Бейнелеу өнерінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 09:10, реферат

Краткое описание

Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Бейнелеу өнері негіздері әдістемесінің тарихы
2 Бала–бақша жас топтарындағы құрастыру мазмұны
3 Құрастыру жұмысы бойынша сабақ конспектісі (орта топ)
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Бейнелеу өнері.docx

— 117.02 Кб (Скачать файл)

Екінші тарауда күзгі табиғи көріністерін бейнелеу, кітап суретін салу, акварель бояуымен танысу, көркем жазу,халық шеберлері бұйымдарымен танысу, жаңа жыл тақырыптары бойынша оқу материалдары берілген.

Үшінші тарауда қыс көрінісі, жануарлар өрнегі, жабыстыру, натюроморт, гризайл, монотипия, қыс және суретші, қағаздан силық құрастыру, қоңызды, көбелекті салу, қағаздан маска құрстыру, наурыз тойы тақырыптары бойынша оқу материалдары беріліп, соған қатысты суреттер салу әдістері мен тәсілдері көрсетілген. Төртінші тарауда көктемді қарсы алу, көктем гүлдерін бейнелеу, аспан әлеміне саяхат, біз бейбітшілікті қалаймыз, икебана өнерімен танысу, мүсін, рельеф салуға үйрену, әрқашан күн сөнбесін тақырыбына сурет салу көрме ұйымдастыру тақырыптары беріліп, балалардың бейнелеу ептейліктері мен дағдыралын онан ары дамыту көзделген.

2002-2004 жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға арналған бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мен бейнелеу өнерінің жұмыс дәптерлері шығарыла бастады. Аталған оқулықтар, оқыту әдістемесі, жұмыс дәптерлері, оқушылар мен мұғалімдерге арналған танымдық, әдістемелік көмек болды. Бұл эәістемелік құралдар Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуында көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беруде жетекші орын алды.

ХХІ ғңасырдың соңғы 80-90 жылдары бірқатар авторлардың оқу-әдістемелік құралдары жарық көре бастады. Бұлардың ішінде Ж.Балкеновтың, Б.Әлмұхамедовтың, Б.Төлебидің, Т.Мұсалимовтың, К.Ералиннің  бейнелеу өнерін оқытуға байланысты, Қ.Әмірғазиннің , Д.Кемешовтың, С.Бейсенбаевтың, Ж.Бейсенбековтың, М.Тәңірбергеновтың сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға арналған еңбектері көркемдік білім мен әсемдік тәрбиесін беруге мұғалімге жәрдемдесетін еңбектер болды.

Ж.Балкенов пен Ж.Әлұхамбетовтың «Сурет сала біл» атты еңбегі Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі бойынша жазылған алғашқы еңбектердің бірі болды. Еңбекте сурет пен кескіндеме өнеріне оқушыларды үйретудің негіздері көрсетіледі. Орналастыру, заттың құрылымын салу, жарық пен көлеңкенің мүмкіндіктері арқылы заттың формасын шығару әдістері берілген. Б.Төлебидің «Сурет  сала білесің бе?» деп аталатын еңбегінде студенттерге сурет пен кескіндеме негіздерін, перспектива мен жарық пен көлеңке мүмкіндіктері арқылы бейнелеуге үйретудің жолдары қарастырылады, заттардың мен адамдардың, табиғаттың суреттерін салу жолдарын анықтайды.               Т.Мусалимовтың «Сурет сала білу» атты еңбегі мектеп оқушыларына бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары ашып көрсетіледі. Жарық пен көлеңке, перспектива, үлестіру, симметрия, ритм, түстану заңдылықтары туралы мәлімет беріледі. Жазықтық бетіне нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу ерекшеліктеріне назар аударады. К.Ералин мен Қ.Тастемировтың «Оқушылардың кеңістік түсініктерін қалыптастыру» атты оқу-әдістемелік құралында, кеңістіктің түрлері, перспектива заңдылықтары, кеңістікті бейнелеу ерекшеліктері,оқушылардың кеңістікке байланысты түсініктерін қалыптыстырудың жолдары айқындалады. Қ.Әміргазиннің «Қазақ қолөнері» атты оқу-әдістемелік құралында оқушыларға қазақ қолөнерінің түрлері, ерекшеліктері, технологиялары, қолөнер шеберлері, ою-өрнектері жайлы, ою-өрнектерді салу мен қолөнер бұйымдарын жасау туралы кең көлемде мәлімет беретін еңбек. Еңбекте қазақ қолөнерін оқу мен тәрбие істерінде пайдалануға мүмкіндік беретін әдіс тәсілдер молынан кездеседі. Сонымен қатар мұнда сыныптан тыс оқу-тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруға қажетті материалдарды табуға болатын еңбек. Қ.Ералиннің «Қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» атты еңбегінде қазақ бейнелеу өнерінің даңықты шеберлері шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында оқушылардың эстетикалық талғамдарын, эстетикалық қызығушылықтарын қалыптастырудың әдіс тәсілдері көрсетіледі.

Д.Кемешовтың «Керамика» атты оқу-әдістемелік құралы мектеп оқушыларына сыныптан тыс уақытта «қыш өңдеу үйірмесін ұйымдастырудың мазмұнын, ерекшеліктерін, әдіс-тәселдерін айқындауға арналған. Кітапта қыштың түрлері, құрамы, өңдеу технологиясы, үйірме жұмысы бағдарламасы мен оқыту әдістемесі берілген. Осы кезде жарық көрген С.Төленбаевтың «Ою өрнек салып үйрен» атты әдістемелік құралында балаларға ою-өрнектердің түрлерін таныстыру көзделеді, қағаздан ою өрнектердің үлгілері жасау жолдары көрсетілді. Ою-өрнектердің танымдық-тәрбиелік мәнін мектеп оқушыларына таныстыруда Ұ.Әбдіғапбарованың  «Ою-өрнектердің тәрбиелік мүмкіндіктері» атты оқу-әдістемелік құралы маңызды орын алады. Еңбекте ою-өрнектердің шығу тарихына, түрлеріне, қолданысына қарай классификация жасалып, ою-өрнектерді сабақта және тәрбие жұмыстарында қолданудың әдістемесі берілген. Ою-өрнектердің атауларының түсіндірме сөздігі ұсынылған. Қ.Ералин мен Ж.Халмуратовтың осы кезде баспадан шыққан «Қазақстан бейнелеу өнері шеберлері» атты оқу-әдістемелік құралында мектеп оқушыларын Қазастанның көрнекті суретшілері Ә.Қастеев, Қ.Телжанов, С.Мәмбаев, М.Кенбаев, Е.Сидоркин, Н.Нурмухамбетов, А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, С.Романов және Х.Наурызбаевтардың өмірі және шығармашылықтарымен таныстыруға арналған.Еңбекте қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мол мәліметтер берілген. Сабақта оқушыларды суретші шығармашылығымен таныстырудың әдіс-тәсілдері ашып көрсетілген. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі саласындағы алғашқы еңбектердің бірі–Ж.Барымбетовтың «Ою-өрнек салуға үйрен» деп аталатын әдістемелік құралы болып табылады. Еңбекте ою-өрнектің геометриялық, зооморфтық, өсімдік пен аспан әлемі тектес түрлеріне талдау жасап, жаңа ою-өрнек композицияларын ойлап шығарудың үлгілері берілген.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы бейнелеу өнерінің терминдерінің мәселелерімен тығыз байланысты. Бұл тұрғыда Е.Каменованың «Кемпірқосақтың түсі қандай» атты кітабының қазақ тіліне аударылуы (аударған Ә.Кекілбаев) бейнелеу өнерін оқыту әдістемісінің дамуына игі ықпалын тигізді. Көптеген терминдерге жаңа аудармалық атау берілді, сөйтіп олар оқу үрдісіндегі қолданысқа түсті. Бейнелеу өнері пәнінің сәндік сурет салу сабақтарында қолдануға лайық «Сәндік қолданбалы өнер терминдерінің түсіндірме сөздігінде» берілді. Бұл мектептің бейнелеу өнері мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің практикалық іс-әрекетінде қолдануға лайықты әдістемелік құрал болды.

ХХ ғасырдың 90 жылдарын Қазақстан жоғары оқу орындарының жаңа оқу жоспарлары мен  оқу бағдарламалары қайта құралып, жаңадан жасалды. Бейнелеу өнерің мұғалімдерін дайындау жоспары қайта қаралып жаңа арнаулы курстардың бағдарламалары дайындалды. Бұл оқу жоспарлары мен бағдарламаларды дайындауда Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті суретші-педагогтары Б.Оспанов,  Қ.Болатбаев, Р.Мизабаев, Н.Власюк, Т.Ордабеков, Б.Байжігітовтер ерекше үлес қосты. Бұл дайындалған оқу жоспарлары мен бағдарламалары бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау сапасын арттырып, жаңа оқыту техънологиясымен дайындалған мұғалімдер, мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің деңгейін көтерді. Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің танымдық тәрбиелік  мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлді. Осы кезеңде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мәселелерін ғылыми  теориялық тұрғыда шешуге деген  жаңа талпыныс пайда болды. Суретші-педагогтар Қ.Болатбаев бейнелеу өнері сабақтарында халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі, Қ.Тастемиров мектепте кескіндемені оқыту әдістемесі, Д.Кемешов мектепте керамика үйірмесін оқыту әдістемесі, М.Жақыпбекова мектепте коллаж үйірмесін оқыту үйірмесін оқыту әдістемесі  мәселелерін зерттеу нәтижелері мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына игі ықпал етті. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің Қазақстанда даму барысында мерзімді баспасөз маңызды роль атқарды. Республикалық педагогикалық әдістемелік басылымдар «Қазақстан мектебі», «Бастауыш мектеп» журналдарында бейнелеу өнерін оқыту  әдістемесінің түрлі мәселелері бойынша мақалалар жарияланып тұрды. 2004 жылдан бастап бейнелеу өнерін оқыту мәселелеріне байланысты мақалаларды шығаратын «Мектепте арнаулы және жоғары оқу орнында бейнелеу өнерін оқыту» атты арнайы мерзімдік басылым жарық көрді. Бұл басылымдағы мақалаларда мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың мәселелеріне журналда қомақты орын берілді. Бұл мерзімдік басылым мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуындағы ерекше бетбұрыс болды.

 

 

  1. Бала–бақша жас топтарындағы құрастыру мазмұны.

Бағдарлама түсіндірме жазба, ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, балалардың жас ерекешелік мүмкіндіктерінің сипаттамасы, күн тәртібінің үлгісі, базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:

- дене шынықтыру - «Денсаулық» білім беру саласында;

- тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру - «Қатынас» білім беру саласында;

- сенсорика, құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру - «Таным» білім беру саласында;

- сурет салу, мүсіндеу, желімсіз жапсыру, музыка - «Шығармашылық» білім беру саласында;

- «Әлеуметтік орта» - білім беру саласы балалардың барлық әрекеттерінің түрлерінде жүзеге асырылатын бес білім беру саласының бағдарламалық мазмұнынан құрылады.

Құрастыру. Мақсаты: Қарапайым құрастыру жасауға бейімдеу, сенсорлық қабілеттері мен қарапайым құрастыру біліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Түрлі пішіндегі құрылымдарды жасауға, олардың қолданылуын түсінуге үйрету.

2. Балаларға сюжетті ойыншықтармен ойнауға арналған құрылымдарды қолдануға үйрету, меңгерген құрастыру дағдыларын дербес ойындарда қолдану.

1 жас - 1 жас 6 ай. Балаларға құрылыс материалының бөліктерін бірінің үстіне бірін қоюға үйрету: текшені текшеге (мұнара), текшеге призманы (үйшік), цилиндрге жарты шарды (саңырауқұлақ) және т.б., бөлшектерді үстел үстіне орналастыру (жол, поезд). Кірпіштерді тігінен бір қатарға қойып, ұзын қабырға (шарбақ), бірінің үстіне бірін қойып биік қабырға (биік шарбақ) жасауға, текше мен кірпіштерді пайдаланып, көрсете отырып, қарапайым құрылымдар (үстел, орындық, диван, кереует) жасауға үйрету.

Пластина үстіне кірпіш пен текше қойып, автомобиль құрастыруға, кірпіштерден кең немесе тар көшелерді жасауға үйрету. Балаларды құрылыс міндеттерін түсінуге, сюжетті пішіндерді қолдана отырып, құрылымдармен ойнауға үйрету.

1 жас 6 ай - 2 жас. Балаларды құрылыс материалдарынан күрделі құрылымдар жасауға үйрету: екі текше мен пластинадан орындық, қақпа, тігінен қойылған кірпіштер мен пластиналардан шарбақ жасау. Орнықты (орындық) және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік) негізде аражабындар жасау. Сюжетті ойыншықтармен ойнау үшін құрылымдарды қолдануға үйретуді жалғастыру.

1 жас 9 айдан бастап сюжетті  ойындар үшін жиһаздар құрастыра  білуге үйрету: екі кірпіштен  диван, бір кірпішті жатқызып, екі  кірпішті жанына қойып кереует  жасау; міндеттері мен құрылымы  әртүрлі екі зат құрастыру: үстел-орындық, кереует-орындық, текшелер мен кірпіштерден  баспалдақ жасау, үш қырлы призма  мен төрт кірпіштен сюжетті  ойыншықтарға үйшік жасау. Баланың дербес ойынына қажетті сюжетті ойыншық жасауда «сюжетті құрастырулар», құрылымдарды жасауды қолдану (адам, жануарлар мен көлік түрлерін бейнелейтін орнықты пішіндер).

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін неғұрлым оңай әсерлілік құралдары түрлі түсті пайдалану болып табылады.

Бейнелеу өнерінде түс көркем ойды, шығарма идеясын білдірудің маңызды құралы болып табылады. Оның пайдаланылуы шығарма мазмұнымен  тығыз байланыста болады. Оның өзіндік маңызы жоқ. Түс контрастары картинадағы басты нәрсені бөліп көрсету үшін пайдаланылады; түс көңіл күйді білдіреді; қара, күңгірт өң – мазмұны мұңды картиналарда басым болады.

 Мектеп жасына дейінгі  бала түсті мұншалықты алуан  түрлі жоспарда пайдалана алмайды, сондықтан да алғашқыда оны заттың нақты бояуына байланыссыз дербес игілік ретінде қабылдайды.

Көптеген бояу түстерімен таныса отырып, 4-5 жастағы балалар оларды бейнені әсем, сәнді етуге көмектесетін әсерлілік құралдары ретінде жиі пайдаланады, яғни оны декоративті (сәндік) жоспарда пайдаланады. Мұнда да нақты бояу түсінің бұзылуы байқалады, өйткені баланы алдымен түстердің ашық контрасты үйлесімі өзіне тартады. Бұл декоративтілік кейде образ сипатына қарама- қайшы келуі мүмкін.

Біртіндеп мектеп жасына дейінгі ересек балалар түрлі реңктерге ие бола отырып, декоративтік боямалаудан ауытқып кетеді. Қабылдаудың және эстететикалық сезімдердің дамуымен олар образдың көңіл-күйін беру үшін түсті пайдалана бастайды. Солай бола тұрғанымен түсті эмоциялық жоспарда да пайдаланады: өзіне ұнағандарын ашық өңмен, сүйкімсіз, қорқынышты образдарды қарақошқыл өңмен бояйды.

Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады.

 

 

  1. Құрастыру жұмысы бойынша сабақ конспектісі (орта топ)

Тақырыбы: «Орман»

(түтікшемен үрлеу)

Мақсаты:Үрлеу әдісін  қолдана отырып жаз мезгілінің көрінісін қағаз бетіне түсіруге үйрету. Көркемдік қасиеттерін дамыту. Ептілікке, шығармашылық қабілеттерін арттыруға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, бояулар, су ыдысы, қол орамал, үрлеу түтікшесі.

Үрлеу әдісінің  үлгісі:

    • Әр ыдысқа қажетті бояу түстері (сары, жасыл, қызыл, қоңыр, көк) езіледі.
    • Қағаз бетіне сурет бейнесіне қарай түсті бояулар құйылады.
    • Түтікшені үрлеу арқылы қажетті бейнелерді шығару
    • Қағазды (суретті) кептіру қажет.

Көркем сөз:Көк орманды ауа таза, бой таза,

Көк орманда адам таза, ой таза.

Орман өзін күнде таза ұстайды,

Көк орманда шаң бұрқырап ұшпайды.

Сергіту жаттығуы: Орманға біз барамыз, (орманда тұрып жүру)

Қолға себет аламыз (иіліп қимыл жасау)

Жидектерді көп теріп (қолды уыстап ұстау)

Себеттерге саламыз.

Дидактикалық ойын:  «Суретті біл».

Ойынның мақсаты: балалардың тіл байлығын жетілдіру, елестету.

Ойынның мазмұны:Бір баланың көзін байлап, алдыға шығарып отырған балаларға аңдардың суреттерін көрсетеді. Отырған балалар оған сөзбер сипаттап береді. Мысалы: құйрығы ұзын әрі үлпілдек, терісінің түсі қызғылт сары, құлақтары тік, (түлкі)т.с.с. Алдағы шыққан бала сипатталған затты айтады. Егер шешімі дұрыс табылса, басқа баламен ойын жалғастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айналған қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті жаңаша ойлайтын, жан – жақты білімді « Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесімен оның қыр – сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу керек. Жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Баланы нәрестеден тұлғаға жеткізу қазіргі бағдарламаның мақсаты.                                 

Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жас ерекшеліктерін, қабілетін, есін дамыту, дарыны мен талантын ашуға және жан-жақты дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізу қажет.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық – педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл – ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар.

Балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту кезеңі - мектепке дейінгі жас. Баланы  мектепке дайындауда бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытуда  шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор. Осы мәселені шешуде шығармашылық саласы аясында жүргізілетін сабақтар негізінде мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың  бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту бағытында оқу- тәрбие процесі ұйымдастырылды.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің негіздері