Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 21:58, реферат

Краткое описание

Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр.
Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар.
Осының барлығы мемлекеттен кесімді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Және маған әлеуметтік мәселелерді әркез бақылауымда ұстап, оларға тұрақты түрде қайта оралуыма тура келеді.
Менің назарымдағы басты мәселе - әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету.

Вложенные файлы: 1 файл

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.docx

— 136.36 Кб (Скачать файл)

Тұрғын үй құрылысына үлестік салымдарды сақтандыру жүйесін жасап, барынша дамыту қажетті  болып көрінеді.

ТКШ-ны жаңғырту аясында  коммуналдық сектордың желісі мен  нысандарының ахуалы жөніндегі біртұтас  жалпыұлттық мәліметтер базасын қалыптастыру маңызды. Әр өңірде коммуналдық желілерді жаңғырту жөніндегі жоспарлар жасау қажет.

Әкімдер бұл жұмысты  ұдайы бақылауда ұстауға тиіс. Сумен қамтамасыз ету мен  су арналарының, электр қуаты мен жылу берудің, сондай-ақ басқа да коммуналдық қызметтердің кепілді үлгі-қалыптарын жасап, енгізу керек.

ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасына «тиімді меншік иесін» қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды қосу  қажет.

Әрбір пәтер иесі үйлерді  басқару ісіне нақты қатысып, осы Бағдарламадан пайда көретіндей болуы маңызды.

                                                  11-ші ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасасын және енгізсін.

b) Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі бұдан былайғы қадамдар.

Білім беру жүйесіне Қазақстан  тұрғындарының  үштен бір бөлігіндейі тартылған. Мұндағы ең маңыздысы біздің балаларымыздың нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні, қалыптасатыны және есейетіні. Бұл  әрбір отбасын толғантады.

Сондықтан да бүкіл жаңғырту үдерісінің табысқа жетуінің түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып табылады.

Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргені көкейге қонымды:

1. білім беру мекемелерін оңтайландыру;

2. оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту;

3. білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

Оңтайландыру  аясында білім берудің үздіксіз көлбеуін нығайту қажет.  «Жасқа қарайғы» білім берудің тұтас лифт сияқты мектепке дейінгі, бастауыш, орта, кәсіптік, жоғары және жоо-дан кейінгі барлық түрлерінің өзара қисынды байланысын қалпына келтіру маңызды.

Бұл орайда жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын білім беру қызметтерінің  арасындағы  елеулі алшақтыққа жол беруге болмайды.

Білім беру жүйесі жалпыұлттық  күйінде қалуға тиіс.

Біріншіден, орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет.

Екіншіден, мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен жоо-ларда, соның ішінде халықаралық жоо-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет.

Үшіншіден, жоо-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды.

Үкімет Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе  отырып,   қазақстандық еңбек нарығын Бесжылдық  Жалпыұлттық  Болжауды талдап-жасауды және жариялауды тәжірибеге енгізуге тиіс. Мұндай құжат мамандық таңдауда қазақстандық мектеп бітірушілер үшін жол көрсеткіш болады.

Сондай-ақ қазір жұмыс істеп тұрған барлық жоо-ларды тексерістен  өткізіп, қорытындысы бойынша олардың санын біріктіру немесе жекелеген мекемелерді  тарату жолымен оңтайландыру керек.

Төртіншіден, дуальды  кәсіби білім беруді дамыту маңызды. Жаппай мамандықтар кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін осы заманғы  қолданбалы біліктілік орталықтары қажет. 

                                                                 12-ші ТАПСЫРМА

1.  ҚР Үкіметі жоо-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін білім беру мекемелерінің  лицензияларын қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

2. Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз  етсін.

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінде оқу үдерісінің практикалық жағына жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқушылардың жеке ерекшеліктері нашар ескеріледі.

Балалардың, жасөспірімдер мен жастарды олардың есеюі мен табысты әлеуметтенуінің дара міндеттерін шешуге бағыттайтын рухани-парасаттылық тәрбиесінің тәсілдері жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе күн тәртібінде өткір тұр.

Іс жүзінде бүкіл оқу-тәрбие үдерісі ескірген әдістемелерге негізделген. Оқу-тәрбие үдерісінің тарихи білім сынды маңызды ісі жеке тұлғаның, азамат пен патриоттың  қалыптасуы міндеттерін шешуге атымен бейімделмеген. Нақтылық мынада, оқушылар Қазақстан тарихы пәнін «зеріктірерлік», «қызықсыз», «бытысқан» пән деп санайды.

2012 жылы «Алтын белгі»  медалін алуға  үміткерлердің талайы нақ осы отандық тарих жөніндегі «өкінішті» сұрақтардан «омақасқаны» көп жайды аңғартады.

Мектеп курстарында көбіне көп кеңестік білім беру жүйесінің сарқыншақтары сынды әскери дайындық, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері бағдарламалары бар.

Сонымен бірге, оқушыларға қазірдің өзінде қажетті инновациялық курстар  жоқ.

Мысалы, өте көкейкесті болып  табылатын «Қазақстан құқығы» (оның болмауы жастардың құқықтық  нигилизмі мен сауатсыздығына соқтырады), «Өлкетану» (туған жерге махаббат отаншылдықтың негізі ғой), жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды «Акмеология» сияқты пәндер қайда?

Олардың жоқтығы жастардың  едәуір бөлігінің әлеуметтік инфантилизміне, ересек өмірге бейімделе алмауына, басқа да  келеңсіздіктерге  ұрындырады.

Жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистердің, есірткіге құмар және қылмыстық топтардың «оңай олжасына» айналады. Мұның бәрінің басты себебі - әлеуметтік инфантилизм, өзінің өмірі мен өз отбасының әл-ауқаты үшін өзі жауап бере алатын ересек әрі кемел азамат болуға шамасы жетпеушілік.

Сондықтан бүгінгі таңда  оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды.

Білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мәселесі көкейкесті күйінде қалуда.

Бұл орайда қосымша білім берудің интерактивті түрлерін дамыту қажет.

Алайда, менің интерактивті білім беруді дамыту жөніндегі алға қойған міндетім, өкінішке орай, тар  мағынада түсініліп, солай жүзеге асырылуда. Интерактивті тақталарды пайдаланумен интерактивті білім беруге қол жеткізе салмаймыз.

Бүгінгі таңдағы онлайн-білім  беру ұстаз бен шәкірттердің тікелей  Интернет-араласуы режімінде де, арнайы жасалынған интерактивті оқу бағдарламалары мен ойындар түрінде де өтетін факультативтік интерактивті курстарды ұйымдастыруды  қамтуға тиіс.

«Онлайн-ұрпақтың» Интернетке табиғи ұмтылысын біз, интерактивті олимпиадалар, оқу турнирлерін тағы басқаларды ұйымдастырып, пайдалануға және жағымды арнаға бағыттауға тиіспіз.

«Болашақ» бағдарламасына елдің  барлық өңірлерінен, әсіресе, ауылдық  жерлерден талантты жастардың қолы жетуін кеңейту

маңызды мәселе болып табылады.

                                                      13-ші ТАПСЫРМА

ҚР Білім және ғылым министрлігі:

- 2013-2014 оқу жылынан  бастап  жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде білім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді көздесін;  

- Қазақстан  тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізсін, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырсын;

- орта, техникалық  және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты  міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс жасасын.

с) Денсаулық  сақтауды жаңғырту   және     саламатты өмір салты

Әрбір қазақстандық үшін басты құндылық - өзінің денсаулығы.

Сондықтан да Тәуелсіздіктің барлық жылдарында мен халық денсаулығына бөлекше көңіл бөліп келемін. Бұл тақырып қашанда менің бақылауымда.

Осының арқасында 700-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары  тұрғызылды, медициналық жабдық паркі жаңартылды. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс қабылданды, «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Кейінгі 10 жылда бала туу 25 пайызға өсті, тұрғындардың жалпы өлімі 11 пайызға азайды.

Осы уақыт ішінде денсаулық  сақтау саласының қаржыландырылуы 10 еседен артық (2002 жылғы 1,9 пайыздан 2011 жылы ІЖӨ-нің 3,1 пайызына дейін) өсті.

Елде жоғары медициналық  технологияны дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. 2011 жылы жүрекке 8 мыңнан астам ота жасау жүзеге асырылды. 180-ге жуық телемедициналық орталық жұмыс істеп тұр.

Сонымен бірге тек 2011 жылдың өзінде 2 мыңнан астам азамат медициналық  көмектің сапасына, өңірлерде кепілді  тегін медициналық көмек көрсету  ережелерінің бұзылуына қатысты  арыз-шағым жасады.

Емделушілердің жарақат  алуына, өмірден өтіп кетуіне соқтыратын дәрігерлік қателік жағдайлары, осы мәселе бойынша сотқа жүгіну кездеседі.

Жергілікті атқару органдарының денсаулық сақтаудың тиімді саясатын жүргізу үшін жауапкершілігін арттыру, дәрігерлік  қателік кездескен жағдайда құқықтық және қаржылық көмекті қамтамасыз ету шараларын ойластыру керек.

Екінші жағынан, адамдардың өздерінің денсаулығы үшін жауапкершілігі деген мәселе де бар. Егер  қазақстандықтар, әсіресе, ер кісілер, уақытында емделсе олардың орташа өмір жасы  ұзарар еді. Алайда, көптеген адамдар өз денсаулығына  жүрдім-бардым қарайды, іс жүзінде дені сау болуға құнт жасамайды.

Өзінің жеке басының  денсаулығын алдымен адамның  өзі ойлауы керек. Егер денсаулықты ойлау әр отбасының шаруасы болса, онда мемлекет жүзеге асырып жатқан қадамдар әлдеқайда тиімді шығар еді.

Жаңғыртудың перспективалы  мәселесі - қамсыздандыру медицинасының  денсаулық үшін жауапкершілікті  үш тарап: адам, жұмыс беруші және мемлекет бөлісетіндей түрін дамыту.

Елде емдеу құралдарының сонша көп санын тіркеп отыру түйткілді мәселеге айналды. Тұрғындардың «емдік» сауаттылығын арттыру жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыру керек. 

                                                       14-ші ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі:

2013 жылдың 1 шілдесіне  дейін, егер медицина қызметкері  тарапынан салақтықпен немесе  жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені  үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттесін;

2012 жылдың аяғына  дейін, емдік құралдарды пайдалануға қатысты тұрғындардың хабардарлығы деңгейін арттырудың пәрменді тетіктерін енгізсін. Әрбір қазақстандық саламатты  өмір салтынсыз, тамақты тарта ішпейінше, қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмір сүру мүмкін емес екенін білуге тиіс.

Бұл - өмірдің ащы шындығы. Егер біз Қазақстандағы орташа өмір жасы Еуропадағыдай болғанын қаласақ, онда өзіміздің денсаулығымыз туралы ойлануға тиіспіз.

Әрбір елді мекенде, соның ішінде ауылдық жерлерде, сондай-ақ әрбір мекеме мен кәсіпорында белсенді демалысты, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту үшін бірте-бірте жағдай жасау жөн. Елдің оқу орындарында дене тәрбиесінің оқудан  тыс сабақтары мен секцияларын кеңейту керек. 

15-ші ТАПСЫРМА

- ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін оқушылар үшін оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қаржыландырудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз етсін;

- Қазақстан  Үкіметі Спорт және дене тәрбиесі  істері жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен әріптестіктің жаңа түрлерін талдап-жасасын.

Қазақстандық жанкүйерлер  еліміздің Континенттік хоккей лигасына қатысуын ықыласпен қабыл алды.

Астаналық «Барыс» командасының әрбір ойыны жұртшылықтың зор қызығушылығын туғызуда. Балалар хоккейге бүкіл сыныбымен келетін болды.

Бұл практиканы спорттың басқа түрлеріне де орайластырып кеңейту керек.

Қазақстандық командалардың  шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына қатысу мүмкіндігін зерттеу  қажет. Мәселен, футболда.

Бірақ, ең бастысы, тағы да қайталаймын -  адамның өзінің өз денсаулығы мен тұрмыс салтына деген жеке көзқарасы.

Бұл жерде ешкімді мәжбүрлеу мүмкін емес. Бұл саналы ойластырылған жеке таңдау болуы тиіс.

Бүгінде сол сияқты Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін ұсыну қажет. 

                                                          16-шы ТАПСЫРМА

1. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі:

- Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін ұсынсын;

- қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына (спорттың әр түрі бойынша) қатысуын ұлғайту жөнінен ұсыныс енгізсін.

2. Спорт  және дене шынықтыру істері  агенттігі Мәдениет және ақпарат  министрлігімен бірлесіп мамандандырылған спорттық теледидар арнасын құру жөнінде ұсыныс енгізсін.

Информация о работе Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам