Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:46, лекция

Краткое описание

Халқымыздың ежелгі тарихын білуді мақсат етсек, Шыңғысхан және оның ізбасарлары кезіндегі түрік, монғол халықтарының тарихын аттап өте алмаймыз. Себебі, мон,ол халықтары ежелгі заманнан бүгінге дейін түркілермен тағдыры бір болып, қилы кезеңдерді бастарынан бірге кешірді.
VII-VIIIғ. Ұлы Қытай қорғанынан Байкалға дейінгі монғол жерінің солтүстік жағындағы Қытай шекарасымен шектесетн, яғни Ұлы Қорғанға барып тірелетін кең алқапты мекен еткен халықты қытайлар «ақ татарлар» деп атаған. Бұл – оңтүстік монғолдарға Қытай мәдениеті әсер тигізген аймақ

Вложенные файлы: 1 файл

лекция 6. Қазақстан моңғол шапқыншылығында. Алтын Орда.doc

— 91.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан аймағында Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының құрылуы және олардың арасындағы бітіспес қырқыстары.

    Монғол  империясының құрамына кірген  Қазақстан жері  Шыңғысханның  үш ұлының ұлысына бөлініп  берілді. Үлкен(далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік- шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады.

     Отпен  өртеп, қылышпен қырып, орасанзор  империя құрған Шыңғысхан өзінің  төрт ұлының әрқайсысына үлес  бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғысханның негізгі жұртын – Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды.Монғолияның батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр  аумақ үлкен ұлдарына берілді, бұл орайда олардың әрқайсысына тұрақта армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілі. Шыңғысханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия мен ұлысының орталығы орналасқан жоғарғы  Ертіспен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннаң кейін (1228-29-1241) Үгедей Орхонда. Қарақорымда тұрды.

     Жошы  ұлысы. Шыңғысханның үлкен баласы Жошы өз ұысын тәуесіз мемлекет етуге күш салды; 1227ж. оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағысоғысқа кедергі болды. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Руське және Еділден батысқа басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ айиақты алып жатқан , орталығы  Төменгі Еділге орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Алтын Орда деген атауы орнықты. Алтын Орданың астанасы Сарай Бату болды, кейінірек астана Сарай Беркеге Еділ бойымен көшірілді.

     «Алтын  Орда» ұғымы біртекті емес: бір  жағдайда «Алтын Орда» деп  Батый мен оның мирасқоры Беркенің  жеке иелігіндегі жерлерді, яғни  Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік  Кавказ, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы деп аталды.

 Батый (1124-1255) зор беделге ие болып және  іс жүзінде империяны өзінің  қолдауымен таққа отырған ұлы  хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда  Батый да , оның мирасқорлары да  Алтын Орданың тағында біртұтас  мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге – оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Өз кезегінде Алтын Ордада ұлыстық жүйе қалыптасты. Әбілғазыда деректемеге сүйенбей келтірілген аңыз бойынша  Батый «солтүстік елдеріне» * Шығыс Еуропаға(1236-42) жасаған 7 жылдық жорықтан оралғаннан кейін өзінің інісі Орда –Еженге былай деген: «Бұл жорықта сен біздің ісіміздің аяқталуына жәрдемдестің , сондықтан оң мың отбасынан тұратын халық саған беріледі», енді бір аудармада «сол сенің әкең тұрған жерде», яғни Ертістің жоғарғы ағысына деген сөздер қосылған. Әдет-ғұрыпқа бағып, Батый өзінің басқа да бауырларына да үлес берген.

    Орда-Ежен  ұлысының әміршілері іс жүзінде  тәуелсіз болды, өздерін Алтын  Орда хандарына бағынышты деп  мойындаса да, олардың құрылтай жиналыстарына бармады. «Әуел бастан-ақ»,-деп жазды Рашид-ад-Дин, оның  орнына  Орда тұқымының қайсыбіреуінің Батый тұқымынан таралған хандарға барған кезі болған емес, өйткені, олар бір-бірінен шалғай орналасқан, сонымен қатар өз ұлысының тәуелсіз патшалары болып табылады. Бірақ олардва Батый орындасары кім болса, соны өзінің патшасы әрі әміршісі санау әдеті болған және олардың есімдерін бұлардың өз жарлықтарының  жоғарғы жағына жазып отырады.» Орда-Ежен ұлысына Жетісудың солтүтік – шығыс бөлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейін жерлер кірді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. XIIIғ. екінші жартысында-ақ  Орда- Еженнің немересі Қонышаның  тұрған жері деректеме бойынша Орта Сырдариядағы  Жент пен Үзкент маңында болған.

      Іс жүзінде XIIIғ. бастап Орда  – Ежен ұлысы жеке мемлекет  болды. Шығыс деректемелерінде  ол Ақ Орда деп аталды. Оған  билік жүргізгенден хан атағын  алып, олармен Батый хан және  оның мирасқорлары ғана емес, сондай-ақ бүкіл империяның жоғарғы  хандары санасып отырды. Рас, кейде Алтын Орданың хандары Ақ Орданың тағына отырғанда ел билеуге жарлық беріп отырған, бірақ мәселе осымен тынып, мемлекет істеріне нақты араласу болмаған. Алтын Орданың хандары Иран әміршілерімен үнемі дұшпандық қатынаста болғанымен, Ақ Орданың хандары XIII-XIVғ. шенінде  Хулагу ұрпақтарымен дипломатиялық қатынаста болып, елшілер алмасып отырды.

     Орда-Ежен  ұлысынан батысқа қарай Шайбани  иелігіндегі жерлер енді. Шйбаниұлысының  бөлінуі туралы махмуд ибн  Уәли былай деп хабарлайды:» Шыңғысханның ұлы Жшы ханның баласы Шайбани хан жеті жылжық  жорықта астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ептілік көрсетіп, ағасы Батый ханнан сыйлық ретінде төрт омақ алды.» «Зубдат әласардаә осы «омақтардың» аттары келтірілген ,олар: қосшы, майман, бұйрақ және қарлық тайпалары. Шайбани үлесінің аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: «Шайбани жазда Орал бөліктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең-байтақ жерлерде, ал қыста – Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында көшіп-қонып жүрген.»

     XIIIғ.екінші  жартысындағы – XIVғ.басындағ Алтын  Орданың тарихы орыс князьдықтарымен,  Иранның Хулагу әулеттерімен  болған үздіксіз соғыстарға толы. Бұлардан Берке мен оның мирасқорларыАзербайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. МенгуТемір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясынан біржола оқшауланып, тұңғыш рет өз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуд а Шағатай ұрпақтарының билігін нығайту үшін ұлы ханға қарсы күресінде  Хайдуды қолдап отырды.

     Өзбек  ханның(1312-1342) және оның баласы  Жәнібектің (1342-57) тұсында Алтвн Орданың  күш-қуаты барында кемел кезіне  жетті. Өзбек хан Орда-Ежен  ұрпақтарын бұрынғы вассалдық тәуелділігіне қайтаруға тырысып, Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды. Алайда ол көп кешікпей өлтіріліп, билік Орда-Еженнің ұрпақтарына көшті.

Шағатай ұлысы.

      Шағатай әкесі мен ағасы Жошы  өлгеннен кейін хан тұқымындағы  үлкені ретінде зор беделге ие болды. 1228-29ж. ол Үгедейді ұлы хан деп жариялаған ханзадалардың басшысы болған еді. «Яссыны, биліктер мен қағидаларды, патшалықты сақтаудың амлдарын» жетік білген Шағатайдың билігі зор  болғаны соншалықты,тіпті ұлы хан Үгедейдің  өзі де ағасының мақұлдануынсыз қандай болса да маңызды шешімдер қабылдамайтын болған.

       Ұлы ханның келісімі бойынша  Шағатай тұңғыш баласы Мүтіген  балаларының үлкені Қара-Хулагуды  өзінің мирасқоры етіп тағайындайды.1241ж.  Үгедей, одан көп кешікпей Шағатайда өлді. Монғол империясында бес жылға созылған дүрбелең кезең басталады.1246ж. ғана құрылтайда Үгедейдің үлкен ұлы Күйік ұлы хан болып жарияланады. Күйіктің бұйрығы бойнша Шағатай ұлысына Қара-Хулагудың орнына   жаңа ханның жақын досы шағатайдың баласы Есу-Мөңке  отырады. Бірақ көп кешікпей Күйік өлгеннен кейін( 1248 ) Батыйдың қолдауымен 1251ж. Төлеудің үлкен ұды Мөңке империя басшвсы болып жарияланады.

       Жаңа ұлы ханның  билік басына  келуі жазалаудан басталды: Шағатай  мен Үгедей тұқымынан шыққан  ханзадалар Мөңкеге қарсы қастандық жасады деп айыпталып өлтірілді,немесе жер аударылды, сөйтіп Шағатайтұқымының мәні біраз уақытқа дейін жоққа саналды.

Шағатай мемлекеті.

       Хайду тұсында Шыңғыс ұрпақтарының Орта Азиядағы мемлекеті біржола қалыптасты. 1269ж. көктемінде Талас жағасында құрылтай жиналып, онда ұлы ханнвң иеліктеріне тәуелсіз Хайду билеген (1269-1301) мемлекет жарияланды. Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы табыстарға немесе жеңілістерге байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып отырды. Оған Оңтүстік Қазақтсанның Жент пен Үзкент жазираларын қоса алғанда Сырдария бойындағы Түркістанда бұрын Шағатайға қараған аумақтың бір бөлігі Құбылай иелігіне көшті. Хайдуның үлкен ұлы және оның Орта Азиядағы тағын алған  Шапардың Емелде - өзінің ата бабаснның иеленген жерлеріне хан болып жаиялануына қарағанда Үгедей мен Шағатай ұлыстарының арасындағы шекаралар анық белгіленбеген.

      XIVғ. басында Шағатай әулетінің  Орта Азия мен Жетісудағы ролі  қалпына келді.  Хайду өлгеннен  кейін көп кешікпей 1306-07ж. шамасында мемлекеттегі билік Барақ ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Туваға ауысты. В.В.Бартольдтың бағалауы бойынша  ол «Шағатай державасының негізін салушы» болған.

     Үгедей (1228/29-1241), Меңке (1251-59) хандар және  ұлыс ханы Жошы орталықта күшті  билік болуын және тізе бүккен халықтармен қатынастарды біраз ретке келіуді жақтады. Сөйтіп, аталған екі бағыт өкілдерінің арасындағы тартыстың мәні жаулап алынған аймақтардағы халықты қанау туралы мәселеге, сондай-ақ «бағындырылған елдердің феодалдық үстем тобымен жақындасу туралы, олардың феодалдық мемлекеттілігін, идеологиясын және мәдени дәстүрін қабылдау туралы мәселеге» келіп тіреді.

    Экономикалық  күйзеліс, Монғол империясының, оның  ішінде Шағатай ұрпақтары мемлекеттерінің  ыдырауы қалайда екінші әдісті  таңдап алуды өктем талап етті. XIVғ. Шағатай хандарының іс-әрекетінде орталықтану және Мауараннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұрғыда Туваның баласы Кебек хан (1318-26) неғұрлым елеулі қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан Мауараннахрға қоныс аударды. кейбір қалаларды қалпына келтіруге жәрдемдечті. Ол ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару  жүйесін, әкімшілік реформасын да өзгертті.

Жетісуда шаруашылықтың  құлдырауы.

       Монғол феодалдары үстемдігінің орнауының ауыр зардаптары ешбір ұрыссыз-ақ басып алынған Жетісу жеріне де вуыр тиді. Шыңғысханның шабуылына дейін-ақ үздіксіз соғыстарда күйзеліске ұшыраған бұл шағын аймақтың халқы жаулап алушыларға қарсылық көрсете алмады. Сондықтан мұнда шабуыл кезінде қалаларды тікелей жойып жіберу болмаған сияқты. Алайда жазбаша деректемелер мен археологиялық мәліметтер  Жетісудағы қала мәдениеті мен отырықшы-егіншілік мәдениеті едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде монғол үстемдігі орнығуынан кейінгі алғашқы ондаған жылдарда –ақ жайылымдарға айналдырылғанын дәлелдейді.

Шыңғысханнан  кейігі Монғол империясының мемлекеттік  құрылысы және        оның ішкі саясаты.

        1227ж. Шыңғысхан өлгеннен кейін 1235ж. Қарақорымда өткен монғол билеушілерінің құрылтайында Европаға жорыққа шығуға шешім қабылданды. Ол Шыңғысханның кіші ұлы Ұлы ханнан сайланғаннан кейін екі бағытта жүргізілді. Солтүстік Шығыс Қытайды  жаулап алу соғысын аяқтады (1231-34), сөйтіп Кореяға қарсы соғыс басталып (1231-32), оның көптеген бөлігі 1273ж. қарсаңында алынды.Ал Батысқа Сүбедейдің 30 мың адамдық қолы жорыққа аттанып, 1229ж.Жайыққа жетті. Ол Жошының ұлы Батыймен бірлесіп, Каспий даласынан қыпшақтарды ығыстырды. Бірақ монғол әскері Еділ-Кама Бұлғариясынан екі рет жеңіліп, Жошы ұлысымен Батысқа жасаған монғол шабуылы сәтсіздікке ұшырады. 1235ж. жорыққа Шыңғысхан әулетінің 14 ханы 150 мың адаммен аттанып, 1236ж. күзінде Еділ Бұлғариясын  талқандады. 1237ж. Еділ бойындағы қыпшақтармен өзге де халықтарды қиратып, сол жылдың күзінде Воронежге топтасты. 1237ж. Батый  әскері 6 күн шабуыл жасап, 21 желтоқсанда Рязаньды, 1238ж. ақпанда орыстың 14 қаласын (Ростов, Углич, Ярославль, Кострома, Кашип, Кснятин, Городец, Галич, Мерский, Переяславль-Залесский, Юрьев,Дмитров, Тверь, Торжок) басып алды. 4 наурызда монғол қолбасшысы Бурундайдың әскері Владимирдің ұлы князінің жасағын қоршауға алып жойып жіберді. Ока мен ЕДіо аралығындағы даланы мекендеген халықтар түгелдей талқандалды. Монғол әскері Новогородқа 100 шақырым жерге жетпей, кері қайтты. 1238ж. жазынан 1240ж. күзіне дейін қыпшақтар мен аландарды күйретті. Монғол агрессорлары Батыста, Кіші Азияда және Таяу Шығыста шапқыншылықты біраз уақыт жүргізді.  Кавказ сыртын (1236) жаулап, Рим сұлтандығын талқандады. 1241ж. Хулагу Иранмен Қосөзен өзенін жаулап, 1258ж. Монғол әскері Венгрияға топттастырылып, Австрияны, Хорватияны басып, Адриаттика теңізіне қарай беттеді. Батый 1241ж. күзінде Сербия, Болгарияны басып, кейін қайтты. 1256ж. Араб халифатының астанасы Бағдадты алды. 1260ж. Египет сұлтаны Бейбарыстан жеңіліп, Монғолдардың Батысқа жасаған шабуылы аяқталды. Батый Еділдің төменгі сағасына оралып, Алтын Орда мемлекетін құрды.

      Жалпы Шыңғысхан империясының, атап айтқанда, Алтын Орда мен Шағатай ұлысының мұрасы XVI-XVIIIғ. Қазақ хандығынан да , сондай-ақ сол кезеңдңгі Орта Азияның, Сібірдің , Еділ бойының , Солтүстік Кавказдың , Қырымның түрік мемлекеттерінен де көрінді. Атап айтқанда бұл қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылысынан көрініс тапты, онда сұлтандардың жоғарғы тобы әкеден балаға ауысқан Шыңғысхан тұқымдары – шыңғыс ұрпақтарынан құралды, хан тағын тек солар ғана иеленетңн болды. Бұл орайда Шыңғыс ұрпақтарының бұл құқығы орын алған этникалық және мемлекеттік шекараларға байланысты болмады: Шыңғысхан империясының дәстүрлері белгілі бір дәрежеде сақталған кез келген  жерде хан атағынан дәмете алатын еді. Сондықтан қазақ арасындағы Шыңғысхан ұрпақтары бірде қарақалпақтар мен қырғыздардың падишахы ролінде , бірде Бұхара мен Хиуа хандары ролінде үстемдік етті.Шыңғысхан ұрпақтарының мазмұны мен сипаты жағынан саяси, «генеалогиялық құқыққа» ғана негізделген билігінің, сірә, ұлттық мәні болмаса керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    • Иллюстративті құрал: атлас карта, интернативті (деректі фильм)
    • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

      Әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. IV томдық. Алматы; 1996, 1999,

      2002ж

  1. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы; 1993 ж.
  2. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Астана; 2000 ж.
  3. Абдакимов А. Қазақстан тарихы. Алматы; 1993 ж.
  4. Кузембайулы А. Абиль А. История РК. Астана; 2001 г.

 

 

Негізгі

 

    • Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

 

 

  1. Моңғол шапқыншылығының салдарлары.

 

  1. Ислам дінінің тарау себебі.

 

  1. Моңғол шапқыншылығының зардаптары.

 

  1. Алтын Орда құрамындағы Қазақстан.

 

  1. Алтын Орда мәдениеті.

 

  1. Өзбек ханның саясаты.

 

  1. Төре әлеуметтік тобы.

 

  1. Қазақ хандарының тарихи маңызы.

Информация о работе Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда