Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2012 в 17:33, доклад
АБАЙТАНУ — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану кемеңгер ақынның өмірі
мен шығармашылық өнері, философия, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ
поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы
жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық
мұрасын зерттеу шын мәнінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов мақалаларынан
басталды деуге болады.
Львович (Иванов Дмитрий Львович) “Татьяна хаты” ел ішінде әнге салып айтылып
жүргенін ескертеді.
Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп
болды. Осыған орай Байтұрсыновтың “Қазақтың бас ақыны” атты 1913 ж. жарияланған
мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы
алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы
ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін
терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық.
Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовқа ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі
мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов, Ғ.Сағди, Ы.Мұстамбайұлы
және Н.Н.Белослюдов т.б. атсалысты.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса
бастағанын 1933 ж. М.Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның
өмірбаяны берілген) және 1934 ж. жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді
белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Әуезов А-ды
дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол “Абай жолы” эпопеясымен ұлы ақын,
ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына
жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды. Оның Абай жөніндегі
зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылады. 1933 — 57 жылдың
аралығында ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғыл. басылымын жасауда орасан
зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіт
қолжазбалары негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 ж. “Ғылым” баспасынан
жарық көрген, Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай
шығармаларының екі томдық толық жинағының А. ғылымындағы елеулі табыс болғанын
атау қажет. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп,
жүйеге түсіріп, Абайдың ғыл. өмірбаянын жазып шықты.
40-60 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп,
жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстет., филос. көзқарасын, психол.
және пед. пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп
тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінен С.Мұқанов, Х.Жұмалиев, Б.Кенжебаев,
М.Сильченко, Қ.Мұқамедханов, Ы. Дүйсенбаев, Т.Тәжібаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев
секілді ғалымдардың еңбектерін атасақ та жеткілікті.
1970 ж. Абайдың туғанына 125 жыл толуына орай шығармаларының жинағын шет
тілдерде кітап
етіп бастыру ісі жандана түсті.
Орыс тілінде Абай шығармалары 1940 жылдан бастап он бес рет жеке кітап болып
басылды. 1945 — 1960 жылдардың басында Абай шығармалары жеке жинақ болып
Ташкентте өзбек тілінде, Қазанда татар тілінде, Ашхабадта түрікмен тілінде,
Бішкекте қырғыз тілінде, Улан-Баторда моңғол тілінде, Пекинде қытай тілінде,
Прагада чех тілінде басылып шықты. 1970 ж. Киевте украин тілінде, Ереванда армян
тілінде, Минскіде белорус тілінде, Кишиневте молдаван тілінде, Ригада латыш
тілінде жарық көрді. 1970 ж. Мәскеуде “Прогресс” баспасында араб, ағылшын
тілдерінде шығармаларының жинағы басылды.
Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, моногр-ларды,
диссертацияларды түгелдей алғанда А. сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп
салалы ғылым болып қалыптасты дей аламыз. Басты мәселелер қатарында алдымен
Абайдың өмір жолын зерттеу, оның шығармашылық жолының халықтық негіздерін,