Қола және тас дәуіріндегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 18:35, реферат

Краткое описание

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Оларолдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар,пышақтар.

Вложенные файлы: 1 файл

Қола дәуіріндегі Қазақстан.docx

— 33.40 Кб (Скачать файл)

Қола және тас дәуіріндегі Қазақстан

 

Тас дәуірі

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Оларолдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар,пышақтар.

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудантабылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог халел Алпысбаев. Ашель уақытының ескерткіштері Орталық ҚазақстандаҚұдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда – Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас. 

Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.

Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді.

 

Палеолит

 

Соңғы палеолит – б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды.

О дүниеге сену болды. Мәдениеті – Шығыс Қазақстанда - Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.

 

Мезолит

 

Мезолит – Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары – Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда – Қызылсу және т. б.

 

Неолит

 

Жаңа тас ғасыры – неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық - 2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).

 

Энеолит

 

Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл,1993). Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қола дәуірі

Дәуірдің кезеңделуі

Тас ғасырынан кейін  қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып, талдап көрейік.

Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен  сайын өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Сөйтіп, қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды. Қоғамдық дамуды біз тек ұдайы алға басу тек сатылап биікке әрлеу деп түсінбеуіміз керек. Адамзат қоғамының тарихында әр түрлі себептермен (табиғи зілзалалар, соғыстар, жаппай қуғын-сүргіндер, формациялардың ауысуы, т.б.) үлкенді-кішілі шегіністер де болып тұрды. Бірақ бұлар адамзат тарихындағы ілгерілеушіліктің уакыттық тоқыраулары, мезгілдік шегіністері еді.

Сонымен жер жүзінде  адамзат баласы металды қай кезде  және кай жерлерде игерді? Бұрынырақта ең көне металлургияның отаны Иран жері деп келген. Онда б.з.д. 4500—4000 жылдарға жататын мыс және күміс заттар табылған. Кейініректе Түркияның Анадолы жерінен б.з.д. 7-мыңжылдыққа жататын мыс және қорғасын заттар табылған. Бұл — неолит заманында өндірілген металл бұйымдар.

Металлургияның ең көне орталықтарына Қазақстан жері де кіреді. Оның санатында қазіргі Жезқазған  маңайы, Қалба жоталары, Алтай қойнауы  бар. Өндірісте, тұрмыста ең бірінші пайдаланылған металл — мыс. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған. Осындай энеолит дәуірінен бастап табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар — біздер, жебе ұштары, мыс тілікшелер біздің жерімізде жиі кездеседі. Ал енді тотыққан мыстан металл қорыту тек қола дәуірінде басталды.Қола табиғатта таза күйде кездеспейді. Ол, негізінен, мыс пен қалайының қосындысынан жасалады. Қазақстан жерінде қола дәуірінде, ерте темір дәуірінде мыс, қалайы, алтын өндірген көне кеніштер өте көп. Мысалы, ондай кеніштер қазіргі Шығыс Қазақстанда (Риддер, Бұқтырма, Қазаншұңқыр, т.б.), Орталық Қазақстанда (Жезқазған маңайында, Қызылеспе, Қарқаралы, Ақшатау тауларында) болған. Бұл сонау қола дәуірінен бастап көне заманда біздің жерімізде металлургия өндірісінің өте күшті дамығандығын көрсетеді.

Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII —XVI ғғ.) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас. Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын «Андронов мәдениеті» деп аталатын мәдениетке тоқталайық.

Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған  мәдениеті тарих ғылымында «Андронов  мәдениеті» деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді. 
Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан. 

Орталық Қазақстанның қола дәуірі

 

Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде «андрондықтар» деп атаймыз.

Орталық Қазақстанды археологиялық  жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық  экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың  басына дейін баскарған Әлкей  Қақанүлы Марғүлан болатын. Ә.Х.Марғүланның  кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке — Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы—Нұра кезеңі; б) ортаңғысы—Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі — б.з.д. XII—XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X—VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады. Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары — көне қорымдар құрайды.

Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады.

Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ. Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі. Ақтоғай ауданының аумағында зерттелген «Қанаттас» деген жерлеу кешенінің қоршауында адамды қабірдің ішіне кол-аяғын бүгіп отырғызып жерлеген. Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар «адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуы»қажет деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды, малдың етін қойған. Андронов дәуірінің Атасу кезеңінін ең көп зерттелген ескерткіштері — сол жерлеу орындары. Оның аса белгілілері — Айшырақ, Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т.б. Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді. Сондықтан алдыңғы кезеңнің көп дәстүрлері мұнда да жалғасын тапқан. Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеген сүйектер өте сирек кездеседі. Бұл кезеңнің қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған тас сандықтар. Кейде әншейін жер қабір, кейде қабір — төрт ағаштан жасалған рама түрінде де кездеседі. Қабірлер, әдетте, ұзына бойына шығыстан батысқа қарай бағытталған. Атасу кезеңінде сонымен қатар қос кабірлер кездеседі. Бұл бір қоршаудың ішінде қатарынан қойылған екі тас сандыққа екі адамды жерлеу салты.

Атасу кезеңінде бір қоршаудың ішінде бірнеше қабір болады. Бұл бір атаның баласы жерленген патриархалдық жерлеу орындары. Атасулықтар адамды қол аяғын бүгіңкіреп, бір қырынан, көбіне сол жамбасына жатқызып жерлейтін болған.

Атасу кезеңінде корымдардың, қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат ететін арнаулы орындар  пайда болды. Бұлардың диаметрі 1,5—3 м аралығында. Маңайын үлкен тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат орнына келетін жолға тас төселген. Мінәжат орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы болса керек), әр түрлі құралдар кездеседі.

Атасу кезеңінде халық  саны біршама өскен болатын. Оған бұл дәуірге жататын кешендерде жерлеу орындарының өте көп болуы дәлел, кейде бір жерден сол заманның 100-ден астам зираттары кездеседі. Ру адамдарының ішінде мүлік теңсіздігінің пайда бола бастағанын осы Атасу кезеңі ескерткіштерінен байқаймыз. Бір жерлеу орнынан өте жұпыны ғана заттар шықса, енді біреулерінен алтынмен қапталған, қола әшекейлер көп кездеседі, бір қабірге кейде 6—8 қыш ыдыс қойылады. Осы кезде рудың ішінен ең жақын аталас туыстардың үлкен патриархалдық отбасы бөліне бастайды. Айшуақ кешенінің қоршауы соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір-ақ үлкен зиратқа жерлеген, кейін қайтыс болған 4 адамды әр кез сол коршауға жапсарлас етіп салған қоршауларда жерлеген. Бұл дәстүр кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Жақын туыс адамдарды бір зиратқа қою, не кейін қайтыс болған туыстарының зиратын бұрын дүние салған аталарының, туыстарының зиратына жапсарлата салу қазақта қазірге дейін кездеседі. Нұра кезеңінің қыш ыдыстарының иығы дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас болып келсе, Атасу ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.

 

Андронов мәдениетінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне өтпелі кезең ескерткіштері. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

 

Бұл кезеңде Андронов дәуірінің  кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа сипаттағы, әжептәуір биік (1—1,5 м) оба-қоршаулар, сыртын айнала үлкен гранит тастармен  көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда бола бастады. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс қыш ыдыстар тән. Мысалы, ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында — ішінде көлбеу сызықтары бар (штрихталған) ленталар осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды. Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген. Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды. Беласар кешенінде адаммен бірге қойылған 4 ыдыс, басқа да ғұрыптық заттар сол күйінде қабірде жатыр. Бірақ адамның сүйегі жоқ. Бұл — алыста жау қолында қаза тауып, сүйегі табылмаған адамға қойылған символикалық жерлеу орны. Мұндай ғұрып ерте темір дәуірі халықтарында да болған. Бұл ғұрыптың жаңғырығы қазаққа да жеткен. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда, сол адамның тіпті бір бармағы табылса да, не сауытының бір бөлігі табылса да, зиратына соларды көметін ғұрып болған. Орта қоладан соңғы қолаға өтпелі кезеңге ірі қорған-қоршаулардың, ірі гранит тастар мен шеті көмкерілген үлкен қоршаулардың пайда болуы тән. Бұлар патриархалдық-отбасылық қауымның ортақ жерлеу орны емес, Бұл ескерткіштер сол қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы, ру басылардың зираты.

Информация о работе Қола және тас дәуіріндегі Қазақстан