Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:01, реферат
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Абай Құнанбаев (1845-1904)
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз
Тобықты Арғын ішіндегі Олжай
батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос,
Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың
әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып
кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен:
Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде
Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған.
Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай
тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке
әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал
болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға
бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың
әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі
Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке
айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған
соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан –
Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ,
Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла,
Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген
ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің
" Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні
осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен,
кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі
әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай
аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға
жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга
шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның
тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы
Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10
жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет
Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе
араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін
сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан
анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен
беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді
дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз
бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп
көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен,
араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде
жазылған ертегі, дастан, қиссалармен
танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’,
Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик
ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші
жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская
школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын
аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра
алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша
да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың
басқа балалардан алымдылығын аңғарған
Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына
ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ
болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне
араласады.
Абайдың өмірбаяны.
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."
Саясаткер Абай.
1885 ж. мамыр айында
Шар өзенінің бойындағы
Абай үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбді-рахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан - ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...") бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -"Йузи-рәушән", екіншісі - "Физули, Шөмси". Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы,көп кырлы болып келеді. Ол казақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан қүбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол. Мыс., "жүректің көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім менің - қырық жамау". Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т.б. көркемдік шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі - "Өлсе елертабиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге түрмайды деп санаған. Таби ғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айткан. "Адам өлмес" деп бірден кесіп айтқан ойын Абай төмендегідей жалғастырады:
..."Ол бірақ кайтып келіп ойнап-күлмес,
"Мені" мен "менікінің" айрылғанын
"Өлді" деп ат қойыпты өңкейбілмес".
... Дәл осы өлеңінде "мен" және "менікі" деген үғымдарды Абай ажыратып, дәлірек айқындамайды. Келесі шумақта: ...
"Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп
шалдырған," - дей келіп, алғашқы ойын
енді тікелей жалғастырғандай:
"Өлді деуге сыя ма, ойландаршы,
Абай шығармашылығы.
Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".
Бұдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман - алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай".
"Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ.Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық. ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.
Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., "Ой", "Теректің сыйы" сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: "Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып", - деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы "айдаһардай бүктеліп" дегенін еркіндікке жатқызсақ та, "арыстанның жалындай" дегені Лермонтовтың баска бір шығармасындағы: "И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары - Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың катарына "Альбомға", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін жатқызуға болады.
"С косматой гривой на хребте,"- деп келетін сөздермен үндес екені байкалады. Және жал арыстанда ғана болатынын Абай дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс айтылған ғой). Абайдың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз. Абай аудармалары казақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табысы болды. Абай - мысал өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының сол дәуірдегі өмірінің шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок, Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлендерді талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық мағанасындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай мысалдарының тағы бір дені ауыз әдебиетінен бастау алып, әлем халықтары әдебиетіңде кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден тұратындығы. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), "Құмырсқа мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүние жүзілік ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушыларының шығармаларында көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір" туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген. Абай - әлемге көзкарасы калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филосфияның негізгі мәні болып табылатын "жетілген адамды" өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.