Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 18:00, реферат
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы.
Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларга бейімделіп, мінезқылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұракты болуына әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбеюі біршама жетілген (жұ-мыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).
Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдір жартылай сұйық (белок) деп аталатын екінші жұмыртқа қабаты болады. Оның сырты екі жұқа пергаментті қабықпен қапталған. Жұ-мыртқаның мокал ұшында температура өзгерген кезде оның көлемі өзгеруіне мүмкіндік беретін айтылған екі қабаттың ара-сында ауа болады.
Жұмыртқаның сары уызына қарай кабыршақ қабығынак “белоктың” ортасында белоктың тығыз ширатылған жіп тәрізді халаза созылып жатады. Халаза сары ,уызды шайқалудан сақтайды.
Жұмыртқа “белогының” негізгі маңызы нағыз жұмыртқаны (сары уызды) механикалық әсерлерден қорғайды және ұрық-тың дамуы кезінде сумен қамтамасыз етеді. Мысалы, тауық жұмыртқасы белогының құрамы: 87% су, протеин — 12%, бас-қа заттар 1%.
Қатты кабық негізінен көмір қышқыл кальцийден (89—97%), аздап та болса басқа тұздар мен органикалық заттан тұрады. Қатты қабық негізінен жұмыртқаны механикалық әсерлерден сақтайды және жұмыртқаның газ алмасуын қамтамасыз етеді, әр түрлі бактериялардың енуіне бөгет болады. Ірі жұмыртқа туатын және жұмыртқасын ашық жерге салатын, құстардың жұмыртқасының қатты қабығы мықтырақ болады. Ұрық дамы-ған кезде, қатты қабықтың біразы ұрықтың скелетін қалыптастыруға жұмсалады. Қатты қабықтың сыртында майда тесікшелері болады. Бұл тесікшелер жұмыртқаның моқал жағында кө-бірек болады. Ұрықтың газ алмасуына осы тесікшелердің маңызы үлкен. Жұмыртқаның басылуы ұзарған сайын және газ алмасуының күшеюіне сәйкес тесікшелердің диаметрі үлкейе түседі.