Шоқан Уәлиханов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 18:16, реферат

Краткое описание

Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз.

Вложенные файлы: 1 файл

Ш Уалиханов.docx

— 36.74 Кб (Скачать файл)

 Бұл –ғ алым Шоқанға берілген әділ баға еді. Шоқан- тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі билеуші таптың қатарынан шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын көре білді, халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалады. Мұның барлығы Шоқанның демократтығын сипаттай түседі.

 Шоқан Орта Азия елдерінің  артта қалуына себепкер болған  жағдай- монархиялық тәртіп пен ислам діні екенін дұрыс түсінді. Сондықтан да кертартпалыққа ұрындырып, дамуға кесел жасап отырған ислам дінін Шоқан қатал сынға алды.

 Ол жалпы дін атаулының прогреске бөгет болатынын, ғылым мен мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын, әсіресе ислам дінінің реакциялық сипатын анық айтты. Ол тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.«Мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Шоқан былай деп жазды: «Мұсылман изуверлігінің, дін фанатизмі атаулының бәрінің халықтардың әлеумет өмірінің дамуына келтіретін зияны туралы... көп айтып жатуды артық деп санаймыз. Европада да теологияның етек алып кетуі халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны белгілі».

 Орыс педагогикасының прогресшіл  идеялары да Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылыми негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағыттылуын, халықтың жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуді аңсады.

 Ол мұсылман мектептері орнына, «ой мен сезімнің өсуіне бөгет  жасаудан басқа түк пайдасы  жоқ, жансыз схоластика болмайтын  мектептер» ашуды талап етті.

 Ұлы ағартушы ең алдымен  ұлы орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін орыс оқуына бой  ұрып, қазақ даласына тарату халықтың  орысқа деген достығын күшейтетіндігіні  мұның өзі игілікті іс екендігін  көргендікпен болжады. Шоқан қазақтарға  орыс тілін білудің маңызын  баса айтқан адам болды. «Орыс  тілін білмеген қазақ,- деп жазды  ол өзінің бір мақаласында,- оның  заң-законын да білмейді».

 Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы  мен психологиясының біраз жақтарын  талдай келіп, қазақ арасындағы  кейбір жағымсыз әдеттерді мейлінше  сынады, бұларды қазақ қауымын  ілгері бастырмай келе жатқан  мерездер деп ашынды. Мысалы, осындай  феодалдық өмірдің басты мерездерінің  бірі - барымта екендігін, оның  жұрттың көпшілігі баюдың, мал  жинаудың ең жеңіл әдісі деп  қате түсініп жүргенін дәлелдеді.  Ол мұндай «кәсіппен» айналысқан  адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір кәсіппен айналысу  уақыт, зор ынта тілейді деп  дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол  жастарды да мұндай жағымсыз  кәсіптен бойын аулақ салуға  шақырды. Бұл жағымсыз жексұрын  әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта  келіп, ол қазақ даласында түрлі  кәсіптің дамуына оның кедергі  келтіретіні жөнінде дұрыс қорытынды  жасады.

 Шоқанның халықтық психология  туралы пікірлерінде материалистік  тенденция басым. Бұл оның көптеген  еңбектерінен анық байқалады.  Мысалы, «Записка №1» деген еңбегінде  адам психикасы сыртқы ортаға, әсірісе географиялық, табиғат жағдайларының  әсеріне байланысты қалыптасып  отырады деген пікір айтады. Бірақ  Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы  тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші  рөлін дұрыс ұғына алмады. Оның  ойынша, жұрттың сана-сезімін, әдет-ғұрпын  географиялық орта билейді, халықтың  прогреске жетуі материалдық  өмір жағдайымен емес, идеологиялық  факторлармен, ағартушылық әрекетпен  жүзеге асатын болады. Осыған  орай адамдардың мінез-құлқы мен  әдет-ғұрыптарының қалыптасуында  географиялық орта мен табиғаттың  рөлін Шоқанның асыра бағалап  жіберген кездері де болды.

         


Информация о работе Шоқан Уәлиханов