Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 20:04, реферат
Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.
Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.
Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі табылады.
Дәстүрлі әлеуметтік топтардың
жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына
ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік
мобильділік формаларына
Жеке меншік формаларының плюрализациясы негізінде жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы;
Мемлекеттік меншік формаларының
трансформациясы және дәстүрлі кластық-топтық
қауымдастықтардың жағдайының, шекараларының,
сандық-сапалық
Әртүрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде қабаттар мен страталардың қалыптасуы.
Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады