Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:26, дипломная работа
Қазіргі басқарудың автоматизациялау құралдарын енгізудің масштабтары мен темптері ерекше дәрежемен комплексті зерттеулерді өткізу мәселесін қояды, бұл зерттеулер практикалық және теориялық сипаттамасы проблемаларды жинақтау және жан-жақты зерттелуімен байланысты.
КІРІСПЕ
6
1.
АҚПАРАТ – ҚОРШАҒАН ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
9
1.1
Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі
9
1.2
Осы заманғы ақпараттық технология
11
1.3
Ақпараттық қоғамның даму келешегі
12
1.4
Ақпаратты жіктеу және мәліметтер
14
1.5
Ақпарат адекваттылығы түрлері
15
1.6
Ақпаратты жіктеу жолдары
16
1.7
Ақпараттық жүйені құрастыру әдістемесі
18
2.
«БИЛАЙН» ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
22
2.1
Мәліметтер қоры жүйесінің өмірлік циклы
22
2.2
Пәндік облыстық жүйелік талдауы
23
2.3
Инфологиялық жобалау
23
2.4
Концептуалды жобалау
24
2.5
Физикалық жобалау
27
2.6
Пайдаланушы қосымшасын өңдеу
28
2.7
«Beeline» ұялы байланыс орталығының іс-әрекетін талдау
29
2.8
Есептің жалпы қойылымы
30
3.
МӘЛIМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
31
3.1
Бағдарламалау жүйесін таңдау
31
3.2
МББЖ бағдарламалық жүйелері
34
3.3
MS Access реляциялық мәлiметтер базасын қолданудың әдістемелік негіздері
36
3.4
Мәлімет базасын жасаудағы негізгі этаптары
36
3.5
Заттар аясының ақпараттық құрылымын жасау
37
3.6
Мәліметтер базасының логикалық құрылымын жасау
37
3.7
Access мәлiметтер базасының негiзгi терезесiмен танысу
39
3.8
МБ-ның жалпы өрiстерi және оның қасиеттерi
43
3.9
Мәлiметтер типiмен жұмыс істеу
47
3.10
Мәлiметтер базасының объектiлерiн жасау
49
3.11
Мәлiметтер базасының схемасын жасау
53
3.12
Мәліметтер базасын іске асыру
55
3.13
Ақпараттарды қорғау әдістерін өмірге ендіру
56
3.14
МБ-ның әкімшілік ережелері
59
3.15
Техникалық жабдықтардың кешені
61
3.16
Программалық өніммен жұмыс жасаудың күнтізбелік жоспары
61
3.17
Программалық өнімнің өз бағасын есептеу
62
3.18
Жылдық экономикалық тиімділігін және өтімділіктің мерзімін есептеу
64
ҚОРЫТЫНДЫ
66
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
68
Қосымша А, Б, В
70
Ақпаратқа қатысты оның шығар сөзі және пайдалану аймағы (ақпарат алушы, пайдаланушы) болады. Ақпаратты шыққан жеріне оны қолданатын ортаға жеткізуді қамтамасыз ететін тәсілдермен мүмкіндіктер ақпараттық коммуникациялар деп аталады. Ақпаратты пайдалану кезіндегі қажетті сипаттамалардың бірі оның көпнұсқасына сәйкестігі (немесе адекваттылығы).[6]
Ақпараттың адекваттылығы – оның сипаттайтын нақты объектісіне, процесіне немесе құбылыстарына солар туралы алынған, жеткізілген ақпараттың сәйкестігін анықтау деңгейі.
Өмірде қолданылатын көптеген ақпарат түрін толық, әрі нақты, өз объектісіне адекватты деп айту қиын. Әрбір жағдайға байланысты оның толықтық деңгейін өзгертіп отырады. Осы деңгейге, оның адекватты деңгейіне қарай адамдардың шешім қабылдауы нақты объекті талап ететіндей толық па, әлде толық емес пе, міне көп жағдайларды осы мәселеге дұрыс жауап беру болашағы өзгерістерге әсер етіп отырады.
Мысалы, Сіз дем алу үшін жылы, табиғаты жақсы орындарды салыстыра отырып, солардың біріне барғыңыз келеді дейік. Досыңыз бен таныстарыңыздан алған мәліметтерден осындай орындардың көп екені анықталды. Бірақ алынған мәліметте әртүрлі, біреуі Италияны мақтап, ал екіншісі оны даттап, үшіншісі – Түрік елін көпке көтеріп жатады, яғни естіген ақпаратыңыз оның негізінде адекватты емес. Олар туралы толық, адекватты мәліметті компьютер арқылы Интернет жүйесіндегі соңғы анықтамалардан (кітаптардан) алуға болады. Онда сіздің Интернеттен алған хабарыңыз демалыс орындары туралы нақты жағдайды адекватты түрде көрсете алады деуге негіз бар, солар сіздің ақырғы шешім қабылдауыңызға көмегін тигізеді.
1.5 Ақпарат адекваттылығы түрлері
Ақпарат адекваттылығы үш түрде – семантикалық, синтаксикалық және прагматикалық түрлерде бейнеленеді.
Синтаксилық адекваттылық. Бұл сипаттама ақпарат маңыздылық ұғымына тимей, оның формальды – құрылымдық жағын ғана суреттейді. Синтаксикалық деңгейде ақпараттың құрылымдарда жазылу түрі, онда бейнелену тәсілі, мәліметтерді өңдеу, тасымалдау жылдамдықтары, ақпаратты тамғау кодтары мөлшері, оларды түрлендіру дәлдіктері т.б. суреттеледі. Синтаксикалық тұрғыдан көптеген ақпаратты жай мәлімет деп қарастыруға болады, өйткені бұл деңгейде ақпараттың пәндік – мағыналық жағына онша көңіл бөлінбейді. Сипаттудың бұл түрі ақпарат тек сыртқы құрылымдық қабылдауға назар аударады, яғни ақпараттың синтаксикалық жағынан ғана қамтиды.
Семантикалық (мағыналық) адекваттылық. Мұнда объектінің түп нұсқасы мен сипаттауының сәйкестігі қарастырылады. Семантикалық аспект ақпараттың мағыналық мазмұнын ашады, бұл деңгейде оның байланыстары талдануы тиіс. Информатикада ақпараттың бейнелену кодтары арасындағы мәтіндік байланыстар қарастырылады. Семантика ақпарат ұғымдарын, түсініктерін құру оның мағынасын, мазмұнын ашып, қасиеттерінің жалпы тұрғыда сипатталуын қамтамсыз етеді.
Прагматикалық (тұтынудағы) адекваттылық. Мұнда ақпарат оны пайдалану, тұтыну қатынастары, яғни ақпарат объектісінің, оның тұтынушысының және оның нәтижесінде мақсатқа жету ісінің прагматикалық қасиеттері қалыптасуы мүмкін. Прагматилық аспект ақпараттың да, яғни ақпарат объектісінің оны тұтынушының және соның нәтижесінде мақсатқа жету ісінің прагматикалық қасиеттерін қарастыруға тиіс. Прагматикалық аспект ақпараттың құндылығына, тұтынушының қойған мақсаттарына жету жолында оның кәдеге жарауына бағытталады да, ақпаратты өмірде қайта, қалай қолдануға болатынын, оның атқаратын қызметінің жалпы ұйымның мақсатына сәйкес сөз болады.
1.6 Ақпаратты жіктеу жолдары
Ақпаратты белгілі бір қасиеттеріне қарай жіктеу қалыптасқан. Бірақ жіктеу тәсілдері тек салыстырмалы түрде ғана жүргізіледі және оны әркім әрқалай қарастыруына болады. Осыған орай кейде ақпараттың бір түрін әртүрлі топтарға жатқызуға болатыны да кездесіп қалады. Мұндай жайт ақпараттың салалық бағытын есепке алмаған кезде кездеседі, өйткені ол әртүрлі ортада, әртүрлі шарттарға байланысты, түрлі-түрлі мақсаттарда қолданыла беруі мүмкін.
2-суретте ақпараттың көптеген фирмаларда қолданылуына қарай топтастырылу схемасының бір түрі көрсетілген. Оны жіктеу негізіне жалпы жиі кездесетін бес түрлі белгі алынған, онда олар информацияның шығу көзіне, тұрақтылығына, өңделуіне, бейнелену тәсіліне және басқару функциясына қарай деп топтастырылған.
1-сурет. Мекемелерде қолданылып жүрген ақпаратты жіктеудің бір түрі
Шығу көзіне қарай жіктеу
Кіріс ақпарат - фирмаға немесе оның бөлімдеріне сырттан келетін ақпарат.
Шығыс ақпарат – осы фирмадан немесе оның бөлімдерінен басқа фирмаларға жіберілетін ақпарат.
Бір ақпарат бір мекеме үшін шығыс, ал екінші фирма үшін кіріс ақпарат бола береді.
Басқарау объектісіне қарай (фирма, оның бөлімі: цех, лаборатория т.б.), яғни қолданылуына байланысты ақпарат ішкі не сыртқы болып бөліне алады. Ішкі ақпарат объект ішінде, ал сыртқы – объектіден тыс пайда болады.
Мысалы, үкіметтің табыс салығын өзгертуі туралы заңы фирма үшін әрі сыртқы, әрі кіріс ақпарат да болып саналады. Ал, фирманың мемлекеттік бюджетке түсіретін қаржысы туралы салық инспекциясына беретін мәліметі, осы мекеме үшін – шығыс ақпараты болса, екінші жағынан салық инспекциясы үшін – сыртқы ақпараты болып табылады.
Тұрақтылығы бойынша жіктеу
Айнымалы ақпарат – фирманың өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесін нақты сан және сапалық түрдегі сипаттамалар. Олар күнбе-күн әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, бір күнде жасалған өнім мөлшері, шикізат жеткізуге кеткен шығын, пайдаланылған станоктар саны т.б.
Тұрақты ақпарат – бұл өзгеріссіз, ұзақ уақыт аралығында қайталаныла пайдаланылатын мәліметтер, олар: мемлекеттік нормативтер, анықтамалық мәліметтер, табельдік нөмірлер, цех атаулары, жоспарлар т.б.
Өңделу кезеңдеріне қарай жіктеу
Алғашқы ақпарат – осы объектінің қызмет етуіне байланысты шыққан информация, ол осында алғаш рет тіркеледі. Екінші реттегі ақпарат – бұл ағашқы ақпаратты өңдеу арқылы шыққан ақпарат, оны бұдан кейінгі кезеңдерге байланысты аралық немесе нәтижелік деп те айтуға болады.
Аралық ақпарат келесі кезеңдерге алғашқы мәлімет болып саналады.
Нәтижелік ақпарат алғашқы не аралық мәліметтерді өңдеу арқылы пайда болады және ол басқару мақсатында шешім қабылдау үшін пайдаланылады.
Мысалы, механикалық цехта күнбе-күн қанша деталь шыққаны жазылып отырады, бұл алғашқы ақпарат, ал ай соңында олардың қосындысы есептеліп жазылады, бұл мәлімет бухгалтерияға барып, осы ай үшін жалақы есептелсе ол – нәтижелік ақпарат, ал осы жыл үшін ол – аралық ақпарат болып қалады.
Бейнеленуіне қарай жіктеу
Мәтіндік ақпарат – физикалық құрылғыларда (қағазда, дисплейде, дискіде т.б.) мәтінді әріп, цифр, әртүрлі символдар түрінде бейнелейтін ақпарат.
Графикалық ақпарат – бұл әртүрлі схема, сурет, диаграмма т.б.
Басқару функциясына қарай жіктеу. Бұл топқа әдетте экономикалық ақпарат жатады.
Жоспарлық ақпарат – алдыңғы кезеңдерде басқарылуға тиіс объектілер параметрлері туралы мәліметтер. Фирманың барлық күш қуаты осы ақпаратты бағдарға ала отырып жүргізіледі. Оған шығарылатын өнім мөлшері, оны сатудан түсетін жоспарланған пайда көлем, тауарларға деген сұраныс және т.б.
Нормативті-анықтамалық ақпарат мемлекеттік және өндірістік анытамалық мәліметтер (бір деталь жасауға кететін уақыт, оның құны, жұмысшылар жалақысы, шикізат беретін және өнімді сатып алатын фирмалар адрестері т.б.). Олар өте сирек өзгереді. [7]
Есепке алынған ақпарат – ол фирманың өткен кезеңдердегі қызметін сипаттайтын көрсеткіштер (статистикалық, бухгалтерлік мәліметтер). Оларға байланысты жоспарлар жасалып шаруашылық жұмыстары талданып, өндіріс тиімділігін көтеретін істер жүргізіледі. Бұл топқа бір айда (бір жылда) сатылған өнім мөлшері, станоктардың күндік пайдаланылу деңгейлері т.б. жатады.
Оперативті (ағымдағы) информация - бұл фирманы, өндірісті күнделікті басқаруға қажет мәліметтер, олар өндіріс көрсеткіштері. Бұлар жылдам келіп түсіп, шапшаң өңделіп отыруға тиіс және толық әрі дәл болуы керек. Фирма табысы оның болашағы осыларға тығыз байланысты болады. Бұл топқа бір сағатта, бір күнде шығарылған, бір күнде сатылған өнім мөлшерлері, таңертеңгі болған шикізат көлемі т.б. жатады.
1.7 Ақпараттық жүйені құрастыру әдістемесі
Ақпараттық жүйені құрастыру жаңа әдістемесінің жасалуы қажет болды.
Бұндай әдістеменің мақсаты ақпараттық жүйенің регламенттік процессте жобалау, осы процеспен басқаруды ұйымдастырып, талаптарының орындалуына, ақпараттық жүйеге, сондай-ақ өңдеу процесінің орындалуына кепілдік беру.
Әдістемелік корпоративтік ақпараттық жүйесінің жоба шешуінің бастапқы мақсаты болып маналар жатады:
Әдістеме енгізілгенде, ол ақпараттық жүйенің толық және нақты процестің жазылуының процессінің қиындығының төмендеуіне, ссондай-ақ қазіргі заманғы әдістерге және АЖ технологиясын жасауда барлық өмірлік АЖ циклінде - ойынан бастап аяғына дейін болады.
Ақпараттық жүйе үш негізгі аймақты қамтиды:
Ақпараттық жүйені жобалау, ол әр уақытта жобаның бастапқы мақсатынын белгілеуден басталады. Жобаның мақсаты деп, бірбіріне қатысты есептердің шешілуін, олар ішіне жүйе уақытында жіберуі және барлық уақытта оның қолдануын қамтамасыз етеді:
Қазіргі заманғы методологияға сай, ақпараттық жүйені жасау, ол процесті тұрғызудан және моделдердің кезекпен қайта түрлендіруі барлық өмірлік циклге жатады.
Моделдердің жасалуы жобаның жұмысшы командасымен құралады, жобаның пеозиторында сақталады және көбейтіледі. Моделдерді жасау, оларды бақылау, қайта түрлендіріп және көпшілікке қолдануға беру, ол арнайы бағдарламаның инструменттерін CASE-ті қоюмен жасалынады..
Ақпараттық жүйені жасау бірнеше этапқа бөлінеді, бірнеше уақытша рамкалармен шектелуі және нақты өнімнің шығарылуымен (моделдер, бағдарлама өнімі, іс-қағаздар)
Былайынша ақпараттық жүйені жасауда мынадай этақа бөлінеді: жүйені жасауға бөліну, жобалау, өткізу, тестілеу, жұмысқа қосу, қолдану және жеткізу.
Бастапқы ақпараттық жүйені жасаудың этапы болып, бизнес-процесстерді моделдеу болып табылады, мекемелерге ағылады және олардың мақсаты мен есебін орындайды. Мекеме моделі, бизнес-процесстерінде және бизнес-функцияларында суреттелген, негізгі ақпараттық жүйеге деген сұранысты береді. Бұл методологияның іргетасы жоба жүйесіне деген шығарылымды объективті түрде көрсетеді.
Сәулеттік ақпараттық жүйе моделдері жасалынады, бағдарламаны жабдықтау (БЖ) және ақпараттық жабдықтау (АЖ). Осыдан кейін сәулеттік бағдарламаны жабдықтау (БЖ) және ақпараттық жабдықтау (АЖ) жасалынады, корпоративтік мәліметтер қоры мен жеке қосымшаларға бөлінеді, жеке қосымшалар моделдері жасалынып, олардың тестілері мен интеграциясы жасалындаы.
Бастапқы ақпараттық
жүйенің этапы болып, мекеменің
қызметін талдау, АҚ деген сұранысты
жасау, сұраныс беруші мекеменің
сұранысының мақсаты мен
АҚ жүйені жасауда қойылатын талап өте жауапты, қате кеткен жағдайда өте қиын және қымбат болып келеді. Қазіргі заманғы құралдар мен бағдарлама өнімдерімен АЖ тез дайын сұраныстармен жасауға болады. Бірақта бұл жүйелер тапсырыс берушілерді қанағаттардырмайды, олар көптеген қайта жасауларды сұрайды, олар АЖ құныңың қымбаттауына келіп соғады. Бұл жасаудың негізі болып, АЖ деген талдау этапында берілген сұранысты дұрыс, нақты болмай және жартылай жасалғаннан болады.
Жобаның жасалу кезеңінде алдынмен модельдің берілгені жасалынды. Жобашылар талдау арқылы мәліметтің шығуынан результат алады. Логиалық және физикалық берілген модельді құру, берілген жоба базасының негізгі бөлімі болып табылады. Талдау процесіне негізінде алынған мәліметтік модель алдымен логикалық, сосын физикалық берілген модельге айналады.
Сонымен қатар барлық ақпараттық жүйе сертификат алу үшін, берілген жобаның база схемасымен бірге, жоба процессі орындалады,