Абайтану. Карасөзбен берілген

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2012 в 17:33, доклад

Краткое описание

АБАЙТАНУ — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану кемеңгер ақынның өмірі
мен шығармашылық өнері, философия, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ
поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы
жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық
мұрасын зерттеу шын мәнінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов мақалаларынан
басталды деуге болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Абайтану.doc

— 63.50 Кб (Скачать файл)

төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет

ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі

қарастырылған. 2. Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918 — 26 жыл мен

1926 — 40 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип

тұрғысынан қаралып, тұрпайы социол. дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде

басым жатты. 3. Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940 — 45 ж. аралығында

жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің “Абай” романы мен

Абай оқу орындарында А-дың арнайы курсы мен арнайы семинар сабақтарын өткізу

және өзге де зерттеушілердің моногр. еңбектері айғақтай түседі.  

Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық

мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғыл. моногр.

зерттеулер мен әртүрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді.

Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғыл. зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып,

қорытындылану үстінде. А. бүгінде арнайы курс пен арнайы семинар сабағы ретінде

Йасауи атынд. халықар. қазақүрік ун-тінде оқытылады.  

Әдеб.: Жұмалиев Қ., Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі, А.,

1948; Әуезов М., Әр жылдар ойлары. А., 1959; М ұ қ а н о в С. Жарқын жұлдыздар,

А., 1968; Мырзахметов  М., Абай жүрген ізбенен, А., 1985; соныкі, “Мұхтар Әуезов

және абайтану проблемалары”, А., 1989; соныкі, Абайтану тарихы, А., 1994; соныкі,“Абайды

оқы, таңырқа”, А., 1995; Ахметов З., Абайдың ақындық әлемі, А., 1995.  

З.Ахметов, М.Мырзахметұлы. Қазақ энциклопедиясы.


Информация о работе Абайтану. Карасөзбен берілген