауымда ұстап, оларға тұрақты түрде қайта оралуыма тура келеді.
Менің назарымдағы басты мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету.

Вложенные файлы: 1 файл

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.docx

— 136.36 Кб (Скачать файл)

- 2013 жылдан бастап  қызметкерлерді Қазақстан Республикасының  еңбек заңдарының негіздеріне оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы мәселені 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейін әзірлесін;

- Еңбек кодексінің  негізгі ережелері және еңбек  қатынастарын реттейтін басқа  да құқықтық актілер жөніндегі жалпыұлттық анықтамалықтардың бірыңғай серияларын шығару мен таратудың, соның ішінде интернет пен мемлекеттік органдардың ресми сайттарының мүмкіндіктерін пайдаланудың жобасын әзірлесін

b) Кәсіптік біліктіліктің ұлттық жүйесі. 

Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл - өте қалыпты жағдай. Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады.

Сондықтан біліктіліктің ұлттық жүйесін (БҰЖ) құру жөніндегі барлық жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет. Олар тек нормативтік маңызға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, әрбір кәсіп үшін «жол картасы» да болуы қажет.

БҰЖ әрбір мамандық бойынша кәсіпқойлық лифтіні «құрудың» мүмкіндігін береді. Оның үстіне білікті жұмысшылар ұлттық жүйеге енгізілуі тиіс.

БҰЖ-ды құру үшін нормативтік  базаның негіздері Еңбек кодексіне 2010 жылы енгізілген қосымшаларда қалыптастырылған. Алайда бұл үдерісті жеделдету керек.

Қалыптастырылатын біліктіліктің ұлттық жүйесінің ең басты мәселесі мынада: БҰЖ аясында әзірленген кәсіпқойлық үлгі-қалыптары оқу орындарында мамандар даярлау кезінде қабылданатын білім үлгі-қалыптары үшін бағдар болуы тиіс. Кәсіпқойлық және білім беру үлгі-қалыптарының арасында алшақтық болмауы керек.

Еңбек ресурстарының жалпы  рыногын құруды көздейтін Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында үш елде біліктіліктің ұлттық жүйесін құру жұмыстарын үйлестіру қызметінің маңызы зор. 

                                                             6-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін:

- 2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарын дайындап, қабылдасын;

- ЖОО-лар мен  колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізсін

с) Еңбек  дауларының алдын алу, ескеру және реттеу

Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, ескеру және алдын алу тетіктері жақсы дами алмай отыр.

Әрине, мүлдем кикілжіңсіз  қоғам болмайды, бірақ біз мұндай тәуекелдерді барынша азайтуға ұмтылуға міндеттіміз.

Біріншіден, бүгінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту қажет.

Еңбек жөніндегі мемлекеттік  инспекция заңға сәйкес жұмыс  берушіге бір ай бұрын ескерте отырып, жұмысшының шағымы немесе жасалған жоспар бойынша бақылауды жүзеге асыра алады.

Мұндай тексеру жағдайында оның өткірлігі мен күтілмегендік  мәні төмендейді. Әдетте, жұмыс беруші еңбек шарттарын сақтап отырған  секілді әрекеттер жасап үлгеріп, тығырықтан шығып кетіп жатады.

Мұндай жағдай Қазақстан  ратификациялаған ХЕҰ-ның «өнеркәсіп пен саудадағы еңбекті инспекциялау туралы» Конвенциясы талаптарына сәйкес келмейді.

Неліктен мен бұл проблема туралы айтып отырмын? Бұл - техникалық қана мәселе емес. Бұл -  адамдар өмірі!

Өйткені, қауіпсіздік талаптарын бұзу, тәртіптің жоқтығы салдарынан туындайтын бақытсыз оқиғалардан нағыз еңбек жасындағы адамдар зардап шегуде. Ал олардың асырап отырған отбасылары, балалары бар. Сондықтан бұл істе тәртіп орнату керек.

Екіншіден, бізде әлеуметтік-еңбек дауларын туындатқаны үшін құқықтық жауапкершілік жағы жеткіліксіз.

Көп жағдайда еңбек шарттарының әдейілеп төмендетілуі, өндірістік үдерістердің тоқтатылуы, еңбекақының кешіктіріліп төленуі және осыған ұқсас басқа да жағдайлар әсерімен мұны еңбек ұжымдарының өздері туындатып жатады.

Сонымен қоса, не Еңбек, не Әкімшілік, не Қылмыстық кодекстерде еңбек дауларын туындатқаны үшін жұмыс берушілер, жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке шақыру баптары қарастырылмаған.

Жұмысшыға еңбекақыны дер  кезінде төлемегендік секілді ереуілге мәжбүрлеу айыбы 10-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, ал ұжымдық шарт бойынша міндеттемені орындамағандығы үшін айып - 200-ден бастап 500 АЕК-ті құрайды. 

                                                              7-ші ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін мынандай ұсыныстарды әзірлеп, ұсынсын:

- «Мемлекеттік  бақылау мен қадағалау туралы»  Заңға және Еңбек кодексіне  кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы;

- Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге еңбек дауларын әдейілеп туындатқаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізу туралы;

- әлеуметтік өштесуді  қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі,  еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы.

Үшіншіден, еңбек қатынастары саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі тетіктерін құру қажет.

Еңбек дауларының негізгі  себептері ретінде екі мәселені атап көрсетуге болады: бірінші - жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен шеттетілуі, екінші - даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің әлсіздігі.

Мұнда кәсіпорындарда өндірістік кеңестер әрекет ететін бірқатар дамыған елдердің тәжірибелерін пайдалану керек.

Оларға жұмысшылар мен  қызметкерлердің, сондай-ақ кәсіптік одақтардың өкілдері кіреді. Әдетте, оларда еңбек шарттарының жағдайы мен оларды жақсартудың көптеген мәселелері шешімін тауып, жұмысшылардың әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері қаралып жатады.

Осы ретте жұмысшыларға кәсіпорындар мен компаниялардың миноритарийлері «халықтық ІРО»,  сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің шеттетілуін еңсеруге де ықпал ететінін атап көрсеткен жөн.

Қазіргі күні «халықтық ІРО-ны»  тікелей жүргізу үдерісі басталды, «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының акциялары сатылуда. Бұл мәселеде ешқандай бір атүстілік болмауы керек.

ҚР Үкіметіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесе отырып, «халықтық ІРО-ның» бірінші тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізу, акционерлендірілетін ұлттық компанияларға алдын ала тұрақты экономикалық және заңгерлік аудит жүргізуді қарастырып, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізу мәселесін шешу қажет.

Бүгінгі күні медиация құрылымы мен үдерісін, соның ішінде оларды еңбек қатынастары саласында құру және пайдалану жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет.

Медиациялар құрылымын ұлттық және ірі жекеменшік компанияларда құрған жөн. АҚШ-та, Австралияда және басқа да елдерде барлық даулардың үштен бір бөлігі соттың араласуына дейін медиация үдерістері аясында реттеледі.

Мемлекет тарапынан қазір даулар мен жанжалдарды, соның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы даулар мен жанжалдарды соттан тыс шешудің жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін бастамашыл қадамдардың болуы маңызды. 

                                                          8-ші ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін:

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлттық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүргізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізетін болсын;

- медиация институтын дамытуға бағытталған заң аясындағы құқықтық базаның

қабылдануын қамтамасыз етсін;

- даулар мен  жанжалдарды соттан тыс реттеудің осы тетіктерін дамыту мақсатында Медиаторлардың ұлттық конференциясын өткізуге бастамашылық етсін.

Төртіншіден, кәсіптік одақтар институттарын жаңғыртуды жүргізу керек.

Мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі негізгі  әріптестерінің бірі - кәсіподақтар. Сонымен бірге ең іргелі кәсіподақ орталығы - Қазақстан кәсіптік одақтар федерациясының (ҚКФ) қазіргі қызмет пішіні уақыт талабына сәйкес келмейді, өйткені ол «кеңестік үлгінің» салалық қағидаты бойынша құрылған.

Кәсіптік одақтар туралы тиімділігі төмен заңнама елеулі түйінді мәселе болып табылады. Онда ұжымдық шарттар, тараптардың оларды орындауға жауаптылығы туралы қағидалар онша дәл баян етілмеген.

Сондықтан қазір кәсіподақтар қозғалысын, ең алдымен  ҚКФ-ны, жаңғырту жөнінде батыл қадамдарға баруға тура келеді. 

                                                  9-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі 2012 жылдың аяғына дейін  кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізсін және оны өзгерту жөніндегі заң жобасын жасасын.

3. Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы

Мен Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту бәрінен бұрын барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға, кедейлердің санын азайтуға және әлеуметтік дүбәралыққа жол  бермеуге бағытталуы керек деген сенімдемін.

2020 жылға қарай экономиканың өсуі ғана емес, әлеуметтік құрылымның ауқымды өзгеруі орын алатындықтан да бұл өте  маңызды. Атап айтқанда, ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды. Еңбекпен қамтылу құрылымында білікті мамандардың  үлесі де 40 пайызға жетеді.

Басқаша сөзбен айтқанда, елде жаппай орта  тап қалыптасуда.

Бүгінде Қазақстанда өмір сапасының белгілі бір әлеуметтік үлгі-қалыптарын, соның ішінде мемлекет кепілдік ететіндерін де, белгілеу үшін тиісті әлеует те, экономикалық  алғышарттар да бар.

Бұл орайда мен әрбір қазақстандық өзінен бастауы  керек: өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан бастауы, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек екенін баса айтқым келеді. Мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнамақ емес.

Әрбір ауыл мен қала тазалықтың, көркеюдің, тәртіптіліктің үлгісіне айналуы керек. Қолда барды сақтап, көбейте беру үшін әрбір қазақстандық еңбекқор әрі құнтты қожайын болуы жөн.

Әйтпесе, мысалы, Еуропа неге бай тұрады? Өйткені ондағылар  атам заманнан бері құнттылық өнеріне үйренген. Ал бізде болса әйтеуір көз қылып жүре бергілері келеді. Мұндайда құнттылық қайдан болсын!

Әлеуметтік дүбәралыққа  жол бермеу және өмір сапасын ұдайы арттыру үшін әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктер туралы тиісті заңнаманы жасау жөн.

Мұндай заң ең алдымен  өмір сапасының негізделген ең аз түйінді өлшемдері мен көрсеткіштерін қамтуы керек, оған жалақының, зейнетақы мен жәрдемақылардың деңгейі, кепілді медициналық қызметтің ауқымы, әр қазақстандыққа шаққандағы төменгі тұтыну кәрзеңкесін қалыптастыру тетігі, тағы басқалары қосылуы жөн.

Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы барлық жерде - ірі қалада да, алыстағы ауылда да орындалуға тиіс.

Әлеуметтік  үлгі-қалыптың өлшемдерін орындау үшін отандық бизнестің ғана емес, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік бизнестің де жауапкершілігін арттыру керек.

Заң шығарушылар бұл үшін тиісті құқықтық шек-шеңбер жасауы қажет. Бизнестің жекеше түрі өзінің «заңдарын» белгілеуге құқық бермейді. Сондықтан да лауазымды тұлғалардың, жұмыс берушілердің бұл үлгі-қалыптарды сақтау үшін жауапкершілік деңгейін заң жүзінде айқындау маңызды. 

                                              

 

                                         10-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін мәселені егжей-тегжейлі зерттеп,  ең төменгі әлеуметтік  үлгі-қалыптар мен кепілдіктерді енгізу жөнінде  ұсыныстар әзірлесін.

а) Тұрғын үй жағдайының үлгі-қалыптары: қолжетімділік пен жайлылық.

Тұрғын үй, үй, пәтер - әрбір қазақстандық үшін бірінші дәрежелі мәселе, мұның өзі жеке бастың өмірі мен отбасындағы жақсы ауанның сенімді негізі, бұларсыз әл-ауқат пен өнімді еңбекке атымен қол жетпейді.

Сондықтан менің тапсырмам  бойынша қазірдің өзінде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» және «ТКШ-ны жаңғырту» атты жаңа ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту мақсатында заңнаманы жетілдіру маңызды.

Мемлекеттік тұрғын үй жалдамалық қорын басқару жөніндегі мамандандырылған компаниялар құруды ынталандыру, сондай-ақ бірүлгілі келісімшарттар жасау жолымен ұзақ мерзімді жалгерлердің құқын қамтамасыз ету керек. Жалгерлікке қатысты шарттардың бәрі мөлдір әрі түсінікті болуға тиіс. Жалға берілетін тұрғын үй алуға құжаттар жинау ісін оңтайландыру маңызды.

Жеке тұрғын үй құрылысының көлемін әсіресе болашағы бар қалалық агломерациялар, моноқалалар  айналасында өсіру үшін жаңа серпін қосар тетіктер қажет.

Бұл істе жеке үй салып алғысы келетін және оған  шамасы жететін адамдар үшін салықтық жеңілдіктер, несие берудің жеңілдетілген шарттары енгізілуі мүмкін.

Информация о работе Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам