Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2012 в 17:33, доклад
АБАЙТАНУ — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану кемеңгер ақынның өмірі
мен шығармашылық өнері, философия, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ
поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы
жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық
мұрасын зерттеу шын мәнінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов мақалаларынан
басталды деуге болады.
ұлттық сипатын айқындау, лирик. шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің
тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын,
суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты
мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл-ақынның дүниетанымын, қоғамдық, филос., эстет.
көзқарастарын зерттеуді жатқызамыз. Бұларға қоса Абайдың шығыс, орыс, еуропа
әдебиетімен шығармашылық байланысы, ақын шәкірттері, өнерпаздық дәстүрлерінің
қазақ әдебиетінде жалғасуы секілді мәселелерге де үнемі назар аударылып келеді.
Кейінгі жылдарда Абай шығармаларын Шәкәрім, Мағжан, Ахмет, Міржақып секілді
терең зерттеле бастаған әдебиетіміздің ірі өкілдерінің өнерпаздық жолымен
жалғастыра қарастыруға мүмкіндік туды. Мұны ақынның 150 жылдық мерекесі
қарсаңында жарық көрген еңбектерден анық байқауға болады. Осы мереке тұсында
басылып шыққан ондаған іргелі зерттеулер А-дың ғыл.-теор. деңгейі бұрынғыдан да
биіктей түскенін айқын танытты. 1995 ж. жарық көрген “Абай” энциклопедиясында
ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер
жинақталып, жүйелі түрге түсірілген. Абай шығармаларының ғыл. толық жинағы
басылып шықты. Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ж.Ысмағұлов,
З.Ахметов, З.Қабдолов, Ғ.Есімов, Т.Қожакеев, Ғ.Мұқанов және басқа да ғалымдардың
зерттеулері А. ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Абай шығармаларын жариялау,
зерттеу ісіне шетелдерде айрықша мән берілді. Қытайда проф. Қабайдың “Абай және
Абай шығармашылығы” атты еңбегі (Пекин, 1987), кейінірек Су Чжоусюннің зерттеу
еңбегі мен Абайдың қара сөздерінің аудармасы жарияланды. Чех ғалымы П.Гржебичек
Абайдың ақындық жолын арнайы зерттеді. 1995 ж. ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы
барысында шет елдердің көптеген әдебиетшілері, қоғам-қайраткерлері Абай
шығармалары жайлы мақалалар, баяндамалар жасады. Парижде, Түркия қ-ларында,
Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Минскіде, Вильнюсте, Ташкентте, Бішкекте,
Қазанда ұлы ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғыл. конференциялар
өткізілді. Абай шығармалары Түркияда, Пәкстанда, Иранда, Қытайда басылды,
француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды.
Абайтану тарихы — бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі
пікірталасы үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды.
Абайтану жөніндегі ой пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да
зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде
айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану
саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастыра, соңғылары Абай мұрасының
жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы М.Әуезов
болса Абайтану жөніндегі ой пікірін елуінші жылдар ішінде А-дан оқыған
дәрістерінде сөз өте бастаған еді.
Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библ.
көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің
тақырыптық жүйеге негізделген “Абай”, 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов
т.б. “Абай Құнанбаев”, 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған “Абайтану”, 1995 жылы
“Абай Құнанбаев” деген атпен төрт рет дербес толық библиогр. көрсеткіштер
жарияланды. Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік
мезгілдері анықталуы. 1. Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының қазан