13-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн
куәландыру
-
- 1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі
ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге
асырады.
Өзінің қызметін
Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі
жеке басын, адвокат мәртебесін және
заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.
2. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған
тапсырманы орындау үшiн қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңдарына және Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмесе, оның аумағынан
тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға
құқылы.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.
14-бап. Адвокаттың
құқықтары
- 1. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша келiсiм жасасады. <*>
- 3. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң
көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның
мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.
4. Адвокаттың мемлекеттiк органдардың, соттардың, прокуратураның, анықтау және алдын ала тергеу органдарының әкiмшiлiк үйлерiне кiруi осы органдар мен соттар белгiлеген тәртiппен өзiнiң адвокаттық куәлiгiн көрсетуi бойынша жүзеге асырылады.
Адвокаттың ұсталғандар,
тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты
есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқылы.
Әлеуметтiк сақтандыруға арналған
жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес төлейдi.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.
15-бап. Адвокаттың мiндеттерi
- 1. Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң принциптерiн басшылыққа алуға,
кәсiптiк мiнез-құлық нормаларының
талаптары мен адвокаттық құпияны
сақтауға мiндеттi.
2. Егер адвокат осы iс бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның
(тараптардың өзара келiсiмi бойынша ара ағайын болған жағдайларды
қоспағанда) мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық
талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан жағдайларда,
сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы
лауазымды адам қатысса, ол заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокат заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап
өтiнiш жасаған адамның
келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
4. Iс бойынша адвокаттың көмек
сұрап өтiнiш жасаған адамның
жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады.
5. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы
жоқ және ол қорғалатын адамның
немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда
оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
6. Адвокатқа мемлекеттiк қызметте болуға
және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа
өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға
тыйым салынады.
16-бап. Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық
нормалары
-
- Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:
1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды
талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;
2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;
3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек
сұрап өтiнiш жасаған адамның
құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра
және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға,
заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның
мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.