Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 21:21, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттілігін қалпына келтіру мақсатындағы XIX ғ.аса ірі халық-азаттық көтерілісі бұл жолы да жеңіліспен аяқталды, ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының есінде өшпес із қалдырды. Кенесарының күресі, оның халық мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, нәзік саясатшы ретіндегі сирек кездесетін қасиетті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық арасында қадірлеушілік тапты.
Үкімет шараларына қарамастан, көтерілістін ұлан байтақ қазақ жерінде толастамағанының көп себептерінің ең бастысы азаттық күрестің халықтық сипаты болса, тағы да баса айтылатын бір мәселе — азаттық үшін арыстандай арпалысқан Кенесарының дипломатиялық, саясатшылдық қасиеті. Әрине, әсіресе басты айқындайтын қорытынды хан тұқымының тікелей өкілі Кенесарының қолбасшылық өнері, ержүректілігі, ел ісіне аяғына дейін берілгендігі.

Содержание

Кіріспе.......................................................................1-4
1)Кенесары басшылығымен болған көтерілістің алғышарттары мен басты себептері.....................5-7
2)Көтерілістің барысы мен әскери қимылдары...7- 9
3)Патша үкіметінің Кенесарыға қарсы күресі....9-11 Кенесарының әскери жеңісінің сыры неде?
Қорытынды................................................................12

Вложенные файлы: 1 файл

История Казахстана.doc

— 80.00 Кб (Скачать файл)

  1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен шайқаста Ақмола қаласын қиратты. Ақмола округінде патша әкімдерімен ауыз жаласып жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдайтын бай шонжарларға қарсы күрес жүргізді. Бұл тұста Кенесарының аты қазақ даласына кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ даласында дүрілдеп тұрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары Үш жүзден адам жинап, әкесі Қасым ханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді. Осы астан кейін Үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады. Қазақ хандығы қалпына келтірілді. 1841 жылдың тамызында көтерілісшілер қоқандықтардың едәуір орналастырылған Созақ, Жаңақорған,

6

Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауға алды. Қоқандықтардың

бірнеше бекіністеріне басып кіру көтерілісшілерді жігерлендіре түсті. Көтерілістің негізгі ошақтарынан шалғайда көшіп қонып жүген төртқаралықтар мен шектілердің өздері Кенесарыны бүкіл

қазақтық хан деп мойындайтындықтары туралы хабарлады.

  Кенесары хан болып сайланғаннан кейін билеу тәртібі өзгеріп, алым-салық реформасын іске асырды. Егіншілікті дамытуға көрші елдермен сауда-саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тонау тоқтатылып, олардан салық алынатын болды.

  Кенесары Ресеймен тату көршілік қатынас орнатуға ұмтылды. Орта жүзге билігін жүгізген Сібір губернаторы Горчаков. Орынбор губернаторы Перовский Кенесарымен қарым-қатынаста екеуі екі түрлі көзқараста болып, Кенесарының Ресей өкіметімен мәмілеге келуіне кедергі жасады. Әсіресе, өр көкірек Горчаков Кенесарыны менсінбей, оның орыс әкімшілігіне деген өшпенділігін қоздырып отырды.

  1841-1842 жылдарда Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты. Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін  барып соғысты тоқтанқан Кенесары Торғай маңындағы Ордасына қайтып оралды.

  1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына Обручев келді. Кенесары мен Перовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын. Сондықтан онымен көп мәселер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігіне орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі оның Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны қуғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп, Горчаков пен Обручев Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда Николай бірінші патшадан рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының басын кесіп аәкелген адамға сыйға бару үшін түтін салығы есебінен үш мың сом қаржы бөлінді. Әскерлер жауынгерлік әзірлікке келтірілді.

  Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты болдырмады. Бұл тұста екі жақ та әскери дайындығын мұқияттап жатты. Тамыз айында Кенесарыға қарсы Жантөрин, Айшуақов Баймұхамбет, полковник Генс және Визянов бастаған бес мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл,

7

Қарқаралыдағы әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорыққа аттанды. 1 және 7-қыркүйекте Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар болды. Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жақ та жеңіске жете алмай, маңдай шебінен

кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық соғысқа бармай,

байтақ даланың әр тұсынан көрініп, тұтқиылдан тиісіп, жау әскерін мазалап, берекетін кетіре берді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде жүрген патша әскерлері түні сақын, жауын-шашынды күз түсе ешбір нәтиже шығара алмай бұрынғы тұрақтарына оралуға мәжбүр болды.

  1841-1845 жылдар қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуі ең жоғарғы шегіне жеткен кез болды. Оған Сыр бойының, оңтүстік қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20  мың адамға жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, оларды дұрыстап қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-жасау, оларды сатып алу, азық-түлік дайындау жұмысы молға қойылды. Патша әкімшілігі әскерлеріне тыңшы жіберу, барлау жұмысы ұйымдастырылды.

  1844 жылдың жазында Кенесары жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің үш үлкен шоғыры шықты. Олардың алдында Кенесары жасақтарын қоршап шешуші соққы беру міндеті қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін олар Сібірден Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал Жемчужниковтың әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын біріктіруге, сөйтіп өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей, оларды бір-бірлеп құрту тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір шоғырының алдынан шыққан оның шағын тобы Ұлытауға қарай қаша соғыс салып, Кенесары күші  Ұлытауға бет алыпты деген лақап таратып, жау күшін осы жаққа тартты. Негізгі күшпен Константиновск бекінісін шауып, Жантөрин шоғырын қоршап, ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары мен оның батырлары 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Бұл оқиға патша әкімшілігін састырды. Дуниковский, Жантөрин, Жемчужников әскерлеріне көмекке полковник Ковалевскийдің отряды жіберілді. Жоғарыдағы айтылған шайқастардан кейін Кенесары жасақтары Мұғаджар тауларына барып бекінген еді.

  Кенесарының 1844 жылғы шайқастардағы табысы оның даңқын барлық жерге жайды. Бұқар әмірі мен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс жасауға ұмтылып, оған сыйлықтар жолдап жатты.

8

Кенесары патша өкіметінен бітім сұрап, дулы мәселелердің бәрін

келіссөз арқылы шешейік деді. Патша әкімдері оған аса көп оған аса көп сене қойған жоқ. Дегенмен келіссөз жөніндегі ұсынысты қабыл алып, Кенесарының кепілдікке алып кеткен туыстарын, әйелін тұтқыннан босатты. Тек бір қызы қайта оралған жоқ, одан туған

баланың ұрпағы Ұлы Отан соғысы жылдарында дивизия командирі болған генерал, Кеңес одағының батыры Моисеевский деген кісі болып шықты.

  Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша өкіметі Долгов бастаған бір топ адамды жіберді. Олар Кенесарымен патша әкімшілігіне сөзсіз, ешбір шарт қоймай бағынатын болса, оған кешірім жасалады деп мәлімдеді. Кенесары бұл мәселені ойланып көремін деп елшілерді екі ай бойы ұстап, ақыр елшілер бітім болмайтынына көз жеткізіп, «кетеміз» дегеннен кейін Кенесары Орынбор  генерал-губернаторына хат жазып беріп, елшілерді аттандырып жіберді. Ол хатында патша өкіметі өзінің қазақ жеріндегі бекініс-қамалдарын бұзып, қазақ халқына істеп отырған зорлық-зомбылығын тоқтатқанда ғана Ресейге бодан болуға дайын екенін мәлімдеді.

  1845 жылы Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуғакеліп тоқтады. Ақши, Күрті, Жиренайғыр деп аталатын жерлерді мекен етіп, осы арада ол Ұлы жүздің халқын біріктіруді, қырғыздармен одақ құрып Қоқан хандығына шабуыл жасауды, сөйтіп оның қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді. Кенесары Қытайен мәмілеге келіп, онымен келіссөз жүргізу үшін Құлжаға елші жіберді.

  1845 жылы қазан-қараша айларында Кенесары жасақтары Қоқан хандығына жорыққа аттанды. Қорған, Жаңа Желек, Созақ бекіністерін алып, Ақмешітті қорщауға алды. Жорықты жалғастыруға осы жақта жұқпалы індеттің күшеюі бөгет болды. Ол кері оралып Жетісу жеріндеөзінің келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды.

  Бұл тұста патша әкімшілігі Кенесарының төңірегіне тор құрып үлгерген еді. Ол қырғыз манаптарының және патшаға адал болып жүрген қазақтың бай шонжарларының басын қосып, Кенесарыға еңсесін көтертпейтіндей ең соңғы соққы беруге дайындалды. 1844 жылы жазғы айлардың бірінде мың қаралы жасағымен қырғызға бет алған Кенесары Кекілік сеңгірі деген жерде үш жақтан қоршалған қайырымсыз қатал қамауға түсті. Оны қамаған қырғыз манаптарының жасағы, генерал Вишневскийдің ақ қалпақ киіп, пулеметтен оқ жаудырып, зеңбірегінен от шашып келе жатқан офицер солдаттары, Қоқан хандығының мыңнан астам сарбаздары

9

еді. Кенесары қолы өз күшінен он есе басым жаумен үш күн бойы соғсты. Жасақтағы жігіттер арыстанша алысып, соңғы демі біткенше қарсыласты. Талай боздақтар осы шайқаста жан тәсілім етті. Үлкен ерлікпен жау шебін бұзып өткн Наурызбай тобы болды. Бірақ аз ғана адаммен Кенесарының жау қолына түскенін естіген ол ағасын қимай жау әскеріне өз еркімен келіп берілді. Патша

әкімдерінің кеңесімен қырғыз манаптары екеуінің де басын шапты. Сөйтіп бәрі де бітті.

   Кенесары бастаған ұлт-қозғалыс патшаның отарлау саясатына жүргізілген ең ұзақ соғыс еді. Оның жеңілу себебі, біріншіден, дамудың феодалдық сатысында тұрған қазақ халқының бытыраңқылығы болды. Байтақ даланы жайлаған қазақ халқы Үш жүзге және Бөкей ордасына бөлінді. Осы елдің басын қосу оңай болмады. Екіншіден, ұлт-азаттық қоғалысын қазақтың бай шонжарлары, ауқаттылары қолдаған жоқ, қайта оны басуға патша әскерлеріне көмек көрсетті. Үшіншіден, көтерісшілердің жетілдірілген қару-жарағы болмады. Төртіншіден, ұлт-қозғалысын басуға, Қазақстанның отар ел ретінде қала беруіне көршілес Қоқан, Хиуа, Бұқар хандықтары да, қырғыз манаптары да мүдделі болды.

  «Сібір қырғыздарыныңокругының» құрылуы, казак-орыстардың Солтүстік-Шығыс, Орталық және Батыс аудандарға жапа-тармағай қоныс аударуы бекіністер мен қалалардың салынуына жол ашты. Осының салдарынан, әсіресе, Сарыарқадағы қазақ руларының көшіп-қонатын иеліктері тарылды. Кіші жүзбен, Орта жүзде Кенесарыны ашық шайқаста талқандай алмаған патша үкіметі біртіндеп қазақ ауылдарының мал шаруашылығына ыңғайлы өңірлерін басып алумен азаттық қозғалысқа дәйекті қатысқан рулардың арасында алауыздық тудырып бақты. Жаңа бекіністердің салынуы, олардағы тұрақты гарнизондардың күшеюі округтардың төңірегінде әсіресе Сібірден жөңкіліп келген шаруалардың қоныстануы азаттық соғыстың азабын күшейтті.

  Айта кететін бір жай орыс үкіметінің бекіністері негізінде құр далалы өңірде салынбай, Жайықтың, Есілдің, Ертістің және басқа да ғасырлар бойы қазақ руларының байырғы иеліктерін қамтыды. Ой жүгіртетін мәселе — осы бекіністер мен отарлау ошақтары — бекіністер өкіметтің қазынасына түсетін сауда керуендерінен баж салығын жинастыруды қадағалайтын. Осындай күрделі ахуал ұлт-азаттық күрестің де барысында суық желін тигізбей қоймады.

  1844 жылы Орта және Ұлы жүздің аралығында Көкпекті округі ашылды. Алтайға іргелес осы округтік приказдың ұйымастырылуы басқа да демографиялық, экономикалық факторларды

10

есептемегенде, Ресейдің билігін әліде мойындамаған өңірде орыс-

казак қоныстарын көбейтумен енді көтеріліске шығыс аймақтан да қысым жасауға жол ашты. Ертіс шебіне қоныстандырылған казак әскерлері Қалба таулары мен Зайсан өңірін орыс билігінде ұстап тұруда басты тірек болуы ескерілді. «Шекаралық Ертіс әскери шебін нығайтуда ойластырылған басты мақсат даладағы мазасыз көршілерден(көтерілісші қазақтар) мемлекеттік шекараны қорғау

өлкеге отаршылдық элементтерді кіргізу...- деп жазған еді Б.Герасимов.

  Кенесары көтерілісіне қарсы патша өкіметінің күресінің басты жолы, жазалаушы әскерлердің жорықтары. Қазақ қауымындағы үкіметтің іріткі қимылдары да астық сатудағы шаралары да казак әскерлерінің шабуылдарымен теңесе алмайтыны түсінікті.

  Бірақ та Кенесары қозғалысы ұлан ғайыр үш жүздің барлығын қамтыған , ең ұзаққа созылған көтеріліс болды. Сонда менің  ойыма, «Кенесарының әскери жеңісінің сыры неде?» - деген сұрақ келді. Осы сұрағымның жауабын Бекмахановтың еңбектерінен таптым.

Әскери жеңісінің сыры мынада екен.

  Қозғалыстың шарықтаған шағында ол әскери жағдайды бақылап, үстем ете білген. Әскери қимыл-өнерін меңгерген. Қазан көтерілісіне дейінгі авторлардың бәрі Кенесарыға дарынды ұйымдастырушы және қолбасшы ретінде аса зор баға берді. Кенесарының мықтылығы оның айлакерлігі мен аты әскерді шебер басқара білгендігінде. Ол тыңшылық пен барлау жұмысын жақсы жолға қоя білді. Әскери айла, әдістемелерді қолданды:жалған, дерексіз сөз тарату, қарсыласын бағыттан жаңылдыру. Міне, осылайша дала соғысының тактикасын тамаша қлдануы, көтерілісшілердің ерлігі, ең бастысы оларды дұрыс басқара білуі Кенесарыға патша үкіметінің озбарлығымен, шектен шыққан жауыздығымен аты шыққан отарлаушы әскерлердің ішіндегі ең күштісі казактармен тең жағдайда соғысуына жағдай туғызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 

 

 

Қорытынды

 

  Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттілігін қалпына келтіру мақсатындағы XIX ғ.аса ірі халық-азаттық көтерілісі бұл жолы да жеңіліспен аяқталды, ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының есінде өшпес із қалдырды. Кенесарының күресі, оның халық мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, нәзік саясатшы ретіндегі сирек кездесетін қасиетті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық арасында қадірлеушілік тапты.

  Үкімет шараларына қарамастан, көтерілістін ұлан байтақ қазақ жерінде толастамағанының көп себептерінің ең бастысы азаттық күрестің халықтық сипаты болса, тағы да баса айтылатын бір мәселе — азаттық үшін арыстандай арпалысқан Кенесарының дипломатиялық, саясатшылдық қасиеті. Әрине, әсіресе басты айқындайтын қорытынды хан тұқымының тікелей өкілі Кенесарының қолбасшылық өнері, ержүректілігі, ел ісіне аяғына дейін берілгендігі.

  Кенесарының да 10 жылдық арпалысы қазақ даласының шалқыған жерін, таулы тасын, құм-шөлейтті өңірін ата-бабалардан қалған иелігін отаршылдардың қол сұғуынан, Романовтар әулетінің қанды шенгелінен аман сақтау еді. Әр өңірдің ой шұқырының, көз жеткізбейтін дала мен көгілдір өлкесінің халқымыздың өмірі үшін сондай қымбат екенін барлығы да түсіне бере ме? Кене ханның айбарлы да үздіксіз күресі мен азапты өлімінің қыр-сырын, қазір де бағалап түсіне білдік пе? Кешегі мен бүгінгінің арасындағы тығыз байланысты терең сезінсек, елдің болашағына да байсалды мән бергеніміз болмас па еді? Кенесарының аянышты тағдырын көз алдымызға елестеткенде Асан Қайғының төмендегі шумақтары еріксіз еске түседі:

Информация о работе Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс