Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 13:51, реферат
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. Ал ата дініміз исламға келер болсақ, жеке адам мен тұлға мәселесін жітік зерттей келе, тұлғалықтың биік шыңына жеткізетін қасиетті құран мен пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с) сүннетін толық түсініп, соған ілесу болып табылады.
Жеке тұлғаның түсінігі мен түрлері.
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. Ал ата дініміз исламға келер болсақ, жеке адам мен тұлға мәселесін жітік зерттей келе, тұлғалықтың биік шыңына жеткізетін қасиетті құран мен пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с) сүннетін толық түсініп, соған ілесу болып табылады.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға — әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай адам баласын аңдар алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін тарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған ,жағдайлардың барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі — өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайлы қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — ол оның өзіне тән мінез-құлықындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіңдік ой-пікірі, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп, білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі занды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа тандана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басындағы физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің бірнәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екінші адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулер сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқа ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.
Жеке тұлғаға
тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің
сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға
бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу
- миллиондаған жеке тұлғалардың сезім,
түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске
сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін
жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға
оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін,
көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу
арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын,
сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі
жіберген қателіктерден де, басқалардың
қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға
тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі
тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі
іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы
қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға — жеке адамның
мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің
іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске
асыруға дайындығы және оны іске асыруының
нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз
- адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы.
Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда
ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені
істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына
салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар
оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады.
Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен
санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар
бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен
қарап, осының нәтижесі қалай болар екен
деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске
кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына
алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін
опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер
күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз
- сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің
бойға жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық
сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты
көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің
сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші
біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып,
тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның
эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне
байланысты құбылыс.
Тұлғалық
қасиеттер үш дәрежеде болады:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.
2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.
3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.
Тұлғаны анықтайтындар қатарына: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандыратыны, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі ,оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.
Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.
Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.
Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғалық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.
Адам мүмкіндіктері.
Адамның 5 түрлі мүмкіндіктері бар. Олар: гнесологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, комуникативті, Көркемдік мүмкіндіктер.