Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 18:00, реферат
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара-сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал өмірге келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), кене киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады. Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына улық, кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады. Дегенмен, Абай тұсында бірқатар сөздердің кенеру дәрежесі қазіргі көздегіден әлдеқайда солғындау болғаны байқалады. Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы қарындас сөзі, ел, жақын және жат, алыс семантикалы алаш, әскери мағынасындағы қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді. Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе, оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады, яғни бірқатар сөздердің мағыналары ауысады, бірсыпырасы терминдік дәрежеге кетеріледі, енді бір алуанының қолданылу жиілігі артады. Бұл процеске қалам қайраткерлері белсене қатысады. Осы ретте Абайдың еңбегі көзге түседі.
Араб және парсы ықпалы:
Абай тілі лирикасының келесі қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығына... мойынсұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды.
Орыс сөздері:
Абай Лирикасының келесі
қабаты - орыс сөздері. Олар сан жағынан
араб-парсы қабатынан
Абайда өзіне дейінгі және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде көздеспейтін біртоп орыс сөздері бар. Олар адвокат, доктор, губернатор, началь- ник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дезнание, прямота, икра, фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват деген сын есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся деген етістіктер.[6]
Абай және Пушкин
Абай[7]
Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.[8]
Музыкалық мұра
Толық мақаласы: Абай музыкалық мұрасы
Абай, ауторы Абай Омаров[9]
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.[6]
Абайтану
Толық мақаласы: Абайтану
Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды.[10]
Абай Құнанбайұлының дінге көзқарасы
Толық мақаласы: Абай Құнанбайұлының дінге көзқарасы
А. Құнанбайұлы, 1965 КСРО пошта маркасы, (ЦФА тізімдемесі № 3220, Scott № 3059)
Абайдың дінге көзқарасын бағалап, тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай «ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші бір зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді. Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса, соңғысы - ақынның дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған болжам. Абайдың дін туралы толғамдарын дұрыс түсініп, бағалау оған тарихи тұрғыдан қарауды талап етеді. Абай заманында қазақ даласында қос дінділік орын алды, ресми өмірде ислам діні үстемдік еткенімен, күнделікті тіршілікте шаманизмдік түйсіктер]] мен түсініктер басым болды. Қос дінділік қазақ халқының сол кезеңдегі наным-сенімі мен дүниетанымынан айқын байқалады. Шаманизмдегі негізгі категория-«Тәңірі», исламдағы - «Алла» қазаққа тән ұғымдар. Шаманизмде тәңірінің, аруақтардың адамдармен ұштастырушы «жын» болса, исламда Алланың адамдармен байланыстырушысы «періштелер» деп саналды. Қазақтың күнделікті өміріңде шаманизмнің өкілі, іс жүргізушісі - жын шақыратын бақсылар, ал ислам дінінде - өздерін пайғамбардың ұрпақтары санайтын қожалар болды. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын арнайы талдайды.
Абайдың дін мәселелері - құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма сегізінші сөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады.[11]
Ақынның балалық шағы
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.
Абай ислам дінінің
қағидаларын барынша
Абай әуелі ауыл молдасынан
сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет
Риза медресесінде үш жыл оқып білім
алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар
болды, араб-парсы және көне түркі
әдебиетінің үлгілерімен
Әкесі Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушісі ету мақсатымен оқудан ауылға кері қайтарып алады. Мұнда ол халықтың қалың ортасына түседі. Билер, ақындар, сазгер-әншілермен, сондай-ақ даланың данышпан ойшылдарымен жиі-жиі бірге болып, араласып түрады. Ақынның жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Ол патша үкіметінің округтық приказдардағы жағдайының барған сайын нығая түскенін, XIX ғасырдың 60—90-жылдарындағы әкімшілік реформаларының енгізілгенін өз көзімен көрді. Ол аз уақыт болыс болған кезінде қай істі болса да әділ және адал шешуге талпынды. Сол үшін қатардағы қарапайым халықтың терең сый-құрметіне бөленді. Бірақ қоғамның күрделі проблемаларын мұндай қарапайым тәсілмен шешуге болмайтынына бірте-бірте кәміл көз жеткізе бастайды. Сондықтан да ол казақтардың білім мен ғылым алуын белсене жақтаушыға айналады.
Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы
Болашақ ақынның дүниеге
көзқарасының қалыптасуына оның озық
ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен
араласуы орасан зор ықпал етті.
Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі
жолындағы ұлт-азаттық
Олар Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығармаларымен жете танысты.
Абай — ұлы ақын әрі ойшыл
Абай өзінің өлеңдерін
бала кезінен жаза бастады. Бірақ
ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың
80-жылдарының орта кезінен бастап таныла
бастады. Бұл кезде Абай өз атынан
«Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...»)
деген өлеңін жариялаған болатын. Абай
— «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі»
поэмалары мен этикалық-
Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады.
Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды:
«Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде».
Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері қайыршылық халге душар болған еді. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды болып көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де көп еді.