Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 06:26, реферат
Дүниежүзiлiк саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы – адамзаттың рухани мəдениетiнiң маңызды құрамдас бөлiмдерiнiң бiрi. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгiнгi күнге дейiнгi саяси-құқықтық iлiмi мен тəжiрибесi жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргiзу, құқық, бостандық мəселелерiнiң негiзгi қағидалары жəне iлiмдерi анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-құқықтық тəжiрибесi, идеялары, ойлары қазiргi замандағы саяси жəне құқықтық iлiмнiң дамуы мен оның бағытына едəуiр ықпал етедi, бiздiң қазiргi iс-əрекетiмiзге бағыт бередi. Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн жəне болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар əр уақытта, əр дəуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген.
Кіріспе
Негізгі Бөлім:
1.Алғашқы қауымдық Құрылыс, Мифологиялық Саяси-құқықтық ойлар
2.Ежелгі Египет
3.Ежелгі Вавилон
Қорытынды
Пайдаланылған Әдебиеттер
Шығыстағы саяси-құқықтық ойдың бастаулары
Жоспар
Кіріспе
Негізгі Бөлім:
1.Алғашқы қауымдық Құрылыс,
Мифологиялық Саяси-құқықтық
2.Ежелгі Египет
3.Ежелгі Вавилон
Қорытынды
Пайдаланылған Әдебиеттер
Кiрiспе
Дүниежүзiлiк саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы – адамзаттың рухани мəдениетiнiң маңызды құрамдас бөлiмдерiнiң бiрi. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгiнгi күнге дейiнгi саяси-құқықтық iлiмi мен тəжiрибесi жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргiзу, құқық, бостандық мəселелерiнiң негiзгi қағидалары жəне iлiмдерi анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-құқықтық тəжiрибесi, идеялары, ойлары қазiргi замандағы саяси жəне құқықтық iлiмнiң дамуы мен оның бағытына едəуiр ықпал етедi, бiздiң қазiргi iс-əрекетiмiзге бағыт бередi. Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн жəне болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар əр уақытта, əр дəуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты жəне адамзаттың ұзақ ғасырлық тəжiрибесiн пайдалану тарихи қажеттiлiк болып табылады. Қазiргi кезде елiмiзде алуан түрлi саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келдi. Олар дүниеге келiп ғана қойған жоқ, белгiлi-бiр мақсат ұстанған нақты күш ретiнде саяси аренаға шықты. Олардың саяси қызметi мемлекет iсiне, құқыққа, саясатқа белгiлi бiр дəрежеде ықпал да жасауда.
Саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы пəнi заң ғылымы жүйесiнде жеке пəн болып есептелiнедi.Бұл пəннiң зерттеу нысаны мемлекет, құқық, саясат жəне заң шығару туралы iлiмнiң пайда болуы мен дамуы. Саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы пəнi заң, тарих, философия, саясаттану ғылымдарын да қамтиды. Құқықтық ғылым ретiнде бұл пəн сонымен бiрге мемлекет жəне құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, конституциялық құқық, халықаралық құқық,жалпы құқық жəне т.б. салалық заң ғылымдарымен де тығыз байланысты.
Саяси құқықтық ілімдер тарихы өз алдына терең пән. Саяси құқықтық ілімдер қайдан шықты? Алғашқы саяси құқықтық ойларды кімдер айтты? Ертедегі саяси құқықтық ойлардың маңызы неде? Алда осы сұрақтарға жауап іздемекпін. Ізденістерім өз нәтижелерін беретіне сенемін. Өз еңбегімде сұрақтардың жігін ашып тереңірек және тлығырақ баян етуге тырысамын.
1.Алғашқы қауымдық
Құрылыс, Мифологиялық Саяси-
Саяси жəне құқықтық iлiмдер қалай пайда болды? Оның қайнар көздерi неде? Қайдан шықты?Олардың алғашқы авторлары кiмдер? Олардың көзқарастары мен ойлары ненi бiлдiредi? Жəне кiмнiң мүддесiн қорғайды?
Осы тəрiздi сұрақтарға Ежелгi Шығыс елдерiндегi саяси жəне құқықтық iлiм тарихын оқи бастағанда–ақ тап боламыз жəне оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетiнiн байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап,ертедегi таптық мемлекеттердiң пайда болуы мен өмiр сүрген кезеңiне сəйкес келедi.Саяси-құқықтық iлiмдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтiк көзқарастары негiзiнде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мəселе ежелгi Шығыс жəне Батыс халықтарында, египеттiктерде, үндiстерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде,қытайларда, римдiктерде жəне т.б. халықтардың мифтiк аңыздарында көрiнiс табады.Мифология - ежелгi адамдардың өзiн қоршаған əлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегi өндiрiс қатынастары мен өндiргiш күштердiң жетiлмегендiгiнен, бүкiл əлемдi, оның заңдылықтарын түсiну өте қиынға соқты. Сондықтан да ежелгi дүние адамдары əлемдi екiге бөлiп қарады. Оның бiрi - өздерi өмiр сүрiп, тiршiлiк етiп отырған көз алдындағы дүние болса, оның екiншiсi – олардан
тыс жатқан, сыры белгiсiз, өздерi
көрiп тани алмайтын басқа дүние
едi.Мифтiк көзқарастардың сипаты, негiзiнен,
болған оқиғалардың қарапайым
бұл оқиғаларға адамдардың бағыныштылығы туралы болып келедi. Яғни, табиғаттан тыс,
адамдардың еркi мен əрекетiнен жоғары тұратын күш туралы айтылады. Жердегi өмiр мен
адамдардың iс-əрекетi - құдай iсi деп көрсетiледi. Қоғамдық жəне мемлекеттiк құрылыс, ел билеу мəселесi, адамдардың, адамдар мен құдайлардың өзара қарым-қатынастары, олардың мiндеттерi мен құқықтары құдай бұйырған əрекеттер ретiнде айтылады. Не iстеу керек немесе не iстеуге болмайтындығы алдын-ала шешiлген. Оған қарсы тұруға болмайды, ол адамның тағдыры ретiнде адамдарды патшалар мен құдайларға бағынышты ретiнде көрсетедi.Мифтiк көзқарастарда сонымен бiрге болашақ iлiмдердiң элементтерi де кездесетiнiн, оларды алғашқы адамдар өздерiнiң тiршiлiгi мен қызметiне қажеттi түрде пайдалана бiлгенiн де айта кеткен жөн. Мифтiк аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайлардың билегендiгi, кейiннен құдайлар адамдарды ел билеу əдiстерiне үйретiп, ел билеудi олардың өз қолдарына бергендiгi туралы айтылады. Мысалы, Герадот өзiнiң шығармасында алғашқы Египет патшасынан б.з.д. V ғасырға дейiн Египетте 341 патша мен абыздар ұрпағының өткендiгiн жəне оның 11340 жылға созылғандығын жазады.
2.Ежелгі Египет
Египет абыздарының айтуынша, елдi құдайлар билеген, олар адамдармен бiрге өмiр сүрген.Ежелгi еврей халқында адамдарды алғашында құдайлардың билегендiгi, ежелгi Қытайда Аспан астындағы билеушiнiң болғандығы туралы айтылады. Ежелгi Египеттiң дiни жəне мифтiк аңыздарында əдiлдiк пен заңдылықты, шындық пен жақсылықты құдай-ана Ма-ат жiберiп отыратындығы баяндалады. Египеттiктердегi ″ ма-ат″ ұғымы сияқты ежелгi үндiстерде ″ рта″ ,ежелгi Қытайда ″ дао″ , ежелгi гректерде ″ дике″ ұғымдары бар жəне бұлардың барлығында олар шындық пен əдiлдiктiң елшiсi ретiнде көрсетiледi.Ежелгi Египетте ″ Птахотеп өсиетi″ (б.з.д. XXVIII ғ.), ″ Өлiлер кiтабы″ (б.з.д. XXV-XXIV ғғ.) жəне т.б. жердегi əлеуметтiк-саяси тəртiптер мен заңдар, адамдардың iс-əрекеттерi мен өзара қарым-қатынастары құдайдың əдiл iстерi ретiнде мақталады.″ Птахотеп өсиетi″ кiтабында барлық адамдардың табиғи еркiндiгi, туа бiткен данышпандар мен оқымыстылардың болмағандығы туралы көзқарастар кездеседi. Бұнда адамдардың мiнез-құлқы ″ка″ принципiне - iзгiлiктi де қайырымды жəне əдiлеттi мiнез-құлық өлшемiне сəйкес келу қажеттiлiгi негiзге алынады. ″ Гераклеопольдық патшаның өзiнiң ұлына айтқан өсиетiнде″ ( б.з.д.XXII ғ.) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билiгi туралы сөздермен қатар, заң мен əдiлдiкке қарсы ешқандай iс-əрекет жасамау керектiгi, өйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты өмiр кешетiндiгi туралы үндеулер кездеседi. Бұл өсиет кiтапта патша сонымен бiрге ″ əдiлдiктi жасаушы жəне қорғаушы″
ретiнде дəрiптеледi. Өсиет кiтаптың авторы патша Ахтой өзiнiң ұлына, яғни мұрагерiне ″ Өзiңнiң билiгiңдi жоғары ұста жəне оны одан əрi көтере түс, ол сенiң заңдарыңды күштi етедi жəне мемлекетiңдi қорғайды″ деп, өсиет айтады.″ Өлiлер кiтабында″ адамдардың өлгеннен кейiнгi тiршiлiгi өлiлер патшалығына ауысатындығы
туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық жəне адамдар тұрмысына қажеттi нəрсенiң бəрi бар. Бұл патшалыққа келгендердi Осирис құдайдың əдiл соты олардың жер үстiндегi өмiрiнде əдiл де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы – Ма-ат мүсiнi жанында Осиристiң əдiл соты олардың барлық iс-əрекетiн сұрайды. Сот алдына келгендер ″ Мен ешкiмге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкiмдi алдаған жоқпын, мен ешкiмдi жылатқан жоқпын, мен ешкiмге қарыздар емеспiн, мен құдайларды
сөккен жоқпын″ - деп, ант-су iшедi.Египеттiктердiң түсiнiгiнше, адамдар жер бетiндегi сот жазасынан құтылғанымен, өлiлер патшалығындағы Осирис құдайдың əдiл сотынан құтыла алмайды. Жер бетiндегi өмiрде əдiлдiк пен шындық бола бермейдi, бiрақ түбiнде оған жауап беруге тура келедi. Жер бетiндегi патшалықтағы теңсiздiк пен заңсыздыққа адамдардың өзi жол берген. Мемлекет билеушiсi –перғауын - құдайлар патшасы - күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағайындалған. Ол жер бетiндегi барлық əрекеттi, жамандық пен жақсылықты, қатыгездiк пен
əдiлдiктi бүтiндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келiспеушiлiктердiң орын алуы да осыдан пайда болады.Билiк пен заңның белгiлi бiр топтың ғана мүддесiн қорғағандығы жəне оған мүдделi топтардың осы заңдар мен нормаларды да өз мақсаттары үшiн пайдаланғандығы, оны қызғыштай қорғағандығы əдiлдiк пен билiк туралы жоғарыда айтылған ережелерден айқын көрiнедi.Мақтанышпен айтылған əдiл билiк пен əдiлеттi заңға халық бұқарасының наразылық бiлдiргендiгi,қарулы күреске шыққандығы туралы мəлiметтер де кездеседi. Осындай халық қозғалыстарының бiрi туралы (б.з.д. 1750 жылдар шамасы) ″ Ипусердiң сөздерiнде″ айтылады. Ол бұл қозғалысты ″заң мен билiкке қарсы əрекет етушiлер″ ретiнде көрсетедi, бұл кезде елде адам айтқысыз өзгерiстердiң болғандығын, билiк органдары мен сот палаталарының қиратылғандығын, билеушi
сарайындағы сақтаулы заңдардың көшеге шығарылып, аяққа тапталғандығын жəне
жойылғандығын баяндайды.
3.Ежелгі Вавилон
Ежелгi Вавилон билеушiлерi өздерiнiң билiгi мен заңдарының құдайлық сипатта екендiгiн дəлелдеуге тырысты. Б.з.д. XVIII ғ. Хаммурапи заңдарының кiрiспесiнде ″ Аннуактардың мəртебелi патшасы Анум мен ел тағдырын шешушi көк пен жердiң əмiршiсi!… бүкiл адамзатты билеудi маған берiп, елге əдiлеттiлiктi орнату үшiн, қылмыс пен жауыздықты құртып, əлдi əлсiзге қысым жасамау үшiн жəне елге жарық беруге Анум мен Энлиль игiлiгiне халық менi шақырды, жерде əдiлдiк пен тəртiп орнату үшiн менi Шаман құдай жiбердi, менiң бұйрықтарым мен заңдарымды ешкiмнiң де өзгертуге құқы жоқ″ деп айтылады. Хаммурапи бiрiншi Вавилон əулетiнiң алтыншы патшасы (б.з.д. 1792-1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонның бүкiл Қос өзен аралығында экономикалық, саяси жəне мəдени орталығына айналу жəне оның гүлдену мен дəуiрлеу кезеңi. Вавилонның саяси жəне əлеуметтiк құрылымы туралы бағалы жəне жан-жақты мəлiметтер G_È[F____қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биiк базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезiнде
табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тəңiрiсi Шаман құдай жəне оның алдында iлтипатты тұрған əйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бөлiктерiнде заңдар сыналап ойып жазылған.
Əдiлдiктiң қорғаушысы ретiнде баяндалған бұл заң еркiн адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзiнде бекiтедi. Олардың əлеуметтiк жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретiнде бағалайды, билеушi топтың мүддесiн жəне жеке меншiктi қызғыштай қорғайды.Ежелгi парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрiнiс тапты жəне дамытылды. Дiни-этникалық бұл ағымның негiзiн қалаушы б.з.д. VIII ғасырда өмiр сүрген Заратустра болып саналады. Кейбiр тарихшылар оның туып өскен жерi Сыр бойы деп те есептейдi. Қалай болғанда да бұл ағым дiни сипатта дамып, кейiннен едəуiр территорияға ықпалын тигiздi. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндiстан, Греция, Орта Азия елдерiне кең тарады.Зороастризмнiң негiзгi қағидасы бiр-бiрiне қарама-қарсы екi күш -жақсылық пен жамандықтың өзара күресi мазмұнында өрбидi. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдiретi деп көрсетiледi. Қайырымдылық пен жарық дүние адамдардың жауыздық пен қараңғы дүниеге қарсы күресiне көмектеседi. Адамдардың өмiрi мен тұрмысы да күрес нəтижесiнде айқындалады. Бұл күресте жауыздықтың уақытша билiгiнен кейiн əрдайым жақсылық жеңiске жетiп отырады. Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегi билiгi болып саналады. Мемлекет билеушiсi – монарх - жердегi Ормузданың əмiрiн орындаушы қызметкерi, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауiп төндiретiн əрекетке қарсы күресуге,қайырымдылық нəрiн себуге мiндеттi. Қоғамның əлеуметтiк құрылымы, зороастризм бойынша, əркiмнiң қандай кəсiппен шұғылдануы еркiн таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл əлеуметтiк топтың əрқайсысының басында жетекшiлiк ролдi атқаратын неғұрлым белсендi жəне беделдi адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшiлерiн өзара сүйiспеншiлiк пен сыйластыққа, бiр-бiрiн кешiре бiлуге жəне бiтiмге шақырады.
Саяси-құқықтық ойлардың ежелгi шығыс халқында батысқа қарағанда неғұрлым ертерек пайда болуы да Ежелгi шығыс мəдениетiнiң ерекшелiктерiнiң бiрi болып саналады. Қазiргi заманда да бұл ерекшелiк өзiнiң көкейтестiлiк бағытымен елеулi күшке ие болып отыр. Бұған Иран, Ауғанстан елдерiндегi дiни бағыттағы əр түрлi “ағымдар” күштерi мысал бола алады. Қоғамның ерте даму сатысында саяси-құқықтық ойдың ғылымға негiзделе қоймаған кезiнде сана бүкiл əлемге мифтiк тұрғыда қалыптасты. Айтылған ойлар мен көзқарастар белгiлi бiр күшке, құдайға келiп тiрелдi жəне олар мiндеттi құқықтық нормалар ретiнде қабылданды. Сонымен бiрге Ежелгi Шығыстың саяси-қоғамдық жəне əлуметтiк-экономикалық даму өзгешелiктерiне қарай құқық саласында да олардың өзiндiк ерекшелiктерi болды. Олардың қатарына жеке меншiк құқығының əлсiз дамуы, патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа бүкiл ұжым болып жауап беруi, жазалаудың талион принципi жəне т.б. жатады.Қорыта айтқанда, саяси-құқықтық ойлар мифологиялық тұрғыдан болса да алғаш рет Ежелгi Шығыста қалыптасты, құқықтық қатынастар мен құқықтық түсiнiктер алғаш рет Шығыста пайда болды. Саяси-құқықтық ойлар Ежелгi Шығыста дiни сипатта қалыптасқанымен, онда таптық мүдденi қорғайтын белгiлер де басым болды, бұл ойлар белгiлi бiр топтың мүддесiн бiлдiрдi,солардың билiгiн қолдады жəне Ежелгi Шығыс заңдары қаталдығымен əйгiлендi. Жердегi тəртiп туралы мифтiк көзқарастар мен адамдардың қоғамдық өмiрдi мифтiк тұрғыдан ұйымдастыру тəжiрибесi саяси-құқықтық ойдың дамуына зор ықпал еттi, саясат, мемлекет жəне
құқық туралы алғашқы ғылыми концепциялардың пайда болуының алғы шарттарын дайындады жəне саяси-құқықтық iлiмнiң одан кейiнгi кезеңдердегi дамуына серпiн бердi.
Қортынды
Саяси жəне құқықтық iлiмдер
тарихы əртүрлi көзқарастар мен ойлардың
күресi ғана емес, сондай-ақ адамзаттың
таңдаулы өкiлдерiнiң мемлекет пен
құқықтың даму тарихын, бостандық пенəдiлдiктiң,
заң мен заңдылықтың, қоғамдық жəне
мемлекеттiк құрылыстың, адамдардың
құқы менбостандығын, билiк пен жеке
адамдардың өзара қарым-қатынасы мен
олардың формалары
Саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы таза түрiндегi заң пəнi ғана болып табылмайды. Мемлекетжəне құқық тарихын оқытатын заң пəнiнен бұл пəннiң негiзгi айырмашылығы саяси-құқықтықинституттар мен мекемелердiң пайда болуы, қалыптасуы жəне даму тарихының тақырыбы емес,осылардың теориялық тану формалары мен iлiмi оқытылады. Сонымен бiрге саяси-құқықтықидеялар мен iлiмдердiң жəне мемлекеттiк-құқықтық нысандар мен мекемелердiң өзара байланысы мен өзара ықпалы ескерiледi. Өйткенi, мемлекет жəне құқық тарихының бiлiмiнсiз соған сəйкес саяси-құқықтық теорияның нақты мазмұнын анықтау мүмкiн емес. Немесе, бұған керiсiнше саяси-құқықтық теориялар мен концепцияларсыз сол кезеңдегi мемлекет жəне құқық тарихының нақты
шындығын бағалау қиынға соғады.
Өз ойымды Қортындылай
келсем ертедегі саяси құқықтық ойлар
әр алуан болып келеді екен. Ежелгі
Египетте билеуші перғауын күн құдайынын
ұлы деп түсінілсе, ал Вавилонда
патшаны құдайдың өзі жіберген әділдік
орнатушы деп сенеді. Ерте мифтік, Египеттік
және Вавилондық саяси құқықтық ойлардың
барлығы дінмен, құдаймен және сеніммен
байланыстырылған. Ертедегі саяси құқықтық
ілімдерде адамдар мен
Жұмысымның барысында біраз қиындықтарға тап болдым . Оларға тоқталсам біріншіден қазақ тіліндегі оқулықтардың аздығы, екіншіден терең де жан жақты материалдардың аздығы қынжылтады. Жумысты толық та түсінікті етіп жаздым деп ойлаймын. Алған білімдерім болашақта өзіме көмегін тигізеді деп білемін.
Пайдаланылған Әдебиеттер
Оқу құралы Алматы 2006
Информация о работе Шығыстағы саяси-құқықтық ойдың бастаулары