Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 12:05, курсовая работа
Ықтималдық теориясының бөлімі ретінде жалпылай қызмет көрсету жүйелері жуықта пайда болған. Алғашқы жұмыстар осы жүз жылдықтың басында тәжірибелік қажеттіліктерге байланысты қолданылды.
Жалпылай қызмет көрсету жүйелерін (ЖҚКЖ) оқып үйрететін ғылым жалпылай қызмет көрсету теориясы (ЖҚКТ) деп аталады. ЖҚКЖ-де болатын екі кез-келген сұраныс ағыны мен қызмет көрсету ағындардың кездескендегі кететін уақыт жүйенің негізі болып табылады. Жалпылай қызмет көрсету жүйелері ең алғаш рет телефон желілерінің бөлімшелерінде зертеле бастады. Қазіргі кезде ЖҚКЖ-рін оқып үйрену өте үлкен ауқымда және экономикадағы ең негізгі сұрақтардың бірі болып табылады. Мысалға жүйеге жататындар: телефон станциясы, жөндеу шеберханасы, билет сататын касса, дүкен, шаштараз және т.б.
КІРІСПЕ ...........................................................................................................
7
1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ...........................................................................
8
1.1 Қолданыстағы бағдарламалық қамтамаларға, қосымшаларға
шолу және талдау жасау.................................................................................
8
1.2 Бағдарламалық қамтаманы құрастыруды негіздеу ...............................
8
2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ ...............................
11
2.1 Зерттеу объектісін талдау ........................................................................
11
2.1.1 Құрастырылатын бағдарламалық қамтаманың міндеті......................
11
2.1.2 Құрылымдық жобалау .........................................................................
11
2.2.2 Аппараттық құралдарды таңдау ..........................................................
17
3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ..........................
18
3.1 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылымы ..................
18
3.2 Бағдарлама интерфейсін құрастыру ...................................................
18
3.3 Құжаттау ...................................................................................................
21
3.3.1 Пайдаланушыға нұсқау ....................................................................
21
3.3.2 Бағдарламалаушыға нұсқау ............................................................
22
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................
25
ҚОСЫМШАЛАР..............................................................................................
26
Delphi 7 бағдарламалау тілін пайдалану себебім, ол кез келген бағдарламаны жобалауда ыңғайлы болып табылады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Бұл бағдарламалау технолгиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компонентік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы бағдарламалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әректтерді орындайтын компонентер элементтерінен жинақталы-нады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальді компонентер кітапханасы деп атайды. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
2.2 Бағдарламалық қамтаманы таңдау
Delphi Windows жүйесінде бағдарламалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру, анимация, мультимедия процесстерін ұйымдастыру, OLE- технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, оларменнен жұмыс істеу және т.б. көптеген іс- әрекеттерді орындауға болады.
Delphi тіліндегі бұл модельдің негізгі тірегі қолданылатын кодты максимальдау болып табылады. Бұл құрушыларға дайын объектерді пайдалану арқылы қосымшаларды құруды жылдамдату мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, Delphi ортасында өздерінің жеке объектерін құруға мүмкіндік береді. Құрушылар құра алатын объектердің типтеріне шектеулік жоқ. Барлығы да Delphi – де жазылған, сондықтан құрушылар ортаны құруда қолданылатын объектерге және инструменттерге қол жеткізе алады. Қорытындылай келгенде, Borland немесе басқа да фирмалардың объектілері арасында және өзіңіз құрған объекттер арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Delphi- бұл бірнеше маңызды технологиялар комбинациясынан тұратын тіл:
Машиналық кодқа ауыстыратын жоғары өнімді компилятор. Delphi тілінің құрамындағы компиляторы бастапқы текстің минутында 390 мың қатарын өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл құруды жеңілдетудің және дайын бағдарлама блогын тез уақытта тексеріп берудің жағдайын жасайды. Бұл оның тілдің төртінші ұрпағына (4GL) жататындығын дәлелдейді. Delphi тілінде жобалауды құру интерпретаторлық ортадан құрудан ерекшелігі ол 10-20 есе тез компиляциялайды.
Сонымен қатар, сегменттерді оптимизациялау опциясында орындалатын файлдардың өлшемін қысқартуға мүмкіндік береді. Компиляторды синтаксисті тексеру режиміне жіберуге болады. Сонда ұзаққа созылатын компиляциялау және дайын файлдарды құру операциясы жүрмейді.
Сонымен, Delphi тілі берілгендер қорына байланысты қосымшаларды құруға арналған ыңғайлы орта болып саналады.
Компоненттердің объектілі-бағытталған моделі. Объекттердің кітапханасы визуальдық компоненттерден тұрады. Олар БҚБЖ үшін қосымшаларды құруды, клиент-сервер архитектурасын қолдану арқылы жеңілдетеді. Объекттер өзінде төменгі деңгейді Borland Database Engine инкапсуляциялайды. Мәліметтерге қол жеткізетін және көрсететін арнайы компоненттер жиынтығы қарастырылады. Берілгендерге қол жеткізетін компоненттер БҚ-мен байланысты орнатады, мәліметтерді көшіру, таңдау және т.б. операцияларды орындайды.
Мәліметтерді визуализациялайтын компоненттер мәліметтерді өріс, тізім түрінде көрсетеді. Көрінетін мәліметтер текстілі, графикалық немесе кез келген форматтарда болуы мүмкін. Кестелер берілген қорын сақтайтын БҚБЖ берілген қорын бірнеше бөлек файлдар түрінде сақтайды. Ал кейбір БҚ барлық кестелер мен индекстерді қосып, тек қана бір файлдан тұрады. Мысалы, Paradox және dBase кестелер әрқашан бір дискіде бөлек файлдарда сақталынады. dBase тұратын директория .DBF файлдар немесе Paradox директориясы .DB файлдары берілген қоры ретінде қарастырылады[5].
Басқа сөзбен айтқанда, Paradox немесе dBase форматты файлдардан тұратын немесе dBase форматты файлдардан тұратын кез келген директория Delphi-де бір БҚ ретінде қарастырылады. Басқа БҚ қосылу үшін басқа директорияға қосылса жеткілікті. Interbase барлық кестелерді кеңейтілуі . GBF бір файлда сақтайды, сондықтан да бұл файл БҚ Interbase болып табылады. БҚ объектері Delphi-де SQL –ге негізделген және Borland Database Engine тұрады. Delphi құрамына сонымен қатар, Borland SQL Link қосылған, сондықтан БҚБЖ Oracle, Sybase, Informix және InterBase қол жеткізу жоғары эффективтілікпен жүргізіледі. Delphi сонымен қатар, локальдық InterBase қол серверін қосады. Бұл оның әр түрлі ішкі SQL серверде қосымшаларды офлайндық режимде құруға мүмкіндік береді. Delphi ортасында ақпараттық жүйені локальдық машина үшін жобалайтын өңдеуші берілгендерді сақтау үшін .dbf және .db форматты файлдарды қолдануға болады. Егер ол локальдық Interbase for Windows 4.0 қолданса, онда оның қосымшасы ешқандай өзгеріссіз үлкен жүйе клиент-сервер архитектурасы құрамында жұмыс істейді.
БҚ жұмыс істегенде Delphi тілдің қуаты төменгі-деңгейлі ядро – Borland Database Engine (BDE) берілгендер қоры процессорына негізделген. Оның интерфейсі қолданбалы бағдарлама Integrated Database Application Programming Interface (IDAPI) деп аталынады. Бұл екі түрді (BDE және IDAPI) ажыратады. BDE берілгендерге қол жеткізуді дәстүрлі record - навигациондық түрді қолдану арқылы да, берілгендер қоры SQL серверлерде қолданылатын set - навигациондық түрді қолдануға болады. BDE -ден басқа Delphi берілгендер қорына Microsoft фирмасының Open Database Connectivity техникасын қолдану арқылы да қол жеткізе алады. Бірақ практикада, көрсеткендей BDE қолдану арқылы құрылған жүйенің өнімділігі ODBC- ты қолданудан әлдеқайда жоғары. ODBC драйверлері арнайы ODBC socket жұмыс істейді, бұл оның BDE- ге қосуға мүмкіндік береді.
Барлық Borland берілгендер қорының құрал-саймандық құралдары – Paradox, dBase, Database Desktop - BDE қолданатын Paradox немесе dBase бар барлық ерекшеліктерді BDE-ге мұрагерленеді және сондықтан да осы ерекшеліктермен Delphi тілі де сипатталынады.
Delphi тілінде бағдарламаны құрастыру барысында қолданылатын компоненттер қосымшаны құру ортасында енгізілген және олар қосымшаны құру барысында қолданылатын берілгендер типтерінің жиынтығынан тұрады.
Delphi тілінің бұл компоненттерін Visual Component Library (VCL) деп атайды. VCL -да стандарттық басқару элементтері бар. Олар редактілеу қатары, басқарудың статистикалық элементтері, тізіммен редактілеу қатарлар, объекттердің тізімі. Тағы да мынадай компоненттер бар: басқарудың кестелік элементтері, закладкалар, көпқатарлық жазу кітапшалары. Барлық объектілер өздерінің функциянальдылығы бойынша беттерге бөлінген және компоненттер палитрасында көрсетілген.
VCL Widow графикалық құралдардың интерфейсін көрсететін арнайы объектіден тұрады. Бұл интерфейс Delphi тілінің ерекшеліктерінің бірі қосымшаларды құруда ғана емес, сонымен қатар жаңа комопненттерді қолдануда қолданылады. Мұндай мүмкіндік құрушыларға басқа құру ортасына өтпей, сол ортада жаңа құрал-саймандарды орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Delphi -дің стандарттық компоненттерін жаңартуға немесе толығымен өзгертуге болады.
Объектілердің класстары иерархия түрінде құрылған және абтрактілі аралық және дайын компоненттерден тұрады. құрушы дайын компоненттерді қолдана алады немесе абстрактілі немесе аралық комопненттердің негізінде өіндік компоненттерді құра алады. Сонымен қатар, өзінің объекттерін құра алады.
Delphi (Дельфи) объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған. Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальда сияқты. Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р – кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды. Осы себепті, қазіргі кезде ол дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады. Delphi екі түрде дайындалған: біріншісі – күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client - Server), екіншісі – қалған программалаушылар ушін (Delphi for Windows ).
Сонымен бірге Delphi – CASE – технологиясының құралы - RAD (Rapid Application Development - «Қосымшаны тез құрудың құралы» ) класына жататын бағдарламалау тілі және ортасы. Delphi – Windows-тың күрделі қосымшаларын құруды тездетеді және оңайлатады. Мысалы, С++ тілінде Windows қосымшасын құру үшін бірнеше адам күшін қажет ететін болса, қазіргі кезде Delphi-ді қолданып бір адам құра алады.
Windows интерфейсі CASE-технологиясының түгелімен, қолданбалы жүйені құру жұмысының тіршілік циклының және жүйені жобалауда барлық фазаларында қолдайтын интегралды жүйеге ауысу.
Delphi форманы жобалайтын және барлық кең тараған деректер қорының барлық форматын қолдайтын кең мүмкіндіктері бар. Бұл орта Windows-тың жалпы мақсаттағы белгі, пиктограмма және диалогты панель сияқты компоненттерді бағдарламалауды қажет етпейді. Windows-та жұмыс істеген кезде әртүрлі қосымшаларда бірдей объектілерді көреміз. Диалогты панельдер (мысалы, Choose File және Save File) құрылып жатқан қосымшаға керекті жағдайда жұмыс істеу үшін компоненттерді осы есепке бейімдеуге мүмкіндік беретін, Delphi-ге тікелей ендірілген, көп қолданатын компоненттердің мысалы бола алады. Тағы да бұл жерде көрінетін және көрінбейтін объектілер, кнопкалар, мәліметі бар объектілер, мәзір және құрылған диалогты панельдер бар. Осы объектілер көмегімен, мысалы, бағдарламалауды қолданбай-ақ тышқанның түймесін басу арқылы мәліметті енгізуге болады. Бұл CASE-технологиясының қазіргі қосымшаны бағдарламалауда қолданудың көрнекті көрінісі. Жүйені қолданушы интерфейсін бағдарламалаумен байланысты бөлімі визуалды бағдарламалау деп аталады.
Windows ортасында Delphi көмегімен АЖ жобалаудың артықшылықтары:
Визуалды бағдарламалау қосымшаны құруда жаңа мүмкіндіктерді қосып, осы объектілерді монитор экранында программа орындалғанға дейін көруге мүмкіндік береді. Визуалды бағдарламалаусыз көрсету процесі кодты жазуды талап етеді. Кодталған объектілерді тек программа орындалып жатқан кезде ғана көруге болады. Бұл программалық кодтың бірнеше мәрте түзетуін талап етеді.
Визуалды бағдарламалау құралының арқасында объекттерді көз алдымызда ұстап нәтижені тез алуға болады. Объекттерді программа барысында қандай болатынын көру көп операцияларды қолмен орындаудан босатады. Бұл визуалды құралдары жоқ бағдарламаларға тән. Объект визуалды бағдарламалау ортасының формасына енгізілгеннен кейін, оның барлық атрибуттары код түрінде көрінеді. Ол объектке программа орындалу барысындағы бірлік ретінде сәйкестенеді.
Delphi-ге объекттерді
орналастыру объекттер арасындағы
тығыз қатынастарға және
нақты программалық кодқа
байланысты. Объекттер формаға
жазылады, ал объектке жауап
беретін код бастапқы файлға
жазылады. Бұл код визуалды
ортаға қарағанда жоғарғы өнімділікті
Интерфейсті құрудың 3 негізгі бөлімі бар: панельді жобалау, диалогты жобалау және терезелерді таныстыру. Жалпы қолданушының кіру мүмкіндігі үшін Қолданбалы Жүйе Архитектурасын қолдану шарты есептеледі. Тағы да басқа шарттар бар: кіру құрылғысы терминалда клавишті не көрсеткішті болып табылады және қосымша символды немесе графикалық болады.
Қазіргі жағдайларда өзара әрекеттесу интерфейсін ұйымдастыру проблемасын оптималды шешу жолын іздеу комплексті есеп сипаттамаға ие болып жатыр.
Бүгінгі күнде қазіргі көпфункционалды өңдеу құралдарын және ақпаратты көрсетуді модельдеу көмегімен типті және қолданатын ақпаратты модельдің сипаттамасын нақтылау, болашақтағы операторлар ісінің ерекшеліктерін шығару, өзара әрекеттесу интерфейс құралының аппараттық-бағдарламалық параметрлеріне талаптарды қою мүмкін болып отыр.
Ақпаратты өңдеу және көрсету жүйесін жобалаудың модульдік принциптің типтік есептерін қолдану өте кең масштабта болып жатыр.
Информация о работе Қолданыстағы бағдарламалық қамтамаларға, қосымшаларға шолу және талдау жасау