Халық денсаулығының және денсаулық сақтау қазіргі жай-күйін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 22:14, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңде жұқпалы ауру актуалды тақырыпта болып отыр. Жұқпалы ауру жиырма бірінші ғасырдың ең бір көп талқыға түсетін мәселелердің бірі. Оны айналып өту мүмкін емес, күнә десе де болады. Менің курстық жұмысты жазудағы ең басты мақсатымыз жұқпалы аурулардың статистикалық мәліметтерін пайдалана отырып оның адам өмірі үшін қауіптілігін ақпараттық жүйе көмегімен көрсету, талдау, жариялау болып табылады.
Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағдарлылығының, мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілік дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің интегралды көрсеткіші болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Халық денсаулығының және денсаулық сақтау қазіргі жай-күйін талдау
ә) Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі
б) Салауатты өмір салтын қалыптастыру
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ауелметтану СРС1.docx

— 29.86 Кб (Скачать файл)

 

 

                                                         Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Халық денсаулығының және денсаулық сақтау  қазіргі жай-күйін талдау

ә) Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі

б) Салауатты өмір салтын қалыптастыру

 ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі кезеңде жұқпалы  ауру актуалды тақырыпта болып отыр. Жұқпалы ауру жиырма бірінші ғасырдың ең бір көп талқыға түсетін  мәселелердің бірі. Оны айналып өту  мүмкін емес, күнә десе де болады. Менің  курстық жұмысты жазудағы ең басты  мақсатымыз жұқпалы аурулардың статистикалық  мәліметтерін пайдалана отырып оның адам өмірі үшін қауіптілігін ақпараттық жүйе көмегімен көрсету, талдау, жариялау болып табылады. 
Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағдарлылығының, мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілік дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің интегралды көрсеткіші болып табылады. 
Қазақстан, мемлекеттік қалыптасуы кезеңінде елеулі экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтік салада, соның ішінде кеңес уақытында құрылған және негізінен жұмыстың сандық көрсеткіштеріне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсіз жүйесінен тұратын денсаулық сақтау жүйесінде елеулі оңтайландыру жүргізді. 
Соңғы жылдары Қазақстан едәуір экономикалық өсуге қол жеткізді, осының нәтижесінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулі өсті (соңғы үш жылда екі рет), сондай-ақ олардың одан әрі дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтік бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрі де саланың дамуына елеулі түрде көңіл бөлуге ниеттенеді.  
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) дерегі бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-і ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екендігіне қарамастан, мемлекеттің қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі күш-жігері экономикалық және әлеуметтік прогреске қарай өсе түсуге тиіс.  
Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерін, жұмыс берушілерді тарту және денсаулық сақтау саласында іс-шаралар жүргізуді сектораралық үйлестіруді күшейту маңызды. 
Бүгінгі таңда саланы дамытып отырған негізгі бағдарламалық құжаттар оларды әзірлеу сәтіндегі талаптарына барабар болған, алайда қазіргі уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерістер қарқынынан кейін қалып отыр. Осы құжаттарда белгіленген жекелеген іс-шаралар түпкілікті нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның ішінде қаржыландыру жүйесін өзгерту үнемі дәйекті сипатқа ие бола бермейді. Бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі қоғамды, мемлекетті және саланың өзін толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.

Денсаулық сақтау – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Елбасы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау ұйымдарының жаңартылуына, ауруханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, олардың заманауи құралдармен жабдықталуына, білікті мамандар даярлауға ерекше мән беріп отыр.

Мақалада балаларды емдеу  және балалардың стационарларда шетінеуін төмендету жөніндегі жаңа технологиялық әдістерді қолдануды ұйымдастыру жұмыстары берілген.

Стационарлық медициналық  көмек көрсету үшін, елімізде барлық ауруханалар Бірыңғай ұлттық денсаулық  сақтау жүйесімен жұмыс атқаруда.

Материалдық-техникалық базамыз  жылдан жылға  жақсаруда.Емхана мен ауруханада диагностикалық-емдеу жұмыстарын бүгiнгi таңның соңғы жетiстiктерiне сәйкес атқаруға толық мүмкiншiлiктер бар деп айтуға болады.

Зертханада толық түрде  клиникалық, биохимиялық, иммунологиялық анализдер жасалынады, сапалық сертификаты  алынған.

Биылғы жылы жаңадан  алынған аппараттардың, яғни газды  анализатор, биохимиялық анализатор, билирубинометр, микроколориметр, фотоэлектрлік  фотометр, емдеу-диагностика сапасын  жақсартқаны анық, құрсақiшiлiк инфекцияға және басқа жұқпалы ауруларға ИФА тексеруiн жүргiзiп, жаңа антибактериалдық емдер қолданылуда, әсiресе газды анализатордың жұмысы реанимация бөлiмшесiне оң ықпалы көп.

Тыныс алу жүйесiнiң ауруларында  “Небулайзер” аппараты кеңiнен қолданылып, антибиотиктер электрофорез әдiсiмен  бiрге егiлiп, оң нәтиже алудамыз. Осы  жылы алынған жаңа «Биоптрон» аппараты  физиоемдердің түрлерін кеңейтті.

Ультрадыбыстық зерттеу  кабинетiнде 10 түрлi зерттеулер жасалып, саны былтырғы жылдан 22,4%-ке өстi.Ультрадыбыстық зертеулерiн кеңейтудi, яғни мойын  омыртқасының зерттеулерiн еңгiзудi жоспарлап отырмыз. Көру органдарын ультрадыбыстық зерттеу әдiсiмен  зерттеудемiз.

Биылғы жылы допплермен зерттеулер жасау эхокардиография  тәсiлi еңгiзiлiп,1128 науқас балаға жүрек  қан-тамыр жүйесiнiң ауруларын  анықтауға оң ықпалын берiп тұр,оның ішінде 47 баладан біріншілік жүрек  ақаулары осы зерттеу арқылы, аурулары нақтыланды.

Жапон  гранты бойынша алынған гастрофиброскоп аппаратын балалардың асқазан-iшек жолдары ауруларын терең анықтап, емдеу барысына оң ықпал бергенi сөзсiз.

Осы грантпен реанимация бөлiмшесiне алынған кювез және жасанды дем  беру аппараты ауыр хәлдегi балаларға  жедел көмектiң сапасын жоғарылатып, ауруханаiшiлiк шетiнеу көрсеткiшiн  төмендетуге мүмкiншiлiк бердi. Балалар шетінеуін төмендету барысында, емдеу-диагностикалық жұмыстары бүгiнгi таңның соңғы жетiстiктерiне сәйкес атқарылып келеді.Реанимация бөлiмшесiнде ауыр хәлдегi балаларға желдетілген жасанды демдi ұзақ уақытқа және осы жағдайда диоксидин дәрiсiн асқынулардың алдын-алуға  пайдалану, жаңа туған нәрестелерде «СИПАП» аппаратын қолдану,жаңадан алынған «Гемофеникс» аппараты  арқылы  нәрестелерге детоксикация жасау еңгiзілуі ұйымдастырылды.

Аурухананың ұжымы Жаңа әлемдегі, Жаңа Қазақстанның талабына сай,қоғамның белсенді азаматының денсаулығын нығайтуда,серпімді жұмыс  жасауда.

Әр мемлекеттің денсаулық сақтау секторы экономика құрылымының  үлкен материалдық, қаржы және адами  ресурстарын тұтынады. Мемлекеттің  денсау-лық сақтауға бөлген үлкен  шығындары – бұл елдің бюджеттік  шығын бөлігі емес, бұл алдымен  экономикалық қайтарым әкелетін инвестициялар  еке-нін  түсінуіміз  қажет. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың оптималды моделі Қазақстан үшін – нарықтық қатынасы бар бюджеттік модель. Бұл тұр-ғындарды тәуелсіз жалпыға бірдей медициналық кө-мекпен қамтуға және қа-жеттілікке мүмкіндік береді, тұрғындардың осал топтарын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді, медициналық қызметтің еңбек мотивациясының механизмін дамытуға да мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДЖ) шеңберінде денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру, ұйымдарды жетілдіру" деп аталатын 4-ші тармағына сәй-кес, мемлекетте емделу-шінің мүддесі үшін денсаулық сақтау моделі құрылды. Бүгінгі таңда бағдарламаның нақты бағыттарын дамыту және жүзеге асыру жалғасуда:

1.Денсаулық сақтау жүйесін тиімді  құру, бастап-қы медициналық-санитарлық  көмектің басым  дамуы негізінде.

2. Денсаулық сақтау саласында  басқару жүйесін және менеджментін  жетілдіру.

3. Денсаулық сақтауды қаржыландыру  механизмін жетілдіру.

4. Медициналық қызметтің жоғары  сапасымен және қол жетімділігімен  қамтамасыз ету.

Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын  сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен  қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты  жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы  тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі  іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс  пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы  қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық  жағдай т.с.с. әсер етеді.

Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті  тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын  ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды  қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың  болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.

Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты  өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты  кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер  көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар  мен жасөспірімдердің денсаулық  жағдайына кері әсер етеді.

Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына  жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану  жастардың арасында кеңірек таралып  бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік  бірінші орынға шығады екен.

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер  тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің  психо-эндокриндік қайта құрылуы  қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық  жағдайлардың пайда болуының себебінен  қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы  тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен  сипатталады. Осы кезеңде жолдастар  тауып, топ құрып жүру қажеттілігі  жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер  тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері  қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде  топтармен бірге арақ-шарапқа  үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен  педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына  кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету  олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен  кетуіне әкеліп соғады.

Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік  әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің кең  таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті  жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік  топтарға, жылдам үйір болады.

Шынайы  өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды  алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың  нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай  жағдайлардан өте маңызды психологиялық  механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер  алкогольдік топтарға «ауысуң арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға  өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.

Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт - жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағдарламаның, мемлекеттік  өз азаматтарының алдындағы жауапкершілік  дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің интегралды көрсеткіші болып табылады.

Соңғы жылдары Қазақстан  едәуір экономикалық өсуге қол жеткізді, осының нәтижесінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулі өсті, сондай-ақ олардың одан әрі дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтік бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрі  де саланың дамуына елеулі түрде  көңіл бөлуге ниеттенеді.

Дүниежүзілік денаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша азамат денаулығының тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екендігіне қарамастан, мемлекеттің қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі күш-жігері экономикалық және әлеуметтік прогресске қарай өсе түсуге тиіс.

ҚР-да тәуелсіздік жылдарында саланы реформалау қадамдары бірнеше  мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары  денсаулық сақтау жүйесіне принципті  түрде жаға екі элемент: сатып  алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектің көлемі мен  сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемінің пайда болуына мүмкіндік  туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың  бюджеттік сақтандыру моделі енгізілген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін  қаражатқа байланысты түпкілікті нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретін  бағдарламалық қаржыландыру енгізілді. Сонымен бірге, реформаларды талдау көрсеткендей, олар елеулі өзгерістерге бағытталмады, өзінің қисынды ақырына  жеткізілген жоқ, денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды түбегейлі  өзгерте алмады.

Саланы басқару құрылымында  соңғы жылдары болып өткен  өзгерістер арасынан ҚР-ның Денсаулық  сақтау министірлігін қалпына келтіруді, Фармация комитетін, фармацевтикалық  және медициналық өнеркәсіп пен  оның аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ бақылау-қадағалау органдары мен  санитарлық-эпидемиологиялық сараптама  және зертханалық зерттеулер жүргізетін мемлекеттік ұйымдар қызметіне  бөле отырып, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетін құруды атап өту керек.

Азаматтарға ақысыз медициналық  көмектің кепілді көлемінің қолайлығын және оны алуын қамтамасыз ететін мелекеттік денсаулық сақтау жүйесінің  негізін:

  • Фельдшерлік акушерлік пункт (дәрігерге дейін көмек);
  • Дәрігерлік амбулатория, емхана, учаскелік аурухана;
  • Аудандық, орталық аурухана, диспансерлер;
  • Обылыстық, қалалық аурухана, диспансерлер, жедел медициналық жәрдем ауруханалары мен станциялары, республикалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының клиникалары құрайды.

Информация о работе Халық денсаулығының және денсаулық сақтау қазіргі жай-күйін талдау